«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

  • ins

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық бағдарламалар орталығының панельдік сессиясы

65bdfdd7-86b7-4a5b-a2f2-3e453aa06e7b

“Болашақ”: шексіз мүмкіндіктерге жол ашу

2020 жылғы 14 тамызда ҚР Білім және ғылым министрлігінің жыл сайынғы тамыз кеңесі аясында Халықаралық бағдарламалар орталығының панельдік сессиясы өтті.

Панельдік сессияның негізгі мақсаты - алған білімін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беретін қазақстандық білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізу әдістері және біліммен алмасу.

Панельдік сессиядағы сөзінде С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова, «Жаңа кәсіптердің атласы» жобасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бұл жобаның негізгі мақсаты болашақ мамандарға еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін өзекті және сұранысқа ие мамандықтарды айқындау болып табылады.
Жоба тоғыз бағытты, соның ішінде мұнай-газ саласы мен энергетика, туризм, IT, машина жасау және басқа да салаларды қамтиды. Бұл жобаны дайындау Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылуда.

Атырау университетінің маңызды басымдықтарының бірі - аймақтағы дарынды жастарды іздеу және олардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Осы мақсатта Атырауда «Батыс хабы» бірыңғай білім хабы құрылды, оның құрамына аймақтың барлық жоғары оқу орындары кірді.

Сондай-ақ, Ustaz-онлайн академиясының бас директоры Алмагүл Қанағатова шетелде оқу тәжірибесімен бөлісті.
Алмагүл Қанағатова интерактивті және технологиялық оқыту ортасы бар үздік бизнес-университет Singapore Management University екенін атап өтті. Білім беру бастамаларын қолдау SMU оқытушыларына сапалы сабақ беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, SMU кез келген адамға Сингапурдың ең жақсы мейрамханаларында университет президентімен түскі асқа ие болу мүмкіндігін ұсынады.

Оқытушы Дидар Еділхан болса шетелде алған білімдерін Астана IT университетіндегі күнделікті тәжірибесінде белсенді қолданып жүр. Ол өз сөзінде Астана IT университетінің шетелдік университеттермен ұқсас негізде дамитын 10 тармақты атап өтті.

Панельдік сессия барысында спикерлер өздерінің кәсіби шеберліктерімен қатар жеке қасиеттерінің дамуын да атап өтті.
Мәселен, Хафиза Әкімжанова «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдама оның көшбасшылық қасиеттеріне қалай әсер еткенін айтып берді.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Мұнай өңдеу және мұнай химиясы кафедрасының профессоры Гаухар Төребекова тағылымдамадан өту барысында оның жоғары оқу орнында оқыту процесінде инновациялық технологияларды оқып үйренуге мүмкіндігі бар екенін айтты.

«Болашақ» түлегі Әсем Берниязова екі мәрте «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша магистратура мен докторантураға оқуға түсті. Өз диссертациясында ол Шотландия мен Қазақстандағы мектеп мұғалімдерін талдап, салыстырған. Айырмашылық, Шотландия мұғалімдерінің пікірінше, білімді адам өзінің қайталанбас талант иесі және ол дамыған адам. Шотландия білім беру әдісінің жаңашылдығы жаңа технологияларды қолданбай шығармашылық тұрғыдан ойлау мен күнделікті өзіндік тәсілді қолдану мүмкіндігінде жатыр.

Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігінің бірінші хатшысы Рүстем Исабаев сессия қатысушыларына пандемия кезіндегі жаттығулар туралы ақпарат берді. Көптеген АҚШ университеттері күзгі семестрде аудиториялық сабақтарды жалғастыруға шешім қабылдады. Кейбір жоғары оқу орындары гибридті білім беру жүйесіне көшеді, бұл кішігірім топтар үшін аудиторияға баруды қарастырады. Жалпы, АҚШ университеттері жұмысты бұрынғы режимде мерзімінен бұрын бастауға мүдделі.

Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің кеңесшісі Дана Масалимова білім беру мүмкіндіктері және ұсынылған тізімге енген Ұлыбританияның жетекші университеттері туралы жан-жақты айтып берді.

Панельдік сессияның соңында Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті, «Болашақ» бағдарламасының екі мәрте түлегі Айнұр Кәрібозова «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу Ережесіндегі өзгерістер туралы баяндады.

Сондай-ақ, ол құжаттар 2020 жылдың 27 шілдесі мен 31 қазан аралығында қабылданатынын атап өтті.

Бағдарлама аясында оқуға ұсынылған 138 жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының тізіміне тоқталды.
Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу үшін 85 мамандық және тағылымдамадан өтуге 95 мамандық ұсынылып отыр.
Бүгінгі таңда еліміздің 13870 азаматы «Болашақ» халықаралық стипендиясына ие болды. 10700-ден астам түлек өздерінің білімдері мен тәжірибелерін ел игілігі жолында пайдалануда.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің халықаралық білім беру стипендиясы экономиканың басым салалары үшін болашақ кадрларды даярлау мақсатында құрылды, деп атап өтті Орталық басшысы.

Начало формы

Халықаралық бағдарламалар орталығының панельдік сессиясы

14.08.2020

“Болашақ”: шексіз мүмкіндіктерге жол ашу 2020 жылғы 14 тамызда ҚР Білім және ғылым...

“Болашақ”: шексіз мүмкіндіктерге жол ашу

ccd0b0d1-8260-4871-8945-1d5ada637fd9

“Болашақ”: шексіз мүмкіндіктерге жол ашу” Халықаралық бағдарламалар орталығының ҚР Білім және ғылым министрлігінің Тамыз Кеңесі шеңберіндегі панельдік сессиясы

 

2020 жылдың 14 тамыз күні сағат 11:00-де Халықаралық бағдарламалар орталығының панельдік сессиясы өтеді. Биыл кездесу онлайн режимінде өтеді.

Сессия барысында “Болашақ” бағдарламасының түлектері өздерінің шетелде білім алу тәжірибелері мен оны Қазақстанның білім беру саласында қолдануы жайында бөліседі.

Модератор:

Шакуликова Гүлзада Тәңірбергенқызы, С. Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетінің ректоры, “Болашақ” бағдарламасының түлегі.

Спикерлер:

Қанағатова Алмагүл Медихатқызы, Ұлттық Ustaz-онлайн академиясының бас директоры, “Болашақ” бағдарламасының түлегі;

Дидар Еділхан, Astana IT University оқытушысы, “Болашақ” бағдарламасының түлегі;

Әкімжанова Хафиза Ғабдулмүлікқызы, "Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі" филиалының химия пәні мұғалімі, “Болашақ” бағдарламасының түлегі;

Төребекова Гаухар Зақиқызы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Мұнай және мұнай өңдеу кафедрасының профессоры, “Болашақ” бағдарламасының түлегі;

Берниязова Әсем, “Narhoz” университетінің Құқық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің даму бойынша декан орынбасары, “Болашақ” бағдарламасының түлегі;

Исабаев Рүстем Қалиханұлы, Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі Бірінші хатшысы;

Масалимова Дана Еслямбекқызы, ҚР Ұлыбританиядағы Елшілігінің кеңесшісі, “Болашақ” бағдарламасының түлегі;

Кәрібозова Айнұр Бағдатқызы, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті, “Болашақ” бағдарламасының түлегі.

Сессия онлайн режимде Zoom платформасы арқылы жүргізіледі:

https://us02web.zoom.us/j/4309724235#success

Сессия идентификаторы: 430 972 4235

“Болашақ”: шексіз мүмкіндіктерге жол ашу

13.08.2020

“Болашақ”: шексіз мүмкіндіктерге жол ашу” Халықаралық бағдарламалар орталығының ҚР Білім және ғылым министрлігінің Тамыз...

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Айнұр Кәрібозованың қатысуымен өткен Sputnik Қазақстан баспасөз орталығындағы онлайн брифинг

2518adc1-b5b5-4413-8d8b-ed1bee8a78c5

 

Коронавирус пандемиясына байланысты "Болашақ" халықаралық стипендиясын иелену үшін кешенді тестілеуді және комиссия мүшелеріменсұхбаттасуды онлайн форматта өтуге болады. Бұл туралы "Халықаралық бағдарламалар орталығының" президенті Айнұр Кәрібозова Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте хабарлады.

"Болашақ" стипендиясына үміткерлер таңдаған жоғары оқу орындарында оқу қыркүйек айының соңында немесе қазан айының басында, қарашада және 2021 жылдың қаңтар айында басталады. Техникалық дайындық бойынша бірінші іріктеуді тамыздың аяғында немесе қыркүйектің басында орталықтандырып өткізуді жоспарлап отырмыз", - деді Айнұр Кәрібозова.

 

Пандемияға байланысты эпидемиологиялық жағдайдың қалай болатыны әзірге белгісіз, сол себепті бұл кезең онлайн форматта өтеді. Екінші кезең, яғни тәуелсіз сараптама комиссиясы мүшелерімен жеке сұхбаттасу да онлайн өтеді. Сұхбат үміткердің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде жүргізіледі.

 

"Іріктеудің жаңа ережелері бойынша сараптама комиссияда кемінде бес адам болады, ал бұрын кемінде үш адам болды. Сонымен қатар комиссия мүшелері үміткердің таңдаған мамандығына, ЖОО, білім алатын еліне байланысты қойылатын сұрақтар шегі бекітілді", - деді Кәрібозова.

 

Сонымен қатар тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерін іріктеу талаптары да күшейтілді. Енді комиссия мүшесінің еңбек өтілі 10 жылдан кем болмауы керек, оның бес жылы тікелей мамандығы бойынша болуы шарт. Сондай-ақ, ғылыми дәрежесі, ғылыми мақалалары және шетелде білім алған болуы керек.

 

Айта кету керек, сұхбаттасудағы ашықтықты қамтамасыз ету үшін онлайн-сұхбат таспаға жазылады.

 

2020 жылы үміткерлерден құжаттар egov.kz арқылы онлайн қабылданады. Құжаттарды қабылдау 27 шілдеде басталып, 2020 жылдың 31 қазанына дейін жалғасады.

 

"Болашақ" халықаралық стипендиясы магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша тағайындалады.

 

Биыл академиялық оқу үшін 85, тағылымдамадан өту үшін 95 мамандық анықталды. "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға түсуге ұсынылған 138 жоғары оқу орнының тізімі бекітілді.

 

https://sputniknews.kz/society/20200806/14650376/Bolashaq-stipendiya-onlayn.html

 

https://youtu.be/nvhNKCWg8yc

 

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Айнұр Кәрібозованың қатысуымен өткен Sputnik Қазақстан баспасөз орталығындағы онлайн брифинг

06.08.2020

  Коронавирус пандемиясына байланысты "Болашақ" халықаралық стипендиясын иелену үшін кешенді тестілеуді және комиссия мүшелеріменсұхбаттасуды онлайн форматта өтуге болады. Бұл туралы "Халықаралық бағдарламалар орталығының" президенті Айнұр Кәрібозова Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында өткен...

Үміткерлердің назарына!

d9a18494-882a-4b2f-9c94-776209c7f6b6

Құрметті үміткерлер!


«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін Ұлттық тестілеу орталығы үміткерлерге «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау мақсатында келесі қалаларда көшпелі сертификаттық тестілеу өткізеді:


Нұр-Сұлтан қаласы: 2020 жылдың 4, 5, 6 тамыз күндері
Уақыты: I кезек сағат 09:30-дан – 13:00-ге дейін, II кезек сағат 13:30-дан – 17:30-ға дейін.
Мекенжай: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/13, Бизнес Центр «EXPO», Блок С2–1, 2-қабат;

Алматы қаласы: 2020 жылдың 4 тамыз күні.
Уақыты: I кезек сағат 09:30-дан – 13:00-ге дейін, II кезек сағат 13:30-дан – 17:30-ға дейін.
Мекенжай: Алматы қаласы, Төле Би 86, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, 3 қабат ,319 аудитория;

Атырау қаласы: 2020 жылдың 5 тамыз күні.
Уақыты: сағат 10:00-ден – 13:30-ға дейін.
Мекенжай: Атырау қ. Баймұханов 45а, С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, 2-корпус, 2/қабат, 221-аудитория.

Өскемен қаласы: 2020 жылдың 6 тамыз күні.
Уақыты: 09:30-дан – 13:00-ге дейін.
Мекенжай: Өскемен қ. Қабанбай батыр 74, № 19 қосымша білім беру мектеп-орталығы.

Маңызды ақпарат: тестілеуге үміткер жеке куәлік түпнұсқасын, қаламсап, өшіргіш және Казтест тестілеуі бойынша төлем жасалған түбіртекті (чек) алып келуі тиіс. Тестілеуге кешіккен үміткерлер емтиханға кіргізілмейді.
Үміткерлер тестілеу кезінде барлық санитарлық нормалар мен талаптарды сақтауы керек және өзімен бірге маска, антисептик, медициналық қолғаптары болуы тиіс.


Тестілеу өту уақыты туралы хабарлама тіркеуден өткен үміткерлердің e-mail почталарына жіберілетін болады.

Уақыт туралы хабарлама болмаған жағдайда көрсетілген телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: + 7 (7172) 76 90 82.

ҚАЗТЕСТ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ТЕСТІЛЕУ ТӨЛЕМАҚЫСЫН АУДАРУҒА АРНАЛҒАН ДЕРЕКТЕМЕЛЕР http://kazakhtest.kz/kz/apply/rekvizity-dlya-oplaty-za-provedenie-testirovaniya-po-sisteme-kaztest.php (Қызмет ақысы – 4 841 теңге)

Үміткерлердің назарына!

31.07.2020

Құрметті үміткерлер! «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін Ұлттық тестілеу орталығы үміткерлерге «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша мемлекеттік...

Үміткерлерге арналған маңызды ақпарат!

WhatsApp Image 2020-05-13 at 14.25.19 1

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды тапсыруды автоматтандыру аясында, «Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі» жүйесінде үміткердің сауалнама мәліметтерін автоматты жүктеу қарастырылған. Осыған орай, үміткердің сауалнамасы egov.kz жүйесінде автоматты түрде құрылады және үміткердің электронды цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) расталады. Қоғамның ресми сайтында бұрын орналастырылған сауалнама нысанын толтырып, құжаттар тапсыру кезінде оны бірге беру қажет емес.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру басқармасына мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады: +7(7172) 76-90-82, 24-93-85

Үміткерлерге арналған маңызды ақпарат!

25.07.2020

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды тапсыруды автоматтандыру аясында, «Қазақстан Республикасының Электрондық...

Үміткерлердің назарына!

Таджикистан

Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат және магистратура бағдармалары бойынша оқу конкурсы 2020 жылдың 27 шілдесіне дейн ұзартылды

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы 2000 жылғы 13 маусымдағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу үшін 2020–2021 оқу жылына бағдарламалар бойынша конкурс жарияланады:

 - бакалавриат бағдарламасы бойынша40 орын;

- магистратура бағдарламасы бойынша 10 орын.

 

Жоғары оқу орындары мен мамандықтар тізімін сілтемеден көре аласыз. 

 

Грант келесі шығындарды өтейді:

тегін оқу;

ай сайынға стипендия;

жатақханада тұру

 

Назар аударыңыз!!!Қалған шығындарды, оның ішінде жолақы шығындарын грант иегері өз қаражатынан өтейді.

 

Құжаттардың толық пакетін қабылдау мерзімі 2020 жылдың 27 шілдесіне дейін ұзартылды.

 

Білім саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шет елде оқуға үміткерледі іріктеу жеке әңгімелесу өткізу арқылы жүзеге асырылады.  

 

Үміткерлер тең баллмен іріктелген кезде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балалар; көп балалы отбасылардың балалары; шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыруы бар үміткерлер басымдыққа ие болады.               

Қорытынды іріктеді қабылдаушы тарап өткізеді.

 

Ережелермен мұқият танысуыңызды сұраймыз http://adilet.zan.kz/rus/docs/V080005499_

 

Құжаттарды тапсыру бойынша нұсқаулық

 

Үміткерлердің назарына!

24.07.2020

Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат және магистратура бағдармалары бойынша оқу конкурсы 2020 жылдың...

ЮНИСЕФ штаб-пәтерінде және елдік өкілдіктерінде тағылымдамадан өту

WhatsApp Image 2020-07-22 at 21.06.28

2020 жылғы 22 шілдеде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Айнұр Кәрібозова БҰҰ Балалар қорының өкілі Лара Македо де Аленкармен кездесті.

Бейнеконференция барысында «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде ЮНИСЕФ-тің штаб-пәтерінде және елдік өкілдіктерінде тағылымдамадан өту мәселелері талқыланды. Нәтижесінде тараптар білім беру және балалардың құқықтары саласында серіктестік бойынша өзара түсіністік меморандумына қол қоюға келісті.

Бүгінде «Болашақ» бағдарламасының 36 түлегі Біріккен ұлттар ұйымы және оның құрылымдық бөлімшелерінде қызмет етуде. Оның ішінде 5 түлек БҰҰ Балалар қорында еңбек етіп жатыр.

ЮНИСЕФ штаб-пәтерінде және елдік өкілдіктерінде тағылымдамадан өту

22.07.2020

2020 жылғы 22 шілдеде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Айнұр Кәрібозова БҰҰ Балалар қорының...

«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдау басталады

WhatsApp Image 2020-07-16 at 20.58.34

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша жыл сайынғы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсының басталғанын хабарлайды.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды онлайн-режимде egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жолдау қажет.

Құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 27 шілдеден бастап 31 қазанға дейін жүргізіледі.

Биылғы жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр.

Сонымен қатар, бағдарлама шеңберінде оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие138 жоғары оқу орны бекітілген.

Басымдыққа ие мамандықтар тізімі:

https://www.bolashak.gov.kz/kz/pretendentu/perechni/perechen-prioritetnykh-spetsialnostej.html

Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының тізімі: https://www.bolashak.gov.kz/kz/pretendentu/perechni/spisok-rekomenduemykh-vuzov.html

Құжаттарды дайындау бойынша ұсыныстар:

https://bolashak.gov.kz/kz/pretendentu/rekomendatsii/rekomendatsii-po-podgotovke-dokumentov.html

«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдау басталады

22.07.2020

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша жыл...

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Айнұр Кәрібозованың сұхбаты

WhatsApp Image 2020-07-18 at 22.55.14

taunews.kz ақпараттық порталда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Айнұр Кәрібозованың сұхбаты жарияланып, онда ол Covid-19 пандемиясы кезеңінде «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарын қолдау, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлерді іріктеудің жаңа ережелері жөнінде айтып берді.

Сұхбатқа сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=ll2uhZICNtA&feature=youtu.be

WhatsApp Image 2020-07-17 at 15.19.45

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Айнұр Кәрібозованың сұхбаты

18.07.2020

taunews.kz ақпараттық порталда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Айнұр Кәрібозованың сұхбаты жарияланып, онда ол...

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді

WhatsApp Image 2020-05-13 at 14.25.19

       ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 шілдедегі № 295 Бұйрығымен 2020 жылы «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді.

      «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа ережелеріне енгізілген өзгерістердің нәтижесінде шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі сапалық және сандық жағынан өзгерді.

      Тізімге QS World University Rankings, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education World University Rankings, the U. S. News & World Report Best Global University ranking халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100дігіне кірген жоғары оқу орындары кірді.

      Тізімге сонымен қатар, The U.S. News & World Report Best Global University Ranking басылымының нұсқасы бойынша үздік әлемдік университеттер рейтингінде кемінде 65 балл жинаған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің жоғары оқу орындары енді.

      Салыстыратын болсақ: 2019 жылы ұсынылған шетелдік жоғары оқу орындарының тізімінде 537 жоғары оқу орны болса, оның 20% ғана топ-100 халықаралық рейтингтеріне кірген.  

     Сондықтан, 2020 жылғы тізімде еліміздің нысанды қажеттіліктеріне сәйкес бағыттар бойынша мықты болып саналатын әлемнің жетекші жоғары оқу орындары ұсынылуда.

      Ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімімен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады:

https://bolashak.gov.kz/kz/pretendentu/perechni/spisok-rekomenduemykh-vuzov.html

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді

17.07.2020

       ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 шілдедегі № 295 Бұйрығымен 2020...

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design