«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Kyungpook National University қазақстандық студенттерге гранттарды береді

20. Подписание соглашения на сайт

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшылығы және KyungpookNationalUniversity (Оңтүстік Корея) жоғары білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Осы келісім бойынша университет жыл сайын бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша гранттарды беруге дайын. Грант тегін оқуды, жатақхана және тамақтануды қамтиды. Биылғы жылдың соңына қарай қазақстандық студенттер 2020 оқу жылына өтініш бере алады.

Оңтүстік медициналық университеттің стипендиясы

29. крутой кампусАталған грант туралы ақпарат сілтеме бойынша орналастырылған.

Мамандықтардың тізімін сілтеме арқылы  көруге болады.

Стипендияның көлемі:
Докторантура — 30 000 юань,

Магистратура — 20 000 юань,

Бакалавриат — 10 000 юань

*Барлық шәкіртақылар жылына бір рет беріледі.

Оңтүстік медицина университеті стипендиясының үміткерлеріне қойылған талаптары:

Үміткерлер Қазақстан Республикасының азаматтары болулары тиіс;

Білім деңгейі және жас мөлшеріне қойылатын шектеулер:


1) Бакалавриатқа үміткерлердің орта білімі туралы аттестаты және жас мөлшері 30 жасқа дейін болуы тиіс;
2) Магистратураға үміткерлердің бакалавр дәрежесі және жас мөлшері 35 жасқа дейін болуы тиіс;
3) Докторантураға үміткерлердің магистр дәрежесі және жас мөлшері 40 жасқа дейін болуы тиіс;
4) Үміткерлер Қытай үкіметінің басқа стипендия иегерлері бола алмайды;

5) Магистратура мен докторантураға үміткерлердің дипломның орташа балы 3.0-ден жоғары болуы тиіс. Бакалавр дәрежесіне үміткерлердің орташа балл саны 75 балл болу қажет.

Өтінім берудің соңғы мерзімі:

1.   Құжаттардың сканды көшірмелерін келесі электрондық поштаға жіберулеріңіз тиіс: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

2.   Толық құжаттардың пакетін келесі мекен-жайға пошта арқылы 2019 жылдың 15-ші шілдесіне 15.07.2019 жылға дейін жіберу қажет:

Student Affairs Office of School of International Education

Address: No. 1023 Shatainan Road, Guangzhou, Guangdong, China      

Postcode: 510515

*Барлық құжаттарды 2 данада жіберу қажет.

Қажетті құжаттар:

1.     Өтініш (үлгі бойынша);

2.     Паспорттың бірінші бетімен, ҚХР визаның скан көшірмесі;

3.     Білім туралы құжат қосымшасымен (транскрипт): мектептің немесе университеттің соңғы жылында оқып жатқан үміткер оқу орнынан анықтама алуы қажет. Қытай немесе ағылшын тілдерінен басқа тілдердегі құжаттар қытай немесе ағылшын тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармалары болуы керек;

4.     Қытай тілі бойынша:

Бакалавриат HSK сертификаты кем дегенде 4-ші деңгейде,

Магистратура мен докторантура HSK сертификаты кем дегенде 5-ші деңгейде, болуы керек,

Ағылшын тілі бойынша IELTS сертификаты 6.0 немесе TOEFL 68 болу қажет;

5.     Ұсыным хаттары. Магистратура немесе докторантураға тапсыратын үміткерлер профессорлардан немесе доценттерден қытай немесе ағылшын тілінде екі ұсыным хатын тапсыру тиіс. Бакалаврға тапсыратын үміткерлерге мектеп директорынан және мұғалімінен қытай немесе ағылшын тілінде екі ұсыным хатын тапсыру тиіс;

6.     Сертификаттардың және мақтау қағаздырының скан көшірмесі;

7.     Фотосурет (3.5×4.5);

8.     Медициналық анықтама үлгі бойынша (көшірме);

9.     Кандидаттың өтініші (кандидат бұл грантты алмаған жағдайда өз есебінен оқуы туралы жазу керек).

Оңтүстік медициналық университеттің Гуандун провинцияның стипендиясы

Аталған грант туралы ақпарат сілтеме бойынша орналастырылған.

Мамандықтардың тізімін сілтеме арқылы  көруге болады.

Стипендияның көлемі:
Докторантура — 30 000 юань,

Магистратура — 20 000 юань,

Бакалавриат — 10 000 юань

*Барлық шәкіртақылар жылына бір рет беріледі.

Гуандун провинцияныңстипендиясының үміткерлерге қойған  талаптары:

Үміткерлер Қазақстан Республикасының азаматтары болулары тиіс;

Білім деңгейі және жас мөлшеріне қойылатын шектеулер:                


1) Бакалавриатқа үміткерлердің орта білімі туралы аттестаты және жас мөлшері 30 жасқа дейін болуы тиіс;
2) Магистратураға үміткерлердің бакалавр дәрежесі және жас мөлшері 30 жасқа дейін болуы тиіс;
3) Докторантураға үміткерлердің магистр дәрежесі және жас мөлшері 40 жасқа дейін болуы тиіс;
4) Үміткерлер Қытай үкіметінің басқа стипендия иегерлері бола алмайды;

5)Магистратура мен докторантураға үміткерлердің дипломның орташа балы 3.0-ден жоғары болуы тиіс. Бакалавр дәрежесіне үміткерлердің орташа балл саны 80 балл болу қажет.

Өтінім берудің соңғы мерзімімен тапсыру жолы:

1.   Құжаттардың сканды көшірмелерін келесі элеткрондық поштаға жіберулеріңіз тиіс: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

2.   Толық құжаттардың пакетін келесі мекен-жайға пошта арқылы 2019 жылдың 30-ші сәуіріне дейін жіберу қажет:

Student Affairs Office of School of International Education

Address: No. 1023 Shatainan Road, Guangzhou, Guangdong, China      

Postcode: 510515

*Барлық құжаттарды  2 данада жіберу қажет.

Қажетті құжаттар:

1.     Өтініш (үлгі бойынша);

2.     Паспорттың бірінші бетімен, ҚХР визаның скан көшірмесі;

3.     Білім туралы құжат қосымшасымен (транскрипт): мектептің немесе университеттің соңғы жылында оқып жатқан үміткер оқу орнынан анықтама алуы қажет. Қытай немесе ағылшын тілдерінен басқа тілдердегі құжаттар қытай немесе ағылшын тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармалары болуы керек;

4.     Қытай тілі бойынша:

Бакалавриат HSK сертификаты кем дегенде 4-ші деңгейде,

Магистратура мен докторантура HSK сертификаты кем дегенде 5-ші деңгейде,  болуы керек,

Ағылшын тілі бойынша IELTS сертификаты 6.0 немесе TOEFL 68 болу қажет;

5.     Ұсыным хаттары. Магистратура немесе докторантураға тапсыратын үміткерлер профессорлардан немесе доценттерден қытай немесе ағылшын тілінде екі ұсыным хатын тапсыру тиіс. Бакалаврға тапсыратын үміткерлерге мектеп директорынан және мұғалімінен қытай немесе ағылшын тілінде екі ұсыным хатын тапсыру тиіс;

6.     Сертификаттардың және мақтау қағаздырының скан көшірмесі;

7.     Фотосурет (3.5×4.5);

8.     Медициналық анықтама үлгі бойынша (көшірме);

Кандидаттың өтініші (кандидат бұл грантты алмаған жағдайда өз есебінен оқуы туралы жазу керек).

Байланыс телефондары:

8(7172) 76 90 88

8(7172) 76 90 71

8(776) 176 43 58

8(747) 269 22 61

Өзбекстанда қазақстандық жоғары оқу орындарының білім көрмесі өтіп жатыр

Узбеки

Шамамен 50 қазақстандық жоғары оқу орны Өзбекстанда болып жатқан білім көрмесіне қатысуда. Университет өкілдері әлеуетті студенттермен және олардың ата-аналарымен кездесуде.

УЗ2

Қазіргі таңда Қазақстанда Өзбекстанның 10 мыңға жуық азаматы жоғары білім алып жатыр. Білім көрмелері Ташкент қаласында өтіп кетті. Сондай-ақ олар Самарқанд, Қаршы, Бұқара және Нүкіс қалаларында өтетін болады. Көрмеге шамамен 25 мың адам қатысады.

Узбекистан

Германияда оқу үшін «COPERNICUS» семестрлік шәкіртақы бағдарламасы

berlin-not-germany-4

COPERNICUSстипендиясы студенттерге Германияда ұмытылмас уақыт өткізуге мүмкіндік береді! Бағдарлама тек тіл мен мәдениетті ғана емес, өзінің жеке қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

COPERNICUSШығыс және Орталық Еуропа, Орталық Азия елдерінің студенттеріне Берлин және Гамбург қалаларында семестрлік оқудан өту үшін 6–10 стипендияны ұсынады. Қаржыландыру кезеңі шамамен алты айды құрайды,оның нақты басталуы мен аяқталуы жоғары оқу орындарының дәрістік кезеңдеріне байланысты.

Соңғы екі-үш ай ішінде стипендиаттар тағылымдаманы өтеді.Тағылымдаманы өтушілер, әдетте, халықаралық компанияларда, заң фирмаларында, мемлекеттік органдарда немесе ұйымдарда жұмыс істейді.

COPERNICUS гранты тұру, тамақтану, медициналық сақтандыру, оқыту және қоғамдық көлік шығындарын қамтиды. Бұдан басқа визалық мен көлік шығындары бағдарламен төлінеді.

Талаптар:

КІМ ӨТІНІМ БЕРЕ АЛАДЫ?

1. Келесі мамандықтар студенттері:

- Құқықтану;

- Саясаттану / Халықаралық қатынастар;

- Экономикалық ғылымдар;

- Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар;

- Жаратылыстану ғылымдары;

Берлин Гумбольдт университеті мен Гамбург университеті беттерінде оқу пәндерінің нақты тізімі бар.

2. Қазақстанда кем дегенде 1 семестр оқыған студенттер (бакалавриат және магистратура бағдарламалары);

3. Аспиранттар / PhD докторанттары өтінім бере алмайды;

4. B2 — C1 деңгейінде неміс тілін меңгерген студенттер;

5. Волонтерлік жұмыспен айналысатын студенттер;

6. Студенттен күту:

- Германияда оқуға негізделген қызығушылық.

- қонақ отбасында өмірді қабылдау мүмкіндігі ретінде.

- оқуды аяқтағаннан кейін COPERNICUS бағдарламасымен ынтымақтасуға дайын болу.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 1 қыркүйек (жазғы семестрде оқуды бастау үшін) және 1 наурыз (қысқы семестрде оқуды бастау үшін).

Қажетті құжаттар:

- Толтырылған формуляр - DATENBLATT ZUM AUSFÜLLEN (жүктеу мұнда);

- Мотивациялық;

- Резюме;

- Елдің әлеуметтік және саяси өміріндегі еріктілік және т. б.;

- Бірге тұратын отбасына хат;

- Аттестаттың көшірмесі;

- Оқу өтетін ЖОО — дан бағалардың транскрипті;

– В2-С1 деңгейіндегі неміс тілінің сертификаты;

- Фото.

Құжаттарды Email арқылы жіберуге болады stip-bewerbung@copernicus-stipendium.de немесе пошта арқылы:

Copernicus Hamburg e.V.

Mittelweg 11-12

20148 Hamburg.

Қосымшаақпараттыhttps://www.copernicus-stipendium.de/ сайтынаналуғаболады.

Жапония Білім министрлігінің (МЕХТ) стипендиялық бағдарламалары

jp 1

Келесі бағдарламаларға құжат қабылдау жүргізілуде:

1.    Студент (бакалавриат)

2.    Техникалық колледждің студенті (техникалық колледж)

3.    Зерттеуші-тағылымгер (одан әрі магистратуранемесе докторантураға түсуге арналған)

Стипендия келесі шығындарды қамтиды:

-          Оқу ақысы

-          Айлық стипендия

-          Әуе-билеттер

Бағдарламалар мен оның талаптары туралы толық ақпарат:

1.    «Студент (Гакубусэй)» бағдарламасы

  Бағдарлама туралы толық ақпарат
(жапон тілінде −1)(ағылшын тілінде −2)
  
«Гакубусей» бағдарламасына арналған өтініш формасы - https://www.studyjapan.go.jp/jp/smap_stopj-applications_undergraduate.html
  
Емтихан өту орны-3 * басқа құжаттармен бірге тапсыру қажет

2.    «Техникалық колледждің студенті (Косэнсэй)» бағдарламасы

  Бағдарлама туралы толық ақпарат (жапон тілінде — 4)(ағылшын тілінде −5)
  
«Косэнсэй» бағдарламасына арналған өтініш формасы - https://www.studyjapan.go.jp/jp/smap_stopj-applications_undergraduate.html
    
Емтихан өту орны-3 * басқа құжаттармен бірге тапсыру қажет

3.    «Зерттеуші-тағылымгер (Кэнкюсэй)» бағдарламасы

  Бағдарлама туралы толық ақпарат (жапон тілніде-6)(ағылшын тілінде-7)
  
«Кэнкюсэй» бағдарламасына арналған өтініш формасы - https://www.studyjapan.go.jp/jp/smap_stopj-applications_research.html
  
Емтихан өту орны-3 * басқа құжаттармен бірге тапсыру қажет

Құжаттарды тапсыру нұсқаулықтары:

Қабылдаудың соңғы мерзімі – 2019ж. 19 маусымы, 17:00.

Құжаттар пошта арқылы немесе қолма-қол тапсыру арқылы қабылданады. Қабылдау мекен-жайы: ҚР-дағы Жапония Елшілігі, Нұр-Сұлтан қ., Космонавтов көш. 62, 5-қабат.

Пошта арқылы тапсырған жағдайда конверттің сыртына бағдарламаның атын жазыңыз.

Жапония Елшілігінің байланыс нөмірі: +7 (7172) 97-78-40 (ішкі 38); This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Nālandā University (Үндістан) қазақстандық студенттерді Historical Studies мамандығы (магистратура бағдарламасы, 2 жыл) бойынша оқуға шақырады

Building Photo 2

Nālandā University Үнді субконтинентіндегіескі университеттердің бірі болып табылады. Бұл археологиялық аймақта ступалар мен вихарлар (тұрғын үйлер мен оқу ғимараттары), сондай-ақ ғибадатханалар орналасқан. Мұнда сылақ, тас және металдан жасалған маңызды өнер туындылары сақталған. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттерге білім ордасында 800 жыл бойы білім үздіксізберілді. Жаңа университет ғимараты Үндістанның солтүстік-шығысындағы Бихар штатында орналасқан. Университет туралы қосымша ақпарат алу үшін сілтеме арқылы өтуіңізді сұраймыз.

Шәкіртақы оқу, жатақхана мен тамақтану ақысын қамтиды.

Оқуға түсу талаптарын осы сілтеме арқылы таба аласыз.

Қажетті құжаттар:

1) Өтінім (сілтеме)

2) Диплом, сертификаттар

3) Эссе (тақырыбы оқуға түсу талаптарының сілтемесінде көрсетілген)

Оқу ағылшын тілінде өткізіледі.

Үміткерлер сканерленген, нотариалды куәландырылған құжаттарды ағылшын тіліне аударып, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды адресіне 2019 жылдың 14 маусымына дейін жіберуі тиіс.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ байланыс телефоны: +7 (71 72) 76 90 88

Цукуба университетімен (Жапония) ынтымақтастық

542A4369

2019 жылдың 30 сәуірінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да Жапонияның Цукуба университетінің өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында ХБО-ның Президенті Мелдешов Жанболат Цукуба университетінің профессоры — Орталық Азия мен Жапонияда адам ресурстарын дамыту қоры The Nippon Foundation-ның жетекшісі – Усуяма Тосинобу мырзамен алдағы уақыттағы әріптестік бойынша бірқатар сұрақтарды талқылады.

Сонымен қатар, «Study in Japan Global Network» (Ресей мен ТМД елдері) проектісінің аясында өзара ынтымақтастық көрсету туралы меморандумына қол қойылды.

Цукуба университеті — Жапонияның тарихы бай ұлттық университеттерінің бірі. Оған қоса, ұлттық рейтингісі жоғары болып саналады. Жапониядағы қазақстандық студенттердің басым бөлігі осы университетте білім алып жатыр.

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design