JSC «Center for International Programs»

ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ:

8 (7172) 76 90 98

ЕО қаржыландыратын жаңа бастама шеңберінде осы жылдың қазан айынан бастап Қазақстанда Ауғанстанның алғашқы әйел-студенттері өздерінің оқуларын бастайды

26.ООН1

Еуропалық Одақ қаржыландыратын және БҰҰ Даму бағдарламасы жүзеге асыратын «Қазақстан мен Өзбекстанда білім беру және кәсіби даярлау арқылы ауған әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» жобасы шеңберінде

Қазақстанда БҰҰ ДБ мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ арасында серіктестік жөніндегі келісімге қол қою салтанаты болды.

«Еуропалық Одақ ауған әйелдердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге, олар үшін және олардың Ауғанстандағы қауымдары үшін бизнес жүргізу мен жұмыспен қамтудың жаңа мүмкіндіктерін құруға көмектесуге арналған жобаға 2 млн. еуро көлемінде грант ұсынды»,— деп айтып өтті Якуп Бериш, Қазақстандағы БҰҰ ДБ Тұрақты Өкілі. «Болашақ» — бұл, ұлттық мекеменің сенім білдірілген Халықаралық бағдарламалар орталығы басқарып отырған әйгілі бағдарлама. Қазақстан үкіметінің атынан ХБО-ға қазақстандық студенттердің шет елде, шетелдік студенттердің Қазақстанда білім алуына ықпал жасау тапсырылған. Біз, өзіміздің Қазақстанда халықаралық алмасу бағдарламаларын қолдау бойынша ең ұзақ тәжірибесі бар Қазақстандағы серіктесіміз ХБО осы жоба шеңберінде ауған студенттері үшін академиялық орналасу мен оқыту үдерісін ретке келтіруге көмектесетініне сенеміз»,— деп қоса айтты.

Орталық үміткерлерді іріктеу, тілдік курстарды жүргізу және оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша конкурс өткізуді қоса алғанда жобаның іске асырылуына техникалық, сараптамалық және талдамалық қолдау көрсетеді.

«Біз үшін осы жобаның іске асырылуына қатысу үлкен абырой. Бұл Еуроодақ пен БҰҰ ДБ тарапынан білдірілген жоғары сенім деңгейінің көрсеткіші. Халықаралық бағдарламалар орталығының халықаралық білім беру саласындағы тәжірибесі үлкен. Біз ынтымақтастық жасауға дайынбыз. Қазақстан Республикасында Ауғанстан әйелдерінің білім алуы бойынша бағдарламаға құжаттар қабылдау басталды және 10 тамызға дейін жалғасады. Бірлескен жұмыс оң нәтижелерге алып келеді деп ойлаймын»,— деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Жанболат Мелдешов.

26.оон3

Жобаға Ауғанстаннан 50 адам қатысады, олардың ішінен 40 адам Қазақстанда бакалавриат (4 жыл), манистратура (1 жыл) және кәсіби даярлық (TVET — Technical and Vocational Education and Training) бағдарламалары бойынша білім алатын болады. Осы ретте TVET бағдарламасы қатысушылардың одан әрі қажетті білім мен дағдыларды алуына бағытталған бір жылдық курстарды ұсынады. Академиялық бағдарламаларға теориялық аспектілерді тереңінен зерттеу, сондай-ақ өндірісте тәжірибелік дағдыларды алу жатады.

Оқу ағылшын тілінде мына мамандықтар бойынша өтетін болады: статистика (statistics), пайдалы қазбалар өндіру (mining) және ауыл шаруашылығы (agriculture).

Барлық білім алушылар үшін тілдік курстардан өту қарастырылған, олардың ұзақтығы 1 академиялық жылды құрайды (2019–2020 жж.). Барлық оқу деңгейі (бакалавриат, магистратура, TVET) бойынша жоба аясындағы академиялық оқудың басталуы 2020 жылғы қыркүйекке жоспарланған.

Ауған студенттерін орналастыру жоспарланып отырған жоғары оқу орындары ретінде Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті және Almaty Management University болып белгіленді.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design