«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ «АТАМЕКЕН» ҚР ҰКП АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

нуралы букейханов

2019 жылдың желтоқсан айында Нұралы Бөкейханов (33) Президенттік жастар кадр резервінің мүшелігіне кірді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жаңа топ-менеджері қатаң байқаудан (1 орынға 40 үміткерден астам) өтіп, Қазақстанның үздік 300 басқарушының легіне енді. 

Білім мен біліктілікті негізге алып, сонымен қатар ҚР Президентінің бастамасын қолдай отырып, «Атамекен» ҚР ҰКП басшылығы Н. Бөкейхановты ҰКП Аппарат жетекшілігіне тағайындады. 

 «Болашақ» халықаралық бағдарламасы арқылы 2013 жылы Ланкастер Университетінің менеджмент мектебінде қаржылық басқару мамандығы бойынша білім алған.

Өзінің еңбек қызметін Нұралы Әлімұлы жеке сектордан  бастаған. Ұлттық палатада оның құрылған күнінен бері еңбек етіп келеді. Нұралы Бөкейхановтың шетелдегі жетекші орындарда алған білімі, қытай және ағылшын тілдерін жетік білуі оның димломатиялық қызметке кәсіби деңгейде,  терең араласуға мүмкіндік берді. Ол қатардағы сарапшыдан жоғары буынның жетекішілігіне дейін жеткен білікті маман. 

Үкіметаралық грант үміткерлерінің назарына!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ ВНИМАНИЕ

Құрметті үміткерлер!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен шет мемлекеттердің үкіметтері мен ведомстволары (Венгрия) арасында жасалған үкіметаралық келісімдер шеңберінде конкурсқа қатысу үшін құжаттар жинау бойынша білім беру агенттіктерінің ақылы негізде қызмет көрсету фактілері жиілеп кеткендігі туралы мәлімдейміз.

Осыған орай, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Венгрия жоғары оқу орындарында оқу үшін құжаттар қабылдау бойынша кеңес беру мына байланыс телефондары:
8 (7172) 76 90 84, 84 93 86, 24 93 85 арқылы тегін жүргізілетіндігін хабарлайды.

Бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша Украина үкіметаралық гранттары

УКРАИНА

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Украинаның Білім және ғылым министрлігі келісім шеңберінде Украинаның жоғары оқу орындарында бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқуға конкурс жариялайды.

Қазақстан азаматтарына 40 грант ұсынылады:

-  30  «бакалавр» оқу дәрежесі бойынша;

-  10  «магистр» оқу дәрежесі бойынша.

Жоғары оқу орындары мен мамандықтар тізімін https://studyinukraine.gov.ua/ru/ сілтемесі бойынша көре аласыз.

Украинаның үкіметтік грант бағдарламасында тек мемлекеттік жоғары оқу орындары қатысатының ескерулеріңізді өтінеміз.

Грант келесі шығындарды өтейді:

  •     тегін оқу;
  •     жатақханада тұру;
  •      ай сайынға стипендия;
  •      тілдік курстар (украин тілінде).

Оқу украин тілінде жүргізіледі. Оқу тілін білмейтін үміткер шетел азаматтарына арналған жоғары оқу мекемелеріндегі даярлық бөлімдеріне (бөлімшелеріне) қабылдануы мүмкін.

Толық құжаттар топтамасын қабылдау мерзімі 2020 жылғы 17 қаңтардан

27 қаңтарды қоса алғанға дейін.

Құжаттарды тапсыру мәселелері бойынша мына телефонға хабарласыңыз:

+7 (7172) 76-90-84, 76-93-86, 76-93-85, 76-90-82, 76-90-83

Құжаттарды қабылдау кестесі:

Дүйсенбі мен жұма аралығы 9: 00-ден 18: 00-ге дейін, түскі үзіліс 13: 00-ден 14: 30-ға дейін.

Құжаттарды тапсыру бойынша нұсқаулық

 

Словакия Республикасының Ұлттық стипендиялық бағдарламасы

Словакия-730x365

Словакия Республикасының Ұлттық стипендиялық бағдарламасы жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарында оқу, оқытушылық, ғылыми/көркемөнер тағылымдамаларын жүзеге асырады. Ұлттық стипендиялық бағдарламасын Словакия Республикасының Білім, ғылым, зерттеулер және спорт министрлігі қаржыландырады.

Өтініштерді онлайн түрде www.scholarships.sk сайтында жіберуге болады

Бағдарламаның міндетті шарттары мен толық ақпарат туралы www.scholarships.sk сайтынан және мына сілтемеден оқи аласыздар.

Болашақ түлегі Президент алдында сөз сөйледі

photo 2020-01-15 19-47-36

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервіне іріктелген азаматтармен кездесті. Жиынға қатысқан 300 жастың арасында «Болашақ» бағдарламасының түлектері де болды. Солардың бірі – Тілектес Адамбеков. Ол Мемлекет басшысының алдында сөз сөйлеп, жеткен жетістіктері мен болашақ жоспары жайында әңгімелеп берді. Тілектес Қытайдың Шанхай қаласында 8 жыл бойы телекоммуникация мен нанотехнология мамандықтары бойынша білім алған. Жақында ғана Назарбаев университетінен Мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды. Ол бүгінге дейін түрлі салаларда қызмет атқарды. Бүгінде канадалық серіктестермен бірге Eurasia Blockchain Fintech Group Limited компаниясын құрып, бас директоры қызметін атқаруда. «Қазір компаниямыз жаңа технологиялар, блокчейн бағытында жұмыстар атқаруда. Бүгін Мемлекет басшысының алдында осы жобамыз туралы, мемлекеттік криптовалютамен жұмыс істеу жайында ұсыныстарымды жеткіздім»,— деді Тілектес бізге берген сұхбатында.
«Болашақ» түлегінің алдағы қадамына сәттілік тілейміз!

«Ұсыныстар мен өтініштер» журналы

журнал предложений и обращений

Құрметті «Болашақ» бағдарламасының үміткерлері, стипендиаттары, түлектері!

Бүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметін жақсарту мақсатында «Ұсыныстар мен пікірлер» журналы іске қосылғанын хабарлаймыз.

Бұған қоса, «Болашақ» стипендиясы бойынша ақпаратты біздің ресми сайтымыздан, Facebook және Instagram, Telegram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларымыздан ала аласыздар.

Құттықтаймыз!

photo 2020-01-15 11-37-09

«Болашақ»бағдарламасының түлегі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мықты денсаулық, жұмысына сәттілік және отбасына бақ-береке тілейміз!

Ізгі тілекпен,

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұжымы

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design