JSC «Center for International Programs»

ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ:

8 (7172) 76 90 98

Ағылшын тілінде Германияда тегін бакалавриат бағдармалары

26.Вюрцбург 2

University of Applied Sciences Würzburg-Schweinfurt — бұл халықаралық деңгейде танылған дипломдарға кепілдік беретін неміс мемлекеттік университеті. Германиядағы қолданбалы ғылымдар саласындағы ең ірі университеттердің бірі. 9 мың студент Вюрцбург және Швейнфурт қалашықтарындағы 10 факультетте білім алады.
 
Ағылшын тілінде бакалавриат бағдарламалары:
1) Business and Engineering;
2) Mechatronics;
3) Logistics.
Қабылдау тәртібі:
1) Таңдалған мамандыққа қойылатын талаптар: https://international.fhws.de/ru/fhwsinternational/postuplenie-v-fhws/specialnosti/
2) 2019/2020 қысқы семестріне қабылдау үшін 2019 жылдың 1 мамырынан бастап 2019 жылдың 15 шілдеге дейін сілтемеге басу арқылы тіркеліңіз: https://go.fhws.de/apply/coursesoffered.jsf       
3) 2019 ж. 15 шілдеге дейін pdf форматта құжаттарды порталға жүктеңіз.
Қажетті құжаттар:
• қосымшасы бар орта білім туралы аттестат;
• ағылшын тілінің сертификаты (IELTS 6.5-тен бастап);
• толық мәлімет көрсетілген CV;
• төлқұжаттың бірінші беті.
Таңдалған мамандыққа байланысты қосымша құжаттар қажет болуы мүмкін: https://international.fhws.de/ru/fhws-international/postuplenie-v-fhws/uslovija-postuplenija/.Көрсетілген бағдарламалармен танысу үшін сайтта орыс тілінде де ақпарат бар: https://international.fhws.de/ru.
Құжаттарды ағылшын немесе неміс тіліне аударып, нотариалды түрде растау керек. Құжаттардың көшірмелерін университетке жіберу міндетті емес, өйткені оқу орнына түскеннен кейін құжаттардың түпнұсқасын көрсету қажет.
Назар аударыңыз, NIS түлектері осы бағдарламаларға Foundation (Studienkolleg) дайындығынсыз түсе алады!
Сондай-ақ, Сіз Вюрцбург-Швайнфурт қолданбалы ғылымдар университетінің басқа да бағдарламаларына өтінім бере аласыз.
Қосымша ақпарат алу үшін: +7 7172 76 90 70, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design