10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86;

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1
 
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен өзара іс-қимыл жасаудың жаңа форматын енгізуде. Bolashak Alumni Relations Office (бұдан әрі – BARO) жобасы президенттік стипендия түлектері мен олардың университеттері (alma mater) және әкімші ретіндегі ХБО арасында ұзақ мерзімді байланысты нығайтуға бағытталған.
     Жоба бастамашыларының есептеуінше стипендиаттармен өзара іс-қимыл жасау әдісін қайта қарау қажеттілігі уақыт талабы болып отыр. Бүгінгі күнге дейін базасында жаңа құрылымдық бөлімше – BARO құрылған «ХБО» АҚ түлектермен жұмыс бөлімі түлектерге мониторинг жасаған «бақылау-қадағалау құрылымы» ретінде танылып, өзара сенімсіздік таныту ұғымын туындатқан.
     Қазір жаңа міндеттер арқылы BARO қызметінің 1993 жылғыдан бастап барлық түлектермен тығыз байланыс орнату; стипендиаттар арасында networking құру; «қазақстан-2050» стратегиясын іске асыру шеңберінде «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің мазмұнды және инновациялық әлеуетін пайдалану; әрбір стипендиатпен электронды деректер базасын жетілдіру сияқты басым бағыттары іске асырылатын болады.
     BARO тиімді құралдарының бірі BARO Digest болады. BARO Digest бағдарлама түлектерінің жетістіктері, табыстары, BARO жаңалықтары, өткен және болатын инвенттар мен жұмыс істеуге қатысты пайдалы ақпараттаржәне Career Centre қолжетімді бос жұмыс орындары туралы ай сайын хабарлап отырады.
  BARO Digest-пен «ХБО» АҚ ресми сайтында мына сілтеме бойынша нақты танысуға болады: Baro Digest #1
 
Анықтама:
 
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының әкімшісі) бағдарламаның барлық стипендиаттары бойынша бірегей деректер базасына ие. Бағдарлама жүзеге асырылған 20 жылда 10346 адам әлемнің үздік университеттерінде оқуға мүмкіндік алып,«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды, олардың ішінде 6476 бағдарлама түлектері, қалғандары оқуда. Бүгінгі күні түлектер бизнес, саясат, жеке сектор және өндірістік қызмет, медицина сияқты түрлі салаларда мемлекет игілігі үшін еңбек етуде.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
FaLang translation system by Faboba