«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

  • ins

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі

үкімет

 

 

Құрметті Үкімет мүшелері және жиынға қатысушылар!

 

Бүгін Үкіметтің кезекті кеңейтілген отырысына жиналып отырмыз. Күні тәртібінде бірқатар өзекті мәселе бар. Алдымен өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерін қарастырамыз. Жалпы, былтыр жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік. Атап айтсақ, экономикалық өсім 4,5 пайыз болды. Экономиканың негізгі салаларында өсу қарқыны байқалды. Бұл көрсеткіштердің барлығы халықтың тұрмыс сапасына оң ықпал етеді.

 

Сайлау алдындағы тұғырнамада айтылған негізгі міндеттерді орындауымыз керек. Бұл еліміздің орнықты дамуына, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға зор серпін береді. Қазір осы бағытта атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарды талқылаймыз. Басты мақсат – қолда бар мүмкіндіктерді, әлеуетімізді толық пайдалану.

 

Құрметті жиынға қатысушылар! Барлық баяндамаларды тыңдадық.

 

Енді, бүгінгі жиынды қорытындылайық. Жалпы, елдегі макроэкономикалық ахуал тұрақты. Біз әлемдік даму қарқынынан қалыспай, экономикамызды өркендетіп келеміз. Үкімет жоспарланған макрокөрсеткіштердің бәріне қол жеткізді. Бірқатар маңызды бағдарлама қабылданды.

 

Соның ішінде – Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы, Бизнестің жол картасы – 2025, Өңірлерді дамыту бағдарламасы, Денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасы және тағы басқалары. Сайлау алдындағы бағдарламаны және халыққа Жолдауымды жүзеге асыру үшін Үкімет пен Парламент үйлесімді жұмыс атқарып жатыр. Бұл – жақсы. Бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыруға, Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тетіктерін енгізуге бағытталған бірқатар заңнамалық акті қолданысқа енді.

 

«Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Экономиканы дамыту және бизнеске қолдау көрсету мақсатымен түрлі тексерістер жүргізуге мораторий енгізілді. Шағын және микро бизнес салықтан босатылды. Шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығын өңірлерге беру үшін құқықтық негіз қалыптастырдық. Можно сказать, что Правительство обеспечивает выполнение поручений Президента. Вместе с тем сохраняются вопросы относительно качества экономического развития. Локомотивами роста остаются ресурсный потенциал и бюджетные инвестиции. Наибольший рост показали отрасли строительства, торговли и транспорта. Но стагнирует кредитование экономики: за 11 месяцев 2019 года объем ссудного портфеля к ВВП снизился с 23 % до 22 %. В прошлом году мы, к сожалению, стали «чемпионами» ЕАЭС по уровню инфляции.

 

Большая проблема – отсутствие значительного роста производительности труда. Медленно растет доля несырьевого экспорта. Как видите, задач, связанных с качеством экономического роста много. Большая часть из них – структурные проблемы, которые мы решаем много лет. Моя принципиальная позиция: цели и задачи, поставленные Елбасы перед страной, остаются неизменными. Стратегия «Казахстан-2050», Стратегический план развития страны до 2025 года, 100 Шагов Плана нации. Это наши магистральные ориентиры.

 

 

ҚР Президентінің сөйлеген сөзінің толық нұсқасын  www.akorda.kz сайтынан оқи аласыздар.

 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі

24.01.2020

    Құрметті Үкімет мүшелері және жиынға қатысушылар!   Бүгін Үкіметтің кезекті кеңейтілген отырысына жиналып отырмыз. Күні тәртібінде...

Қытай үкіметаралық гранттарына оқуға түсуге 65 үміткер ұсынылды

Kitay

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім және ғылым министрлігінің арасындағы 2003 жылғы 3 маусымдағы Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде 2020-2021 оқу жылынаҚытай үкіметі Қазақстан азаматтары үшін 86 білім грантын бөлді.

Білім беру мекемелері және мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын Конкурстық комиссия отырысының нәтижесі бойынша 65 адам оқуға түсуге ұсынылды. Оқу грантын тағайындау туралы соңғы шешім Қытай тарапымен қабылданады.

Тізіммен мына жерден таныса аласыз.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Қытай үкіметаралық гранттарына оқуға түсуге 65 үміткер ұсынылды

24.01.2020

  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім және ғылым министрлігінің...

Egov.kz арқылы "Болашақ" стипендиясына құжат тапсыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді

10-2

Бұл туралы Atameken Business телеарнасының студиясында "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Айнұр Кәрібозова хабарлады.
«Құжаттарды қабылдау – бұл мемлекеттік қызмет. Ол талап етілетін құжаттар бойынша қатаң регламенттелген және үміткер құжаттарды электрондық egov.kz арқылы жіберетіндікен адам факторы азаяды. Содан кейін ғана «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу және халықаралық стипендияны жұмсау бағыттарын анықтау ережелерінің талаптарына сәйкестігі тексеріледі", - деп түсіндірді Орталық басшысы.
Акционерлік қоғам барлығы сегіз мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 20 қаңтардан 21 ақпанға дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Орталық бастамасымен ХБО қызметіне кешенді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тексеру жүргізуде.
Агенттік қызметкерлерінен басқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтың құрамына ҚР Білім және ғылым министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі "Adal bilim"жобалық кеңсесінің өкілдері кірген.
Орталықтың құзыретіне кіретін әкімшілік кедергілер туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер туралы мәліметтерді мына электрондық мекен-жайға а.karipova@anticorruption.gov.kz жіберуге болады
«Тексеру мемлекеттік қызметтер көрсетудің талдауын, олардың дұрыс көрсетілуін, мерзімі бойынша және ұсынылған құжаттар бойынша бұзушылықтардың бар-жоғын қамтиды. Сондай - ақ, қандай адамдар жұмыс істеп жатыр, олардың атқаратын қызметіне сай ма, орталық жүргізіп жатқан барлық жұмыстар қажетті нормалар мен ережелерге сәйкес пе, Республикалық комиссия қалай жұмыс істейді, орталықтың қызметіне қандай қызмет немесе қандай функционал қойылды секілді кадр саясаты бойынша мәселелер тексеріледі", - деп түсіндірді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бас кеңесшісі Мирас Қарғабай.
Ол Агенттікке кез келген қазақстандық хабарласа алатынын түсіндірді. Тексеру сондай-ақ, БАҚ және әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды да бақылайтын болады.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Adal bilim» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық жобалау кеңсесінің басшысы Сергей Пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде алдын алу шараларын қабылдауға көмектесу үшін бастамашылық тексеру жүргізілетінін атап өтті.

Egov.kz арқылы "Болашақ" стипендиясына құжат тапсыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді

23.01.2020

Бұл туралы Atameken Business телеарнасының студиясында "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Айнұр Кәрібозова хабарлады.«Құжаттарды...

Отбор претендентов на присуждение стипендии по программе «Болашак» с 2020 года планируется по трем турам вместо шести

photo 2020-01-22 17-02-47

Об этом в студии телеканала Atameken Business сообщила президент АО «Центр международных программ» (ЦМП) Айнур Карбозова.

По ее словам, это делается для повышения прозрачности конкурсного отбора и минимизации человеческого фактора.

«Комплексные меры принимаются ежегодно. Учитываются все критические замечания, недоработки в организации приема документов и конкурсного отбора на присуждение стипендии «Болашак», - отметила руководитель ЦМП.

В частности, в 2019 году по поручению Главы государства рабочая группа министерства образования и науки РК начала разработку проекта новых правил по организации конкурсного отбора на присуждение стипендии «Болашак», их принятие ожидается до конца января 2020 года.

«Если ранее, до новых правил, мы имели шесть туров отбора, то по новым правилам они сокращаются до трех. Теперь претенденты, помимо соответствия всем требованиям по документам и уровню образования, при подаче документов уже будут приносить сертификаты «КазТест» и сертификат на знание иностранного языка. Это те конкурсные процессы, которые ранее в рамках первого и второго туров проводились ЦМП», - пояснила президент Центра.

Отбор претендентов на присуждение стипендии по программе «Болашак» с 2020 года планируется по трем турам…

23.01.2020

Об этом в студии телеканала Atameken Business сообщила президент АО «Центр международных программ» (ЦМП)...

Назар аударыңыз! Бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша Украина үкіметаралық гранттарына құжат қабылдау уақыты 2020 жылғы 5 ақпанға дейін созылды

УКРАИНА

 

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Украинаның Білім және ғылым министрлігі келісім шеңберінде Украинаның жоғары оқу орындарында бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқуға конкурс жариялайды.

Қазақстан азаматтарына 40 грант ұсынылады:

-  30  «бакалавр» оқу дәрежесі бойынша;

-  10  «магистр» оқу дәрежесі бойынша.

Жоғары оқу орындары мен мамандықтар тізімін https://studyinukraine.gov.ua/ru/ сілтемесі бойынша көре аласыз.

Украинаның үкіметтік грант бағдарламасында тек мемлекеттік жоғары оқу орындары қатысатының ескерулеріңізді өтінеміз.

Грант келесі шығындарды өтейді:

  •     тегін оқу;
  •     жатақханада тұру;
  •      ай сайынға стипендия;
  •      тілдік курстар (украин тілінде).

Оқу украин тілінде жүргізіледіОқу тілін білмейтін үміткер шетел азаматтарына арналған жоғары оқу мекемелеріндегі даярлық бөлімдеріне (бөлімшелеріне) қабылдануы мүмкін.

Толық құжаттар топтамасын қабылдау мерзімі 2020 жылғы 5 ақпанға дейін.

Құжаттарды тапсыру мәселелері бойынша мына телефонға хабарласыңыз:

+7 (7172) 76-90-84, 76-93-86, 76-93-85, 76-90-82, 76-90-83

Құжаттарды қабылдау кестесі:

Дүйсенбі мен жұма аралығы 9: 00-ден 18: 00-ге дейін, түскі үзіліс 13: 00-ден 14: 30-ға дейін.

Құжаттарды тапсыру бойынша нұсқаулық

Назар аударыңыз! Бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша Украина үкіметаралық гранттарына құжат қабылдау уақыты 2020 жылғы…

22.01.2020

  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Украинаның Білім және...

2020-2021 оқу жылына арналған Румыния оқу гранттары

румыния

 

Қазақстан Республикасындағы Румыния Елшілігі 2020-2021 оқу жылына гранттарға өтініштер қабылдау ашық екенін хабарлайды.

Құжаттар қолма-қол қабылданады!
Дедлайн: 16 наурыз 2020 жыл.

Мекен жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 28.
Тел.: +7(7172) 28 62 01

Румынияда білім алу және гранттар жөніндегі толық ақпаратты мына сілтемелер арқылы алуға болады: https://www.mae.ro/node/10250 (румын тілінде) және https://www.mae.ro/en/node/10251 (ағылшын тілінде).
Студенттер мен стипендиаттарды визалық қолдау бойынша ақпаратты https://studyinromania.gov.ro/fp/index.php? сайтынан біле аласыз.

2020-2021 оқу жылына арналған Румыния оқу гранттары

22.01.2020

  Қазақстан Республикасындағы Румыния Елшілігі 2020-2021 оқу жылына гранттарға өтініштер қабылдау ашық екенін хабарлайды.⠀Құжаттар қолма-қол...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТАМАСЫМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕШЕНДІ ТЕКСЕРІС ШАРАЛАРЫ БАСТАЛДЫ

БОЛАШАК АНТИКОР

 

Ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан бастап Халықаралық бағдарламалар орталығының шақыртуымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жемқорлыққа қарсы кешенді тексеріс шаралары басталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы топ құрамына Агенттіктің құзырлы мамандарынан бөлек, «Adal Bilim» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Жобалық офисі өкілдері де қосылды.

Жобалық офистің әуелгі міндеті азаматтарға, жалпы еліміз бен қоғамға қызмет көрсете отырып, тұрмыстық жемқорлықтың себеп-салдарымен күресу, түбегейлі жою, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Еске салсақ, 2019 жылғы 5 қарашада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Айнұр Кәрібозова өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойған болатын. Ондағы мақсат – «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шетелдерде кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттырудың халықаралық бағдарламаларын әкімшілендіру рәсімдері шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру.

Халықаралық бағдарламалар орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді тексеріс осы жылдың 21 ақпанына дейін жүргізіледі. Осыған орай, Орталық құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар туралы ақпаратты а.karipova@anticorruption.gov.kz электронды мекен-жайына жолдауға болады.

 

 

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

 

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТАМАСЫМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕШЕНДІ ТЕКСЕРІС ШАРАЛАРЫ БАСТАЛДЫ

20.01.2020

  Ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан бастап Халықаралық бағдарламалар орталығының шақыртуымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл...

«Bolashaq Talks» Pikirtalas alańy жобасының алғашқы кездесуі өтті

542A0087

 

2020 жылдың 17 қаңтарында Халықаралық бағдарламалар орталығының ұйымдастыруымен «Bolashaq Talks» Pikirtalas alańy» жобасының тұңғыш кездесуі өтті.


Шараға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев, «Білім қоры» АҚ Басқарма төрағасы Арын Өрсариев, Назарбаев университетінің вице-президенті Қадиша Даирова, Назарбаев университеті Жоғары білім мектебінің деканы Аида Сағынтаева және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің директоры Марта Әбдіқалықова қатысты.


Жас ғалымдар альянсы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесімен бірлесе өткізілген пікірталас клубының алғашқы кездесуі «Жас ғалымдарды жұмыспен қамту мәселелері» тақырыбына арналды.


​Талқылау клубының ашылуында сөз сөйлеген ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов тұңғыш рет қолға алынып отырған мұндай пікірталас алаңының «Болашақ» түлектері үшін өте маңызды екенін жеткізді. Ол бүгінгі болашақтықтардың ел өміріне сіңіріп жатқан еңбегі, отандық ғылым-білімді дамытудағы үлесі жайында атап өтті.
​Панелдік және пленарлық талқылаулар жас ғалымдарды жұмыспен қамту, оның ішінде медицина мамандарын еңбекке баулу және Қазақстандағы хирургиялық вертебрология жағдайына қатысты тақырыптарға арналды.


Пленарлық талқылау барысында Жас ғалымдар альянсының төрағасы Әсия Ермұхамбетова жас ғалымдарды жұмыспен қамтудағы мәселелерге тоқталды. Оларға қодау көрсету, қаржылай сүйемелдеу және зертханаларды техникалық жабдықтау сияқты нақты ұсыныстарын алға тартты. Жас ғалымдар тарапынан жүргізілген зерттеулердің тиімділігін қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыс берушілердің сараптамасын жүзеге асыру қажеттігі ұсынылды.


Панелдік талқылау кезегінде еліміз бойынша арқа омыртқасы хирургиясында тапшы маманның бірі, ортопед-травматолог, вертебролог (балалар және ересектер), PhD докторы Нұрбек Нәдіров Қазақстандағы вертебрологияның қазіргі жай-күйіне тоқталды. Ол бүгінгі балалар арасында сколиоз белгілері бойынша жағымсыз көрсеткіштер қалыптасып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ Нұрбек Нәдіров елімізде «Омыртқа жарақаты орталығын» құру туралы арманымен бөлісті.

Аталған мәселелер бойынша өздерінің таныстырылымын ұсынған «Болашақ» түлектері министрлік өкілдерінен нақты жауаптар алды. Және айтылған ұсыныстарға қатысты да оларды шешудің нақты тетіктері қарастырылатын болады.
​Жиналғандар болашақтықтар мен билік өкілдерін бетпе-бет қауыштырып, пайдалы сұқбат қалыптастыруда «Bolashaq Talks» пікірталас алаңының берері мол екенін айтты. Келесі «Bolashaq Talks» басқосуы ағымдағы жылдың ақпан айында өткізілмекші.

 

«Bolashaq Talks» Pikirtalas alańy жобасының алғашқы кездесуі өтті

17.01.2020

  2020 жылдың 17 қаңтарында Халықаралық бағдарламалар орталығының ұйымдастыруымен «Bolashaq Talks» Pikirtalas alańy» жобасының тұңғыш...

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ «АТАМЕКЕН» ҚР ҰКП АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

нуралы букейханов

 

2019 жылдың желтоқсан айында Нұралы Бөкейханов (33) Президенттік жастар кадр резервінің мүшелігіне кірді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жаңа топ-менеджері қатаң байқаудан (1 орынға 40 үміткерден астам) өтіп, Қазақстанның үздік 300 басқарушының легіне енді. 

Білім мен біліктілікті негізге алып, сонымен қатар ҚР Президентінің бастамасын қолдай отырып, «Атамекен» ҚР ҰКП басшылығы Н. Бөкейхановты ҰКП Аппарат жетекшілігіне тағайындады. 

 «Болашақ» халықаралық бағдарламасы арқылы 2013 жылы Ланкастер Университетінің менеджмент мектебінде қаржылық басқару мамандығы бойынша білім алған.

Өзінің еңбек қызметін Нұралы Әлімұлы жеке сектордан  бастаған. Ұлттық палатада оның құрылған күнінен бері еңбек етіп келеді. Нұралы Бөкейхановтың шетелдегі жетекші орындарда алған білімі, қытай және ағылшын тілдерін жетік білуі оның димломатиялық қызметке кәсіби деңгейде,  терең араласуға мүмкіндік берді. Ол қатардағы сарапшыдан жоғары буынның жетекішілігіне дейін жеткен білікті маман. 

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ «АТАМЕКЕН» ҚР ҰКП АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

17.01.2020

  2019 жылдың желтоқсан айында Нұралы Бөкейханов (33) Президенттік жастар кадр резервінің мүшелігіне кірді. «Атамекен»...

Үкіметаралық грант үміткерлерінің назарына!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ ВНИМАНИЕ

 

Құрметті үміткерлер!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен шет мемлекеттердің үкіметтері мен ведомстволары (Венгрия) арасында жасалған үкіметаралық келісімдер шеңберінде конкурсқа қатысу үшін құжаттар жинау бойынша білім беру агенттіктерінің ақылы негізде қызмет көрсету фактілері жиілеп кеткендігі туралы мәлімдейміз.

Осыған орай, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Венгрия жоғары оқу орындарында оқу үшін құжаттар қабылдау бойынша кеңес беру мына байланыс телефондары:
8 (7172) 76 90 84, 84 93 86, 24 93 85 арқылы тегін жүргізілетіндігін хабарлайды.

Үкіметаралық грант үміткерлерінің назарына!

17.01.2020

  Құрметті үміткерлер!⠀Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен шет мемлекеттердің үкіметтері мен ведомстволары (Венгрия)...

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design