«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

1

МЕЛДЕШОВ ЖАНБОЛАТ ЖАРИЛКАСИНОВИЧ

Meldezhov Zh Zh 2016
Президент 

1980 жылғы 8 маусымда туған, қазақ, жоғары білімді.Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетін«Халықаралық құқық» мамандығы бойынша үздік бітіргенжәне Ресей Халықтар достығы университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Сонымен қатар Ресей Халықтар достығы университетінде «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша аспирантураны аяқтаған.

2002–2006 жж. Мәскеу Қазақ жастары қауымдастығының президенті және «Мұрагер» Мәскеу Қазақ мәдениеті қоғамы» РҚБ даму жөніндегі директоры қызметтерін атқарған.

2007 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі болған.

2007 жылғы маусымнан бастап «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да қызмет етіп, 2009 жылғыақпанға дейін бас менеджер, одан кейін құжаттарды қабылдау және конкурстық іріктеу бөлімінің бастығажәне академиялық мәселелер бойынша вице-президент лауазымдарын атқарған.

2009 жылғы қарашадан 2011 жылғы желтоқсанға дейін «Білім» білім беру қызметі орталығы» ЖШС директоры болып қызмет еткен.

2012 жылғы мамырдан бастап 2014 жылғы шілдеге дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары қызметінде болған.

2014 жылдан бастап коммерциялық құрылымда жұмыс атқарған.

2016 жылғы 13 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі (University of Exeter, Master of Public Administration).

e-max.it: your social media marketing partner
FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design