10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86;

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Бірыңғай Ақпараттық Білім Ресурсы (БАБР) бірегей жобасын іске қосты.

Бұл білім ресурсы бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқу үшін әлемдік стипендиялардың деректер базасын ұсынады.

Бұған қоса, БАБР қысқа мерзімді бағдарламалар: алмасу, тағылымдама бағдарламары мен семинарларды қамтиды.

Оқу бағдарламалары мен елдері:

Берілген ақпарат тек ақпараттандыру мақсатында ұсынылған және «Болашақ» бағдарламасының аясында оқуды болжамайды.
 

Үкіметаралық гранттар

Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласында 150-ден астам халықаралық шарт жасады, олардың шеңберінде келесі елдер оқуға қабылдайтын болды:

Ел

Гранттар саны (жыл сайын)

Оқу бағдарламалары

Өтелетін шығындар

Оқу тілі

1

Мажарстан

200

Бакалавриат

Магистратура

Докторантура

Оқу құны

Жатақханада тұру

Стипендия

Венгр (бір жыл тілдік курстардан өту мүмкіндігі бар);

Ағылшын (IELTS 5.0-ден жоғары болғанда)

                                                                                                              

2

Қытай

200

(оның ішінде жалғастырушылар)

Бакалавриат

Магистратура

Докторантура

Оқу құны;

Жатақханада тұру

Стипендия

Қытай (HSK сертификаты)

3

Польша

11

Бакалавриат

Магистратура

Докторантура

Оқу құны

Поляк (бір жыл тілдік курстардан өту мүмкіндігі бар);

4

Вьетнам

3

Бакалавриат

Оқу құны

Жатақханада тұру

Стипендия

Вьетнам (бір жыл тілдік курстардан өту мүмкіндігі бар);

5

Беларусь

6

Бакалавриат

Магистратура

Аспирантура

Оқу құны

Стипендия (қалған шығындарды студенттер өз қаражаты есебінен өтейді).

орыс

6

Қырғызстан

5

Бакалавриат

Магистратура

Оқу құны

Стипендия

орыс

7

Тәжікстан

50

Бакалавриат

Магистратура

Оқу құны

Стипендия

орыс

8

Украина 

40

Бакалавриат

Магистратура

Оқу құны;

Жатақханада тұру

Стипендия

орыс

 

Шетел гранттарын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің негізгі өлшемшарттары:

- орта білім туралы аттестаттың орташа балы 5-тен кемінде 4,5 немесе бакалавр дипломы 4.0-денкемінде 3.0 GPA;

- шетел тілін меңгеру деңгейі.

Жыл сайын үкіметаралық келісімдер шеңберінде шетелдік жоғары оқу орындарында оқу конкурсы туралы ақпарат шарттар мен талаптарды көрсетумен Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің ресми сайтында, сондай-ақ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайтында жарияланады.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну керек:

1.      Еркін нысандағы шетелде оқу үшін негіздеме-өтінім (қазақ немесе орыс тілінде).  Дата құжаттарды тапсыру күні қойылады;

2.      Стипендиалдық бағдарламаның ағымдағы өтініш-сауалнамасының нысаны (толық толтырылған, басып шығарылған және өтініш берушінің қолы қойылған);

3.      Жеке басы куәлігі;

4.      Ағылшын тіліндегі уәждемелік хат (қажет болғанда);

5.      Қазақстан Республикасының шетелге оқуға шығушы азаматының толтырылған сауалнамасы. Дата құжаттарды тапсыру күні қойылады;

6.      Шет тілін меңгеруді растайтын сертификат (қажет болғанда);

7.      Шетелге шығушылар үшін 082/у нысанындағы медициналық анықтама;

8.      Грамоталар, сертификаттар, дипломдар, алғыс хаттардың көшірмелері, бар болғанда;

9.      Ұсыныс хаттар, бар болғанда;

10.   Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған).

Құжаттар топтамасы қабылдаушы елдің талаптарына сәйкес толықтырылу мүмкін.

Құжаттарды қабылдау жыл сайын ақпан айының екінші бөлігінде басталады (қабылдаушы тараптан гранттар түсуіне байланысты)

Байланыстар: + 7 (7172) 24 93 87; 24 93 73; 24 93 71

Alzhanova@bolashak.gov.kz

Sarychev@bolashak.gov.kz

Urazymbetov@bolashak.gov.kz 

e-max.it: your social media marketing partner
FaLang translation system by Faboba