«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

  • ins

Соңғы жаңалықтар

Седжон университетінің оқу гранттары (Оңтүстік Корея)

КОРЕЯ

Седжон университеті 2020 жылдың 24 ақпан – 16 наурыз аралығында магистр және ғылым докторы зерттеу бағдарламасы бойынша стипендияға өтініштер қабылдайтынын жариялайды.

 

Стипендия мөлшері профессорлар мен жобаның зерттеу бюджетіне байланысты.

Университет жатақхана және медициналық сақтандыруды ақылы негізде (студенттер есебінен) ұсынады.

 

Талаптары:

- IELTS( кемінде 5,5); TOEFL (PBT; 555 / CBT; 225 / IBT; 85); TEPS (кемінде 710);

- академиялық үлгерім және жүргізілген зерттеулердің болуы;

- Седжон  университеті және профессормен онлайн-сұхбат (қажет болған жағдайда)

 

Өтінімді қалай беруге болады:

- өтінім нысанын толтырыңыз: http://oia.sejong.ac.kr/contents/oia/cor/onlineas2.html;

- «2020 жылдың күз айына аспирантура сұхбатына өтініш» (Interview application for Fall 2020 Graduate School)таңдаңыз;

- «сұхбаттасуға өтініш» (Interview application);

- бағдарлама экранында академиялық ақпарат мәзірінен «Қосымша» (Application) таңдаңыз;

- сұхбат қолданбасын таңдаңыз.

Анықтама үшін (профессорлардың ғылыми бейіндері): http://bit.ly/sejong_scholar

 

ЕСКЕРТУ: «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бұл бағдарлама бойынша құжат қабылдаумен айналыспайды. Құжат тек Седжон университетінің жоғарыда көрсетілген сайтында онлайн түрде қабылданады.

Седжон университетінің оқу гранттары (Оңтүстік Корея)

21.02.2020

Седжон университеті 2020 жылдың 24 ақпан – 16 наурыз аралығында магистр және ғылым докторы...

"Болашақ" бағдарламасының түлегі Арыстан Қабыкенов жаңа қызметте

Арыстан Кабыкенов

«Болашақ» бағдарламасының түлегі Арыстан Қабыкенов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.


Құттықтаймыз! Жаңа қызметінде сәттілік тілейміз!

Ізгі тілекпен,

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

"Болашақ" бағдарламасының түлегі Арыстан Қабыкенов жаңа қызметте

21.02.2020

«Болашақ» бағдарламасының түлегі Арыстан Қабыкенов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. ...

ТЕЛЕФОН БАЙЛАНЫСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ АҚАУЛАР ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

хотлайн3

Құрметті достар!

18 ақпан күні Орталықтың кейбір абоненттік нөмірлері оператор тарапынан болған ақауға байланысты істемей тұрғанын хабарлаған болатынбыз. Қазіргі таңда байланыс телефондары іске қосылды.

Орталыққа мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болатынын еске саламыз:

Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру департаменті – 8 (7172) 76 90 82

Оқытуды ұйымдастыру және мониторинг департаменті- 8 (7172) 76 90 70

Түлектерді жұмысқа орналастыру және мониторинг департаменті — 8 (7172) 76 90 94

Қаржы департаменті — 8 (7172) 24 93 96

Заң қызметі департаменті – 8 (7172) 76 90 79

ТЕЛЕФОН БАЙЛАНЫСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ АҚАУЛАР ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

21.02.2020

Құрметті достар! 18 ақпан күні Орталықтың кейбір абоненттік нөмірлері оператор тарапынан болған ақауға байланысты істемей...

Біз сіздерден ғылыми мақала күтеміз

болашақ журналына

Құрметті «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары мен түлектері!

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2006 жылдан бері “Bolashaq” мерзімді ақпараттық – сараптамалық журналын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарып келеді.

2020 жылдан бастап журнал ғылыми-танымдық бағытта жәнецифрлық форматта шығатын болады.

Кең ауқымды аудиторияға арналған ғылыми жұмыстарыңыз бен зерттеулеріңіздің тезисін (иллюстрацияларымен қоса) мына көрсетілген электронды поштаға жіберсеңіздер болады: pressbolashak@gmail.com.

Біз сіздермен бірлесе жұмыс жасауға және ұсыныстарыңызға әрдайым ашықпыз!

 

Құрметпен,

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Ақпараттық-талдау жұмысы басқармасы:

+7 (7172) 76 90 99, 76 90 98.

Біз сіздерден ғылыми мақала күтеміз

20.02.2020

Құрметті «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары мен түлектері! «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2006 жылдан бері “Bolashaq”...

«Болашақ» әлемнің үздік оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін теңдесі жоқ бағдарлама

Мерей Мукажан

 

Мерей Мұқажан «Болашақ» бағдарламасының түлегі (2009 ж.). University College London университетінде Мемлекеттік саясат мамандығы бойынша магистратураны бітірген. Қазіргі таңда ҚР Сыртқы істер министрлігі Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің кеңесшісі қызметінде.

«2008-2009 жылдар «Болашақ» бағдарламасының жаппай халыққа ашылған кезеңі болатын. Лондонның үздік оқу орындарының бірінде білім алуға мүмкіндік алдым.

Мемлекеттің маған құйған қаражаты мен үмітін ақтау үшін оқуымды жақсы оқып, магистрлік жұмысымды еліме пайдалы тақырыптардың біріне арнауға тырыстым. Сол себепті, ғылыми жұмысымды «Табиғи ресурстары мол елдерде сыбайлас жемқорлық: Ресей мен Норвегияның салыстырмалы сараптамасы» тақырыбына арнадым. Өйткені, ел болашағының жарқын болуына негізгі тосқауылдардың бірі еліміздегі сыбайлас жемқорлық екенін түсіндім.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша өз міндетімді 2014 жылы елде 5 жыл бойы еңбек етіп өтегеніме қарамастан, «Болашақ» алдындағы борышымды тек биыл өтедім деп ойлаймын. Өйткені, 2019 жылы біраз уақыт Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде басшылық лауазымында (басқарма басшысы, директордың міндетін атқарушы) қызмет атқарып, жұмыс барысында ғылыми жұмысымды қолдануға Агенттіктің төрағасының қолына ұстатқанда көңілім орнына қонды. Агенттікте істеген 7 айда өз оқыған-тоқығаныммен бөлісе алғанымды сенімді түрде айта аламын!

Қорыта келгенде айтарым, «Болашақ» теңдесі жоқ бағдарлама және еліміздің азаматтарына әлемнің үздік оқу орындарында білім алуға тамаша мүмкіндік береді. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалануларыңызға кеңес беремін және бұл мүмкіндікті маған сыйлағаны үшін ел басшылығына алғысым шексіз».

"Bolashaq" журналының материалдары бойынша дайындалды: https://ru.calameo.com/read/006104428d72119cb7d64

«Болашақ» әлемнің үздік оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін теңдесі жоқ бағдарлама

19.02.2020

  Мерей Мұқажан «Болашақ» бағдарламасының түлегі (2009 ж.). University College London университетінде Мемлекеттік саясат мамандығы...

Болашақ түлегі жаңа лауазымдық  қызметте

ЕРМЕК КУАНТЫРОВ

Болашақ түлегі, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Ермек Қуантыров Ұлттық зияткерлік меншік институтының директоры болып тағайындалды.

Құттықтаймыз! Жаңа қызметінде сәттіліктер тілейміз!

Ізгі тілекпен,
"Халықаралық бадарламалар орталығы" АҚ

 

 

Болашақ түлегі жаңа лауазымдық қызметте

19.02.2020

Болашақ түлегі, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Ермек Қуантыров Ұлттық зияткерлік меншік институтының директоры...

Назар аударыңыз! Байланыс телефондарында техникалық ақаулар

телефон не работает 

Құрметті достар!

 

Орталығымыздың кейбір абоненттік нөмірлері оператор тарапынан болған ақауларға байланысты қазіргі таңда жұмыс істемей тұр. Телефон нөмірлері қайта іске қосылғанда хабарлайтын боламыз.

 

Орталыққа мына нөмірлер бойынша хабарласуға болады:

 

Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру департаменті – 8 (7172) 76 90 82

Оқытуды ұйымдастыру және мониторинг департаменті- 8 (7172) 24 93 74

Түлектерді жұмысқа орналастыру және мониторинг департаменті - 8 (7172) 76 90 94

Қаржы департаменті - 8 (7172) 24 93 84

Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Назар аударыңыз! Байланыс телефондарында техникалық ақаулар

18.02.2020

  Құрметті достар!   Орталығымыздың кейбір абоненттік нөмірлері оператор тарапынан болған ақауларға байланысты қазіргі таңда жұмыс істемей...

«Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасының қорытындысы жарияланды

  542A0591

          Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстанның Адами ресурстар министрлігі арасындағы 2013 жылғы 19 қарашадағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде 2020–2021 оқу жылына «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы аясында Мажарстан үкіметі Қазақстан азаматтары үшін 250 білім грантын бөлді.

Мажарстанда оқуға конкурсқа қатысу үшін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 1145 өтініш қарады, оның ішінде:

Бакалавриат бағдарламасы бойынша 110 орынға – 731 адам;

Бакалавриат+магистратура бағдарламасы бойынша 30 орынға – 103 адам;

Магистратура бағдарламасы бойынша 30 орынға – 281 адам;

Докторантура бағдарламасы бойынша 20 орынға – 30 адам.

Б. Айтимованың төрағалығымен өткен білім беру мекемелері және мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын Конкурстық комиссия отырысының нәтижесі бойынша қазақстандық тараппен 250 адам оқуға түсуге және 75 адам резервтік тізімге ұсынылды.

Оқу грантын тағайындау туралы соңғы шешім Мажарстан тарапымен қабылданады.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасының қорытындысы жарияланды

17.02.2020

             Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстанның Адами...

Қазақ радиосында "Болашақ" бағдарламасы

photo 2020-02-17 15-14-27

18 ақпан сағат 15:10
"Болашақ" хабарында

ХБО, Оқытуды ұйымдастыру және мониторингілеу департаменті директоры - Жансая Құмарбекова,

Болашақ түлегі - Бақытжан Төлімбет.

2-бөлім.

Жүргізуші-редактор - Жадыра Жұмакүлбай


Қазақ радиосында "Болашақ" бағдарламасы

17.02.2020

18 ақпан сағат 15:10 "Болашақ" хабарында⠀ХБО, Оқытуды ұйымдастыру және мониторингілеу департаменті директоры - Жансая...

Өз ісінің маманы - Толғанай Балықова

Толғанай Балықова

 

Толғанай Балықова – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Түлектерді жұмысқа орналастыру және мониторинг басқармасының менеджері. Ол үш баланың анасы, аяулы жар. Орталықта 2012 жылдың сәуір айынан бері жұмыс істеп келеді. Оған дейін 2 айлық тегін тағылымдамадан өтіп келген. Қарағандыдағы «Болашақ» өзектендірілген білім беру институтының түлегі. Бұрынырақ қонақ үй бизнесі мен туристік компанияда қызмет атқарған.

Толғанай алғашында Орталықта кеңсе бөлімінде жұмыс істеген. Кейіннен Континенталды Еуропа елдері басқармасына ауысып, 150 студенттің кураторы болған. Қазіргі таңда Түлектерді жұмысқа орналастыру және мониторинг басқармасында түлектерді жұмыспен қамтумен айналысады.

«Бізге түлек жұмыссыз екенін айтқан кезде, алдымен жұмыс берушілер қандай мамандықтар бойынша сұраныс бергенін зерттейміз. Сұраныстардың ішінде түлектің мамандығымен сәйкес келетіні болса, оларға түлегіміздің түйіндемесін жібереміз» - дейді Толғанай.

Оның сөзінше, Болашақ түлектерін жұмысқа алғысы келетін жұмыс берушілер саны көп. Сол себепті, аталмыш басқармаға сұраныстар жиі кеп түседі. Алайда, Болашақ түлектерінің көп бөлігі жұмысқа өздігімен орналасады.

Өз ісінің маманы - Толғанай Балықова

17.02.2020

  Толғанай Балықова – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Түлектерді жұмысқа орналастыру және мониторинг басқармасының менеджері...

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design