«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

29.малайзия

Аль-Бухари халықаралық университеті қазақстандық студенттерге бірнеше оқу стипендияларын жолдауды мәртебе санайды.Оқу бағдарламасы Малайзияның Кедах Дарул Аман штатындағы Алор — Сетар қаласында орналасқан. Аль-Бухари халықаралық университетінде 2019 жылғы қыркүйек айында басталатын болады.

Аль — Бухари халықаралық университеті ұсынған оқу бағдарламасы келесі бағыттарды қамтиды:

1. оқу ақысы;

2. тұратын жері;

3. ай сайын 450 ринггит көлемінде қаржылай көмек.

Алайда, бұл бағдарлама аясында әуежай билеттері мен визалық шығындар қарастырылмайды, сондықтан да студенттер өздері сатып алуы қажет.

Стипендияға қатысушы үміткерлер келесі талаптарға сай болуы қажет:

1.Жасы жиырма екіден төмен;

2.Тұрмыс құрмаған немесе бойдақ;

3.Тұрмыс тіршілігі төмен отбасыдан шыққан (отбасылық айлық табысы 300 доллардан төмен);

4.Оқу стипендиясына лайықты деп танылған оқу үлгерімі жақсы болу керек.

Студент 12 жылдық мектеп білімі бар болуы тиіс. Егер де мекткп жүйесі 12 жылдан аз болса, Аль-Бухари халықаралық университетінде 1–2 жылдай бастапқы оқу бағдарламасына түсу үшін ағылшын және математика пәндері қосылған 5 кредиттік жүйені бітіруі керек.

Аль-Бухари халықаралық университеті келесі мамандыықтар бойынша оқу бағдарламаларын ұсынады:

1.Бизнес басқару бакалавриат;

2. Бизнес басқару бакалавриат (маркетинг);

3.Бизнес басқару бакалавриат (адам ресурсын басқару);

4.Мектепке дейінгі балаларға білім беру мамандығы бакалавриат;

5. Бастауыш білім беру бакалавриат.

Үміткерлер www.aiu.edu.my сілтемесі арқылы онлайн тіркеліп, стипендияға қатысуға арналған форманы толтыруы қажет.

e-max.it: your social media marketing partner
FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design