10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86;

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

  • ins

Последние новости

Шанхай қаласының шетелдік студенттерге арналған үкіметтік гранттары.

Shanghai montage

 

Шанхай қаласының үкіметтік гранты (Shanghai Municipal Government Scholarship) 2006 жылы құрылған және шетелдік студенттерге ұсынылады. Бұл бағдарламаның мақсаты - білім беру саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту және бүкіл әлемнен дарынды студенттерді Шанхай қаласына оқуға және зерттеу жүргізуге тарту болып табылады.

Грант келесі шығындарды қамтиды:
1) А түрі:
• тегін оқыту;
• жатақханада тұру;
• ай сайынғы стипендия (докторанттарға: 3500 юань, магистрантарға: 3000 юань, бакалаврға: 2500 юань);
• бакалавриат бағдарламасына түсу үшін бір жылдық дайындық курсы (
HSK 3 сертификаты немесе соған сәйкес қытай тілдік дәрежесі болуы қажет)
• медициналық сақтандыру.
2) B түрі:
• тегін оқыту;

• медициналық сақтандыру.

Талаптары:
1) Бакалавриатқа үміткерлердің орта білімі туралы аттестаты және жас мөлшері 25 жасқа дейін болуы тиіс;

2) Магистратураға үміткерлердің бакалавр дәрежесі және жас мөлшері  

35 жасқа дейін болуы тиіс;

3) Докторантураға үміткерлердің магистр дәрежесі және жас мөлшері    

40 жасқа дейін болуы тиіс;

4)Бакалавриат бойынша оқуды жалғастыру үшін дайындық курсына үміткерлердің орта білімі туралы аттестатының болуы және жас мөлшері 23 жасқа дейін болуы тиіс.

Өтінім берудің соңғы мерзімі:

1)  Шанхай шет тілдер университеті2019 жылғы 15 мамырға дейін

2)  Шығыс Қытай педагогикалық университеті - 2019 жылғы 15 мамырға дейін

3)  Шанхай педагогикалық университеті - 2019 жылғы 18 мамырға дейін

4)  Шанхай технологиялық университеті- 2019 жылғы 30 маусымға дейін

Өтінім тапсыру жолы:
1. Http://study.shmec.gov.cn сайтында онлайн тіркелімнен өтіп қажетті университетті және мамандығын таңдауы қажет;

2. Таңдалған университетірдің сайтында онлайн тіркелуден өту қажет;

3. Университеттің тіркелім жарнасын төлеу қажет (500-800 юань);

3. Таңдалған университетке толық құжаттар пакетін жіберу қажет.

Қажетті құжаттар:

1.Білімі туралы диплом қосымшасымен (нотариалды куәландырылған көшірме): егер үміткер мектепте немесе университетте соңғы жылы оқып жатса, оқып жатқан орнынан анықтама алу қажет. Қытай немесе ағылшын тілдерінен басқа тілдердегі құжаттарда қытай немесе ағылшын тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармалар болуы керек;

2.Оқу жоспары (эссе). Барлық үміткерлер оқу жоспарын қытай немесе ағылшын тілдерінде 1000 сөзден кем болмауы керек;

3.Ұсыным хаттары. Магистратура немесе докторантураға тапсыратын үміткерлер профессорлардан немесе доценттерден қытай немесе ағылшын тілінде екі ұсыным хатты тапсыру тиіс;

4.Медициналық анықтама үлгі бойынша(көшірмесі);

5.HSK сертификаты 4 деңгейден төмен емес;Ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша үміткерлер ағылшын тіліндегі біліктілікті дәлелдеуі тиіс.

Орыс тіліндегі ақпараттарды келесі сілтемеден алуға болады.

Толығырақ ақпараттарды және мамандықтар тізімін келесі сілтемелерден көруге болады:

1.  Шанхай шет тілдер университеті

Бакалавриаттек қана Б гранты, магистратура , докторантура

2.     Шығыс Қытай педагогикалық университеті

Бакалавриат, магистратура, докторантура

3.     Шанхай педагогикалық университеті

Бакалавриат, магистратура, докторантура

4.     Шанхай технологиялық университеті

Бакалавриаттек Б гранты, магистратура, докторантура


Барлық сұрақтар бойынша келесі нөмерлерге хабарласыңыз:

+7 (7172) 76 90 71

+7 (776) 176 43 58

+7 (747) 269 22 61

Шанхай қаласының шетелдік студенттерге арналған үкіметтік гранттары.

19.04.2019

  Шанхай қаласының үкіметтік гранты (Shanghai Municipal Government Scholarship) 2006 жылы құрылған және шетелдік студенттерге...

Ендеше кел де, емтихан тапсыр! (НАЗАР аударыңыз! ҚАТЫСУ ТЕГІН)

Under the cherry blossoms 2

20 сәурде мына оқу орындарына түсуге мүмкіншілігің болады:

1.Томск мемлекеттік басқару жүйелері және радиоэлектроника университеті. Коро сенсея;

2.И. М. Губкин атындағы Ресей мұнай және газ Ұлттық Зерттеу Университеті.

Түсу емтихандары өткізілетін орын:

Актау қаласы, IT-лицей (11 микрорайон, 49)

Уақыты: сағат 10.00 бастап 18.00 дейін

Байланыстары:

Тел.: +7 (7172) 76 90 92; 24 93 81

Моб.: +7 (777) 300 89 69; +7 (747) 269 22 35

Email:sarychev@cip.bolashak.gov.kz; cip.bolashak.sng@gmail.com; nurmanov@cip.bolashak.gov.kz ; tulegenova_a@bolashak.gov.kz; kozhakmetova_b@bolashak.gov.kz

Ендеше кел де, емтихан тапсыр! (НАЗАР аударыңыз! ҚАТЫСУ ТЕГІН)

19.04.2019

20 сәурде мына оқу орындарына түсуге мүмкіншілігің болады: 1.Томск мемлекеттік басқару жүйелері және радиоэлектроника...

S P Jain Global Management мектебі Халықаралық MBA бағдарламасы бойынша оқуға 100 пайыздық жеңілдіктер ұсынады.

170329-most-expensive-city-singapore

Жеңілдік бойынша S P Jain Global Management мектеп студенттері Сингапур, Дубай және Сидней қалаларында білім ала алады.

Университет бакалавриат немесе магистратура бағдарламаларының бірінде экономика, қаржы, маркетинг, коммуникация, бизнесті басқару және менеджмент мамандықтар бойынша Қазақстан азаматтарына не бәрі 25 дананы құрайтын оқу төлеміне 100 пайыздық жеңілдіктер ұсынады.

  1. Bachelor of Business Administration
  2. Bachelor of Economics
  3. Bachelor of Business communication
  4. Master of Global Business
  5. Global MBA

Оқу орны бакалавр және магистратура дәрежесіне ұсынылып отырған 100 пайыздық жеңілдіктер тек қана білім алу төлем ақысын құрайды.

Қосымша тұрғын үй, көлік, тамақтану, сақтандыру және виза төлем ақылары ұсынылып отырылған жеңілдік есебіне енбейді. Аталған шығындарды талапкер өзі төлеуі тиіс.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  •    Орта білім аттестатының орташа көрсеткіші орта деңгейден жоғары (20% -дан жоғары);
  •    Ағылшын тілін меңгеру куәлігі (IELTS 6.5);
  •    Кәмілеттік жаста болуы;
  •    Орта білім дипломы (аттестат);
  •    «Магистр» дәрежесіне үміткерлер- «бакалавр» дәрежесі дипломы болуы міндетті түрде қажет;
  •    SAT емтихан көрсеткіші кем дегенде 125 ұпайды құрауы тиіс;
  •    Орта білімі бойынша аталған 9/10/11/12 сыныптарының табельдік көрсеткіштері;

   Соңғы 3 жылдағы мақтау қағаздар және тағы басқа сертификаттыры және сіздің жетістіктеріңізді қысқаша CV ретінде растау.

Университетке түсу туралы өтінімді толтырған кезде, студенттер Diversity Scholarship деп аталын жеңілдіктерін алуға өтініш білдіргенін көрсетуі керек. Сонымен қатар, эсседе неге қаржылық көмек қажет екенін түсіндіруіңізді сұраймыз.

Студенттер күзгі семестрден бастап, көктемнен бастап оқуға түсуге болады.

Оқу орны өтінімдерді қабылдауды бастады.

2019 жылдың қыркүек айындабасталатын оқу үшін өтінім берудің соңғы мерзімі: 2019 жылғы 15 тамыз.

Байланыс телефоны :

8 (7172) 769088

S P Jain Global Management мектебі Халықаралық MBA бағдарламасы бойынша оқуға 100 пайыздық жеңілдіктер ұсынады.

19.04.2019

Жеңілдік бойынша S P Jain Global Management мектеп студенттері Сингапур, Дубай және Сидней қалаларында...

Таиланд Корольдігі Үкіметінің Валайлак университеті халықаралық колледжінің (WUIC) 2019-2022 оқу жылдарына арналған шәкіртақы бағдарламасы

WUIC

Таиланд Корольдігінің Үкіметі 2019-2022 оқу жылдарына (17 жастан бастап, бакалавриат бойынша) арналған Қазақстан Республикасының студенттеріне шәкіртақы бағдарламасын ұсынады.

Аталған шәкіртақы Таиландтың Накхонситхаммарат провинциясындағы «Валайлак университеті халықаралық колледжінің («Walailak University International College») бакалавриат бағдарламасына келесі бағыттар бойынша арналған:

- Digital Innovation Engineering (B.Eng.)

- Logistic Analytics and Supply Chain Management (B.B.A)

- Law and Legal Applications (LL.B.)

- Accountancy (B.B.A.)

Валайлак университеті халықаралық колледжі (WUIC) туралы қосымша ақпаратты осы сілтеме арқылы табуға болады.

Оқуға түсу талаптары:

- 11-12 сынып оқушылары

- GPA 2.75-тен(4.0) кем емес болуы керек

- ағылшын тілін жоғары деңгейде білу (TOEFL 650 / IELTS 6.0)

- Паспорт

Шәкіртақы тек оқу ақысын қамтиды.

Қажетті құжаттардың тізімін білу үшін осы сілтеме арқылы өтіңіз.

Накхонситхаммарат провинциясындағы бағалар туралы ақпарат сілтемеде көрсетілген.

Таиланд Корольдігініңтуризмі және мәдениеті туралы ақпаратты көрсетілген сілтемеден табуға болады.

Барлық сканерленген, нотариалды куәландырылған құжаттарды ағылшын тіліне аударып,wuic.admissions@mail.wu.ac.th электрондық поштасына жіберіңіз. Назар аударыңыз: құжаттарды жіберген кезде, тақырыбына оқу орнының және таңдаған мамандығыңыздың атауын нұскауды ұмытпаңыз. Мысалы:«Scholarship Application: Digital Innovation Engineering».

Дедлайн: 2019 ж.,10 мамыр.

Оқу жылының басталуы: 2019 ж., 20 тамыз.

Барлықсұрақтар бойынша wuic@mail.wu.ac.th электрондық поштасына немесе +7 (7172) 76 90 88 нөмірі бойынша хабарласыңыз.

Таиланд Корольдігі Үкіметінің Валайлак университеті халықаралық колледжінің (WUIC) 2019-2022 оқу жылдарына арналған шәкіртақы бағдарламасы

19.04.2019

Таиланд Корольдігінің Үкіметі 2019-2022 оқу жылдарына (17 жастан бастап, бакалавриат бойынша) арналған Қазақстан Республикасының...

Борнмут Университеті (Ұлыбритания) «Докторантура» бағдарламасы бойынша толық гранттар ұсынады

1

Борнмут Университеті (Ұлыбритания) «Докторантура» бағдарламасы бойынша толық гранттар ұсынады. Грант жылына £15 000 көлемінде стипендияны қамтиды және қосымша ықтимал төлемдерден босатады

Толық грант ұсынатын факультеттер:

·       Ғылым және Техника факультеті

·       Денсаулық сақтау және Әлеуметтік ғылымдар факультеті

·       Менеджмент факультеті

·       БАҚ және коммуникация факультеті

Тапсыруға қажет құжаттар тізімі:

Өтініштің онлайн нысаны

• Эссе (шамамен 1500 сөз), өзекті мәселелерден, зерттеудің негізгі тәсілдерін және ғылымның дамуына осы зерттеудің үлесін қамтиды.

Үздік магистр дәрежесі немесе балама орташа балы болу (GPA)

IELTSсертификаты кемінде6,5 (компоненттерде кемінде 6.0)

Борнмут Университеті оқуға түсу үшін дағды мен тәжірибеге назар аударатын болады, сондай-ақ оқуды сәтті аяқтау үшін таңдалған ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша үміткердің ықтимал үлесі бағаланатын болады.

Өтінім берудің соңғы мерзімі бағдарламаға байланысты: сәуір, мамыр, маусым.

Толық ақпарат сілтемеде берілген.

Студенттерге конкурстық іріктеуді жоғары оқу орындары жүргізеді.

Барлық сұрақтар бойынша хабарласу нөмірі 8 (7172) 24 93 74

Борнмут Университеті (Ұлыбритания) «Докторантура» бағдарламасы бойынша толық гранттар ұсынады

18.04.2019

Борнмут Университеті (Ұлыбритания) «Докторантура» бағдарламасы бойынша толық гранттар ұсынады. Грант жылына £15 000 көлемінде стипендияны...

Оқушыларға арналған Сингапур қаласындағы жазғы мектеп

nochnoy-singapur

 

Колумбия бизнес мектебімен бірлесе отырып, SP Jain Global Management мектебі кәсіпкерлік және инновация бағдарламасы бойынша 2019 жылдың 18 мамырынан бастап 26 мамырына дейін 9 күндік жазғы мектепті өткізеді.

Бұл бағдарлама қызықты бизнес идеялары бар адамдарға арналған. Бұл курс сіздің идеяңізді іске асырудың жолдарын үйретеді.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:
9-12 сынып оқушысы болу.
Бағдарламаның құны: 2500 АҚШ доллары (жататын орын, тамақтану  және экскурсияларға қатысу  билеттері кіреді)
Өткізу орны: SP Jain School of Global Management Singapore

Курстың соңында Columbia Business School және SP Jain Global Management мектебінен сертификаттар және Columbia Business School-ден ұсыныс хаты беріледі.

Page1

Осы бағдарламаға қатысу үшін сілтеме бойынша өтіп тіркелу қажет:
Қосымша ақпарат алу үшін SP Jain School of Global Management өкіліне хабарласыңыз:

Mrs Shweta Gupta
+971564165193

Оқушыларға арналған Сингапур қаласындағы жазғы мектеп

18.04.2019

  Колумбия бизнес мектебімен бірлесе отырып, SP Jain Global Management мектебі кәсіпкерлік және инновация бағдарламасы...

Жалпы республикалық жастар форумы өтті

542A4185

Сәуірдің 17-сі күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университеті және «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бірге , Жастар жылына арналған «Адал жастар-еліміздің гүлденуінің кепілі» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер туралы Жалпыреспубликалық жастар форумын өткізді.

Ауқымды іс-шараға 300 аса адам қатысты. Іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іске жастарды тарту, білім саласындағы жемқорлыққа қарсы жұмыс, жас ұрпаққа моралдық-өнегелілік тәрбие беру және азаматтық қоғамда «Zero Tolerance» қалыптастыру тақырыбында сөз сөйленді.

542A4125

Форум шеңберінде «Болашақ» бағдарламасының түлектері сыбайлас жемқорлық бойынша алғашқы қадам ретінде жоғары білім беруде академиялық адалдықты енгізу жөніндегі өздерінің көзқарастары мен идеяларын бөлісті.

Жалпы республикалық жастар форумы өтті

18.04.2019

Сәуірдің 17-сі күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі...

ИСПАНИЯДА ТЕГІН ОҚУ ГРАНТТАРЫ!!!

dreams be dreams

Кастилья-ла-Манча университеті (UCLM) және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан азаматтарына БАКАЛАВРИАТ және МАГИСТРАТУРА бағдарламаларына арнайы 100 грант беру туралы келісімге қол қойды!

Орналасуы: Университеттің Испанияның Альбасете, Сьюдад Реал, Куэнка және Толедо қалаларында кампусы бар
Құрылған жылы: 1985 жыл
Нысаны: мемлекеттік университеті
Оқушылар саны: 30 000-нан астам

Грант – ТЕГІН ОҚУ


Бакалавриат және магистратура бойынша АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ МАМАНДЫҚТАРДЫҢ ТОЛЫҚ ТІЗІМІ СІЛТЕМЕДЕ.

Қажетті құжаттар:
1) Паспорт көшірмесі

2) Бакалавр бағдарламасына АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ 11/12 сынып транскрипті (мектеп мөрі бар табель)

Магистратура бағдарламасына соңғы екі семестр транскрипті

3) АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ Мотивациялық хат (1 бет 12 шрифт)

4) АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ резюме (кез келген формат)

5) IELTS 5.5 және жоғары (INTERMEDIATEдеңгейінде TOEFLнемесе басқа сертификат та болады)

Испан тілінде оқуға испан тілін B1 және одан жоғары деңгейінің сертификаты

!!!! Барлық құжаттардың көшірмесін Аты жөніңіз жазылған атаумен 1 PDFқұжатында келесі поштаға жіберіңіз: europe_dep@cip.bolashak.gov.kz Хат тақырыбы «UCLM»


ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ: 15 мамыр 2019 дейін
Нәтиже: 15 маусым 2019
Оқу басталуы: қыркүйек 2019


Барлық ақпарат мына тел 87172769056 немесе 87761764309, 87472692263 (whatsapp)

ИСПАНИЯДА ТЕГІН ОҚУ ГРАНТТАРЫ!!!

18.04.2019

Кастилья-ла-Манча университеті (UCLM) және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан азаматтарына БАКАЛАВРИАТ және МАГИСТРАТУРА бағдарламаларына...

Израильде жылына 13,000 АҚШ $ стипендиясы бар PhD бағдарламалары (Бар-Илан университеті)

izrail letom

Израильдегі ең ірі және тез дамып келе жатқан университеттердің бірі - Бар-Илан университеті студенттерге кез-келген израильдік білім беру мекемесінен табылмайтын бірегей академиялық және әлеуметтік мүмкіндіктердің кең ауқымын ұсынады.

Университет жыл сайын студенттерге 5 PRESIDENT SCHOLARSHIP алуға мүмкіндік береді.

Стипендияға не кіреді?

1) тегін оқу

2) жылдық стипендия 13 000 АҚШ доллары (айына 450 000 - 500 000 теңге)

3) ықтимал жұмысқа орналасу мүмкіншілігі

! Университеттің профессорлары қаржылай қорларға ие және кейбір студенттерді өздері қаржыландыруға мүмкіншіліктері бар, бұл осы университетте тегін білім алу мүмкіндігін арттырады!

 

DOCTORAL AND POST-DOCTORAL INTEREST AREAS FOR STUDENTS FROM KAZAKHSTAN

 

FACULTY/DEPT.

POINT OF CONTACT

TOPIC

Engineering

Prof. Dror Fixler

Charged Particle Microscopy

   

Nano Fabrication

   

Surface Analysis

Chemistry

Prof. Doron Aurbach

Energy Research

   

Electrochemical Energy Storage & Conversion

 

Prof. Lior Elbaz

Energy

Linguistics

Prof. Susan Rothstein

Semantics: Cross-linguistics mechanisms of counting and measuring in human language

Law

Prof. Oren Perez

Law

Medicine

Prof. David Karisik

Genetics of Musculoskeletal Disease

 

Dr. Michael Blank

Molecular and Cellular Cancer Biology 

 

Dr. Nir Qvit

Protein–Protein Interactions 

 

Dr. Milana Frenkel-Morgenstern**

Cancer Genomics and BioComputing of complex diseases

 

Dr. Omry Koren

Microbiome and Microbiology

 

Dr. Meital Gal-Tanamy

Molecular Virology

 

Dr. Moshe Dessau

Structural Biology of Infectious Diseases

 

Dr. Ron Piran

Diabetes research and regenerative medicine

 

Dr. Ronit Ilouz

Molecular And Cellular Mechanisms Of Protein Kinasese In Neurodegenerative Diseases

Brain Research Center

Tami Rubinov

Brain Research

Business

Dr. Eyal Yaniv

Smart Cities for Municipalities

 

Dr. Eyal Yaniv

Smart Cities for Technology Companies

 

Dr. Eyal Yaniv

Smart Cities for Researchers

Engineering

http://www.popovtzerlab.com/

Prof. Rachela Popovtzer

Molecular CT imaging of cancer using targeted gold nanoparticles

 

Prof. Rachela Popovtzer

Nanoparticles for in-vivo cell tracking

 

Prof. Rachela Popovtzer

'Sugar-bait' gold nanoparticles for metabolic-based imaging

 

Prof. Rachela Popovtzer

Optical imaging of enzymatic activity

 

Prof. Rachela Popovtzer

Theranostic nanoparticles for crossing the blood-brain barrier

 

Prof. Rachela Popovtzer

Cyborg - The Hybrid CellChip

 

ӨТІНІШТІ БЕРУ ҮШІН:

sadibekova@cip.bolashak.gov.kz электрондық поштасына өз түйіндемеңізді (резюме) АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ жіберіңіз.

ӨТІНІШ БЕРУ МЕРЗІМІ: 2019 ЖЫЛДЫҢ 1 МАМЫРҒА ДЕЙІН.

!!!Ағылшын тілі деңгейі B2-ден кем болмауы керек және әр студент жоғарыда көрсетілгендер ішінен таңдайтын саласын және профессорын көрсетуі міндетті!!!

Толық ақпарат 87172769056 немесе 87761764309 телефондары бойынша!

Израильде жылына 13,000 АҚШ $ стипендиясы бар PhD бағдарламалары (Бар-Илан университеті)

17.04.2019

Израильдегі ең ірі және тез дамып келе жатқан университеттердің бірі - Бар-Илан университеті студенттерге...

Италияда магистратураға грант (тегін оқу + жатақхана + 3 мезгілдік тамақтану)!

gorod-doma-sklon-skaly-more

«ComputerScienceMasterinInternetofThing» магистр дәрежесі бойынша толық ағылшын тіліндегі бағдарлама.

Грант келесіні қамтиды:

- 50 сағаттық итальян тілі тегін курсы;

- 3 мезгілдік тегін тамақтану;

- Halls of Residence студенттер үйінде тегін тұру.

Грантқа онлайн-өтінім сілтеме арқылы беріледі (*Master Degree бағанында INFORMATICA таңдаңыз)

МЕРЗІМІ: 2019 жылдың 24 сәуіріне дейін.

Қажетті құжаттар:

1. паспорттың сканерленген 1 беті

2. Ресми транскрипт

3. Осы тізімге сәйкес (XLS / XLSX) транскрипттегі пәндер тізімі

4. Резюме

5. Ағымдағы өтінім нысаны (жүктеу және толтыру)

6. Алдын ала іріктеу формасы (жүктеу және толтыру)

Сондай-ақ келесі құжаттар пакетін келесі электронды пошта мекен-жайына жіберу керек: europe_dep@cip.bolashak.gov.kz және fferrucci@unisa.it:

1. Резюме;

2. B1 және одан жоғары деңгейде ағылшын тілін білу туралы сертификат көшірмесі;

3. (doc / docx) (қол қойылмаған);

4. PDF, JPEG немесе TIFF форматында Алдын ала іріктеу формасы (қол қойылған);

5. Ресми транскрипт

Нәтижелері 2019 жылдың 24 мамырында белгілі болады - http://web.unisa.it/en/international/news

Толық оқу туралы ақпаратты осы https://corsi.unisa.it/informatica-magistrale/en/home мекен-жайы бойынша алуға болады, https://corsi.unisa.it/05225/en/international грант туралы ақпарат, сондай-ақ www .bolashak.gov.kz немесе +7 (7172) 24-93-71 телефоны бойынша

Италияда магистратураға грант (тегін оқу + жатақхана + 3 мезгілдік тамақтану)!

17.04.2019

«ComputerScienceMasterinInternetofThing» магистр дәрежесі бойынша толық ағылшын тіліндегі бағдарлама. Грант келесіні қамтиды: - 50 сағаттық итальян тілі...