«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1
Сарсен Ж

СӘРСЕН ЖІГЕР БАТЫРБЕКҰЛЫ

Баспасөз хатшысы


1984 жылдың 16 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі және Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы «Хабар» телеарнасында бағдарламалар қызметінің редакторы ретінде бастаған. 2009–2014 жылдары телеарнаның ақпараттық-сараптама дирекциясында корреспондент, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметін насихаттаушы «Президенттік пул» тілшісі қызметтерін атқарды.

2014–2016 жылдар аралығында «Хабар 24» арнасының Америка Құрама Штаттарындағы (Вашингтон қаласы) меншікті тілшісі болды.

2017–2018 жылдары Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметіне жетекшілік етті.

2019 жылдың қыркүйегінен бері «Хабар» арнасындағы «Prime Time» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі қызметін атқарып келді.

   
Маратбаева Б

МАРАТБАЕВА БАҚЫТГҮЛ ӘБДЕНҚЫЗЫ

Бас есепші


1967 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1989 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «математика», ал 2003 ж. «Қаржы және несие» мамандықтары бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1990–1998 жылдары математика пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1998–2019 жж. аралығанда ауыл шаруашылығы, құрылыс, газ нысандары және сауда саласындандағы коммерциялық ұйымдарда есепші, бас есепшінің көмекшісі, бас есепші болып жұмыс істеді.

   
Кусаинова_А

ҚҰСАЙЫНОВА АНАР ЖЕҢІСҚЫЗЫ

Әкімшілік департаментінің директоры


1975 жылы туған. Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистранты.

Мемлекеттік және жергілікті басқару ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын «НТК» телеарнасының елордалық бюросында «Астана жаңалықтары» бағдарламасының тілшісі болып бастаған.

2000–2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде, ҚР Туризм және спорт министрлігінің Әкімшілік және кадрлық ресурстар департаментінде, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің әкімшілік және адами ресурстар басқармасында түрлі қызметтер атқарған.

   
Омарова

ОМАРОВА АЙНАШ РҮСТЕМҚЫЗЫ

Құжат айналымы, бақылау және архив басқармасының басшысы


1977 жылы туған. Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Араб, орыс филологиясы», Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін «Ағылшын және неміс тілдері» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Халықаралық қазақ-араб университетінің мұғалімі болып бастаған. Халықаралық бағдарламалар орталығында Оқуды ұйымдастыру және мониторинг, сондай-ақ Түлектермен жұмыс жасау департаменттерінің директоры қызметтерін атқарған.

1

АШИКБАЕВА ДИНАРА МУРЗАКОВНА


1975 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 2016 жылы Назарбаев Университетінің Мемлекеттік саясат жоғары мектебінің атқарушы директоры болып тағайындалды.

Улудаг Университетінің (Бурса, Түркия) экономика және әкімшілік ғылымдар факультеті халықаралық қатынастар бөлімшесін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар 2015 жылы Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің «Басшыларға арналған МВА» (ЕМВА-2015) бағдарламаcының түлегі болып табылады.

Еңбек жолын 2000 жылы Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінде Консулдың көмекшісі, кеңсе меңгерушісі ретінде бастаған. 2006 жылы «ҚазақТүрікМұнай» ЖШС аудармашысы, кейін болып жұмыс істеген, 2006 жылғы қазан — 2010 жылғы мамыр аралығында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Мониторинг және бақылау департаментінің бас менеджері, Оқытуды ұйымдастыру және мониторинг жасау басқармасының Америка елдері бөлімінің бастығы, Конкурсты және ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру басқармасының бастығы ретінде қызмет атқарған. 2010 жылғы мамыр айында Назарбаев Университетінің Қабылдау депратаментінің директоры болып тағайындалып, осы қызметте 2016 жылғы қазан айына дейін жұмыс істеді. Қазіргі уақытта Назарбаев Университетінің Мемлекеттік саясат жоғары мектебінің атқарушы директоры қызметін атқаруда.

   

ДӘУЛЕНОВ МИРАС МҰХТАРҰЛЫ


Мирас Мұхтарұлы Дәуленов 1983 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған, құқықтану магистрі, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанып, 2007–2012 жылдары Вроцлав Университетінде (Польша Республикасы) докторантурада оқыды, құқық саласындағы доктор (PhD).

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары заңгер ретінде жеке секторда жұмыс істеген. 2012 жылғы тамызда «Қазақ Гуманитарлық Заң университеті» АҚ Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

2015–2018 жылдары — М. С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетінің С. Зиманов атындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер Академиясының директоры – Басқарма Төрағасының орынбасары.

2018 жылдан бастап 2019 жыл аралығында — М. С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетінің С. Зиманов атындағы құқықтық және экономикалық зерттеулер Академиясының директоры, бұдан әрі М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетінің ректоры қызметтерін атқарды. 2019 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды.

   

ДАИРОВА ҚАДИША НҰРДІЛДӘҚЫЗЫ


Мәскеу шет тілдері педагогикалық институтының филология ғылымдары кандидаты дәрежесіне ие. «Назарбаев Университеті» ДББҰ Студенттік істер және халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті. Бұрын Қазақстан Республикасы СІМ, Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің Үшінші хатшысы және Қазақстан Республикасы СІМ Екінші хатшысы болып Америка және Еуропа департаментінде қызмет атқарды.

1998–2005 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің АҚШ-тағы өкілі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің екіжақты ынтымақтастықтың гуманитарлық мәселелері бойынша кеңесшісі болып қызмет етті. АҚШ пен Канадада Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» бағдарламасын әкімшілендіру бойынша басымды міндетті атқарды.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Президенті, Қазақстандық менеджмент, экономика және болжам институтының (ҚМЭБИ) даму жөніндегі проректоры, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры лауазымдарын атқарды.

Қазақ мемлекеттік университеті (ҚазМУ) Дипломатия академиясының доценті, Алматы қаласындағы «Лингвистикалық орталығы» қоғамдық қорының президенті және негізін қалаушысы.

   

ДОСЫБАЕВ НУРМУХАММЕД МАРАТОВИЧ


1992 жылы 14 қаңтарда дүниеге келген.

«Astana Garden School» ЖШС компаниясының негізін қалаушы және бас директоры. Мектеп құрылғанға дейін Шымкент қаласының Білім басқармасында басшылық қызмет атқарды, ол жақта бес жүз мыңнан астам оқушылары бар жүз отыз мектеп және сегіз мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарын басқарды.

Досыбаев Н. М. «Болашақ» президенттік стипендиясының иегері, «Білім беру философиясының магистрі» мамандығы бойынша Кембридж университетінің (The University of Cambridge, Ұлыбритания) түлегі.

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Екі шет тілінің мұғалімі» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі бар.

«Электронды үкіметті» қалыптастыру және дамыту бағдарламаларын, « Цифрлық Қазақстан » мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге қатысқан.

Дарынды балаларға арналған «Дарын» мектебінде, қазақ-түрік лицейлерінде, Сүлеймен Демирел университетінде, сондай-ақ басқа да түрлі білім беру ұйымдарында әртүрлі қызметтерде жұмыс атқарған.

Қазақ, орыс, ағылшын және корей тілдерін меңгерген.

   

КАДЮКОВ НИКОЛАЙ ВИКТОРОВИЧ


1959 жылы дүниеге келді. 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетiнiң Басқарма орынбасары.

1980 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, 1999 жылы РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын «Экономика және басқару» мамандығы, сонымен қоса 2007 жылы Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті «Құқықтану» мамандығы бойынша оқу бітірді.

Жеке және мемлекеттік сектор компанияларында корпоративті қаржы саласында жұмыс тәжірибесі бар. 1986–1991 жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. 1991–1995 жылдары Мәскеу қаласында «Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының іскерлік ынтымақтастығына жәрдемдесу қауымдастығының» коммерциялық сұрақтары бойынша директорының орынбасары лауазымын атқарды. Кейіннен Алматы қаласында «Мақсат» акционерлік банкі, «Қарағанды-Карбид» АҚ басқарушысы, «Кәсіпорындарды қайта құру және тарату жөніндегі агенттігі» ААҚ Қарағанды филиалының директор орынбасары қызметтерінде жұмыс істеді. 1999 жылдан бастап Кадюков мырза Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетiнде қызмет етуде.

   

КӘРІБОЗОВА АЙНҰР БАҒДАТҚЫЗЫ


1978 жылы туған.

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының шеңберінде Лондон экономика мектебінің «Мемлекеттік басқару және менеджмент» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.

2000–2019 жылдар аралығында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті, Ақпарат және талдау басқармасы, Қазақстанның Оңтүстік Корея және Ұлыбританиядағы елшіліктерінде қызмет етіп, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы Оқытуды ұйымдастыру және мониторинг департаментінің директоры, «KazakhInvest» АҚ және «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының Ұлыбританиядағы өкілдіктерінің басшысы лауазымдарын атқарған.

Бірінші сыныпты бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесі бар.

   

МҮСІРЕПОВ КӨПЖАН ІСҚУАТҰЛЫ


2009 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін «Curtis, Mallet-Prevost, Colt & Mosle LLP» халықаралық заң компаниясында Аға заңгер болып жұмыс істейді. Кешенді және халықаралық мәмілелерді заңды сүйемелдеу бойынша тәжірибесі бар, қоғамдық қызметпен айналысады, ғылыми іс-шараларға белсенді қатысады. «Best for kids» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің және Ұлыбритания Королдік Төрешілер Институтының мүшесі. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төрелік орталығының төрешісі. 2002 жылы Ақтөбе қаласындағы Қазақ-Орыс Халықаралық Университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Болашақ» Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық стипендиясының иегері атанып, 2008 жылы «Геосаясат және халықаралық қауіпсіздік» мамандығы бойынша Италиядағы Рим қаласының La Sapienza – Рим университетінде әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесін алды. АҚШ, Италия, Ұлыбритания, Грузияда және басқа да елдерде біліктілікті жоғарылату курстарынан, тағылымдамадан өтті. Еңбек қызметін 2002 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да заң кеңесшісі ретінде бастады, 2005–2006 жылдары «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да заңгер болды, 2008–2009 жылдары «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да жұмыс істеді. Қазақ, орыс, ағылшын және итальян тілдерін меңгерген. Үйленген, үш баласы бар.

   

САЯСАТ НҰРБЕК


Семей қаласында 1981 жылы 18 мамырда дүниеге келген.

«Саясаттану» мамандығы бойынша Маршаллтаун колледжінде (АҚШ), «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, геосаясат магистр дәрежесін Римдегі La Sapienza университетінде (Италия), психология бакалавры дәрежесін «Көкше» академиясында оқып, білім алған.

АҚШ, Сингапур, Бельгия, Жапония, Голландия елдерінде тағылымдамадан және біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

2000–2001 жылдары конгрессмен Марк Смиттің (АҚШ) көмекшісі болып жұмыс істеді. 2002–2004 жылдары Қазақстанда жастар саясатын іске асыруға белсене қатысты. 2006–2009 жылдары «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-да инвестициялық жобалар саласында жұмыс жасады. ҚР Президенті Әкімшілігінің кадрлық саясат секторының меңгерушісі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының халықаралық ынтымақтастық және ғылым жөніндегі вице-ректоры, «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-да департамент директоры, Кадрлық саясат және персоналды басқару жөніндегі атқарушы директоры қызметтерін атқарды. 2009 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің директоры болып тағайындалды. 2010 жылғы қарашадан бастап 2013 жылғы қыркүйек аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті болды. 2013–2015 ж.ж. аралығында «НұрОтан» партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры қызметін атқарды. 2015–2016 ж.ж. Алматы қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы бастығының м.а. болды. 2016 жылғы шілдеден бастап «Астана халықаралық қаржы орталығы» басқармасының мүшесі, Басқарушы директоры болып жұмыс істеді. Бүгінде BTS Education компаниясының директоры, сондай-ақ National Geographic Kazakhstan ерікті елшісі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы — «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Астана 20 жыл» медалімен, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған медалімен, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің 15 жылдығына арналған мерейтой медалімен, Қазақ Гуманитарлық-Заң университетінің 20 жылдыққа арналған «Құрмет белгісі» медалімен, KATEV халықаралық қорының 20 жылдығына арналған мерейтой медалімен марапатталған. ¬ҚР Президентінің, ҚР Премьер-министрінің алғыс хаттары, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының алғыс хаты, АҚШ Білім және Мәдени Байланыстар Хатшысының алғыс хаты бар.

Қазақ, орыс, ағылшын, түрік, итальян, испан, жапон және латын тілдерін жақсы меңгерген.

Үйленген. Үш баласы бар.

   

СЕЙДІМБЕК ЗЕРЕ АҚСЕЛЕУҚЫЗЫ


Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Дипломатиялық Академиясының және Уорвик Университетінің (Ұлыбритания) түлегі. «Халықаралық қатынастар» және «Халықаралық саяси экономия» мамандықтары бойынша магистр дәрежесі бар.

Мемлекеттік құрылымдарда 20 жылдай жұмыс істеген. Қазақстан экономикасын дамытуға бағытталған Кластерлік бастама, ұлттық холдингтік компаниясын құру, МЖС Орталығын құру, «Астана» Халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру секілді мемлекеттік маңызы бар бастамаларға және т.б. қатысқан.

Қазіргі таңда АХҚО Әкімшілігінің Ішкі саясат мәселелері бойынша Басшысы және Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі АХҚО Комитеті Директорлар кеңесінің атқарушы емес мүшесі.

АХҚО-ға дейін Қазақстан Даму банкінде, Қазақстандық мемлекеттік-жеке серіктестік орталығында, «Q-BRO» АҚ-да (Қазақстан Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы) басшылық қызметтерде болды. Сондай-ақ, «Қазына» орнықты даму қорында, Маркетингтік-аналитикалық зерттеу орталығында, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінде қызметтер атқарды.

1
ФИО
Дата рождения
Возраст
Пол
ФИО по паспорту
Номер паспорта
Срок действия паспорта
В какую страну подаёте документы на обучение?
В какой ВУЗ подаёте документы?
Документ о последнем завершенном образовании с приложением
(диплом бакалавра или специалиста, аттестат/свидетельство об основном среднем образовании, аттестат/свидетельство об общем среднем образовании, диплом о техническом и профессиональном образовании)
Справка о статусе обучающегося с табелем или транскриптом об успеваемости за текущий год обучения
Специальность по диплому (при наличии)
Сертификат на знание иностранного языка
(IELTS, TOEFL, HSK и т. д.,)
CV
Мотивационное письмо
Адрес проживания
(область, город, улица, дом, блок, квартира)
Телефонный номер
E-mail
1
Карбозова А

КӘРІБОЗОВА АЙНҰР БАҒДАТҚЫЗЫ

Президент


1978 жылы туған.

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының шеңберінде Лондон экономика мектебінің «Мемлекеттік басқару және менеджмент» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.

2000–2019 жылдар аралығында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті, Ақпарат және талдау басқармасы, Қазақстанның Оңтүстік Корея және Ұлыбританиядағы елшіліктерінде қызмет етіп, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы Оқытуды ұйымдастыру және мониторинг департаментінің директоры, «KazakhInvest» АҚ және «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының Ұлыбританиядағы өкілдіктерінің басшысы лауазымдарын атқарған.

Бірінші сыныпты бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесі бар.

   
Досмукхамбетова

ДОСМҰХАМБЕТОВА ҒАЛИЯ БАЙЖАНҚЫЗЫ

Вице-президент


1984 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «әлем экономикасы» мамандығы бойынша бітірген. «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі, бағдарлама шеңберінде Ұлыбританиядағы Дарэм университетінде (Durham University) «Корпоративтік және халықаралық қаржы» мамандығы бойынша білім алған (2007 ж.). ҚР Ұлттық Банкінің «қаржылық тәуекел менеджері» мамандығы бойынша МВА (2008 ж.), «Экономика» мамандығы бойынша PhD дәрежесі бар.

Еңбек қызметін 2007 жылы Қазақ инженерлік-техникалық академиясында оқытушы ретінде бастаған. 2009 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Экономика Бизнес Мектебінің оқытушысы болып, «банк тәуекелдері», «қаржы», «салықтар», «корпоративтік қаржы» пәндерінен дәріс оқыған. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да Түлектермен жұмыс жөніндегі департаменттің бас менеджері ретінде бастап, кейінірек Азия, Океания және ТМД елдері бөлімінің бастығы лауазымын атқарды. 2013 жылдан бастап Директорлар кеңесінің шешімімен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның вице-президенті болып сайланды.

1

“Supporting the Economic Empowerment of Afghan Women through Education and Training in Kazakhstan and Uzbekistan”

             
 
 

       It's high time to enhance your professional skills!

The European Union (EU) and the United Nations Development Programme (UNDP) award

educational grants for Afghan women to study in Kazakhstan!

Study process will be held along the following programs: Bachelor (4 years), Master (1 year),

Technical and Vocational Education and Training (TVET, 1 year) in Statistics, Mining and

Agriculture.

The grant covers the cost of tuition fee, housing, travel, and a monthly stipend.

At the very beginning, all scholarship holders will take a one-year English language course

(October 2019 – May 2020).

The main selection criteria are the knowledge of English (not lower than Elementary level), as

well as successful completion of interviews with members of the commission.

Stages of competitive selection:

- Paper based English placement test (location — the city of Kabul, the date will be

announced soon);

- Interview with members of the Competition committee (location — the city of Kabul, the

date will be announced soon).

List of required documents:

- Passport and/or local Afghan identification card (however only applicants who have original

passports will be allowed to enter English placement test and Interview);

Application form (all fields are mandatory to fulfill);

- Graduation certificates, as follows:

certificate of completion secondary school (for applicants applying for Bachelor

bachelor's degree diploma (for applicants applying for Master and TVET programs).

-  Brief motivation letter in English;

* All documents must be in English or translated to English. Documents need to be carefully

scanned and sent to   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Submit your application till August 10, 2019

Information and consultations —  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Submission of documents —  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

The project is funded by the European Union

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design