«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Венгрияның үкіметаралық гранттарына құжат қабылдау жалғасуда

венгрия

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Венгрия Республикасының Адами ресурстар министрлігі арасындағы 2013 жылғы 19 қарашадағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Венгрия үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына 2020–2021 оқу жылы «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұсынады.

Бұл бағдарлама шеңберінде Венгрия тарапы Қазақстан Республикасы азаматтарына келесі бағдарламалар бойынша 250 грант бөліп отыр:

- бакалавриат бағдарламасы бойынша  110 орын  (техникалықғылымдар, гуманитарлық ғылымдарауыл шаруашылығыөнер)

- магистратура бағдарламасы бойынша  90 орын  (техникалық ғылымдарауыл шаруашылығыөнер)

- бакалавриат+магистратура бағдарламасы бойынша  30 орын  оқу мерзімі 5–6 жыл(жалпы медицина, фармацевтика, стоматология, сәулет, ветеринарлық хирургия, егіншілік саласындағы инженерия, сәулет саласындағы инженер)

Бакалавриат, магистратура және бакалавриат + магистратура бағдарламалары бойынша стипендиаттар бірінші оқу жылы қабылдаушы университет ұсынған «Венгр тілі шет тілі ретінде» курсын өтуге және екінші семестрдің соңында емтихан тапсыруға міндетті (венгр тілінде оқитын стипендиаттарды қоспағанда). Курсқа қатыспайтын стипендия иегерлері ай сайынғы стипендияны ала алмайды.

- докторантура бағдарламасы бойынша 20 орын (барлық бағыттар бойынша)*

   *Докторантура бағдарламасына үміткерлердің қабылдаушы университеттен ғылыми жетекшілері болуы керек. Онлайн-тіркелу кезінде қабылдаушы университеттен ғылыми жетекші/супервайзер қол қойған қабылдауды растайтын құжатты тіркеу қажет.

Аталған гранттар туралы ақпарат

http://studyinhungary.hu/study-in-hungary/menu/stipendium-hungaricum-scholarship-programme/apply-for-a-stipendium-hungaricum-scholarship/call-for-applications-2020–2021.html вебсайтында орналасқан.

Мамандықтар тізімін сілтемеден  көре аласыз.

Грант келесі шығындарды өтейді:

- тегін оқу;

- бакалавриат және магистратура бағдарламалары үшін ай сайынғы стипендия 130 Евро, докторантура 415 Евро (бірінші 4 семестр) және 530 Евро (екінші 4 семестр);

- жатақханада тұру (немесе жалдамалы пәтердің ақысы айына 120 Евро көлемінде);

медициналық сақтандыру.

Назар аударыңыз!!!  Қалған шығындарды грант иегері өз қаражатынан өтейді.

2002 жылғы 31 тамыздан  кейін туған үміткерлерден өтініш қабылданбайды, «Хореография» (Dance Study) мамандығынан басқа.

Венгр сайтында  онлайн-тіркелу мерзімі – 2020 жылғы 15 қаңтарға дейін

Толық құжаттар топтамасын қабылдау мерзімі – 2020 жылғы 3 желтоқсаннан 20 қаңтарға дейін.

Венгрия тарапы 2020 жылғы  28 ақпаннан мамыр айы аралығында іріктеу өткізеді.

Stipendium Hungaricum сайтында тіркелу бойынша нұсқаулық

Онлайн-тіркелу мәселелері бойынша мына телефон нөміріне хабарласуға болады: +7 7172 76 90 82, 24 93 85, 24 93 86

Құжаттар онлайн және қолма-қол тапсырылады!!!

Құжаттарды тапсыру бойынша нұсқаулық

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ескертеді

прием документов

Құрметті үміткерлер!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен шет мемлекеттердің үкіметтері мен ведомстволары (Венгрия, Қытай) арасында жасалған үкіметаралық келісімдер шеңберінде конкурсқа қатысу үшін құжаттар жинау бойынша білім беру агенттіктерінің ақылы негізде қызмет көрсету фактілері жиілеп кеткендігі туралы мәлімдейміз.

Осыған орай, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Венгрия мен ҚХР жоғары оқу орындарында оқу үшін құжаттар қабылдау бойынша кеңес беру мына байланыс телефондары:

76 90 84, 24 93 86, 24 93 85 арқылы тегін жүргізілетіндігін хабарлайды.

Женева университеті MEIG бағдарламасы бойынша оқуға құжаттар қабылдайтынын жариялайды

geneve

Женева университетінің «Еуропа және халықаралық басқару саласындағы ғылыми зерттеулер магистратурасы» (MEIG) стипендиялық бағдарламасы дамушы елдер азаматтарына 10 стипендия бөліп отыр.

Бұл 10 айлық бағдарлама еуропалық және халықаралық басқаруда біліктілігін жетілдіргісі келетін азаматтарға арналған.

5 стипендия (45 000 CHF (швейцариялық франк) тіркелуді және Женева қаласында тұруға қажетті қаражаттың бір бөлігін қамтиды.

5 стипендия (20 000 CHF (швейцариялық франк) Женева қаласында тұру қаражатын өтейді.

Құжаттар онлайн түрде 2019 жылдың 25 желтоқсанына дейін қабылданады.

Толық ақпаратты www.meig.ch сайтынан немесе ҚР-дағы Швейцария Конфедерациясы Елшілігінен біле аласыздар.

Болашақ түлегі Атырау Мұнай және газ университетінің проректоры болып тағайындалды

Олжас Сулейменов болашаковец

«Болашақ» халықаралық бағдарламасының 29 жастағы түлегі Олжас Сүлейменов Сафи Өтебаев  атындағы Атырау Мұнай және газ университетінің жастармен жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры болып тағайындалды.

«Болашақ» халықаралық бағдарламасы шеңберінде Тонгжи Шанхай университетінде инженер-құрылысшы мамандығы бойынша білім алған. 2012 — 2013 жылдары — Тонгжи университетінің «International Students Association» Халықаралық студенттер қауымдастығының президенті болған.

Бірнеше лауазымды қызметтерді иеленген:

- «Global Procurement Company» ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі директоры;

- «Logic Services Kazakhstan» ЖШС Бас директоры;

- «CentrAsia Group» компаниясының өндіріс жөніндегі директоры;

- Дін істері және азаматтық қоғам министрінің кеңесшісі;

- Қытайдағы «ТДҰА» АҚ Бас өкілі;

-  «SHEBERBUILD» құрылыс компаниясының бас директоры;

Сондай-ақ, «Drexler & Partner Construction Group» және «PMJ Asia Construction Group» халықаралық компанияларында қызмет атқарған.

Сиань қаласындағы «Kazakhstan Students Association in China» атты қазақстандық студенттер жастар ұйымының негізін қалаушы.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Болашақ» Қауымдастығының мүшесі, БҰҰ жанындағы Жас көшбасшылар қауымдастығының мүшесі.

2015 жылы БҰҰ ұйымдастырған «Көп тіл — бір әлем» эссе байқауының жеңімпазы атанған. БҰҰ Бас Ассамблеясының трибунасында «Су – өмірдің қайнар көзі» атты баяндама жасаған.

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

16 желтоқсан

Құрметті отандастар!

Сіздерді еліміздің ең ұлық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн – ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап келген азаттығымыздың ақ таңы атқан күн. Білектің күші, найзаның ұшымен маңдайымызға бұйырған ел егемендігі біздің баға жетпес байлығымыз болып қала бермек.

Осы жылдар ішінде еліміз шекарасын шегендеп, құқықтық мәртебесін айқындаған, дербес демократиялық мемлекет ретінде төрткүл дүниеге танылды. Отанымыздың осындай биік белестерге жетіп, жан-жақты өсіп-өркендеуіне әрбіріңіздің мол үлестеріңіз бар деп білеміз. Сондықтан осынау қуанышты сәтке орай, мұрат тұтқан барлық игі бастамаларыңыз оңынан орындалсын деп тілейміз. Ел ертеңі үшін атқарар әрбір істеріңіз жемісті болсын.

Баршаңызға мықты денсаулық, баянды ғұмыр, ырыс пен береке тілейміз.
Еліміз әрқашан еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!

Құрметпен,
“Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ 

«Bolashaq» журналының қорытынды саны жарық көрді

журнал Болашак 2

2019 жылдың 13 желтоқсанында Халықаралық бағдарламалар орталығында «Bolashaq» журналының биылғы қорытынды санының таныстырылымы өтті. Аталған шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды.

Таныстырылымға орталықтың ұжымы, журналдың шығуына атсалысқан авторлар мен «Болашақ» түлектері қатысты.

Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Айнұр Кәрібозова жиналғандарды алда келе жатқан айтулы мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Ол өз сөзінде «Bolashaq» журналының баспа нұсқасындағы қорытынды санын таныстыра отырып, келесі жылдан бастап журналды электронды түрде жарыққа шығару жоспарланып отырғанын жеткізді. Шараға сондай-ақ, мезгілсіз дүниеден өткен болашақтықтардың бірі – Алма Оразалинованың әпкесі Рабиға Байымбетова қатысып, сіңлісі туралы естеліктерімен бөлісті. Алма Оразалинова – Дүниежүзілік банкте қызмет атқарған тұңғыш қазақ қызы және оның есімі банктің Вашингтондағы штаб-пәтерінде орналасқан конференц-залға берілген болды.    

Жиын соңында «Bolashaq» журналына мақалалары енген болашақтықтар сөз сөйлеп, ой-пікірлерімен бөлісті.

«Bolashaq» журналының электронды нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Жоғары білім интернационализациясына арналған воркшоп өтті

542A9496

2019 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын іске асыру шеңберінде жоғары білім беруді интернационалдандыру бойынша оқу іс-шарасы өтті.

Аталған шара білім беруді жаһандық ортаға (экожүйеге) біріктіру, атап айтқанда, ағылшын тілін белсенді таратумен қатар білім беру бағдарламаларын сыртқы нарыққа шығару мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бұл, өз кезегінде, қазақстандық білім беру жүйесінің сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін және өзектілігін арттыруға ықпал етпек.

         Семинар барысында елімізге шетелдік сарапшылар мен студенттерді тарту механизмдері, академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру секілді өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, ұсыныстарды ескере отырып, жоғары оқу орындарын интернационалдандыру стратегиясының жобаларын әзірлеу бойынша топтық жұмыс пен олардың таныстырылымы өткізілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, сонымен қатар еліміздегі жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design