10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86; Телефон доверия: 76 90 98

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

  • ins

Последние новости

2019-20 жылға арналған Үндістандағы ITEC тегін тағылымдама бағдарламасы

India-8-The-Palace-of-Mysore-e1492125483394

Үндістан Республикасының Қазақстандағы Елшілігі ITEC (Indian Technical and Economic Cooperation) техникалық-экономикалық ынтымақтастық
бағдарламасы бойынша 2019-20 жылға арналған қысқа мерзімді тағылымдама бағдарламасына қатысуға шақырады.Әуе билеттері (Қазақстан-Үндістан-Қазақстан), оқу курстары, тұратын жер,
оқу материалдары мен экскурсиялары Үндістан үкіметімен қаржыландырылады.

ITEC бағдарламасына мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және жеке ұйымдардың және кәсіпорындардың, сондай-ақ сауда-өнеркәсіптік
палатаның өкілдері қатыса алады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:
 25-45 жасқа дейін;
 Ағылшын тілін жетік білу;
 Жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес болуы керек;
 Үміткер өтінім беру кезінде жұмыс істеуге міндетті.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Аталған шәкіртақы бағдарламасына қатысу үшін, өтінімді Үндістан елшілігіне екі ай бұрын тапсыру керек. Шәкіртақы бағдарламасының бағытын таңдау үшін сілтеме арқылы өтіңіз.
https://www.itecgoi.in 

Қажетті құжаттардың тізімін осында таба аласыз.
Елшіліктің байланыс телефоны: +7 (71 72) 92 57 00 - Mr. Bhakt Bhushan,
Attache (ITEC).
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ байланыс телефоны:
+7 (71 72) 76 90 88 - Азия елдері Департаменті

2019-20 жылға арналған Үндістандағы ITEC тегін тағылымдама бағдарламасы

12.06.2019

Үндістан Республикасының Қазақстандағы Елшілігі ITEC (Indian Technical and Economic Cooperation) техникалық-экономикалық ынтымақтастықбағдарламасы бойынша 2019-20...

Шанхай Технологиялық университеті Қазақстан студенттеріне бакалавриат және магистратура бағдарламасына тегін оқу гранттарын ұсынады

59EC30477F0001017A85BC23164642A2

 

Шанхай Технологиялық университеті — Қытай Халық Республикасының жоғарғы оқу орны. Университет 1954 жылы құрылған және Шанхай қаласында орналасқан. Оқу қытай тілінде жүргізіледі.

Талаптары:
1. Үміткерлердің үлгерімі жақсы және бакалавриат үшін жасы 25, магистратура үшін жасы 35 дейін болуы тиіс;
2. Бакалвариатта оқу үшін ең кемінде HSK 4 , магистратурада оқу үшін ең кемінде HSK 5;

Грант келесі шығындарды қамтиды:
• тегін оқыту
• медициналық сақтандыру
Ескерту*
1 курсты аяқтағаннан кейін оқу үлгерімі өте жақсы студенттер оқу ақысы, тұратын орын, ай сайынғы стипендия және медициналық сақтандыру қамтылатын толық А грантын алуға мүмкіндігі болады.

Үміткерлер 2019 жылдың 20 маусым айына дейін
www.study.edu.sh.gov.cn сайтында онлайн тіркелуден өтуі қажет.
Онлайн тіркелу барысында құжаттардың сканерленген түрін жүктеу қажет екендігін еске саламыз. Құжаттар пакеті толық емес және өтінім формасы дұрыс толтырылмаған жағдайда үміткердің құжаттары қабылданбайды.
Қажетті құжаттар:
1. Нотариалды расталған аудармасы бар соңғы білімі туралы құжаты қосымшасымен
2. Оқып жатырған үміткерлер оқу орнынан ағылшын немесе қытай тіліндегі нотариалды расталған аудармасымен анықтама және транскрипт немесе табель тапсыруы қажет
3. Оқу жоспары (ағылшын немесе қытай тілінде жазылған эссе)
4. Ұсыныс хаты (ағылшын немесе қытай тілінде жазылған)
5. HSK4 немесе одан жоғары дәрежедегі сертификаты
6. Паспорт көшірмесі
7. Медициналық анықтама формасы (көшірмесі)
Онлайн тіркелімді жасағаннан кейін үміткерлер келесі поштағада asia@cip.bolashak.gov.kz басып шығарылған онлайн тіркелім формасы және қажетті құжаттарды жіберуі қажет.
*Хат тақырыбында МІНДЕТТІ түрде үміткердің аты-жөні (ағылшын әріптерімен) + университет атауы «Shanghai Technology University» + бағдарламасы: бакалавриат немесе магистратура+мамандығы+Байланыс телефоны жазылуы қажет.

Ескерту!!!
Үміткерлерді таңдауды Қытай тарапы жүргізеді және оқуға қабылдау бойынша соңғы шешімді Шанхай технологиялық университеті қабылайды

Толығырақ ақпаратты және мамандықтар тізімін осы сілтемеден таба аласыз.
Сұрақтар бойынша келесі телефонға хабарласыңыз:
+7 (7172) 769-071
+7 776 176 4358

Шанхай Технологиялық университеті Қазақстан студенттеріне бакалавриат және магистратура бағдарламасына тегін оқу гранттарын ұсынады

11.06.2019

  Шанхай Технологиялық университеті — Қытай Халық Республикасының жоғарғы оқу орны. Университет 1954 жылы құрылған...

Үндістандағы ITEC тегін тағылымдама бағдарламасы

tajmahal

Үндістан Республикасының Қазақстандағы Елшілігі ITEC (Indian Technical and Economic Cooperation) техникалық-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы бойынша екі бағытта қысқа мерзімді курстарға қатысуға шақырады.

S.No.

Name of Courses

From

To

Eligibility

1

CERTIFICATE COURSE IN POWER DISTRIBUTION MANAGEMENT

24-Jun-2019

02-Aug-2019

DIPLOMA/DEGREE IN ELECTRICAL ENGINEERING (working in power sector)

2

CONCEPT TO COMMISSIONING OF SOLAR POWER PLANTS

24-Jun-2019

02-Aug-2019

DIPLOMA/DEGREE IN ENGINEERING (working in power sector)

Әуе билеттері (Қазақстан-Үндістан-Қазақстан), оқу курстары, тұратын жер, оқу материалдары менэкскурсиялары Үндістан үкіметімен қаржыландырылады.

ITEC бағдарламасына мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және жеке ұйымдардың және кәсіпорындардың, сондай-ақ сауда-өнеркәсіптік палатаның өкілдері қатыса алады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Жасы 25-тен 45-қа дейін;
  • Ағылшын тілін жетік білу;
  • Жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес болуы керек;

·         Үміткер өтінім беру кезінде жұмыс істеуге міндетті.

Қатысушылар өтінімді осы сілтемелерарқылы бере алады:

1

CERTIFICATE COURSE IN POWER DISTRIBUTION MANAGEMENT

2

CONCEPT TO COMMISSIONING OF SOLAR POWER PLANTS

Қажетті құжаттардың тізімін сілтеме арқылы таба аласыз.

Елшіліктің байланыс телефоны: +7 (71 72) 925700Mr. BhaktBhushan, Attache (ITEC).

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ байланыс телефоны:

+7 (71 72) 76 90 88 Азия елдері Департаменті

Дедлайн: 2019 жылдың 11 маусым айында дейін.

Үндістандағы ITEC тегін тағылымдама бағдарламасы

06.06.2019

Үндістан Республикасының Қазақстандағы Елшілігі ITEC (Indian Technical and Economic Cooperation) техникалық-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы бойынша...

Техникалық Лодзь универсиеті студенттерді оқуға шақырады!

20180102103901

Лодзь техникалық университеті Польшаның тарихи, мәдени және өнеркәсіптік орталығы - бірегей
тарихы бар Лодзь қаласында орналасқан. (https://www.p.lodz.pl/en)


Университет бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша келесі
факультеттерге гранттарды ұсынады:
• Машина жасау факультеті
• Электротехника, электроника, есептеу техникасы және басқару факультеті
• Химия факультеті
• Материалтану және тоқыма дизайн факультеті
• Биотехнология және азық-түлік ғылымдары факультеті
• Құрылыс, архитектура және экология факультеті
• Техникалық физика, ақпараттық технологиялар және қолданбалы математика факультеті
• Өндіріс технологиясы және басқару факультеті
• Технологиялық және экологиялық инженерия факультеті


Қабылдауға қажетті құжаттар:
1 қадам –төменде көрсетілген құжаттарды келесі электрондық поштаға сканерлеп жіберуіңіз
керек: foreignstudents@info.p.lodz.pl.


ҚҰЖАТТАРДЫ ТОЛЫҚ КӨРСЕТІЛГЕН МЕЗГІЛДЕРДЕ ЖІБЕРМЕГЕН УАҚЫТТА, ӨТІНІМІҢІЗ ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ.


Сонымен қатар, келесі сілтеме арқылы сауалнаманы толтыруыңыз қажет


• Білім беру жөніндегі проректорға өтініш (қосымшада көрсетілген)
• Апостильденген аттестат/диплом қосымшамен бірге және және оның нотариалды
куәландырылған аудармасы
• Шет тілін білетінін растайтын сертификат (ағылшын тілі мин. 6.0 IELTS)
• Төлқұжат көшірмесі
• 85 злот көлемінде өтінім беру ақысын төлегені жайлы анықтама
(https://rekrutacja.p.lodz.pl/en/tuition-fees)
Қабылдау жайлы толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы көре аласыз
https://rekrutacja.p.lodz.pl/en.


Құжаттарды тапсыру соңғы мерзімі – 12.07.2019


Сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі байласын нөмірлері арқылы байланысыңыз
+77172249371
+77761764309

Техникалық Лодзь универсиеті студенттерді оқуға шақырады!

06.06.2019

Лодзь техникалық университеті Польшаның тарихи, мәдени және өнеркәсіптік орталығы - бірегей тарихы бар Лодзь...

Литвалық спорт университетінде тегін оқу мүмкіндігі!

full-2473537737415

Каунас қаласында орналасқан.
Толық ақпаратты университеттің веб парақшасынан https://www.lsu.lt/en/ таба аласыз.

Университет 20 бағдарламаны және оның ішінде 13 ағылшын тіліндегі бағдарламаларды ұсынады:
Бакалавриат:
• Дене белсенділігі мен өмір салты бойынша Еуропалық бакалавриат
• Спорттық жаттығулар
• Физиотерапия
• Спортты басқару
• Спорттық демалыс және туризм
Магистратура:
• Спорттық өнімділікті талдауда халықаралық мастер
• Халықаралық баскетбол және басқару тренері
• Туризм және спортты басқару
• Физиотерапия
• Дене белсенділігі және қоғамдық денсаулық
• Спорттық физиология және генетика
Докторантура:
• Биология: физиология
• Білім беру: дене тәрбиесі, моторлық білім алу, спорт Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі - 15 маусым, құжаттарды толықтау - 30 маусымға дейін жалғасады.
ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ:
1. Сілтемеге өтіңіз: https://is.lsu.lt/el_stojimai/admission
2. Онлайн-өтінішті толтырыңыз.
3. Сонымен қатар, қосымшадағы сауалнаманы толтыруыңыз қажет (сауалнаманы толтырғаннан кейін, көрсетілген электрондық поштаға жіберілуі қажет )
4. Келесі құжаттарды жүктеңіз:
• төлқұжат көшірмесі;
• аттестат/диплом (мектеп есебінің табельдің көшірмесі/ағылшын тіліндегі транскриптің көшірмесі, бакалавр дипломы немесе аттестат болмаған жағдайда);
• ағылшын тілін білу туралы сертификаты (TOEFL iBT 75-тен бастап және
содан да жоғары, IELTS5.5-тен бастап (бакалавриат бойынша) және 6.0-
ден бастап (магистратура бойынша);
• мотивациялық хат;
• фото.
Құжаттар ағылшын тіліне аударылып, апостильмен расталуы керек


Сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласыңыз:
+77172249371
+77761764309

Литвалық спорт университетінде тегін оқу мүмкіндігі!

05.06.2019

Каунас қаласында орналасқан.Толық ақпаратты университеттің веб парақшасынан https://www.lsu.lt/en/ таба аласыз. Университет 20 бағдарламаны және оның...

Римде тегін білім алу!

                                   lcu splash

Римдегі Link Campus Университеті келесі бағдарламалар бойынша 100% тегін гранттар
ұсынады:
 
Бакалавриат:
- Fashion Design
Магистратура:
- Strategic Studies and Diplomatic Sciences
- Economics.
 
Талаптар:
Бакалавр үшін:
- 12 жылдық мектеп түлегі болу
- IELTS 5.5 және одан жоғары
Магистратура үшін:
- GPA 3.3 жоғары
- IELTS 6 және одан жоғары
Грант тек оқуды қамтиды.
*Оқуға түскен соң, 1000 еуро бір реттік міндетті тіркеу жарнасын төлеуіңіз керек.
Қабылдау үшін сіз осы сілтеме бойынша жүріп, онлайн-өтінімді тапсыруыңыз керек және
комментарийде Bolashak сөзін көрсету МІНДЕТТІ.
 
Құжаттарды тапсыру мерзімі - 2019 жылдың 10 маусымы 21.00-ге дейін!
Барлық сұрақтар бойынша www.bolashak.gov.kz веб-сайтына немесе +7 7172 24 93
71 телефонына хабарласыңыз; WhatsApp +7 776 176 43 09 телефонына жазыңыз.

Римде тегін білім алу!

04.06.2019

                           ...

Түркияның мемлекеттік университеттерінде тегін оқу мүмкіндіктері!

76749913

Сіз Түркияның мемлекеттік жоғары оқу орындарында барлық бағыттар бойынша білім алу тегін екенін және университеттің ректорынан стипендия алу мүмкіндігінің бар екенін білесіз бе?


Çanakkale Onsekiz Mart University (Чанаккале Он Секиз Март университеті) Университет ағылшын және түрік тілдерінде бакалавриат бағдарламасы бойынша тегін білім береді!


Çanakkale Onsekiz Mart University (COMU) – Түркияның мемлекеттік жоғарғы оқу орны болып табылады. COMU 1992 жылы ресми түрде құрылды. Оқу орнының басты ғимараты Чанаккале қаласында ораналасқан. Университет түрік университеттернің арасында топ 40-қа кіреді және 53 000-ға жуық оқушысы бар ірі университеттердің бірі болып табылады. Толық ақпаратты келесі сілтемеден көре аласыз


Университетте барлық қол жетімді бағдарламаларды келесі сілтеме арқылы жүктей аласыз.


Бакалавриат бағдарламасы бойынша қажетті құжаттар:
• Паспорт
• Аттестаттың нотариалды түрде куәландырылған түрік тіліне көшірмесі 
• Транскриптің нотариалды түрде куәландырылған түрік тіліне көшірмесі

• Онлайн түрде 3*4 өлшемінде биометриялық сурет қажет


Құжаттарды қалай тапсыра аласыз?


Құжаттарды тапсыру үшін қадамдық нұсқаулар: 
• Сізге келесі сілтеме бойынша сайтқа кіруіңіз қажет 
• Сайтта «Register» пункті арқылы тіркелуіңіз қажет
• Сілтемеде ашылған өтінімді толтыруыңыз қажет 
• Өтінімнің соңында «Kayıt Türü» сұрағына «Yabancı uyruklu olanlar» деген нұсқаны таңдауыңыз қажет
• Бірінші онлайн өтінімді толтырғаннан электрондық поштаңызға индивидулды түрде берілетін құпиясөз жіберіледі
• Сізге келесі сілтеме арқылы «Student entrance» нұсқасын таңдауыңыз қажет
• Логиніңіз – электрондық пошта адресі; құпиясөз – сіздің электрондық поштаңызға жіберілген индивидуалды құпиясөз болып табылады
• Жүйеге кіргеннен кейін, барлық бөлімдер толтырылуы қажет 
• Онлайн өтінімнің соңында сіз 5 басым мамандықты таңдауыңыз қажет


Онлайн өтінімдер ақысыз болып табылады.


Болжамды шағындар:
Тұратын жері – 1000 USD (бір жылға)
Тамақтану – 100-150 USD (айлық) 
Жол – 20 USD (айлық) 
Жыл сайынғы студенттік тіркеу ақысы – 200-250 USD (таңдаған факультетіне байланысты)


Сұрақтарыңыз бойынша төмендегі байланыс нөмерлерімен хабарласыңыз
+77172249371
+77761764309

Түркияның мемлекеттік университеттерінде тегін оқу мүмкіндіктері!

31.05.2019

Сіз Түркияның мемлекеттік жоғары оқу орындарында барлық бағыттар бойынша білім алу тегін екенін және университеттің...

Гранты на бакалавриат на русском и английском языках в Эстонском университете предпринимательства! (2)

estoniya-1

***Оқу бағдарламалары ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН тілдерінде
Грант = тегін оқу
Оқу мерзімі – 3 жыл


Сіз келесілерді төлейсіз:
 Ұшу билеттері
 Тұру шығындары айына 50 000 теңгеден бастап
 Тамақтану шығындары айына 30 000 теңгеден бастап


Сіздің келесідей бакалавриат бағдарламаларына грант алу мүмкіншілігіңіз бар:
1) Software Development and Entrepreneurship ( АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ )
2) Веб-технологии (ОРЫС ТІЛІНДЕ)
3) Game Design and Development (АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ)
4) Startup Entrepreneurship (АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ )

ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ: 30 МАУСЫМ 2019
Студент тек бір бағдарламаға өтінім тапсыра алады

Өтінім тапсыру үрдісі:


1) Интернеттегі өтінімді келесі сілтемелер бойынша толтырыңыз:


Game design and Development
https://rus.eek.ee/?pg=2549&AA


Software Development and Entrepreneurship
https://rus.eek.ee/?pg=2549&SE


Start-Up Entrepreneurship
https://rus.eek.ee/?pg=2397&hr=rk&k=SU&v=2017&av=avaldus&setlang=rus


Веб-технологии на русском языке
https://rus.eek.ee/?pg=2397&hr=rk&k=VT&v=2017&av=avaldus&setlang=rus


2) қажетті құжаттардың барлық көшірмелерін pdf форматында жүктеу
3) Skype interview
4) Университет шешімі


Бағдарламалар талаптары:
1) Жалпы орта білім туралы аттестат (бағалар мен пәндер көрсетілген транскриптпен
бірге)
2) Сіз өзіңіздің кәсіптік мақсаттарыңызды, мансаптық жоспарларыңызды және болашақ
білім берудегі рөлін сипаттайтын бағдарлама тіліне қарай орыс немесе ағылшын тілінде
мотивациялық хат (ең көбі 1 бет)
3) Паспорт көшірмесі
4) Ағылшын тіліндегі бағдарламаға тапсырсаңыз, IELTS 5.5 немесе ағылшын тілін сәйкес
деңгейде білу сертификаты


Барлық ақпарат жоғарыда көрсетілген сілтемелерде немесе келесі телефондар арқылы
+77172 76 90 56
+7776 176 43 09

Гранты на бакалавриат на русском и английском языках в Эстонском университете предпринимательства! (2)

31.05.2019

***Оқу бағдарламалары ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН тілдерінде Грант = тегін оқуОқу мерзімі – 3 жыл Сіз...

Оңтүстік Кореяның Kyungdong университетінде студенттерге арналған жазғы бағдарлама

11006913294 cc2e6f0f8b o

 

Kyungdong University (KDU) Канвондо провинциясында Жапон теңізі жағалауында орналасқан. Университет 1981 жылы құрылған және Кореяда 3 кампусы бар. 2019 жылғы жазғы бағдарлама қатысушыларға тегін тұрғыда кәсіпқойлық курстарды оқуға және Корей мәдениетін игеру мүмкіндігіне ие болуға әзірленген. Сонымен қатар, қатысушылар бағдарлама барысында корейлік студенттермен кездесуге және өзара әрекеттесу үшін көптеген мүмкіндіктерге ие болады, сонымен бірге олар өздерінің тәжірибелері мен пікірлерін сыныпта және одан тыс жерде әр түрлі іс-шаралар арқылы бөлісе алады. Бағдарламаның соңында қатысушыларға академиялық кредиттер саналады және программаны тәмамдағаны туралы сертификаттар беріледі.


Бағдарламаға қатысу шарттары: үш бағдарламаның біреуін таңдау


Өтінімді қабылдау мерзімі ұзартылды:
-1 бағдарлама 20 маусым 2019 ж. дейін.

-2 бағдарлама 20 шілде 2019 ж. дейін.

-3 бағдарлама 5 тамыз 2019 ж. дейін.


Жазғы бағдарлама кезеңі:
1) 2019 жылдың 1-31 шілде аралығы
Бағдарлама: Корей тілі мен мәдениеті, көрнекі жерлер мен ғибадатханаға экскурсиялар, K-поп, K-драма, таэквондо сабақтары, корей тағамдарының дәмін тату, ұлттық киім ханбокты киіп көру және Оңтүстік Кореяны саяхаттап, корей мәдениеті мен өмір салтының ерекшеліктері туралы білу.
2) 2019 жылдың 1-23 тамыз аралығы
Бағдарлама: Корей тілі мен мәдениеті, мамандықтар бойынша арнайы лекциялар (Бизнес басқару, Қонақ үй ісі, ақылды есептеу).
3) 2019 жылдың 26 тамызынан желтоқсанға дейін
KDU-дың күздік семестріне қатысу және мамандықтар бойынша бағдарламалар (Бизнес басқару, Қонақ үй ісі, ақылды есептеу).
Үміткерлерге қойылатын талаптар: бакалавр не магистратура студенттері; IELTS 6.0 және жоғары сертификаты немесе ағылшын тілін білетіндігіңізді растайтын басқа да куәліктер.


Университет келесі шығындарды қамтиды: жатақханада тұру, әуежайдан/ға күтіп алу/шығарып салу, қала ішінде тасымалдау және бағдарлама барысындағы басқа да ұйымдастырушылық шығындар.


Қатысушы әуе шығынын және басқа да жеке шығындарды өзі төлейді. Қатысушы жатақхананың асүйінде өздігінен тамақ дайындай алады немесе студенттік асханада тамақ сатып ала алады.


Бағдарламаға өтініш беру: үміткер дербес түрде немесе өз университеті арқылы өтініш бере алады. Толтырылған өтініш формасын келесі электрондық пошта арқылы жіберілуі керек enquiries@kduniv.ac.kr, info@kduniv.ac.kr , оқу орнынан справка, транскрипт, төлқұжат көшірмелері.


Университеттен оң жауап алғаннан кейін кандидат D-2-8 қысқа мерзімді студенттік визасын жасату керек.

 

Қосымша ақпаратты 8 (7172) 76 90 69 телефоны арқылы біле аласыз

Оңтүстік Кореяның Kyungdong университетінде студенттерге арналған жазғы бағдарлама

31.05.2019

  Kyungdong University (KDU) Канвондо провинциясында Жапон теңізі жағалауында орналасқан. Университет 1981 жылы құрылған және...

Чжэцзян сауда-кәсіптік университеті магистратура және докторантура бағдарламасына оқу гранттарын ұсынады

ханчжоу-min

 

Чжэцзян сауда-өнеркәсіп университеті (Zhejiang GongShang University) - Чжэцзян провинциясының Ханчжоу қаласында орналасқан мемлекеттік университет. Чжэцзян сауда-өнеркәсіп университеті бизнес саладағы алғашқы оқу орындарының бірі және басты салалары: әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдары, менеджмент, экономика, машина жасау, әдебиет, құқық, тарих, ғылым, және философия.

Талаптары:

1.     Үміткерлердің жақсы үлгерімі және магистратураға үміткерлердің жас мөлшері 35 жасқа дейін, докторантураға үміткерлердің жас мөлшері 40 жасқа дейін болуы тиіс;

2.     Қытай тіліндегі оқу үшін ең кемінде HSK 4, ағылшын тіліндегі оқу үшін ең кемінде IELTS 6.5 немесе TOEFL 90 болуы тиіс;


Грант келесі шығындарды қамтиды:

• тегін оқыту

• тұратын орын
• ай сайынғы стипендия (магистранттар үшін 1700 юань, докторанттар үшін 2000 юань)

• медициналық сақтандыру

Үміткерлер 2019 жылдың 10 маусым айына дейін

hzic.at0086.cn/student   сайтында онлайн тіркелуден өтуі қажет.

Онлайн тіркелу барысында құжаттардың сканерленген түрін жүктеу қажет екендігін еске саламыз.


Жүктеуге қажетті құжаттар:

1.Соңғы білімі туралы құжат (оқып жатырған үміткерлер оқу орнынан анықтама және транскрипт немесе табель тапсыруы қажет), нотариалды куәландырылған ағылшын немесе қытай тілінегі аудармасымен;

2.Өзі жайындағы эссе, үміткерлер ағылшын немесе қытай тілінде өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі және зерттеу жоспары жайында ақпараттарды жазуы тиіс;

3.Профессор немесе деканның ұсыныс хаты (ұсынушының қолы қойылған және дәрежесі, телефон нөмері және электронды поштасы жазылған болуы қажет);

4. HSK, IELTS сертификаты.

5. Паспорттың көшірмесі (өтініш берушінің деректері бар бірінші бет);

6.Ғылыми публкация немесе зерттеу жұмыстарының нәтижесі.

Университет сайтанда Онлайн тіркелімді жасағаннан кейін үміткерлер МІНДЕТТІ түрде келесі сілтемедеге өтіп анкетаны толтыруы қажет.

Ескерту!!!

Үміткерлерді таңдауды Қытай тарапы жүргізеді және оқуға алу бойынша соңғы шешімді Чжэцзян сауда-кәсіптік университеті қабылайды

Грантқа ие болған студенттер 400 юань көлемінде регистрациялық ақысын төлеуі қажет болады.

Университет жайында толығырақ ақпаратты университеттің ресми сайтынан таба аласыз(мамандықтар тізімі «admission» бөлімінде).

Сұрақтар бойынша келесі телефонға хабарласыңыз:
+7 (7172) 769-071

+7 776 176 4358

Чжэцзян сауда-кәсіптік университеті магистратура және докторантура бағдарламасына оқу гранттарын ұсынады

30.05.2019

  Чжэцзян сауда-өнеркәсіп университеті (Zhejiang GongShang University) - Чжэцзян провинциясының Ханчжоу қаласында орналасқан мемлекеттік университет...