«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Индонезияда бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу шәкіртақы бағдарламасына құжаттарды қабылдау мерзімі жалғасуда

dzhakarta-indoneziya 1

BINUS университеті бакалавриат (12 сынып) бағдарламасы бойынша келесі бағыттарда оқуға оқуға арналған шәкіртақы бағдарламасына құжаттарды қабылдау мерзімі жалғасуда:

·        Business

·        Engineering

·        Marketing

·        Information Systems

·        Computer Science

·        Accounting

·        Fashion and Communication

Бұлбағдарлама BINUS World Class Equity Scholarship шәкіртақысыменқамтылған. Атапайтқанда:

·        Оқу;

·        Жатақхана;

·        Медициналықсақтандыру;

·        Visa;

·        Тіркеужарнасы (60 АҚШ доллар)

Аталған шәкіртақы конкурстық негізде тек 2 қазақстандық үміткерлерге беріледі.

BINUS World Class Equity Scholarship шәкіртақысына қосымша, оқу ақысын ғана төлейтін BINUS World Class Merit Scholarship шәкіртақы бағдарламасы бар. Толық ақпаратты осы сілтеме арқылы қараңыз.

Аталған шәкіртақы бағдарламаларына 22 жасқа дейінгі үміткерлер қатыса алады.

Қажетті құжаттар:

·        Ағылшан тіліндегі өтініш (BINUS Global-мен ұсынылады)

·        10 және 12 сыныптарға арналған транскрипт (ағылшын тілінде)

·        Ағылшын тілін білу туралы сертификат (TOEFL 550 немесе IELTS 5.5). Халықаралық мектептердің оқушылары ағылшын тілінен емтихан тапсыруға босатылады.

·        Академиялық және оқудан тыс жетістіктер туралы түйіндеме (сканерленген түпнұсқа құжаттардың/сертификаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі мен аудармасын қоса жіберуді ұмытпаңыз);

·        Уәждемелік хат (ағылшын тілінде);

·        2 ұсыныс хат (мұғалімдерден, ағылшын тілінде);

·        Портфолио (тек Дизайн бағдарламасын таңдайтындар үшін, (ағылшын тілінде);

·        Қаржылық жағдайды және қаржыландыру есебінің жоспарын (стипендия алуға үміткерлер ғана), сондай-ақ қаржылық жағдайды растайтын құжаттарды ұсыну;

·        Саяси сахналарға, заңсыз жұмысқа қатыспау жөніндежәне тәртіп сақтайтындығы туралы хат жазу (сауалнамада BINUS Global кеңсесімен ұсынылған);

Оқу барысында талапкерлердің екі жақты диплом алуына мүмкіндігі бар (Business, Computer Sciences, Information System, Communication және т.б. мамандықтардың атауларын өтініштің ең алғашқы парақшасынан қараңыз). Егер 3 курс аяқталғаннан кейін, үміткер әріптес университеттердің біріне түсуге шешім қабылдаса, онда екінші диплом алу үшін, шәкіртақы шетелде оқу кезінде тоқтатылады. Өтінішті алу үшін осы сілтеме арқылы өтіңіз.

BINUS Northumbria School of Designқосдипломдыбағдарламаболыпкеледі.Оқушылар 4 жыл бойы BINUS Campus Jakarta-да оқитын болады, бірақ курстың соңында олар BINUS және Northumbria дипломдарын алады. Назар аударыңыз, осы стипендия үшін Нортумбрияда қосымша ақы төленеді. Студенттер жыл сайын төлеуге міндетті. Толық ақпаратты және өтініш формасын осы сілтеме арқылы табуға болады.

Қос дипломды бағдарлама BINUS ASO School of Enginering бағдарламасында жоқ. Өтінішті осы сілтеме арқылы жүктеуіңізге болады.

Жыл сайын үміткерлер шәкіртақы бағдарламасына қатысу үшін орта есеппен 75% -дан кем емес (4.0-ден 3.0 көрсеткішін) оқу деңгейін көрсету керек.

Дедлайн: 2019 жылдың 20 сәуір

Өтініш беру үшін, форманы баспа түрде толтырып, сканерден өткізіңіз және оны осы электрондық пошталарына жіберіңіз: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. және This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. . Барлық сұрақтар бойынша This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына хабарласыңыз.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ байланыс телефоны: + 7 (71 72) 76 90 88

Жапониядағы тегін тілдік бағадарламасы

03. япония рис 2 1

Жапон қоры жапон тілін өз бетімен немесе оқу орнында үйренушілерді Жапонияда тілдік бағдарлама өтуге шақырады. Бағдарлама барысында жапон тілі, мәдениеті және қоғамы туралы қатысушылардың түсініктерін тереңдету үшін дәрістер, оқу сапарлары және т.б. өткізіледі.

Бағадарлама мерзімі: 2019 жылдың 4–18 қыркүйегі (2 апта)

Бағдарлама туралы толық ақпарат және үміткерлерге қойылатын талаптар Program Announcement-те көрсетілген.

Өтініш берудің соңғы мерзімі:

Жапон тілін өз бетімен оқитындар үшін – 2019 ж. 19 сәуірі (жұма) 17:00

Жапон тілін оқу орындарында оқитындар үшін – оқу орнындағы жауапты қызметкерден сұраңыз

Құжаттарды тапсыру тәсілі:

Жапон тілін өз бетімен оқитындар үшін – құжаттарды ҚР-дағы Жапония Елшілігіне жіберіңіз, алушы ретінде келесі есімді көрсетіңіз: Усейнова Фариза. Мекен-жайы: Нұр-Султан қ., Шұбары м-ны, Космонавтов көш. 62, 010000. Құжаттар эл. пошта арқылы да қабылданады: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Жапон тілін оқу орындарында оқитындар үшін – құжаттарды оқып жатқан оқу орнына тапсыру қажет

Қажетті құжаттар тізімі:

1. Өтініш

2. Өзіңіз туралы сауалнама

3.Медициналық куәлік

Емтихан күні:

2019 ж. 28 сәуір — Нұр-Сұлтан мен Алматы қ. жазбаша емтихан

2019 ж. 12 мамыр — Нұр-Сұлтан қ. сұхбат (жазбаша емтиханда жақсы нәтижелер көрсеткендер үшін)

* Құжаттарды электронды түрде тапсырған үміткер сұхбатқп түпнұсқа құжаттарды алып келуі тиіс

* Нәтижелер конкурстық іріктеудің барлық сатыларынан сәтті өткендерге ғана хабарланады.

Польшада тегін білім алу

03.poland

Үкіметаралық келісімшарт шеңберінде Польша үкіметі бакалавриат (3 орын), магистратура (4 орын) және докторантура (4 орын) бағдарламаларына 100% тегін бідім алу мүмкіндігі ұсынады.

Стипендия нені қамтиды?

·         Тегін оқу

·         Жатақханада ақылы негізінде тұру мүмкіндігі (80–150 евро шамамен)

·         Докорантура бағдарламаларындағы студенттерге айлық шәкіртақы (300 евро шамамен)

Польшадағы университеттерде бакалавриат пен магистратураға түсетін Қазақстан Республикасының азаматтарының шығындарын өз есебінен төлейді.

Факультеттер мен оқу орындарының ағымдағы тізімі веб-сайтта бар: www.nawa.gov.plhttp://go-poland.pl/ru/higher-education-institutions

Керекті құжаттарды 1 данада келесі мекенжайға тапсырылуы қажет «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Астана қ., Мәңгілік Ел 8, 501 кабинет:

  1. шетелге оқуға кететін Қазақстан Республикасы азаматының толтырылған сауалнамасы № 3-қосымшаға сәйкес болуы керек;
  2. жеке бас куәлігінің немесе паспорттың түпнұсқасы мен көшірмесі (түпнұсқалар тапсырылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған болуы шарт). Түпнұсқалары тексерістен соң үміткерге қайтарылады;
  3. шет тілін білетіндігін растайтын сертификаттың көшірмесі (IELTS, TOEFL, бар болған жағдайда), растау үшін түпнұсқасын қоса ұсыну керек;
  4. білімі туралы құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі. Шетелдік дипломы бар болған жағдайда – білімі туралы құжатты мойындау немесе нострификациялау туралы куәліктің не болмаса білімі туралы құжатты мойындау туралы басқа құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі.
  5. Білімі туралы құжаттар:

·         «Бакалавриат» бағдарламасы үшін – аттестат қосымшасымен немесе негізгі орта білімі туралы куәлік қосымшасымен, арнайы орта бағдарламасы бойынша ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы табелі немесе транскрипті бар, білім алушының мәртебесі туралы анықтама немесе арнайы орта білімі туралы дипломы қосымшасымен, орташа балы кем дегенде 5,0-ден 4,0;

·         «Магистратура» бағдарламасы үшін – бакалавр/маман дәрежесінің дипломы қосымшасымен немесе білім алушының ағымдағы жылдағы үлгерімі туралы транскрипті бар мәртебесі туралы анықтама, GPA 4.0-ден 3.0;

·         «Докторантура» бағдарламасы үшін – магистр дипломы қосымшасымен немесе білім алушының ағымдағы жылдағы үлгерімі туралы транскрипті бар мәртебесі туралы анықтама, GPA 4.0-ден 3.0;

**Ағымдағы оқу үлгерімі туралы анықтаманы ұсынған үміткерлер үшін жоғарыда көрсетілген балдарға орташа балы сәйкес болуы қажет

 

  1. құжаттарды тапсыру кезінде ағымдағы жылы берілген № 4-қосымшаға сәйкес шетелге шығатын азаматтың 0/82у медициналық аңықтамасы;
  2. таңдаған оқу бағыты бойынша халықаралық немесе республикалық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алған сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
  3. транскрипт немесе шетелдік жоғары оқу орнының шақыртуы (бакалавриат немесе магистратура бағдарламалары бойынша шетелдік жоғарғы оқу орындарына өз бетімен түскен немесе оқитын тұлғалар үшін). Сонымен қатар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аударма қамтамасыз етіледі;
  4. бар болған жағдайда ғылыми жарияланымдардың немесе оқу-әдістемелік (ғылыми) әзірлемелердің тізімі (Докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін);
  5. «жетім балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар, шетелдік тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсылық көрсетілмеген медициналық қорытындыға сәйкес мүгедектер және мүгедек балалар, көп балалы отбасыға жататын балалар» санатына тиесілі фактіні растайтын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқасы тексерістен соң үміткерге қайтарылады);
  6. заңды өкілдің (ата-ана, асырап алушылар, қамқоршы немесе тәрбиеші, асырап алушы ата-ана) шет елге оқуға жіберуге жазбаша келісім хаты (18 жасқа толмаған үміткерлер үшін).

 

Екі данада келесі құжаттарды тапсыру қажет (ағылшын немесе поляк тілінде беру керек):

 

  • стипендиялық бағдарламаның ағымдағы өтінім нысаны (толығымен толтырылып, басып шығарылады және өтініш беруші қолы қояды);
  • аттестатының көшірмесі немесе соңғы 2 жылдың табельдері;
  • бакалавриат диплом және транскрипті магистратура бағдарламасына, магистратура дипломы және транскрипті докторантура бағдарламасына;
  • профессор немесе мұғалімдері тарапынан 2 ұсыныс хат;
  • үміткердің зерттеу жобасын қабылдаушы мекемеде жүзеге асыруға болатынын растайтын университеттің немесе таңдап алынған ғылыми ұйым қызметкерінің оқуға қабылдау келісімі (егер бар болса);
  • басқа құжаттар (шетел тілін білетіндігін растайтын сертификаттар және т.б. бар болған жағдайда).

 

Құжаттар құжат тігілетін папкіде 3 данада ұсынылады:

 

· 2 пакет құжат ағылшын немесе поляк тілінде (1 түпнұсқа, 1 көшірмесі) — 1 пакет құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде (1 түпнұсқа);

 

Құжаттарды келесі мекен-жай бойынша тапсыру қажет: Астана қаласы, Мәңгілік Ел 8, «Алтын Орда» бизнес орталығы, 5-ші қабат, 507-каб.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі байланыс номері арқылы хабарласыңыз

+7 (7172) 24-93-71

Құжат тапсырудың соңғы мерзімі 15 сәуір.

 

Прагада чех немесе ағылшын тілін үйренудің жылдық тегін курсына арналған гранттар

Весенняя Прага

Прага лингвистикалық институты Қазақстанның дарынды жастары үшін білім гранттарына конкурс жариялайды.

Еуропа жүрегіндегі Чехияның үздік университеттеріне жол аша отырып, мектеп пен жоғары оқу орнының түлектері үшін лайықты білім алуға керемет мүмкіндік береді.

Үздік үміткерге бюджеттік оқу бойынша Чехияның мемлекеттік жоғары оқу орындарына түсу дайындықтарына арналған чех және ағылшын тілдерінің жылдық курсына ГРАНТ беріледі, сондай-ақ барлық оқу материалдары – ТЕГІН!

Қарқынды дайындық курстары аяқталғаннан кейін студенттер Прага мен Чехия Республикасының ең беделді оқу орындарына түседі және ТЕГІН БІЛІМ алады.

Қажетті құжаттар мен шарттар:

1) фотосуреттің сканерленген нұсқасы (3,5×4.5 jpeg. форматында);

2) жеке бас куәлігінің сканерленген нұсқасы;

3) ағылшын тіліндегі уәждемелік хат (ең үлкен көлемі — 1 500 сөзге дейін, форматы doc. және docx., қаріп — Times New Roman 12, жол аралығы — 1,5. Тақырыбы: How can studying abroad shape you as a personality?);

4) резюме;

5) конкурсқа қатысу үшін толтырылған өтініш;

6) грамоталар, сертификаттар (барлық жетістіктері — MP4,.MPG,.MOV,.WMV, және.AVI бейне түрінде, ұзақтығы 3 минутқа дейін ұсынылуы тиіс);

7) 2 ұсыныс хат;

8) ағылшын тілін B1 — Intermediate деңгейінде білу (сертификат талап етілмейді);

Қосымша:

Мамандықтар бойынша оқуға түсудің шарттары (бакалавриат):

- Халықаралық қатынастар – екінші шет тілінен (неміс, француз, испан, итальян) білімі А2 деңгейінен төмен емес, математика бойынша бағалары 4-5-тен төмен емес;

- Техникалық мамандықтар және экономикалық мамандықтар – нугізгі пән бойынша және математикадан бағалары 4-5-тен төмен емес;

- Гуманитарлық мамандықтар – нугізгі пән бойынша бағалары 4-5-тен төмен емес.

Құжаттарды электрондық поштаға жіберу қажет:

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. және This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2019 жылғы 15 сәуірге дейін, 23:59 (Чехия уақытымен).

Грант төмендегілерді қамтиды:

1) оқудың толық курсы – жылына 770 академиялық сағат;

2) оқу материалдары;

3) Чехиядағы жоғары білім туралы жеке консультациялар;

4) орта немесе жоғары білімді нострификациялау (1 әрекет);

5) курстарды аяқтағаны туралы сертификат;

6) елшілікке оқу мен тұратын жері туралы растама;

7) Чехиядан DHL курьерлік поштасы арқылы бір реттік жеткізу;

8) Чехияға ұзақ мерзімді виза рәсімдеу барысын қадағалау (онлайн қолдау);

9) елшілікте сухбатқа дайындау;

10) келген соң қала бойынша бағдар беру;

11) Шетелдіктердің істері жөніндегі полицияға тіркелуге жәрдемдесу;

12) 1 айлық жолақы билеті;

Қосымша: нугізгі пәндерді оқу курсын сатып алуға болады: 1 пән – 200 еуро, 1 пән + терминология – 250 еуро, 2 пән + терминология – 400 еуро

Анықтама телефондары:

8 (7172) 76-90-56

8 747 269-22-63 (WhatsApp)

8 776 176-43-09

Ұйымның веб-сайтына сілтеме:

https://prag-study.com/programs/podgotovitelnye-kursy/godovoy-kurs-770-ak-ch/

Әлеуметтік желілер:

ВКонтакте — https://vk.com/plc_info;

Facebook — https://www.facebook.com/prag.inst/;

Instagram — prague.institute.

Будапешттегі тегін жазғы мектеп (Венгрия)

29. budapest

БУДАПЕШТТЕГІ Antall József жазғы мектебі (Венгрия) магистранттар мен докторанттарға арналған 12 күндік жазғы мектеп бағдарламасын ұсынады.

Мектепте тарих, экономика, энергетикалық саясат, сыртқы саясат, қауіпсіздік және тұрақты даму саясаты, сондай-ақ Вишеград ынтымақтастығы аясындағы бизнесті және инновациямен байланысты іс-әрекеттерді терең талдауды қамтамасыз ететін лекциялар, семинарлар, пікірталастар, дөңгелек үстелдер және қысқаша тренингтер өткізіледі.

Қашан:

2019 жылғы 1 — 11 шілде

Қайда?

Antall József жазғы мектебі, Будапешт (Венгрия)

Талаптар:

- Жасы: 23 жастан 35 жасқа дейін

- Білімі: магистратура және / немесе докторантура (оқу үстінде немесе аяқталған)

Тіркеу жарнасы: 80 евро (тек стипендия берілген соң)

Бағдарлама стипендияның екі түрін ұсынады:

1 стипендия түрі:

- тегін оқу

- Тұру;

- Тамақтану (таңғы және түскі ас)

- жол шығындары (эконом классы / бағыттары)

2 стипендия түрі:

- тегін оқу

- Тұру;

- Тамақтану (таңғы және түскі ас)

Өтініш беру:

Онлайн өтінім формасын толтыруыңыз керек — http://ajsummerschool.com/en/content/how-to-apply.

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 2019 жылдың 14 сәуіріне дейін

Байланыс телефоны:

8 (7172) 76-90-56

8 747 269-22-63 (WhatsApp)

8 776 176-43-09

Веб-сайттағы толық ақпарат: http://ajsummerschool.com/en/content/how-to-apply.

Испаниядағы Хаен университетінде тегін білім алу стипендиялары

ispaniya

Испаниядағы Хаен университінде

бакалавр немесе магистратура бағдарламалары бойынша 75 стипендия

Бакалавриат бағдарламасына 50 стипендия

Стипендия нені қамтиды:

  1. тегін оқу
  2. 2200 еуро көлемінде жылдық стипендия (шамамен 2 400 доллар)
  3. медициналық сақтандыру
  4. испан тілін үйрену тегін курстары

Магистратура бағдарламасына 25 стипендия

Стипендия нені қамтиды:

  1. тегін оқу
  2. 3000 еуро көлемінде жылдық стипендия (шамамен 3200 доллар)
  3. медициналық сақтандыру
  4. испан тілін үйрену тегін курстары

ӨТІНІШ ТАПСЫРУ ҚАДАМДАРЫ:

1-қадам

Өтінішті толтыру

2 қадам

Өтініш бергенде жазылған электрондық поштаңызға келген нұсқауларды орындау

Өтініштерді қабылдау мерзімі:

  • Бакалавриат: 2019 жылғы 8 сәуірге дейін
  • Магистратура: 2019 жылғы 29 сәуірге дейін
  • Шешім 2019 жылдың мамыр-маусым айларында қабылданады

ТАЛАПТАР:

Өтініш формасымен бірге келесі құжаттарды электронды түрде тапсыру қажет (pdf):

  1. төлқұжат көшірмесі
  2. академиялық үлгерімді растайтын құжат
  3. ағылшын немесе испан тілін білетіндігін растайтын сертификат

Университеттегі бағдарламалар тізімі:

Bachelor Degree

  • Degree in Business Administration and Management* (group in english)
  • Humanities and Arts
  • Degree in Spanish Studies
  • Degree in Art History Social Sciences
  • Degree in Statistics and Business
  • Degree in Public Administration Management Engineering
  • Degree in Civil Engineering
  • Degree in Electrical Engineering
  • Degree in Geomatics and Surveying Engineering
  • Degree in Industrial Organization Engineering
  • Degree in Chemical Engineering
  • Degree in Energy Resources Engineering
  • Degreein Mining Technologies Engineering
  • Degree in Telecommunication Technology Engineering

Masters Degree

  • Master’s in Telecommunication Engineering* (group in english)
  • Master’s in Advance Studies in Culture Heritage: History, Art and Territory
  • Master’s in Research and Aesthetic Education: Arts, Music and Design
  • Master’s in Analysis, Conservation and Restoration of Physical and Biotic Components of Habitants
  • Master’s in Biotechnology and Biomedicine
  • Master’s in Olive Growing and Olive Oil
  • Master’s in Applied Chemistry
  • Health Sciences Master’s in Research in Health Sciences
  • Master’s in Renewable Energies
  • Master’s in Connected Industry
  • Master’s in Geomatics and Geo-information Engineering
  • Master’s in Mechatronics Engineering
  • Master’s in Computer Engineering
  • Master’s in Land Transport Engineering and Logistics
  • Master’s in Computer Security

Толық ақпарат келесі сілтемелерде

Қосымша ақпарат алу үшін 8 7172 76 90 56 телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз

 

Пекин Ғылым және Технологиялар университеті шетелдік студенттерге арналған ректордың грантын ұсынады

29. Пекинский университет

Пекин Ғылым және Технологиялар университеті— 1952 жылы Пекин қаласында құрылған Қытайдың мемлекеттік жоғарғы оқу орны.
Болат, қорытпалар және материалдар саласындағы жетістіктерімен танымал
Университеттің басты бағыты инженер мамандарын менеджмент және гуманитарлық бағдарламаларымен бірлестіре дайындау болып табылады.

Аталмыш гранттар туралы толығырақ ақпарат университеттің сайтында орналастырылған.

Грант келесі шығыстарды қамтиды:

·     тегін оқу;

·     жатақханада тұру;

·     ай сайынғы стипендия магистрлер үшін 400$, докторлар үшін 450$;

·     медициналық сақтандыру.

Талаптары:

1.   Білім деңгейі және жас мөлшеріне қойылатын шектеулер:

-  магистратураға үміткерлердің бакалавр дәрежесі және жас мөлшері    35 жасқа дейін болуы тиіс.

-  докторантураға үміткерлердің магистр дәрежесі және жас мөлшері     40 жасқа дейін болуы тиіс.

2.   Қытай тілінде оқу үшін:

-  магистратураға үміткерлерге HSK5 сертификаты;

-  докторантураға үміткерлерге HSK6 сертификаты.

3.   Ағылшын тілінде оқу үшін:

-  IELTS 6.0или IBT 80.

Грантқа онлайн-тіркелу мерзімі 2019 жылғы 30 сәуірге дейін және құжаттардың толық пакетін пошта арқылы қабылдау мерзімі – 2019 жылғы 15 маусымға дейін.

Өтінім жасау барысы:

1.     Үміткерлер міндетті түрде онлайн-тіркелімнен өтуіп басып шығаруы тиіс http://onlineapply.ustb.edu.cn /

2.     600 юань көлеміндегі тіркелім жарнасын төлеуі қажет

3.     Құжаттар құжат тігілетін папкіде 2 данада (1түпнұсқа, 1 көшірмесі) пошта арқылы келесі адреске жіберіледі:
Office 114, International Student Center, University Science and Technology Beijing, Xueyuan Road 30, Haidian District, Beijing 100083 China.
Tel: +86-10-62332943
Fax: +86-10-62327878
Email: 
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қажетті құжаттар:

  1. Online-тіркелім формасы;
  2. Аталмыш грантқа тапсыру туралы анкетасы;
  3. Білімі туралы құжаттар қосымшасымен (ағылшын немесе қытай тіліне аударылған және нотариалды расталған). Оқуын аяқтамаған үміткерлер жоғарғы оқу орнынан анықтама және соңғы семестрдегі үлгерімі бойынша транскрипт тапсыруы қажет;
  4. Үміткердің өзі жайында (Исследовательский план) ағылшын немесе қытай тілінде жазылған эссе (магистратураға кем дегенде 800 және докторантураға кем дегенде 1500 сөз немесе иероглиф);
  5. Үміткерлер қытай немесе ағылшын тілінде профессор немесе доценттің атынан жазылған екі ұсыным хатты ұсынуы тиіс;
  6. Медициналық анықтаманың көшірмесі (Foreigner Physical Examination Form, түпнұсқасы үміткердің өзінде сақталуы тиіс).

Міндетті түрде № 2-қосымшабойынша өту керек;

  1. Тіркелім жарнасын төлегені туралы чек;
  2. Шет тілі білімін растайтын сертификат HSK немесе IELTS, IBT;
  3. Паспорттың көшірмесі (үміткердің деректері бар тек алғашқы беті);
  4. Өтінім берушілер Қытай университетінен бар болған жағдайда, профессордан шақырту хатын ұсынуы тиіс;
  5. Ғылыми публикациясының абстрактісімен мазмұндамасы (болған жағдайда).

Сұрақтар бойынша келесі телефонға хабарласыңыз: +7 (7172) 769-071

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design