«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

Магистр дәрежесін алуға үміткерлер

 

           Конкурсқа қатысуға жоғары білімі не бакалавр дәрежесі бар және осы Қағидалардың шарттары мен талаптарына сәйкес құжаттар ұсынған, тілдік курстарға, академиялық оқуға/тағылымдамаға және кейіннен еңбекпен өтеуге кететін жиынтық оқыту мерзімдерін ескергенде құжаттарды тапсыру сәтінде заңнамада белгіленген зейнеткерлік жас шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.

ОСЫ САНАТҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

  • ұсынылатын жоғары оқу орындарының тізіміне енгізілген жетекші шетелдік жоғары оқу орнына академиялық оқуға (қаржылық шарттарды қоспағанда) шартсыз қабылдау;
  • В1 деңгейінен кем емес нәтижесімен мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат;
  • бакалавр немесе маман дипломының қосымшасы бойынша орташа балл есепке алынбайды.

1-қадам. ҚҰЖАТТАРДЫ ЖИНАУ

 

  • паспорт және жеке куәлік;
  • қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломы, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда – білім туралы құжатты не Заңның 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білім туралы құжатты тану туралы өзге де құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәлік;
  • мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат;
  • шетелге шығатын адамдар үшін 082у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
  • оқу бағдарламасы, мамандығы, оқу кезеңі көрсетілген, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар, академиялық оқуға сөзсіз қабылданғанын растайтын құжаттардың (қаржылық шарттарды қоспағанда) көшірмелері;
  • тізімге енгізілген жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында академиялық оқуда оқитын тұлғалар үшін шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжат/мамандығын, курсын (оқу жылын), осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтама, бар болса – мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы.

 

2-қадам. КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ

 

I Тур. Бірінші турда үміткердің зияткерлік қабілеттілік деңгейін, сондай-ақ тұлғалық-іскерлік құзыреттерін, шетелде оқуға психологиялық дайындығын анықтау бойынша кешенді тестілеу жүргізіледі.

II Тур. Екінші тур үміткерлердің тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен дербес анонимді әңгімелесуін ұйымдастыру арқылы өткізіледі.

Екінші турда үміткердің кәсіптік дайындық деңгейі, теориялық білімі және таңдаған мамандану саласы бойынша кәсіптік құзыреттерінің болуы анықталады.

III Тур. Республикалық комиссия тәуелсіз сараптамалық комиссияның ұсынымдары негізінде «Болашақ» стипендиясын тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы түпкілікті шешім қабылдайды, ол туралы үміткер Әкімшінің ресми интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабардар етіледі.

3-қадам. ШАРТ ЖАСАУ РӘСІМІ

 

        Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешімінен кейін стипендиат не оның сенім білдірілген адамы стипендия тағайындалған күннен бастап күнтізбелік 90 күн ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Заң қызметі департаментіне хабарласып, Қоғаммен оқуды ұйымдастыру туралы шарт, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке кепіл шартын жасасуы қажет. Шарттар мерзімінде жасалмаған жағдайда, стипендиат «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерінің мәртебесінен айырылады. Шарт жасау рәсімі бойынша толығырақ ақпаратты Шарттар бөлімінен қараңыз.

 

 

4-қадам. ОҚУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ

 

        Cтипендиат шарт жасасып және Заң қызметі департаментінен қолхат алғаннан кейін Оқуды ұйымдастыру және мониторинг департаментіне жүгінуі тиіс. Бұл департаментте әр стипендиатқа оқу мерзімі кезеңіне куратор тағайындалады. Сонымен қатар, стипендиат төлем картасын ресімдеу және өзге де қаржылық мәселелер бойынша Оқуды қаржыландыру басқармасынан кеңес ала алады.

 

 

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design