«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Венгрия мемлекеттік стипендиялық бағдарламасы

венгрия1

Венгрия мемлекеті 2020–21 оқу жылына арналған ағылшын тілінде жүргізілетін магистратура бағдарламаларын ұсынады:

$- Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы саласындағы магистратура (Szent István University)

$- Бағбандық саласындағы магистратура (Szent István University)

$- Малды тамақтандыру және жем қауіпсіздігі саласындағы магистратура (Kaposvár University)

Талаптары:

$- Тізімдегі елдердің бірінің азаматы (тиісті елдер тізімі fao.org сайтында)

$- Мектептегі жетістіктері

$- Ағылшын тілін білу деңгейі

$- Негіздеме хат

$- Денсаулығында кінәраты жоқтар

$- 30 жасқа дейінгі үміткерлер

Стипендия келесі шығындарды жабады:

$- Оқуға өтініш беру мен оқудың барлық кезеңіндегі негізгі кітаптар және жазбалармен қамтамасыз ету;

$- жатақхана;

- тұруға арналған шығыстар;

- медициналық сақтандыру.

Жоғарыда аталған барлық шығындарды FAO мен Венгрия арасындағы 2007 жылы жасалған келісімге сәйкес, Венгрия Үкіметі қаржыландырады.

Стипендия тек студенттің шығынын ғана өтейді, отбасы мүшелеріне қарастырылмаған.

Өтінішті This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды адреске жіберу керек.

Өтініштер тек қана электронды пошта арқылы қабылданады.

Өтініш қабылдау уақыты: 15 қаңтар — 28 ақпан 2020 жыл

Толық ақпаратты http://www.fao.org/europe/news/detail-news/en/c/1257432/ сілтемесі арқылы біле аласыз.

Коронавирус ауруы бойынша Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің жедел желісі

Горячая линия

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары оқып жатқан Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында қазіргі күнде коронавирус ауруымен ауырғандар тіркелмеді.

Бірқатар ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі жедел штабты басқарған Ресей Федерациясы вице-премьері Татьяна Голиковаға сілтеме жасай отырып, Забайкаль және Түмен облысында ағымдағы жылдың 26 және 28 қаңтарында Ресейге келген ҚХР азаматтарынан 2 ауру белгісі анықталған. Ресей Роспотребнадзорының басшысы А. Попованың айтуынша, олардың жағдайы тұрақты, клиникалық белгілерсіз және температурасы жоқ.

Қытайда және басқа да бірнеше елдерде коронавирустың жаңа түрінің таралуына орай ерекше эпидемиологиялық стиуацияға байланысты Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігі жедел желіні іске қосты (тел.: 8 (925) 897-71-14). Бүгінгі таңда ауруға күдік туғызған өтініштер түспеді.

Новый подход изучения механизмов возникновения рака выработал обладатель стипендии «Болашақ» 2006 года Павел Тарлыков

Павел сайт

Он выпускник Государственного Университета Штата Монтана (США) по специальности Master of Science in Biochemistry, и химического факультета Карагандинского Государственного Университета им. Е. А. Букетова, Заведующий лабораторией протеомики и масс-спектрометрии РГП «Национальный Центр биотехнологии» Комитета науки МОН РК.

В 2013 году Павел получил степень доктора философии (Ph.D.), в его исследовании «Протеомные исследования эпигенетических изменений хроматина при онкогенезе» предложен новый подход изучения механизмов возникновения рака. Работа была опубликована в престижных научных изданиях.

Пожелаем выпускникам программы «Болашақ» новых свершений.

По материалам журнала «Bolashaq»: https://ru.calameo.com/read/006104428d72119cb7d64

Өз ісінің маманы — Гүлмира Байхожаева

Гулмира Байхожаева

Сіздердің назарларыңызға “Өз ісінің маманы” атты жаңа айдарымызды ұсынамыз. Бұл айдарымызда қызметкерлерімізбен таныстыратын боламыз.

Гүлмира Байхожаева — “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ Оқуды ұйымдастыру және мониторинг департаментінің менеджері.

Гүлмира Мұратқызы Орталықта 2013 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Оның кураторлығында қазіргі күнде Ұлыбританияда тіл курстары/ академиялық оқуда жүрген 100 стипендиат бар.

Инновациялық Еуразия университетінде “Шет тілдері” және “Экономика” мамандықтары бойынша білім алған (Павлодар қ.). Сондай-ақ, The University of Warwick-те (Ұлыбритания) “MA in Education Studies” мамандығы бойынша магистратура тәмамдаған.

Г. Байхожаева белді қызметкерлердің бірі. Бірнеше рет “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ алғыс хатымен марапатталған.

“Кураторлық жұмыс өте қызықты әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Стипендиатпен уақыт айырмашылығына қарамастан 24/7 тәулік бойы байланыста болуың тиіс. Студенттер шетелдегі академиялық оқу мәселелер туындағанда кураторы ретінде тез арада назар аударып, Болашақтың ішкі ережесінен шыға отырып, дұрыс бағыттап отыруым керек”,- дейді Гүлмира.

Оқуды ұйымдастыру және мониторинг департаменті “Болашақ” бағдарламасымен шетелде оқып жатқан стипендиаттарды әрдайым қадағалап отырады. Сонымен қатар, департамент мамандары стипендиаттарды тіл курстарына орналастыруға көмектеседі, ЖОО мен елшіліктерге кепілдік хаттарын, оқуға авиабилеттерін алып береді. Студентті оқудың басынан аяғына дейін жол көрсетіп жүреді. Бұдан бөлек департамент шетелдік оқу орындарымен серіктестік байланыста және жыл сайын халықаралық көрмелерге белсенді қатысып тұрады.

Халықаралық бағдарламалар орталығы қызметкері Қазақ радиосы эфирінде

Қазақ радиосының «Болашақ» бағдарламасында
казах радио

Гүлжанат Ғафу — Халықаралық бағдарламалар орталығы, Білім беру хабы басқарма басшысы,
Дидар Жақанбаев — Болашақ түлегі.

Бағдарлама тақырыбы: Интернационализация.

Шетелдік студенттер үшін Қазақстан білімін танымал ету;

Шетелдік білімалушылар үшін еліміздің қай мамандығы сұранысқа ие;

Қазақстан білімін экспорттауға жасалып жатқан қадамдар қандай?

03 ақпан 2020 жыл, сағат 15.10

Редактор-жүргізуші — Жадыра Жұмакүлбай

Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтеме https://qazradio.fm/kz/podcasts/ арқылы тыңдай аласыз.


Болашақ түлегі жаңа қызметте

Кошкинов

Болашақ түлегі Көшкінов Бахтияр Ержанұлы Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2017 жылы “Болашақ” халықаралық бағдарламасы арқылы Оңтүстік Калифорния университетінің (АҚШ) “Халықаралық мемлекеттік басқару және менеджмент” мамандығы бойынша магистратурада оқыған.

Құттықтаймыз! Жұмысына сәттілік тілейміз!

Ізгі тілекпен,
“Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ

Болашақ түлегі жаңа лауазымдық қызметте

ЕБуранбаев

“Болашақ” бағдарламасының түлегі, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Еркебұлан Боранбаев Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры болып тағайындалды.

Құттықтаймыз! Жаңа қызметіне сәттілік тілейміз!

Ізгі тілекпен,
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design