«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

  • ins

Соңғы жаңалықтар

Қытайдың жоғары оқу орындары қазақстандықтарға 86 білім грантын ұсынады

Kitaj-700x420

 

 

         Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім және ғылым министрлігінің арасындағы 2003 жылғы 3 маусымдағы Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қытай үкіметі Қазақстан азаматтары үшін бакалавриат, магистратура, докторантура және тағылымдама бағдарламалары бойынша 86 білім грантын бөлді.    

Талаптары:

- Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс;

- бакалавриатқа үміткерлердің орта мектеп бітіргені туралы аттестаты және жас мөлшері 25 жасқа дейін болуы тиіс;

- магистратураға үміткерлердің бакалавр дәрежесі және жас мөлшері 35 жасқа дейін болуы тиіс;

- докторантураға үміткерлердің магистр дәрежесі және жас мөлшері 40 жасқа дейін болуы тиіс;

-үміткерлер бакалавр дәрежесін алу үшін HSK 3 деңгейден кем емес жарамды сертификатты ұсынуы тиіс;

- магистратураға және докторантураға үміткерлер оқуды қытай тілінде таңдаған жағдайда HSK 4 деңгейден кем емес жарамды сертификатты ұсынуы тиіс.

Назар аударамыз!!! Оқуда жүрген үміткерлер оқу бөлімінің куәландырған қытай немесе ағылшын тілдерінде аудармасы бар, оқу кезеңінің аяқталатын күні көрсетілген, мектептен (колледж, жоо) берілген түлек мәртебесі туралы нотариалды куәландырылған анықтаманы ұсынады.

Аталған гранттар туралы ақпарат вебсайтта орналастырылған.

ЖОО мен мамандықтардың тізімі 

Грант келесі шығыстарды қамтиды:

  • тегін оқу;
  • бакалавриат бағдарламасына арналған ай сайынғы стипендия – 350 $, магистратураға– 420 $, докторантураға – 490 $;
  • медициналық сақтандыру;
  • жатақхана (немесе жалға алатын тұрғын-жайдың төлемі айына шамамен 90 -140 $);

Қытай сайтында онлайн-тіркеу және толық құжаттар пакетін қолма-қол қабылдау мерзімі – 2019 жылғы 10 қаңтарды қоса алғанда.

Онлайн-тіркеуге қатысты сұрақтар бойынша мына телефон нөміріне хабарласуға болады:

+7 7172 74-23-67.

ҚХР-да үкіметаралық грантына тіркелудің қадамдық нұсқаулығы 

Құжаттар онлайн және қолма-қол қабылданады!!!

Құжаттарды тапсыру бойынша нұсқаулық


 

 

 

Қытайдың жоғары оқу орындары қазақстандықтарға 86 білім грантын ұсынады

11.12.2019

             Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім және ғылым...

«БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

31. Болашак

 

Шетелде мамандар даярлау бойынша Республикалық Комиссия отырысының шешімі бойынша 234 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Стипендия иегері атанғандар шетелдік жоғары оқу орындарында магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім алады. Сондай-ақ, әлемдік ғылыми және өндірістік орталықтарға тағылымдама бойынша да жіберілетін болады.

 

 

2019 жылғы 26 қарашадағы "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімін мына жерден көре аласыз.

 

Құрметті «Болашақ» стипендиясының иегерлері,

Сіздерді білімдегі жеңістеріңізбен құттықтаймыз!

«БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

29.11.2019

  Шетелде мамандар даярлау бойынша Республикалық Комиссия отырысының шешімі бойынша 234 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясы...

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтті

На сайт

 

2019 жылғы 27 қараша күні ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозованың қатысуымен «Болашақ» халықаралық стипендиясына кезекті үміткерлерді тағайындау нәтижелеріне арналған баспасөз-конференциясы өтті.

2019 жылғы 26 қарашада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ. Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өткені белгілі. Комиссия шешімімен 234 үміткерге стипендия тағайындалды. Олар магистратура мен докторантурада білім алады, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік ұйымдарына тағылымдамаға жіберілетін болады.

Р. Биғари биыл «Болашақ» бағдарламасының танымалдылығы арта түскенін, оған үлкен қызығушылық туындап, байқау деңгейі оңайға түспегенін мәлімдеді.

Вице-министр Комиссия төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ. Көшербаевтың тапсырмасымен «Болашақ» бағдарламасының жаңа ереже жобасы әзірленгенін жеткізді. Келесі жылы үміткерлерге жаңа талаптар қойылатын болады. Атап айтқанда, басым мамандықтарға көбірек көңіл бөлінеді, яғни бағдарлама мамандарды нақты, мақсатты түрде дайындайтын болады.

2020 жылдан бастап «Болашақ» халықаралық стипендиясын жүзеге асырудың жаңа тәсілдері енгізілмек. Олар конкурстық іріктеуді жүргізу тетіктерін жетілдіруді және автоматтандыруды, оның кезеңдерін қысқартуды, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысын оңтайландыруды, жұмыс органының жауапкершілігін арттыруды көздейді. Бұдан басқа, стипендиаттарды оқытуға байланысты барлық академиялық процестер қосымша реттелетін болады. Сондай-ақ, цифрландыру есебінен үміткерлер арасында іріктеу рәсімін анағұрлым ашық ету жоспарланып отыр.

Өз кезегінде А.Кәрібозова бүгінде «Болашақ» бағдарламасымен 20 елде 1199 стипендиат білім алып жатқанын атап өтті. Ұлыбритания мен Ирландия Республикасы көш бастап тұр. Екінші орында – АҚШ пен Еуропа елдері (Австрия, Швеция,Швейцария, Франция, Нидерланды, Финляндия, Италия),ал үшінші орында – Жапония, Оңтүстік Корея және Сингапур елдері. Тізімді Ресей Федерациясы аяқтайды.

Еске сала кетсек, «Болашақ» халықаралық стипендиясы 1993 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысымен құрылған болатын. Бағдарламаны іске асырудың 26 жылында 13 870 стипендия тағайындалды.

 

 

 

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтті

27.11.2019

  2019 жылғы 27 қараша күні ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Білім және ғылым...

Қазақстан азаматтарына Венгрия үкіметі  250 оқу грантын  бөлді

венгрия

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Венгрия Республикасының Адами ресурстар министрлігі арасындағы 2013 жылғы 19 қарашадағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Венгрия үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына 2020–2021 оқу жылы «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұсынады.

Бұл бағдарлама шеңберінде Венгрия тарапы Қазақстан Республикасы азаматтарына келесі бағдарламалар бойынша 250 грант бөліп отыр:

- бакалавриат бағдарламасы бойынша  110 орын  (техникалықғылымдар, гуманитарлық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, өнер)

- магистратура бағдарламасы бойынша  90 орын  (техникалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, өнер)

- бакалавриат+магистратура бағдарламасы бойынша  30 орын  оқу мерзімі 5-6 жыл(жалпы медицина, фармацевтика, стоматология, сәулет, ветеринарлық хирургия, егіншілік саласындағы инженерия, сәулет саласындағы инженер)

Бакалавриат, магистратура және бакалавриат + магистратура бағдарламалары бойынша стипендиаттар бірінші оқу жылы қабылдаушы университет ұсынған «Венгр тілі шет тілі ретінде» курсын өтуге және екінші семестрдің соңында емтихан тапсыруға міндетті (венгр тілінде оқитын стипендиаттарды қоспағанда). Курсқа қатыспайтын стипендия иегерлері ай сайынғы стипендияны ала алмайды.

- докторантура бағдарламасы бойынша 20 орын (барлық бағыттар бойынша)*

   *Докторантура бағдарламасына үміткерлердің қабылдаушы университеттен ғылыми жетекшілері болуы керек. Онлайн-тіркелу кезінде қабылдаушы университеттен ғылыми жетекші/супервайзер қол қойған қабылдауды растайтын құжатты тіркеу қажет.

 

Аталған гранттар туралы ақпарат

http://studyinhungary.hu/study-in-hungary/menu/stipendium-hungaricum-scholarship-programme/apply-for-a-stipendium-hungaricum-scholarship/call-for-applications-2020-2021.html вебсайтында орналасқан.

Мамандықтар тізімін сілтемеден  көре аласыз.

Грант келесі шығындарды өтейді:

- тегін оқу;

- бакалавриат және магистратура бағдарламалары үшінай сайынғы стипендия 130 Евро, докторантура 415 Евро (бірінші 4 семестр) және 530 Евро (екінші 4 семестр);

- жатақханада тұру (немесе жалдамалы пәтердің ақысы айына 120 Евро көлемінде);

- медициналық сақтандыру.

 

 

Назар аударыңыз!!!  Қалған шығындарды грант иегері өз қаражатынан өтейді.

2002 жылғы 31 тамыздан  кейін туған үміткерлерден өтініш қабылданбайды, «Хореография» (Dance Study) мамандығынан басқа.

 

Венгр сайтында  онлайн-тіркелу мерзімі – 2020 жылғы 15 қаңтарға дейін

Толық құжаттар топтамасын қабылдау мерзімі – 2020 жылғы 3 желтоқсаннан 20 қаңтарға дейін.

Венгрия тарапы 2020 жылғы  28 ақпаннан мамыр айы аралығында іріктеу өткізеді.

 

Stipendium Hungaricum сайтында тіркелу бойынша нұсқаулық

 

Онлайн-тіркелу мәселелері бойынша мына телефон нөміріне хабарласуға болады: +7 7172 74-16-12

 

Құжаттар онлайн және қолма-қол тапсырылады!!!

 

Құжаттарды тапсыру бойынша нұсқаулық

Қазақстан азаматтарына Венгрия үкіметі 250 оқу грантын бөлді

27.11.2019

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Венгрия Республикасының Адами ресурстар министрлігі арасындағы 2013...

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті

РК 26.11.2019

2019 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Е.Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырысты аша отырып, Мемлекеттік хатшы «Болашақ» бағдарламасы еліміздің адами капиталды дамыту саласындағы серпінді жоба екенін жеткізді.

Комиссия отырысында Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы есебі тыңдалды, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасын іске асыруға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

Комиссия шешімімен 234 үміткерге стипендия тағайындалды. Олар магистратура мен докторантурада білім алады, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік ұйымдарына тағылымдамаға жіберілетін болады.

Отырыс қорытындысы бойынша Қ.Е. Көшербаев «Болашақ» халықаралық стипендиясын жетілдіру, экономика салалары дамуының перспективалары негізінде еңбек ресурстары балансындағы өзгерістерді ескере отырып оның тиімділігі мен ашықтығын арттыру жөніндегі бірқатар нақты тапсырмалар берді.

2020 жылдан бастап «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың жаңа тәсілдемелері енгізілетін болады, олар конкурстық іріктеуді жүргізу тетіктерін жетілдіруді және автоматтандыруды, оның кезеңдерін қысқартуды, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысын оңтайландыруды, жұмыс органының жауапкершілігін арттыруды көздейді. Бұдан басқа, стипендиаттарды оқытуға байланысты барлық академиялық процестер қосымша реттелетін болады.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті

26.11.2019

2019 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Е.Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық...

Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті   «Россия – страна возможностей» жобасының Бас директорымен кездесті

комиссаров

 

2019 жылғы 25 қарашада «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова «Россия – страна возможностей» жобасының Бас директоры Алексей Комиссаровпен кездесті.

Ресейлік мейман ХБО ұжымы алдында өзі жетекшілік ететін «Россия – страна возможностей» жобасы туралы таныстырды. «2018 жылы Ресей Федерациясының президенті В. Путиннің бастамасымен құрылған жобаның басты мақсаты – дарынды және болашағынан үлкен үміт күттіретін жас мамандардың басын қосып, идея алаңын қалыптастыру», - деп атап өтті А. Комиссаров.

Бүгінде жобаны жүзеге асыру жолында оған қатысушылар саны 2,5 миллионға жетіп, серіктестер қатары 250-ден асқан. Бұл ретте тараптар өзара ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңызды екенін атап өтті.

Өз сөзінде ХБО президенті А.Кәрібозова «Болашақ» бағдарламасы жайында баяндап, президенттік стипендияның ерекшеліктері туралы айтып берді.

Кездесу соңында А.Комиссаров Орталық қызметкерлеріне алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті «Россия – страна возможностей» жобасының Бас директорымен кездесті

25.11.2019

  2019 жылғы 25 қарашада «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова «Россия – страна...

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова «Astana IT University»  ақпараттық технологиялар универсітінің проректоры Карстен Вольфпен кездесті

1

 

2019 жылғы 21 қарашада «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова «Astana IT University» ақпараттық технологиялар универсітінің проректоры Карстен Вольфпен кездесті.

Кездесуде тараптар «Болашақ» бағдарламасы аясында ақпараттық технологиялар саласындағы отандық академиялық кадрлардың әлеуетін қалыптастыру және қолдау мақсатында университеттің профессорлық-оқытушылық құрамын даярлаудағы ынтымақтастық мәселесін талқылады.

Сондай-ақ тараптар Қазақстандағы жоғары білім беруді интернационализациялау бағдарламасы бойынша өзара серіктестікке баса мән берді.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова «Astana IT University» ақпараттық технологиялар универсітінің проректоры…

21.11.2019

  2019 жылғы 21 қарашада «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова «Astana IT University»...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» АҚ TELEGRAM МЕССЕНДЖЕРІНДЕ

Telegram 1

 

Құрметті достар!

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми Telegram-каналы ашылғанын хабарлаймыз. Аталмыш парақшада «Болашақ» халықаралық стипендиясына қатысты соңғы жаңалықтар мен ақпараттар жарияланатын болады. Telegram-каналымызға жазылуға шақырамыз https://t.me/bolashaqcipnews 

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» АҚ TELEGRAM МЕССЕНДЖЕРІНДЕ

21.11.2019

  Құрметті достар! «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми Telegram-каналы ашылғанын хабарлаймыз. Аталмыш парақшада «Болашақ» халықаралық...

Халықаралық бағдарламалар орталығының АҚШ-тағы өкілі Колорадо университетінің басшылығымен кездесті

Алиби Байтурин Колорадо

 

 

2019 жылғы 19 қарашада АҚШ-тағы Қазақстан Республикасы елшілігінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілі Әліби Байтурин Колорадо Университетінің (Сolorado State University) өкілдері және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Ф. Эхлерс-Завалоймен кездесті.

 

Кездесу барысында Ф. Эхлерс-Завалой "Болашақ" стипендиаттарына жеңілдік беру мәселесі бойынша келіссөздерді жалғастыруға немесе оларды бірлесіп қаржыландыру бағдарламасын (шығындардың бір бөлігі қабылдаушы тараптың есебінен өтеу) құруға мүдделі екенін жеткізді.

 

Сондай-ақ, аталған ЖОО өкілдері MBA бағдарламасы аясында оқыту үшін қазақстандық талантты жастардың 2-3 өкіліне грант беру мүмкіндігін атап өтті. Олар Колорадо университетіне үміткерлерді ұсыну үшін Орталықтың Қазақстан азаматтары арасында конкурс ұйымдастыру мәселесін қарастыруды ұсынды.

 

Колорадо университеті 1870 жылы Колорадо штаты, Форт Коллинз қаласында құрылған мемлекеттік зерттеу жоғары оқу орны. Қазіргі уақытта аталған ЖОО-да 34 мыңға жуық студент білім алуда.

 

Халықаралық бағдарламалар орталығының АҚШ-тағы өкілі Колорадо университетінің басшылығымен кездесті

20.11.2019

    2019 жылғы 19 қарашада АҚШ-тағы Қазақстан Республикасы елшілігінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілі Әліби...

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшылығы DAAD бас кеңсесі және Қазақстандағы ГФР Елшілігінің өкілдерімен кездесті

542A8933 - копия

 

2019 жылғы 7 қарашада «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшылығы Бонн қаласында орналасқан Герман Академиялық алмасу қызметінің (DAAD) бас кеңсесі және Қазақстан Республикасындағы Германия Федеративтік Республикасы Елшілігінің өкілдерімен кездесті.

Кездесуде білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастыққа қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Нақтылап айтқанда, шетел студенттерін Қазақстанда білім алуға тарту және Германия мемлекетінің үздік оқу орындарында қазақстандық студенттерді оқыту бағдарламасын әзірлеу жайы сөз болды.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшылығы DAAD бас кеңсесі және Қазақстандағы ГФР Елшілігінің өкілдерімен кездесті

07.11.2019

  2019 жылғы 7 қарашада «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшылығы Бонн қаласында орналасқан Герман Академиялық...

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design