«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

BolashaqKitaphana


Кітап – ешқашан құны жоғалмайтын асыл қазынамыз. Осынау баға жетпес байлығымызға орын бөлмек ниетпен, Халықаралық бағдарламалар орталығының бір бұрышынан «Bolashaq кітапханасын» ашуды қолға алып отырмыз.

Осыған орай, «Болашақ» бағдарламасының барлық стипендиаттары мен түлектерін кітапхана қорын толықтыруға шақырамыз. Ол сіздердің сиясы кеуіп үлгермеген төл туындыларыңыз немесе ұдайы ізденіске ынталандырған сүйікті кітаптарыңыз және «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемнің үздік оқу орындарында жазған ғылыми жұмыстарыңыз болуы әбден мүмкін.

«Bolashaq кітапханасы» «Болашақ» түлектері мен стипендиаттары үшін ғана емес, Тұңғыш Президентіміз – Елбасымыздың осынау теңдессіз мүмкіндігіне талпынған талай өскелең жастың және көзі қарақты оқырман қауымның білім қорын арттыруына ерекше септігін тигізеді деп санаймыз. Әсіресе еліміздің кез-келген азаматы үшін әлемнің әр түкпірінен мол білім азығымен сусындап келген болашақтықтардың төл ғылыми жұмысымен танысуға тамаша мүмкіндік тумақ. 

«Bolashaq кітапханасы» орталықтың www.bolashak.gov.kz  ресми веб-сайтында арнайы бөлім ретінде орналастырылатын болады.

Жазған кітаптарыңыз бен ғылыми жұмыстарыңыздың электронды нұсқасын  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  мекен-жайына жолдауларыңызды сұраймыз.

Бүгінгі таңда жинақталған барлық ғылыми зерттеу жұмыстарымен келесі сілтемелер арқылы таныса аласыздар:



Құрметпен,
Айнұр Кәрібозова
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті

 

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design