«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

  • ins

Соңғы жаңалықтар

«Bolashaq Talks» Pikirtalas alańy жобасының алғашқы кездесуі өтті

542A0087

 

2020 жылдың 17 қаңтарында Халықаралық бағдарламалар орталығының ұйымдастыруымен «Bolashaq Talks» Pikirtalas alańy» жобасының тұңғыш кездесуі өтті.


Шараға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев, «Білім қоры» АҚ Басқарма төрағасы Арын Өрсариев, Назарбаев университетінің вице-президенті Қадиша Даирова, Назарбаев университеті Жоғары білім мектебінің деканы Аида Сағынтаева және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің директоры Марта Әбдіқалықова қатысты.


Жас ғалымдар альянсы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесімен бірлесе өткізілген пікірталас клубының алғашқы кездесуі «Жас ғалымдарды жұмыспен қамту мәселелері» тақырыбына арналды.


​Талқылау клубының ашылуында сөз сөйлеген ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов тұңғыш рет қолға алынып отырған мұндай пікірталас алаңының «Болашақ» түлектері үшін өте маңызды екенін жеткізді. Ол бүгінгі болашақтықтардың ел өміріне сіңіріп жатқан еңбегі, отандық ғылым-білімді дамытудағы үлесі жайында атап өтті.
​Панелдік және пленарлық талқылаулар жас ғалымдарды жұмыспен қамту, оның ішінде медицина мамандарын еңбекке баулу және Қазақстандағы хирургиялық вертебрология жағдайына қатысты тақырыптарға арналды.


Пленарлық талқылау барысында Жас ғалымдар альянсының төрағасы Әсия Ермұхамбетова жас ғалымдарды жұмыспен қамтудағы мәселелерге тоқталды. Оларға қодау көрсету, қаржылай сүйемелдеу және зертханаларды техникалық жабдықтау сияқты нақты ұсыныстарын алға тартты. Жас ғалымдар тарапынан жүргізілген зерттеулердің тиімділігін қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыс берушілердің сараптамасын жүзеге асыру қажеттігі ұсынылды.


Панелдік талқылау кезегінде еліміз бойынша арқа омыртқасы хирургиясында тапшы маманның бірі, ортопед-травматолог, вертебролог (балалар және ересектер), PhD докторы Нұрбек Нәдіров Қазақстандағы вертебрологияның қазіргі жай-күйіне тоқталды. Ол бүгінгі балалар арасында сколиоз белгілері бойынша жағымсыз көрсеткіштер қалыптасып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ Нұрбек Нәдіров елімізде «Омыртқа жарақаты орталығын» құру туралы арманымен бөлісті.

Аталған мәселелер бойынша өздерінің таныстырылымын ұсынған «Болашақ» түлектері министрлік өкілдерінен нақты жауаптар алды. Және айтылған ұсыныстарға қатысты да оларды шешудің нақты тетіктері қарастырылатын болады.
​Жиналғандар болашақтықтар мен билік өкілдерін бетпе-бет қауыштырып, пайдалы сұқбат қалыптастыруда «Bolashaq Talks» пікірталас алаңының берері мол екенін айтты. Келесі «Bolashaq Talks» басқосуы ағымдағы жылдың ақпан айында өткізілмекші.

 

«Bolashaq Talks» Pikirtalas alańy жобасының алғашқы кездесуі өтті

17.01.2020

  2020 жылдың 17 қаңтарында Халықаралық бағдарламалар орталығының ұйымдастыруымен «Bolashaq Talks» Pikirtalas alańy» жобасының тұңғыш...

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ «АТАМЕКЕН» ҚР ҰКП АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

нуралы букейханов

 

2019 жылдың желтоқсан айында Нұралы Бөкейханов (33) Президенттік жастар кадр резервінің мүшелігіне кірді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жаңа топ-менеджері қатаң байқаудан (1 орынға 40 үміткерден астам) өтіп, Қазақстанның үздік 300 басқарушының легіне енді. 

Білім мен біліктілікті негізге алып, сонымен қатар ҚР Президентінің бастамасын қолдай отырып, «Атамекен» ҚР ҰКП басшылығы Н. Бөкейхановты ҰКП Аппарат жетекшілігіне тағайындады. 

 «Болашақ» халықаралық бағдарламасы арқылы 2013 жылы Ланкастер Университетінің менеджмент мектебінде қаржылық басқару мамандығы бойынша білім алған.

Өзінің еңбек қызметін Нұралы Әлімұлы жеке сектордан  бастаған. Ұлттық палатада оның құрылған күнінен бері еңбек етіп келеді. Нұралы Бөкейхановтың шетелдегі жетекші орындарда алған білімі, қытай және ағылшын тілдерін жетік білуі оның димломатиялық қызметке кәсіби деңгейде,  терең араласуға мүмкіндік берді. Ол қатардағы сарапшыдан жоғары буынның жетекішілігіне дейін жеткен білікті маман. 

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ «АТАМЕКЕН» ҚР ҰКП АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

17.01.2020

  2019 жылдың желтоқсан айында Нұралы Бөкейханов (33) Президенттік жастар кадр резервінің мүшелігіне кірді. «Атамекен»...

Үкіметаралық грант үміткерлерінің назарына!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ ВНИМАНИЕ

 

Құрметті үміткерлер!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен шет мемлекеттердің үкіметтері мен ведомстволары (Венгрия) арасында жасалған үкіметаралық келісімдер шеңберінде конкурсқа қатысу үшін құжаттар жинау бойынша білім беру агенттіктерінің ақылы негізде қызмет көрсету фактілері жиілеп кеткендігі туралы мәлімдейміз.

Осыған орай, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Венгрия жоғары оқу орындарында оқу үшін құжаттар қабылдау бойынша кеңес беру мына байланыс телефондары:
8 (7172) 76 90 84, 84 93 86, 24 93 85 арқылы тегін жүргізілетіндігін хабарлайды.

Үкіметаралық грант үміткерлерінің назарына!

17.01.2020

  Құрметті үміткерлер!⠀Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен шет мемлекеттердің үкіметтері мен ведомстволары (Венгрия)...

Бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша Украина үкіметаралық гранттары

УКРАИНА

 

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Украинаның Білім және ғылым министрлігі келісім шеңберінде Украинаның жоғары оқу орындарында бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқуға конкурс жариялайды.

Қазақстан азаматтарына 40 грант ұсынылады:

-  30  «бакалавр» оқу дәрежесі бойынша;

-  10  «магистр» оқу дәрежесі бойынша.

Жоғары оқу орындары мен мамандықтар тізімін https://studyinukraine.gov.ua/ru/ сілтемесі бойынша көре аласыз.

Украинаның үкіметтік грант бағдарламасында тек мемлекеттік жоғары оқу орындары қатысатының ескерулеріңізді өтінеміз.

Грант келесі шығындарды өтейді:

  •     тегін оқу;
  •     жатақханада тұру;
  •      ай сайынға стипендия;
  •      тілдік курстар (украин тілінде).

Оқу украин тілінде жүргізіледі. Оқу тілін білмейтін үміткер шетел азаматтарына арналған жоғары оқу мекемелеріндегі даярлық бөлімдеріне (бөлімшелеріне) қабылдануы мүмкін.

Толық құжаттар топтамасын қабылдау мерзімі 2020 жылғы 17 қаңтардан

27 қаңтарды қоса алғанға дейін.

Құжаттарды тапсыру мәселелері бойынша мына телефонға хабарласыңыз:

+7 (7172) 76-90-84, 76-93-86, 76-93-85, 76-90-82, 76-90-83

Құжаттарды қабылдау кестесі:

Дүйсенбі мен жұма аралығы 9: 00-ден 18: 00-ге дейін, түскі үзіліс 13: 00-ден 14: 30-ға дейін.

 

 

Құжаттарды тапсыру бойынша нұсқаулық

 

 

 

 

Бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша Украина үкіметаралық гранттары

17.01.2020

  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Украинаның Білім...

Словакия Республикасының Ұлттық стипендиялық бағдарламасы

Словакия-730x365

 

Словакия Республикасының Ұлттық стипендиялық бағдарламасы жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарында оқу, оқытушылық, ғылыми/көркемөнер тағылымдамаларын жүзеге асырады. Ұлттық стипендиялық бағдарламасын Словакия Республикасының Білім, ғылым, зерттеулер және спорт министрлігі қаржыландырады.

Өтініштерді онлайн түрде www.scholarships.sk сайтында жіберуге болады

Бағдарламаның міндетті шарттары мен толық ақпарат туралы www.scholarships.sk сайтынан және мына сілтемеден оқи аласыздар.

Словакия Республикасының Ұлттық стипендиялық бағдарламасы

16.01.2020

  Словакия Республикасының Ұлттық стипендиялық бағдарламасы жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарында оқу, оқытушылық, ғылыми/көркемөнер...

Болашақ түлегі Президент алдында сөз сөйледі

photo 2020-01-15 19-47-36

 

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервіне іріктелген азаматтармен кездесті. Жиынға қатысқан 300 жастың арасында «Болашақ» бағдарламасының түлектері де болды. Солардың бірі – Тілектес Адамбеков. Ол Мемлекет басшысының алдында сөз сөйлеп, жеткен жетістіктері мен болашақ жоспары жайында әңгімелеп берді. Тілектес Қытайдың Шанхай қаласында 8 жыл бойы телекоммуникация мен нанотехнология мамандықтары бойынша білім алған. Жақында ғана Назарбаев университетінен Мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды. Ол бүгінге дейін түрлі салаларда қызмет атқарды. Бүгінде канадалық серіктестермен бірге Eurasia Blockchain Fintech Group Limited компаниясын құрып, бас директоры қызметін атқаруда. «Қазір компаниямыз жаңа технологиялар, блокчейн бағытында жұмыстар атқаруда. Бүгін Мемлекет басшысының алдында осы жобамыз туралы, мемлекеттік криптовалютамен жұмыс істеу жайында ұсыныстарымды жеткіздім», - деді Тілектес бізге берген сұхбатында.
«Болашақ» түлегінің алдағы қадамына сәттілік тілейміз!

Болашақ түлегі Президент алдында сөз сөйледі

15.01.2020

  Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервіне іріктелген азаматтармен кездесті. Жиынға...

"Ұсыныстар мен өтініштер" журналы

журнал предложений и обращений

 

Құрметті «Болашақ» бағдарламасының үміткерлері, стипендиаттары, түлектері!

Бүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметін жақсарту мақсатында «Ұсыныстар мен пікірлер» журналы іске қосылғанын хабарлаймыз.

Бұған қоса, «Болашақ» стипендиясы бойынша ақпаратты біздің ресми сайтымыздан, Facebook және Instagram, Telegram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларымыздан ала аласыздар.

"Ұсыныстар мен өтініштер" журналы

15.01.2020

  Құрметті «Болашақ» бағдарламасының үміткерлері, стипендиаттары, түлектері! Бүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметін жақсарту мақсатында «Ұсыныстар...

Құттықтаймыз!

photo 2020-01-15 11-37-09

 

«Болашақ»бағдарламасының түлегі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мықты денсаулық, жұмысына сәттілік және отбасына бақ-береке тілейміз!

Ізгі тілекпен,

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұжымы

Құттықтаймыз!

15.01.2020

  «Болашақ»бағдарламасының түлегі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, жұмысына...

Адам құқықтары жөніндегі Гарвард жазғы стипендиялық бағдарламасы-2020 ⠀

Harvard Law school

 

Қазіргі уақытта адам құқықтары бойынша жазғы стипендиялар бағдарламасы ашылды.

Өтініштер онлайн түрінде қабылданады.

Өтініш берудің соңғы мерзімі – 2020 жылдың 1 ақпаны.

Адам құқықтары жөніндегі жазғы тағылымдамалар Гарвард адам құқықтары бойынша заң мектебінің негізгі бөлігі болып табылады. Тағылымдамадан өтушілер Адам құқықтары мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес немесе үкіметаралық ұйымдармен кемінде сегіз апта бойы жұмыс істейді.

Толық ақпарат үшін сілтемеге өтіңіз: http://hrp.law.harvard.edu/fellowships/summer-fellowships/

Адам құқықтары жөніндегі Гарвард жазғы стипендиялық бағдарламасы-2020 ⠀

14.01.2020

  Қазіргі уақытта адам құқықтары бойынша жазғы стипендиялар бағдарламасы ашылды.⠀Өтініштер онлайн түрінде қабылданады. Өтініш берудің соңғы...

«Go Nomads» бағдарламасы қайта жандандырылды

go nomads

 

Халықаралық бағдарламалар орталығында «Go Nomads» бағдарламасы қайта жандандырылды. Аталған бағдарлама еліміздің жоғары оқу орындары үшін ағылшын тілі оқытушыларына көмекші ретінде шетелдік еріктілер мен TEFL (Teaching English as a Foreign Language) әдіскерлерін тартуға бағытталған. Мақсат ағылшын тілді қазақстандық тұрғындардың, оның ішінде жастардың қатарын көбейту.  

Еріктілер жергілікті студенттерге ағылшын тілінде еркін сөйлеу қабілетін арттырып, тілдік кедергілерді жоюға көмектеспек және өздерінің мәдениеті, өмірлік тәжірибелері, білген-түйгендерімен бөлісетін болады. Бұдан бөлек түрлі пікірталас клубтары мен сессияларын ұйымдастырмақ. Олар үшін «Go Nomads» бағдарламасы жаңа елді жан-жақты танып білуге, сондай-ақ түрлі адамдармен танысуға ерекше мүмкіндік бермек.

Бағдарлама уақыты: жыл бойы, өтініш түсуіне қарай

Бағдарлама ұзақтығы: 1 айдан 6 айға дейін, күніне 4-5 сағат, аптасына 5 күн, Дүйсенбі – Жұма аралығы.

Бағдарлама кімдерге арналған?

- жасы 21-ге толған

- ағылшын тілінде еркін сөйлей алатын

- жастармен жұмыс істей алуы, оларды шабыттандыруда энтузиазмға бай

- өз білімдері мен өмірлік тәжірибелерін бөліскісі келетін

- өз көкжиегін кеңейткісі келетін адамдарға арналады.

Бағдарлама артықшылығы:

- тегін тұрғын жай: жатақхана немесе жалдамалы пәтер

- үш мезгілдік тамақтану

- барып-келу әуе билеті

- базалық медициналық сақтандыру

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

- жасы 21-ге толуы керек;

- бакалавр немесе магистр дәрежесіне ие, шет тілі ретінде ағылшын тілінен оқыту тәжірибесін растайтын сертификаты бар маман болуы қажет.

Бағдарламаға қатысу тәртібі

Түйіндеме мен жолдама хат → сұхбаттасу → келісімшартқа қол қою → шақырту хаты → виза және келуі.

Байланысу үшін:

Сайт: www.go-nomads.com  

Email: info@go-nomads.com

Тел.: +7 7172 76 90 89

«Go Nomads» бағдарламасы қайта жандандырылды

10.01.2020

  Халықаралық бағдарламалар орталығында «Go Nomads» бағдарламасы қайта жандандырылды. Аталған бағдарлама еліміздің жоғары оқу орындары...

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design