«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

  • ins

Соңғы жаңалықтар

Назар аударыңыз, вебинар!

1

Достар!

Сіздерді 2020 жылдың 3 сәуірінде, Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 20:00-де өтетін “Болашақ” бағдарламасының түлегі Әсел Канкинаның «Дағдарыс жағдайында жеке қаржыны басқару» тақырыбындағы вебинарын тамашалауға шақырамыз.

Вебинар өтетін күні платформаға қосылатын сілтемені ұсынатын боламыз.

Онлайн жүздесу барысында:

-жеке қаржыны не үшін және қалай ұстау керек;

-сіз үшін бір саптыаяқ кофе қаншаға шығады;

-”күрделі қызығушылық” деген не және ол қалай жұмыс істейді;

-бірнеше табыс көзіне ие болу несімен маңызды;

-Қазақстан нарығы мен одан тысқары жерлердегі инвестициялар;

-бізді зейнетте не күтіп тұр;

-қаржылық қулықтардан қалай сақтануға болады тақырыптары кеңінен қамтылмақ. 

Елдегі қазіргі жағдайды, сондай-ақ адамдардың даму бағытындағы дүдәмалдығын ескере отырып, спикердің қаржылық ақыл-кеңестері дағдарыс кезінде қаражатыңызды дұрыс меңгере білуге көмектеседі деп санаймыз.

Әсел Канкина - “Болашақ” бағдарламасының түлегі,  Ұлыбританияның Ноттингем университетін «сәулет-қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Назарбаев университетінің Іскерлік басқару магистрі. Supernanny.kz, sitters.kz, finmentor.kz, homedu.kz IT-стартаптарының негізін қалаушылардың бірі.

Назар аударыңыз, вебинар!

01.04.2020

Достар! Сіздерді 2020 жылдың 3 сәуірінде, Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 20:00-де өтетін “Болашақ” бағдарламасының түлегі...

BIZ BIRGEMIZ

WhatsApp Image 2020-03-22 at 17.38.33

Елімізде COVID-19 пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдайды назарға ала отырып, «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің арасынан шыққан дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында «Biz birgemiz» айдарын ұсынамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз – кардиохирург Дмитрий Горбунов.

Дмитрий Васильевич Альберт пен Людовиг атындағы Фрайбург университетін (Германия) медицина мамандығы бойынша тәмәмдаған. Бүгінге Дмитрий Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында балалар бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істейді. Жүздеген баланың өмірін аман алып қалған ол нағыз өз ісінің маманы. Кардиохирург осы уақытқа дейін жүрек пен күре тамырларға 3 мыңнан аса операция жасаған. «Құрмет» орденінің иегері.

Дәрігердің айтары бар: «Байбалам салмаңыз! Иммунитеттің басты жауы байбалам мен пандемия уйымы».

BIZ BIRGEMIZ

22.03.2020

Елімізде COVID-19 пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдайды назарға ала отырып, «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің арасынан...

Елбасы халыққа үндеу жолдады

президент

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаев коронавирус пандемиясына байланысты халқына үндеу жолдады. 

Үндеудің толық нұсқасын ҚР Тұңғыш Президентінің Баспасөз қызметі жариялады:

Қымбатты отандастар!

Бүгінде бәріміз коронавирустың жаһандық пандемияға ұласқанына куә болып отырмыз.

Қазір вирус жер шарындағы 155-тен астам мемлекеттің, соның ішінде Қазақстанның да аумағына таралуда.

Індеттің географиялық өрісі үздіксіз кеңейіп, құрбандарының саны да өсіп келеді.

Бұл жағдайды халықаралық экономикалық дағдарыс –  шикізат, валюта және қаржы нарықтарының құлдырауы ушықтыра түсуде.

Мұның бәрі біздің елді де айналып өтпейтіні анық.

Басқаша айтқанда, біз қазір «дүлей дауыл» деп сипаттауға болатын үлкен қауіп-қатер алдында тұрмыз.

Шешу жолдарын табу тұрғысынан күрделі боп отырған қазіргі ахуал бір жағынан 1990-шы жылдардың басындағы жағдайға ұқсайды.

Ол кезде біз шын мәнінде өте қиын жағдайда болған едік.

Осындай ауыр кезеңде мен барлық қазақстандықтарды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырамын.

Ел билігі коронавирустан қорғану үшін оның алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдады.

Бұл ретте төтенше жағдайдың жариялануы – маңызды және қажетті қадам.

Ондағы мақсат – біздің азаматтарымыз бен мемлекетіміздің мүддесін қорғау.

Қазір коронавирус инфекциясының залалын азайту және экономиканы тұрақтандыру жөніндегі арнаулы штаб жұмыс істеп жатыр.

Азық-түлік пен ең қажетті тауарлардың, медициналық мақсатқа арналған заттардың тапшылығына жол бермеу үшін барлық жағдай жасалуда.

Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерінің бәрі де орындалуда.

Елдегі құқықтық тәртіп қамтамасыз етіліп отыр.

Отандық кәсіпкерлерге, шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр.

Жұмыс орындарын сақтауға барынша күш салынуда.

Мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан шаралар  қазіргі қиын ахуалға сай дер кезінде қолға алынды.

Мен мұны толық қолдаймын!

Сонымен қатар, қазіргі дағдарыс ұзағырақ уақытқа созылар болса, Үкімет оған қарсы шаралар әзірлеуге тиіс.

Ондай жағдайда елімізді және азаматтарымызды қатаң үнемшілдікке, кешенді орнықты даму бағдарына шығуға дайындау керек.

Құрметті қазақстандықтар!

Дана халқымызда «Кемедегінің жаны бір» деген ұлағатты сөз барын білесіздер.

Осынау сын сағатта ортақ істен ешкім де сырт қалмауға тиіс.

Біріншіден, Үкімет бюджет саласы қызметкерлерінің, студенттердің, шағын және орта бизнестің ауыртпалығын жеңілдету бағытындағы нақты қадамдарын жария етті.

Бірақ тек қана мемлекеттің күш-жігері жеткіліксіз болады.

Зауалды еңсеру үшін басқа да қосымша ресурстарды жұмылдырған жөн.

Әрбір азамат өзінің қолынан келетін үлесін қосуға тиіс.

Мен бұл қиын кезеңде ел-жұртқа көмектескісі келетін және жәрдем бере алатын адамдардың қаражаты жинақталатын Республикалық қор құруды ұсынамын.

Осындай жағдайда бұрынғыша отандық ірі кәсіпорындар да қолдауын көрсетеді деп сенемін.

Ондай қорларды әрбір облыс орталығында және республикалық маңызы бар қалаларда құру қажет.

Ол жұмысты тиісінше сол жерлердің әкімдері жүзеге асырғаны дұрыс.

Бүкіл халық, қалың ел, жалпақ жұрт болып жұмылудың жарқын үлгісі мен тиімділігін біз Арыс қаласын апаттан кейін жедел қалпына келтірген кезде көрсеткен едік.

Екіншіден, мен қазірдің өзінде ұлттық бизнес өкілдерінің ел-жұртқа көрсетіп жатқан көмегі үшін ризашылығымды білдіремін.

Мұндай мәрттік жалғасын тауып, оған қосылатын бизнес өкілдерінің саны көбейе түседі деген үміттемін.

Компаниялар иелері өздерінің қол астында еңбек етіп жүрген жандарға қаржылай да, моральдық тұрғыдан да жәрдемдеседі деп сенемін.

Мәселен, уақытша демалысқа жіберуге мәжбүр болған жағдайда еңбеккерлерді ақылы түрде  босатқан немесе қысқартылған жұмыс кестесіне көшкен абзал.

Отандық бизнес өкілдерін жалдамалы қызметкерлерді жұмыстан шығармауға шақырамын.

Сіздер жұмыс орындарын сақтау арқылы қоғамға қамқорлықтарыңызды көрсетесіздер.

Еліміздің кен өндірісі мен шикізат ресурстарын өңдеу және өнеркәсіп саласындағы ірі инвесторлар да Үкіметпен, әкімдіктермен бірлесе отырып, өздері жұмыс істеп жатқан өңірлердің тұрғындарына қолдау көрсетуге тиіс.

Қиындықта қол ұшын беру – игі дәстүр, халқымыздың қанында бар, бойымызға сіңген асыл қасиет.

Үшіншіден, қазіргі уақытта ең әуелі аса мұқтаж жандарға көмек көрсету керек.

Менің тапсырмаммен «Nur Otan» партиясының жобалары аясында 150 миллион теңге бөлінді.

Бұл қаражат карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға атаулы көмек көрсетуге жұмсалады.

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін  менің шешіммен Тұңғыш Президент Қоры есебінен тағы 200 миллион теңге бөлінді.

Жалпы, коронавирусқа қарсы күреске арналған қаражаттың дұрыс жұмсалуын «Nur Otan» партиясы бақылауында ұстайды деп ойлаймын.

Төртіншіден, үлкен кісілерді, балалар үйі  тәрбиеленушілері мен арнаулы аураханалардағы науқастарды қажетті заттармен үзбей қамтамасыз етуге баса көңіл бөлген жөн.

Еліміздің көмекке мұқтаж әрбір азаматына қамқорлық көрсетілуге тиіс.

Қазақстандықтар қиын кезеңдерде әрдайым бір-біріне жәрдемдескен.

Бұл іске еріктілер қозғалысының өкілдері де атсалысады  деп сенемін.

Бесіншіден, біз пандемиямен күрестің «алдыңғы шебінде» жүрген дәрігерлер мен медбикелерді,  құқық қорғау органдары мен әскери қызметкерлерді қолдауымыз керек.

Олардың иығына ауыр жүк түсіп, зор жауапкершілік артылып отыр.

Жұртшылықтың оларға көмектесіп, түсіністік танытуға және барлық нұсқауын жауапкершілікпен орындауға тырысқаны жөн.

Қадірлі отандастар!

Біздің бірлігіміз – қазіргі қиындықты еңсерудің кепілі.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында бұдан да күрделі кезеңдерді бастан өткердік.

Барлық ауыртпалықты жеңіп, әрдайым ортақ Отанымыздың гүлденуі жолында еңбек етіп келеміз.

Осы жолғы сынақты да ел болып еңсереміз деп сенемін.

Қазақстанның жолы қиындықсыз болмайтынын мен тәуелсіздіктің бастапқы кезінде-ақ білгенмін.

Бұл ретте тарих пен уақыт біздің жоспарымызға өзгерістерін енгізетінін ескерген едім.

Жайма-шуақ кездердің өзінде де біз алдымыздан шығуы мүмкін сын-қатерлерге дайындалып, алмағайып уақыттарда қажет болатын резерв қалыптастырдық.

Жинақталған алтын-валюта қоры мен Ұлттық қор қаражаты әрдайым біздің қабылдаған шараларымыз бен жалпы ұлттық экономиканы қолдауға септігін тигізді.

Қазір осы күрделі ахуалдан шығу үшін Қазақстанда барлық қажетті ресурс бар, қор да жеткілікті.

Бұл – біздің «Алдымен экономика, сосын саясат» қағидатына негізделген бағыт-бағдарымыздың нақты нәтижесінің бірі.

Жаңадан мемлекет құру оңай емес, ал оны сын-қатерден қорғау және тәуелсіздікті сақтап қалу одан да қиын.

Бізде тәжірибе де, нақты іс-әрекет алгоритмі де бар.  

Мен ұлтты ұйыстырудың, бірлік пен қоғамдағы келісімнің маңыздылығын үнемі айтып келемін.

Тұтастығымызды тағы бір рет дәлелдейтін күн туды.

Еліміздің барлық азаматтарын төзімділік танытуға, мемлекет қабылдап жатқан шараларды қолдауға шақырамын.

Бірлік барда алынбайтын асу жоқ.

Келе жатқан Наурыз мейрамы – біздің бірлігіміздің нышаны.

Шуақты мереке қарсаңында әрбір шаңыраққа шаттық пен игілік тілеймін!

Барлық ауыртпалық бізді айналып өткей.

Қазақстан бұл қиындықты да еңсеріп, дамудың жаңа кезеңіне аяқ басады деп нық сенемін.

Біз біргеміз!

 

Елбасы халыққа үндеу жолдады

20.03.2020

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаев коронавирус пандемиясына байланысты халқына үндеу жолдады.  Үндеудің...

Коронавирусқа байланысты Халықаралық бағдарламалар орталығы стипендиаттар мен түлектерге жан-жақты қолдау көрсетеді

 

call centre коронавирус

 

Құрметті стипендиаттар!

 

Халықаралық бағдарламалар орталығы коронавирус жағдайына байланысты туындаған мәселелер бойынша кез келген сұрақтарыңызды studentsupport@bolashak.gov.kz электронды поштасына жолдауға болатынын хабарлайды.

 

Сондай-ақ, Халықаралық бағдарламалар орталығының Call-center +77084253577 (WhatsApp) және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына (Facebook, Instagram, Twitter, Telegram) хабарласуларыңызға болады.

 

Орталық 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында азаматтарды қабылдау мен кеңес беруді онлайн форматына көшіреді. Құжат алмасу электронды түрде жүзеге асырылады. Ал өтініштер мен сауалдарды info@bolashak.gov.kz электронды поштасына жібере аласыздар.

 

​Мемлекеттік қызмет көрсетуге сәйкес өтініштер келесі ретпен қабылданады:

 

1. «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері туралы анықтаманы беру» «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ (ХҚКО бөлімшелері) арқылы немесе «Электронды үкімет» веб-порталы (Egov)бойынша: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011195#z50;

 

2. «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері ретінде оқуға жүруге арналған кепілдеме хатты алу» «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ (ХҚКО бөлімшелері) арқылы http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011195#z76;

 

3. «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өз міндеттемелерін орындағаннан кейінгі жылжымайтын мүлікке қойылған кепілді тоқтату жөніндегі хабарламаны» «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ (ХҚКО бөлімшелері) арқылы http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011195#z167;

 

4. «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлік кепілдігі шартын беру» «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ (ХҚКО бөлімшелері) арқылы http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011195#z148 жолдауға болады.

 

  • «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің шығындарын өтеу» мемлекеттік қызметі бойынша өтініштер http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011195#z102 және «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлеріне аванс беру» http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011195#z125 мәселелері бойынша «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Оқуды қаржыландыру басқармасына немесе кеңес алу үшін +7 (7172) 24 93 96, +7 (7172) 76 90 91, +7 (7172) 24 93 84 номерлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.
  •  «Болашақ» халықаралық стипендиясы, сондай-ақ  Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында жасалған келісімдер шеңберінде шет елде оқу үшін ұсынылатын гранттар жөнінде құжаттарды қабылдау және конкурстық іріктеу мәселелері бойынша кеңес беру Skype арқылы bolashaq_admission байланыс дерегімен  дүйсенбі мен жұма аралығында жүргізіледі. +7 (7172) 76-90-82, 76-90-83, 76-90-84, 24-93-85, 24-93-86 телефондары әдеттегідей дүйсенбі мен жұма аралығында жұмыс жасайды.
  • Жұмысқа орналастыру және еңбек өтілін мониторингілеу мәселелері бойынша кеңес беру bolashaq_alumni байланыс дерегімен Skype арқылы дүйсенбі және жұма аралығында жүргізіледі. Әдеттегідей дүйсенбі - жұма аралығында +7 (7172) 76 90 95, 76 90 94 және 24 93 91 телефондары жұмыс істейді.

Коронавирусқа қатысты өзге де ақпараттар бойынша өздеріңіз білім алып жатқан мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының Елшіліктерінен хабарласып білуге болатынын еске саламыз.

 

Коронавирусқа байланысты Халықаралық бағдарламалар орталығы стипендиаттар мен түлектерге жан-жақты қолдау көрсетеді

16.03.2020

    Құрметті стипендиаттар!   Халықаралық бағдарламалар орталығы коронавирус жағдайына байланысты туындаған мәселелер бойынша кез келген сұрақтарыңызды...

Кадры морского флота

талгат 2

Казахстанский флот пополнен на шесть первоклассных судов при участии обладателя стипендии «Болашақ» 2009 года, выпускника магистратуры Мичиганского университета, старшего специалиста по судостроению департамента развития бизнеса ТОО «МНСК «Казмортрансфлот» Талгата Рамазанова.

Уроженец города Балхаш Карагандинской области является выпускником Карагандинского государственного технического университета.

«Я знал, что морская отрасль в Казахстане только начинает развиваться в Каспийском море, и эта ниша пока практически не занята никем, поэтому выбрал специальность «Морская техника и технология», - рассказывает он.

Так как образование в США отличается от казахстанского, и «автоматом» там отличникам оценки не ставят, первую сессию Талгат не завалил, но сдал плохо.

«Получилось даже так, что университет меня поставил на probation (испытательный срок). Соответственно, и «Болашақ» тоже, когда мой куратор узнал об этом. Страх был не только лишиться стипендии и с позором вернуться домой, но и лишиться единственного жилья, которое было в залоге, и в котором жили моя мама и братишка. В общем, я решил подтягиваться в следующих семестрах, чтобы повысить свой GPA. Мне это удалось, потому что второй и последующие семестры я закрывал на отлично», - поделился стипендиат своими впечатлениями.

Получив степень магистра, Талгат Рамазанов спроектировал судно-контейнеровоз класса Panamax для перевозки 3 200 двадцатифутовых контейнеров.

КМТФ, где работает Талгат, участвует в Проекте Будущего Расширения ТОО «Тенгизшевройл». За два года участия в данном проекте было построено 6 первоклассных судов, пополнивших казахстанский флот.

Кадры морского флота

13.03.2020

Казахстанский флот пополнен на шесть первоклассных судов при участии обладателя стипендии «Болашақ» 2009 года...

Өз ісінің маманы - Айнұр Сәменқұлова

Саменкулова Айнур

Айнұр Сәменқұлова – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Түлектерді жұмысқа орналастыру және мониторинг басқармасының менеджері. Орталықта 2006 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Психология» мамандығы бойынша бітірген.

«Түлектер саны өте көп. Сол себепті біз университтер, елдер бойынша бөліп аламыз. Мәселен, мен 600 түлекке жетекшілік етемін. Бөлімдегі басқа менеджерлерде де дәл осылай. Жалпы алғанда, мониторингте еңбек өтілі бітпеген 3 400 түлек бар», - дейді Айнұр Мұхамеджанқызы.

«Болашақ» бағдарламасының түлектеріне кепілді ауыртпалықтан алу, жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша көмектеседі. Сондай-ақ, түлектердің жұмыспен қамтылуы бойынша мониторинг жүргізіп отырады.

Өз ісінің маманы - Айнұр Сәменқұлова

12.03.2020

Айнұр Сәменқұлова – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Түлектерді жұмысқа орналастыру және мониторинг басқармасының менеджері...

Болашақ түлегі Ерасыл Төлебаев жаңа қызметте

ерасыл толебаев

«Болашақ» бағдарламасының түлегі Ерасыл Төлебаев Шымкент қаласы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды.


Құттықтаймыз! Жаңа қызметінде сәттілік тілейміз!

Ізгі тілекпен,
“Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ

Болашақ түлегі Ерасыл Төлебаев жаңа қызметте

11.03.2020

«Болашақ» бағдарламасының түлегі Ерасыл Төлебаев Шымкент қаласы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша штаттан...

Атырауда «Bolashaq Talks» жобасының кезекті басқосуы өтті

болашакталкс атырау

2020 жылғы 4 наурызда Атырауда Халықаралық бағдарламалар орталығы «Tengizchevroil» компаниясымен бірлесіп «Bolashaq Talks» пікірталас алаңының кезекті отырысын өткізді.

Оған «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова, «ТШО» ХГҰ АҚ ЖШС Байланыс жөніндегі директоры Мария Қаражігітова, «ТШО» ЖШС Өндіріс пен бизнесті жоспарлау менеджері Айдар Святов, Petrocouncil.kz веб-сайтының негізін қалаушы, Atyrau hub және Atyrau Energy Challenge, APEC Petrotechnic ұйымдастырушысы Раушан Найзабаева, С. Өтебаев атындағы АтМГУ академиялық мәселелер және халықаралық байланыс жөніндегі проректоры, PhD, «Болашақ» түлегі     Болатжан Кұмалақов, NCOC заң директоры   Гүлжан Бөрібекова және ТШО компаниясының қызметкерлері мен «Болашақ бағдарламасының түлектері қатысты.

Пікірталас алаңының бұл жолғы басқосуы «Bolashaq & Life Long Learning» тақырыбына арналды. Талқылауға қатысушылар аймақта маман тапшылығын жоюда қолға алыну тиіс мәселелерге баса мән берді. Әсіресе индустрия саласында үш буынды ұрпақ сабақтастығының қызмет жасау үрдісі сөз болды.

Бүгінгі күні Атырау облысы бойынша «Болашақ» бағдарламасының 157 түлегі өздерінің еңбек өтілдерін өтеу үстінде. Соның 19-ы «Tengizсhevrоil» ЖШС-де қызмет етіп жатыр. Жалпы түлектердің басым бөлігі магистратура бағдарламасы бойынша білім алып келгендер. Небәрі 2 адам ғана тағлымдамадан өткен. Сондықтан осы кемшіліктердің орнын толтыру маңызды.

Пікірталас қатысушылары «Болашақ» түлектерінің жиі бас қосып, түрлі тақырыптар төңірегінде талқылу жасауына «Bolashaq Talks» алаңының берері мол екенін ерекше атап өтті.      

        

Атырауда «Bolashaq Talks» жобасының кезекті басқосуы өтті

06.03.2020

2020 жылғы 4 наурызда Атырауда Халықаралық бағдарламалар орталығы «Tengizchevroil» компаниясымен бірлесіп «Bolashaq Talks» пікірталас...

Атырауда «Болашақ» форумы өтті

атырау форум 2

2020 жылғы 4 наурызда Атырауда «Болашақ» бағдарламасы мен С.Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті бірлесіп, «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің форумын өткізді.

Еліміздің батысындағы үш өңір – Атырау, Маңғыстау және Батыс облыстарындағы «Болашақ» бағдарламасының үлесіне арналған жиын «Аймақтардағы маман даярлау мәселелері» тақырыбына арналды.

Форум жұмысына «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті А.Кәрібозова, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, аймақтағы бірқатар компаниялар – «Ембімұнайгаз» АҚ, Атырау мұнай өңдеу зауыты ЖШС, «Каспий мұнай» АҚ, NCOC, «Гео Энерджи Групп» ЖШС, «Анако» ЖШС сияқты 30 жуық кәсіпорын өкілдері мен ЖОО студенттері қатысты.

С.Өтебаев атындағы АтМГУ Басқарма төрағасы – ректор Гүлзада Шакуликова форумның негізгі мақсаты еліміздің батыс өңіріне қажетті мамандарды «Болашақ» бағдарламасы арқылы даярлау екенін жеткізді.

Өз сөзінде «Халықаралық бағдарламалар орталығының»АҚ Президенті Айнұр Кәрібозова жиналғандарға «Болашақ» бағдарламасы туралы жан-жақты ақпарат берді. Ол президенттік стипендияның 26 жыл ішіндегі түрлі даму кезеңдеріне тоқтала отырып, әлемдік бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ қалыптастыру жолында Халықаралық білім беру орталығы қолға алған кешенді шаралармен таныстырды. «Жалпы алғанда жыл өткен сайын «Болашақ» талаптары күшейтіліп, мемлекеттік саясат пен ұлттық экономика сұраныстарын қанағаттандыру бағытында жұмыс жүргізуде», - деп атап өтті ол. Алда Болашақтың жаңа Ережесі бекітіліп, бағдарламаны заман талабына сай модернизациялау ісі жалғасын таппақ.

Орталық президенті Қазақстанның Батыс өңіріндегі «Болашақ» бағдарламасы түлектері мен стипендиаттарының үлесіне тоқталды. Бұл аймақтан барлығы 691 «Болашақ» бағдарламасының түлегі шықса, қазіргі стипендиаттар саны 63-ке тең. Соның 19-ы Атырау облысына тиесілі. Ал түлектер саны 296-ны құрайды. Олар негізінен аймақтың түрлі мұнай-газ компанияларында қызмет етуде. Түлектердің жұмысқа орналасу үлесі бойынша алғашқы орындарды «FIRCROFT», «Тengizchevroil», «Bolashak group» сияқты компаниялар құрап отыр.

Аймақта «Болашақ» бойынша мамандықтарды нақты облыстар қажеттілігіне қарай айқындау маңызды. Бұл ретте А.Кәрібозова «Болашақ» бағдарламасы туралы толық мәлімет алу үшін С.Өтебаев атындағы АтМГУ базасында арнайы кеңес беру орталығының ашылғандығын хабарлады. Оқу орны орталықпен бірлесіп өңірге қажетті мамандарды даярлау ісіне және «Болашақ» бағдарламасына үміткерлердің ағылшын тілін жетілдіру жолында ауқымды жұмыстарды қолға алғандығын жеткізді. Мәселен, ағылшын тілін үйрету курстарын жүргізуге Атырау өңірінде жұмыс істеп жатқан «Болашақ» бағдарламасының түлектерін тару көзделіп отыр.

Форум барысында сөз алған Атырау облысы әкімінің орынбасары Е.Абылханов, KAZSERVICE одағының бас директоры Н.Жұмағұлов және форум модераторы Қ.Әуесбай «Болашақ» бағдарламасының түлегі ретінде өз ойларын ортаға салды. Түлкетердің айтуынша, «Болашақ» ел жастары үшін әлемнің озық оқу орындарында білім алып, мемлекет игілігіне жұмсауға зор мүмкіндік ұсына білді. Сондықтан еңбекті тек табысты жалғастыра білу міндеті тұр.

Жиын соңында қатысушылардың сауалдарына жауап берілді. Олар «Болашақ» бағдарламасына қатысты өздерін толғандырған түрлі сұрақтар бойынша жан-жақты мағлұмат алды. Сондай-ақ форум аясында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты – халықаралық бағдарлама шеңберінде шетелде кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын барлық басқа да салаларда тараптардың ынтымақтастығын дамыту.

Атырауда «Болашақ» форумы өтті

06.03.2020

2020 жылғы 4 наурызда Атырауда «Болашақ» бағдарламасы мен С.Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ...

«Болашақ» түлегі ҰҚСК құрамында

шынгыс мукан2

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына жұртшылықтың және сарапшылар қоғамдастығының жаңа өкілдері қосылды.

​Олардың қатарында «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Мазмұндама» ҚБ төрағасы Шыңғыс Мұқан да бар.

Құттықтаймыз! Еңбекте табыс тілейміз!

Ізгі тілекпен,

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«Болашақ» түлегі ҰҚСК құрамында

05.03.2020

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына жұртшылықтың және сарапшылар қоғамдастығының жаңа өкілдері қосылды. ​Олардың қатарында «Болашақ»...

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design