«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

  • ins

Соңғы жаңалықтар

Назар аударыңыз! Бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша Украина үкіметаралық гранттарына құжат қабылдау уақыты 2020 жылғы 5 ақпанға дейін созылды

УКРАИНА

 

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Украинаның Білім және ғылым министрлігі келісім шеңберінде Украинаның жоғары оқу орындарында бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқуға конкурс жариялайды.

Қазақстан азаматтарына 40 грант ұсынылады:

-  30  «бакалавр» оқу дәрежесі бойынша;

-  10  «магистр» оқу дәрежесі бойынша.

Жоғары оқу орындары мен мамандықтар тізімін https://studyinukraine.gov.ua/ru/ сілтемесі бойынша көре аласыз.

Украинаның үкіметтік грант бағдарламасында тек мемлекеттік жоғары оқу орындары қатысатының ескерулеріңізді өтінеміз.

Грант келесі шығындарды өтейді:

  •     тегін оқу;
  •     жатақханада тұру;
  •      ай сайынға стипендия;
  •      тілдік курстар (украин тілінде).

Оқу украин тілінде жүргізіледіОқу тілін білмейтін үміткер шетел азаматтарына арналған жоғары оқу мекемелеріндегі даярлық бөлімдеріне (бөлімшелеріне) қабылдануы мүмкін.

Толық құжаттар топтамасын қабылдау мерзімі 2020 жылғы 5 ақпанға дейін.

Құжаттарды тапсыру мәселелері бойынша мына телефонға хабарласыңыз:

+7 (7172) 76-90-84, 76-93-86, 76-93-85, 76-90-82, 76-90-83

Құжаттарды қабылдау кестесі:

Дүйсенбі мен жұма аралығы 9: 00-ден 18: 00-ге дейін, түскі үзіліс 13: 00-ден 14: 30-ға дейін.

Құжаттарды тапсыру бойынша нұсқаулық

Назар аударыңыз! Бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша Украина үкіметаралық гранттарына құжат қабылдау уақыты 2020 жылғы…

22.01.2020

  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Украинаның Білім және...

2020-2021 оқу жылына арналған Румыния оқу гранттары

румыния

 

Қазақстан Республикасындағы Румыния Елшілігі 2020-2021 оқу жылына гранттарға өтініштер қабылдау ашық екенін хабарлайды.

Құжаттар қолма-қол қабылданады!
Дедлайн: 16 наурыз 2020 жыл.

Мекен жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 28.
Тел.: +7(7172) 28 62 01

Румынияда білім алу және гранттар жөніндегі толық ақпаратты мына сілтемелер арқылы алуға болады: https://www.mae.ro/node/10250 (румын тілінде) және https://www.mae.ro/en/node/10251 (ағылшын тілінде).
Студенттер мен стипендиаттарды визалық қолдау бойынша ақпаратты https://studyinromania.gov.ro/fp/index.php? сайтынан біле аласыз.

2020-2021 оқу жылына арналған Румыния оқу гранттары

22.01.2020

  Қазақстан Республикасындағы Румыния Елшілігі 2020-2021 оқу жылына гранттарға өтініштер қабылдау ашық екенін хабарлайды.⠀Құжаттар қолма-қол...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТАМАСЫМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕШЕНДІ ТЕКСЕРІС ШАРАЛАРЫ БАСТАЛДЫ

БОЛАШАК АНТИКОР

 

Ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан бастап Халықаралық бағдарламалар орталығының шақыртуымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жемқорлыққа қарсы кешенді тексеріс шаралары басталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы топ құрамына Агенттіктің құзырлы мамандарынан бөлек, «Adal Bilim» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Жобалық офисі өкілдері де қосылды.

Жобалық офистің әуелгі міндеті азаматтарға, жалпы еліміз бен қоғамға қызмет көрсете отырып, тұрмыстық жемқорлықтың себеп-салдарымен күресу, түбегейлі жою, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Еске салсақ, 2019 жылғы 5 қарашада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Айнұр Кәрібозова өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойған болатын. Ондағы мақсат – «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шетелдерде кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттырудың халықаралық бағдарламаларын әкімшілендіру рәсімдері шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру.

Халықаралық бағдарламалар орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді тексеріс осы жылдың 21 ақпанына дейін жүргізіледі. Осыған орай, Орталық құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар туралы ақпаратты а.karipova@anticorruption.gov.kz электронды мекен-жайына жолдауға болады.

 

 

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

 

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТАМАСЫМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕШЕНДІ ТЕКСЕРІС ШАРАЛАРЫ БАСТАЛДЫ

20.01.2020

  Ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан бастап Халықаралық бағдарламалар орталығының шақыртуымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл...

«Bolashaq Talks» Pikirtalas alańy жобасының алғашқы кездесуі өтті

542A0087

 

2020 жылдың 17 қаңтарында Халықаралық бағдарламалар орталығының ұйымдастыруымен «Bolashaq Talks» Pikirtalas alańy» жобасының тұңғыш кездесуі өтті.


Шараға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев, «Білім қоры» АҚ Басқарма төрағасы Арын Өрсариев, Назарбаев университетінің вице-президенті Қадиша Даирова, Назарбаев университеті Жоғары білім мектебінің деканы Аида Сағынтаева және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің директоры Марта Әбдіқалықова қатысты.


Жас ғалымдар альянсы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесімен бірлесе өткізілген пікірталас клубының алғашқы кездесуі «Жас ғалымдарды жұмыспен қамту мәселелері» тақырыбына арналды.


​Талқылау клубының ашылуында сөз сөйлеген ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов тұңғыш рет қолға алынып отырған мұндай пікірталас алаңының «Болашақ» түлектері үшін өте маңызды екенін жеткізді. Ол бүгінгі болашақтықтардың ел өміріне сіңіріп жатқан еңбегі, отандық ғылым-білімді дамытудағы үлесі жайында атап өтті.
​Панелдік және пленарлық талқылаулар жас ғалымдарды жұмыспен қамту, оның ішінде медицина мамандарын еңбекке баулу және Қазақстандағы хирургиялық вертебрология жағдайына қатысты тақырыптарға арналды.


Пленарлық талқылау барысында Жас ғалымдар альянсының төрағасы Әсия Ермұхамбетова жас ғалымдарды жұмыспен қамтудағы мәселелерге тоқталды. Оларға қодау көрсету, қаржылай сүйемелдеу және зертханаларды техникалық жабдықтау сияқты нақты ұсыныстарын алға тартты. Жас ғалымдар тарапынан жүргізілген зерттеулердің тиімділігін қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыс берушілердің сараптамасын жүзеге асыру қажеттігі ұсынылды.


Панелдік талқылау кезегінде еліміз бойынша арқа омыртқасы хирургиясында тапшы маманның бірі, ортопед-травматолог, вертебролог (балалар және ересектер), PhD докторы Нұрбек Нәдіров Қазақстандағы вертебрологияның қазіргі жай-күйіне тоқталды. Ол бүгінгі балалар арасында сколиоз белгілері бойынша жағымсыз көрсеткіштер қалыптасып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ Нұрбек Нәдіров елімізде «Омыртқа жарақаты орталығын» құру туралы арманымен бөлісті.

Аталған мәселелер бойынша өздерінің таныстырылымын ұсынған «Болашақ» түлектері министрлік өкілдерінен нақты жауаптар алды. Және айтылған ұсыныстарға қатысты да оларды шешудің нақты тетіктері қарастырылатын болады.
​Жиналғандар болашақтықтар мен билік өкілдерін бетпе-бет қауыштырып, пайдалы сұқбат қалыптастыруда «Bolashaq Talks» пікірталас алаңының берері мол екенін айтты. Келесі «Bolashaq Talks» басқосуы ағымдағы жылдың ақпан айында өткізілмекші.

 

«Bolashaq Talks» Pikirtalas alańy жобасының алғашқы кездесуі өтті

17.01.2020

  2020 жылдың 17 қаңтарында Халықаралық бағдарламалар орталығының ұйымдастыруымен «Bolashaq Talks» Pikirtalas alańy» жобасының тұңғыш...

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ «АТАМЕКЕН» ҚР ҰКП АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

нуралы букейханов

 

2019 жылдың желтоқсан айында Нұралы Бөкейханов (33) Президенттік жастар кадр резервінің мүшелігіне кірді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жаңа топ-менеджері қатаң байқаудан (1 орынға 40 үміткерден астам) өтіп, Қазақстанның үздік 300 басқарушының легіне енді. 

Білім мен біліктілікті негізге алып, сонымен қатар ҚР Президентінің бастамасын қолдай отырып, «Атамекен» ҚР ҰКП басшылығы Н. Бөкейхановты ҰКП Аппарат жетекшілігіне тағайындады. 

 «Болашақ» халықаралық бағдарламасы арқылы 2013 жылы Ланкастер Университетінің менеджмент мектебінде қаржылық басқару мамандығы бойынша білім алған.

Өзінің еңбек қызметін Нұралы Әлімұлы жеке сектордан  бастаған. Ұлттық палатада оның құрылған күнінен бері еңбек етіп келеді. Нұралы Бөкейхановтың шетелдегі жетекші орындарда алған білімі, қытай және ағылшын тілдерін жетік білуі оның димломатиялық қызметке кәсіби деңгейде,  терең араласуға мүмкіндік берді. Ол қатардағы сарапшыдан жоғары буынның жетекішілігіне дейін жеткен білікті маман. 

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ «АТАМЕКЕН» ҚР ҰКП АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

17.01.2020

  2019 жылдың желтоқсан айында Нұралы Бөкейханов (33) Президенттік жастар кадр резервінің мүшелігіне кірді. «Атамекен»...

Үкіметаралық грант үміткерлерінің назарына!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ ВНИМАНИЕ

 

Құрметті үміткерлер!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен шет мемлекеттердің үкіметтері мен ведомстволары (Венгрия) арасында жасалған үкіметаралық келісімдер шеңберінде конкурсқа қатысу үшін құжаттар жинау бойынша білім беру агенттіктерінің ақылы негізде қызмет көрсету фактілері жиілеп кеткендігі туралы мәлімдейміз.

Осыған орай, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Венгрия жоғары оқу орындарында оқу үшін құжаттар қабылдау бойынша кеңес беру мына байланыс телефондары:
8 (7172) 76 90 84, 84 93 86, 24 93 85 арқылы тегін жүргізілетіндігін хабарлайды.

Үкіметаралық грант үміткерлерінің назарына!

17.01.2020

  Құрметті үміткерлер!⠀Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен шет мемлекеттердің үкіметтері мен ведомстволары (Венгрия)...

Бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша Украина үкіметаралық гранттары

УКРАИНА

 

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Украинаның Білім және ғылым министрлігі келісім шеңберінде Украинаның жоғары оқу орындарында бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқуға конкурс жариялайды.

Қазақстан азаматтарына 40 грант ұсынылады:

-  30  «бакалавр» оқу дәрежесі бойынша;

-  10  «магистр» оқу дәрежесі бойынша.

Жоғары оқу орындары мен мамандықтар тізімін https://studyinukraine.gov.ua/ru/ сілтемесі бойынша көре аласыз.

Украинаның үкіметтік грант бағдарламасында тек мемлекеттік жоғары оқу орындары қатысатының ескерулеріңізді өтінеміз.

Грант келесі шығындарды өтейді:

  •     тегін оқу;
  •     жатақханада тұру;
  •      ай сайынға стипендия;
  •      тілдік курстар (украин тілінде).

Оқу украин тілінде жүргізіледі. Оқу тілін білмейтін үміткер шетел азаматтарына арналған жоғары оқу мекемелеріндегі даярлық бөлімдеріне (бөлімшелеріне) қабылдануы мүмкін.

Толық құжаттар топтамасын қабылдау мерзімі 2020 жылғы 17 қаңтардан

27 қаңтарды қоса алғанға дейін.

Құжаттарды тапсыру мәселелері бойынша мына телефонға хабарласыңыз:

+7 (7172) 76-90-84, 76-93-86, 76-93-85, 76-90-82, 76-90-83

Құжаттарды қабылдау кестесі:

Дүйсенбі мен жұма аралығы 9: 00-ден 18: 00-ге дейін, түскі үзіліс 13: 00-ден 14: 30-ға дейін.

 

 

Құжаттарды тапсыру бойынша нұсқаулық

 

 

 

 

Бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша Украина үкіметаралық гранттары

17.01.2020

  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Украинаның Білім...

Словакия Республикасының Ұлттық стипендиялық бағдарламасы

Словакия-730x365

 

Словакия Республикасының Ұлттық стипендиялық бағдарламасы жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарында оқу, оқытушылық, ғылыми/көркемөнер тағылымдамаларын жүзеге асырады. Ұлттық стипендиялық бағдарламасын Словакия Республикасының Білім, ғылым, зерттеулер және спорт министрлігі қаржыландырады.

Өтініштерді онлайн түрде www.scholarships.sk сайтында жіберуге болады

Бағдарламаның міндетті шарттары мен толық ақпарат туралы www.scholarships.sk сайтынан және мына сілтемеден оқи аласыздар.

Словакия Республикасының Ұлттық стипендиялық бағдарламасы

16.01.2020

  Словакия Республикасының Ұлттық стипендиялық бағдарламасы жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарында оқу, оқытушылық, ғылыми/көркемөнер...

Болашақ түлегі Президент алдында сөз сөйледі

photo 2020-01-15 19-47-36

 

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервіне іріктелген азаматтармен кездесті. Жиынға қатысқан 300 жастың арасында «Болашақ» бағдарламасының түлектері де болды. Солардың бірі – Тілектес Адамбеков. Ол Мемлекет басшысының алдында сөз сөйлеп, жеткен жетістіктері мен болашақ жоспары жайында әңгімелеп берді. Тілектес Қытайдың Шанхай қаласында 8 жыл бойы телекоммуникация мен нанотехнология мамандықтары бойынша білім алған. Жақында ғана Назарбаев университетінен Мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды. Ол бүгінге дейін түрлі салаларда қызмет атқарды. Бүгінде канадалық серіктестермен бірге Eurasia Blockchain Fintech Group Limited компаниясын құрып, бас директоры қызметін атқаруда. «Қазір компаниямыз жаңа технологиялар, блокчейн бағытында жұмыстар атқаруда. Бүгін Мемлекет басшысының алдында осы жобамыз туралы, мемлекеттік криптовалютамен жұмыс істеу жайында ұсыныстарымды жеткіздім», - деді Тілектес бізге берген сұхбатында.
«Болашақ» түлегінің алдағы қадамына сәттілік тілейміз!

Болашақ түлегі Президент алдында сөз сөйледі

15.01.2020

  Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервіне іріктелген азаматтармен кездесті. Жиынға...

"Ұсыныстар мен өтініштер" журналы

журнал предложений и обращений

 

Құрметті «Болашақ» бағдарламасының үміткерлері, стипендиаттары, түлектері!

Бүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметін жақсарту мақсатында «Ұсыныстар мен пікірлер» журналы іске қосылғанын хабарлаймыз.

Бұған қоса, «Болашақ» стипендиясы бойынша ақпаратты біздің ресми сайтымыздан, Facebook және Instagram, Telegram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларымыздан ала аласыздар.

"Ұсыныстар мен өтініштер" журналы

15.01.2020

  Құрметті «Болашақ» бағдарламасының үміткерлері, стипендиаттары, түлектері! Бүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметін жақсарту мақсатында «Ұсыныстар...

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design