«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«Болашақ» стипендиясының иегерлері атанды

28.РК

Шетелде мамандар даярлау бойынша Республикалық  Комиссия отырысының шешімі бойынша 188 үміткерлер  «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Стипендия иегері атанғандар шетелдік жоғарғы оқу орындарында магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім алады. Сондай –ақ,  әлемдік ғылыми және өндірістік орталықтарға тағылымдама бойынша да жіберілетін болады. 
Құрметті «Болашақ» стипендиясының иегерлері,
Сіздерді білімдегі жеңістеріңізбен құттықтаймыз!

Кореялық алдыңғы қатарлы технологиялар институтында (KAIST), магистратура мен докторантураға арналған толық гранттар

20. КАИСТ

Алдыңғы қатарлы технологиялардың Корей институты (KAIST) – бұл Тэджон қаласында орналасқан

Жапония үкіметінің (MEХT) шәкіртақысы бойынша Жапонияда жас мемлекеттік қызмет мамандарын оқытуға арнлаған Young Leaders' Program бағдарламасына құжаттарды қабылдау басталды

16.Япония1

Young Leaders' Program (YLP) — ағылшын тіліндегі бір жылдық магистратура бағдарламасы.

Ульсан ұлттық университетінде магистратура мен докторантураға арналған оқу гранттары

15.Обучение в корее

UNIST 2007 жылы әлемге әйгілі автомобиль (Hyundai Motor), кеме жасау (Hyundai Heavy Industries), мұнай-химия (SK Energy) концерндерінің

University of Science and Technology-да (UST) магистратура мен докторантура бағдарламаларына арналған гранттар (UST), Оңтүстік Корея

15. Южная Корея

UST ғылыми-зерттеу институты ретінде 2003 жылы құрылған және Оңтүстік Корея үкіметімен қаржыландырады.Университетте 1400-ден астам профессорлар жұмыс атқарады және 32 ғылыми-зерттеу институттары бар.
 
Университет қазақстандық студенттерге техникалық мамандықтар бойынша магистрлік және докторлық бағдарламаларға гранттар ұсынады. 
 
Мамандықтар: 
 
Жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық технологиялар, биотехнология, нано-технологиялар, қоршаған ортаны қорғау технологиясы, ғарыштық технологиялар. Мамандықтардың толық тізімін келесі сілтемеден таба аласыз: https://admission.ust.ac.kr/prog/UstMajor/admission_eng/sub01_01_01/list.do?studies_div=10
 
Нұсқаулық пен шарттарды білу үшін келесі сілтемені басыңыз: https://admission.ust.ac.kr/cop/bbs/BBSMSTR_000000000633/selectBoardArticle.do?nttId=52386&kind=&mno=sitemap_12&pageIndex=1&searchCnd=&searchWrd=
 
Онлайн өтініш беру үшін келесі сілтеме арқылы өтіңіз: https://apply.ust.ac.kr/usr/selectLang.do
 
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 
 
Онлайн-система арқылы: 19–20 қыркүйек 2019 ж.
Почта арқылы құжаттар тапсыру: 11–16 қазан 2019 ж.
Бірінші тур нәтижелерін хабарлау: 6 қараша 2019 ж.
Сұхбат өткізу: 13–20 қараша 2019 ж.
Соңғы нәтижелер туралы хабарлама: 11 желтоқсан 2019ж.
 
Үміткерге қойылатын талаптар: 
 
- IELTS 6.0 және жоғары, TOEFL iBT 79/ PBT 550, TOEIC 730, TEPS 630/ NEW TEPS 342
- Жоғары академиялық үлгерім
- Жетістіктер, сертификаттардың, жарияланымдардың болуы басымдыққа ие болады
- Бір семестрге оқу ақысы 2100 АҚШ доллары (сома ай сайынғы шәкіртақы түрінде қайтарылады)
 
Грант келесіні қамтиды:
 
- Ай сайынғы шәкіртақы 1200$ США
- Тұратын орын
- Медициналық сақтандыру
 
Қажетті құжаттар:
 
- Зерттеу жоспары (форма онлайн жүйесінен жүктеледі)
- Диплом (бакалавр/магистратура), немесе университетті бітіретіні туралы сертификат
- Транскрипт (бакалавр/магистратура)
- Магистерлік диссертация (тек тақырып пен абстракт жіберу қажет (форма 1 қараңыз))
- Ағылшын тілінің деңгейі жайлы ресми сертификат (IELTS, TOEFL, TOEIC)
- Жұмыс орнынан анықтама (болған жағдайда)
- Басқа жетістіктер (мысалы, зерттеу жұмыстары, патенттер, білім бағытында тәжірибесі және жоғарыда аталған құжаттарда көрсетілмеген марапаттар және тілді білу деңгейі)
- 1–3 ұсыныс хаттар (форма онлайн жүйесінен жүктеледі)
- Тіркеу алымы 20 USD
- Барлық құжаттар бір файлда PDF форматында болуы керек.
 
* Ескерту: Ұсыныс хаттар екі жолмен берілуі мүмкін: біріншісі — үміткер онлайн-жүйеде тіркелу кезінде ұсынушылардың барлық деректерін, олардың электрондық пошталарын көрсетеді. Содан кейін UST ұсынушыға ұсыныс хатын беру туралы өтінішпен жүгінеді. Ұсынушы белгіленген мерзімге дейін хат жіберуі керек (белгіленген мерзімнен кейін жіберілген хаттар жарамсыз болады).
Екінші әдіс – ұсынушы ұсыныс хатты әуе поштасы немесе электронды адрес арқылы жібере алады. Толық ақпаратты университеттің веб-сайтынан қараңыз.
 
Толық ақпаратты келесі номер арқылы біле аласыз: 8(7172) 76 90 69
 

Job Fair 2019 жәрмеңкесіне 200 бос жұмыс орны ұсынылды

14.Ярмарка

Job Fair 2019 жәрмеңкесіне 60 астам компания, сондай-ақ 30-ға жуық жоғары оқу орындары қатысты. 200 бос жұмыс орны ұсынылды. Олардың арасында ең көбі білім, экономика, авиация және машина жасау, ақпараттық технологиялар,

Tokyo Institute of Technology, Global Scientists and Engineers Program (GSEP) 2020 жылға қабылдау

05.tokyo 01 tokyo jpg 640 336 cover 70

Global Scientists and Engineers Program (GSEP) –ағылшын тіліндегі бакалавриат бағдарламасы

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design