«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Шанхай политехникалық университетіне тілдік курстар

cn03

Шанхай политехникалық университетіне 2018 оқу жылына тілдік курсы бағдарламасына қабылдау.

Шанхай политехникалық университеті 1960 жылы құрылған. Университеттің негізгі ғимараты Шанхайда орналасқан.

Оқу барысында студенттер университет кітапханасын пайдалана алады. Бұл оқу орнын таңдаудың маңызды артықшылығы, Шанхай политехникалық университеті жақсы спорттық инфрақұрылымға ие.

Шанхай политехникалық университеті шетел студенттеріне арналған тілдік курстарға (Foundation) 1 орын ұсынады.

«Қытай үкіметінің А стипендиясы»: оқу ақысын, жатақхана, сақтандыруды және тіркеу жарнасын қамтиды, сонымен бірге айына 2,500 юань көлемінде стипендия беріледі.

Оқу мерзімі: 09. 2018 — 06.2019 ж

Өтініш берушінің біліктілігі:

  1. Орта білім туралы дипломы бар, 25 жасқа дейінгі шетел азаматтары қабылданады;
  2. Қытай тілінде оқытылатын курстарға түсу үшін HSK (қытай тілін меңгеру бойынша тест) талап етеді;

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Шанхай политехникалық университетінің стипендиялық бағдарламасының ағымдағы өтініш формасын (толық аяқталған, басылған және өтініш берушінің қолы қойылған) http://www.study-shanghai.org/Scholarship.asp   сілтемесі арқылы жүктей аласыз
  2. Өзін-өзі таныстыру туралы үш минуттық бейне-баян
  3. Мемлекеттік білім туралы құжаттардың көшірмелері (түпнұсқаларды бермеген жағдайда құжаттар нотариуста куәландырылуы қажет);
  4. Шет тілін білетіндігін растайтын сертификат (HSK 3);
  5. Мектеп немесе университеттен ұсыныс хаты
  6. Ағылшын және қытай тілдеріндегі уәждемелік хат (қажет болған жағдайда);
  7. Шетелге шығу үшін 082/у формасындағы медициналық анықтама (ағылшын тілінде);
    *Ескерту: медициналық анықтама оқуға қабылданғаннан кейін өткізіледі
  8. Фотосуреті бар төлқұжат бетінің көшірмесі;
  9. Сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
  10. Университетте оқып жатқан үміткерлер үшін дипломға қосымша транскрипт және университеттен анықтамалық хат қажет;

*Ескерту: орта мектептің дипломы мен HSK сертификатынан басқа құжаттар қайтарылмайды

Құжаттар пакеті қабылдайтын елдің талаптарына байланысты толықтырылуы мүмкін

Барлық құжаттар сканерленген болу керек

Өтініш берудің соңғы мерзімі: 2018 жылдың 18 мамыры.

Құжаттар мен конкурстарды қабылдау мәселелері бойынша байланыс телефондары:

8 (7172) 76 90 92; 76 90 44; 76 91 04; 24 93 96.

* Грантқа қабылдау туралы соңғы шешімді Шанхай политехникалық университеті қабылдайды

 

Қытайда оқу гранттары

sw

Шанхай политехникалық университетіне 2018 оқу жылына бакалавриат бағдарламасына қабылдау.

Шанхай политехникалық университеті 1960 жылы құрылған. Университеттің негізгі ғимараты Шанхайда орналасқан.

Оқу барысында студенттер университет кітапханасын пайдалана алады. Бұл оқу орнын таңдаудың маңызды артықшылығы, Шанхай политехникалық университеті жақсы спорттық инфрақұрылымға ие.

Шанхай политехникалық университеті шетел студенттеріне арналған 2 бағдарламаға 10 орын ұсынады. «Қытай үкіметінің В стипендиясы»: оқу ақысын, сақтандыруды және тіркеу жарнасын қамтиды

Бакалавриат бағдарламалары 4 жылдық оқуды қажет етеді.

  1. Халықаралық бизнес
  2. Ақпараттық жүйе және ақпараттық менеджмент

Шығындар:

Орналастыру

Жатаққанада екі орындық бөлмелер

15 / күні

Өтініш берушінің біліктілігі:

  1. Орта білім туралы дипломы бар, 25 жасқа дейінгі шетел азаматтары қабылданады;
  2. Қытай тілінде оқытылатын курстарға түсу үшін HSK 4 немесе одан жоғары деңгейін (қытай тілін меңгеру бойынша тест) талап етеді;
  3. Ағылшын тілінде оқытылатын курстарға қатысу үшін IELTS (ағылшын тілін халықаралық тестілеу жүйесі) 5,5 немесе одан жоғары болуы керек.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Шанхай политехникалық университетінің стипендиялық бағдарламасының ағымдағы өтініш формасы (толық аяқталған, басылған және өтініш берушінің қолы қойылған) сіз сілтемені басу арқылы жүктей аласыз http://www.study-shanghai.org/Scholarship.asp  
  2. Өзін- өзі туралы үш минуттық бейне-баян
  3. Мемлекеттік білім туралы құжаттардың көшірмелері (түпнұсқаларды бермеген жағдайда құжаттар нотариуста куәландырылуы қажет);
  4. Шет тілін білетіндігін растайтын сертификат (HSK 4);
  5. Шет тілін білетіндігін растайтын сертификат (IELTS 5,5);
  6. Мектеп немесе университеттен ұсыныс хаты
  7. Ағылшын және қытай тілдеріндегі уәждемелік хат (қажет болған жағдайда);
  8. Шетелге шығу үшін 082 / у формасындағы медициналық анықтама (ағылшын тілінде);
    *Ескерту: медициналық анықтама оқуға қабылданғаннан кейін өткізіледі
  9. Фотосуреті бар төлқұжат бетінің көшірмесі;
  10. Егер бар болған жағдайда, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері;
  11. Университетте оқып жатқан үміткерлер үшін дипломға қосымша транскрипт және университеттен анықтамалық хат қажет;

*Ескерту: орта мектептің дипломы мен HSK сертификатынан басқа құжаттар қайтарылмайды

Құжаттар пакеті қабылдайтын елдің талаптарына байланысты толықтырылуы мүмкін

Барлық құжаттар сканерленген болу керек

Өтініш берудің соңғы мерзімі: 2018 жылдың 30 маусымы

Құжаттар мен конкурстарды қабылдау мәселелері бойынша байланыс телефондары:

8 (7172) 76 90 92; 76 90 44; 76 91 04; 24 93 96.

* Грантқа қабылдау туралы соңғы шешімді Шанхай политехникалық университеті қабылдайды

 

Кореяда тегін оқу гранттары

kr spot 0 1465543765

Алдыңғы қатарлы технологиялардың Корей институты (KAIST)бұл Тэджон қаласында орналасқан Оңтүстік Корей жетекші оқу және зерттеу университеті. Университет 1971 жылы құрылған және жаратылыстану ғылымы, инженерия және бизнес салаларындағы мамандарды дайындайды. Университет жоғарғы ғылыми-зерттеу әлеуетіне және академиялық беделге ие. 2016 және 2017 жылдарды Thomson Reuters KAIST университетін әлемдегі инновациялық университеттердің ішіндегі алтыншысы деп және Азия-Тынық мұхит өңіріндегі ең инновациялық университет деп атаған. Осы жылдары университет әлемде 46-шы орын, Азияда 6-шы орын, QS университеттерінің әлемдік рейтингтегі техника және технологиялар аймағында 14-ші орын алды. Барлық сабақтардың 80% ағылшын тілінде өткізіледі.

Жыл сайын ЖОО Science & Engineering мамандары бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларының конкурстарынан өткен шетел студенттері үшін толық шәкіртақы ұсынады. Шәкірақыға оқудың толық ақысы, 200-300$ көлемдегі ай сайынғы шәкірақы және медициналық сақтандыру кіреді.

2018 жылдың күзгі семестрге түсуші үміткерлер үшін талаптар:

  1. Үміткерлер 31 август 2018 жыл ахуалы бойынша аяқталған орта білімі болуы тиіс.
  2. Үміткерлер кем дегенде SAT 1,SAT 2, AP, IB секілді ресми сертификаттардың біреуін, ҰБТ қорытындыларын, Халқаралық Олимпиадалар сертификаттарын жіберуі тиіс. Қатаң түрде SAT 2 сертификаттың болуы ұсынылады (Математика 2 деңгейі, Физика, Химия (немесе Биология)).
  3. Ағылшын деңгейі IELTS 6.5, TOEFL PBT 560, TOEFL CBT 220 төмен емес

Құжаттарды өткізу және онлайн-тіркеу (кешкі қабылдау) мерзімі — 2018 жылдың 29 маусымына дейін

Қорытындыларды хабарландыру – 2018 жылдың 20 шілдесіне дейін (Жұма)

Өтініш беру процедурасы:

  1. Мына сілтеме бойынша өтіңіз: https://apply.kaist.ac.kr/InterApply. Онлайн-сауалнаманы толтырып, файлды сақтаңыз. Сауалнаманы дұрыс толырғандығыңызды тексеріңіз.
  2. Оқу өтінішін қарастыру үшін 80$ алымды кредиттік картамен немесе аударыммен төлеңіз. Алым қайтарылмайды. Сонымен қатар, сауалнамадағы мәліметтердің дұрыс толтырылғанына көз жеткізіңіз, себебі төлем аяқталған соң сіз сауалнамадағы мәліметтерді өзгерте алмайсыз.
  3. Толтырылған онлайн-сауалнаманы басып шығарыңыз. Ары қарайғы процедуралар және нәтижелерді тексеру үшін өзіңіздің тіркеу номеріңізді есте сақтаңыз
  4. Толтырылған анкетаны және 2018 жылдың 29 маусымына дейін барлық қажетті құжаттарды мына мекен-жай бойынша жіберіңіз: Office of Admissions, KAIST, #108, Yang Boon Soon Bld. (E16-1), 291 Daehak-ro, Yuseong-gu, Daejeon 34141, Republic of Korea, Tel.: +82-42 350-4803
    Немесе 2018 жылдың 25 мамырына дейін «Халқаралық бағдарламалар орталығы» АҚ офисіне.
  5. Университеттің құжаттарды қабылдауын университет сайты арқылы тексеруге болады. Университет үміткерлерді жекеше хабардар етпейді.

Өтініш беру үшін құжаттар:

  1. Сауалнаманы толтыру(түпнұсқа)
  2. Бір ұсыныс хат (түпнұсқа)
  3. Көп дегенде 5 бет көлемінде сіздің мектебіңізге ақпарат (ресми бағдары, мектептіе жарияланатын брошюра, сайт, деңгейлер, оқушылар статистикасы және т.с.с)
  4. Мектептен немесе университеттен бағалар транскрипті (көшірме)
  5. ҰБТ сертификаты (көшірме)
  6. Ағылшын тілді білу сертификаты(көшірме)
  7. Куәлік немесе төлқұжат (көшірме)
  8. Қаржылық ресурстар туралы өтініш (түпнұсқа) – өтініште KAIST шәкіртақысын таңдау керек
  9. Марапат және мадақтамалар (көшірмелер) марапатқа дейін

*Сауалнама, ұсыныс хаттар және өтініштердің формаларын мына сілтеме бойынша өтіп сақтау керек:

http://admission.kaist.ac.kr/international/?page_id=1152

* Барлық құжаттар ағылшын тіліне аударылуы тиіс және нотариаоды куәландырылуы қажет. Аударманы түпнұсқамен бірге жіберу керек

* Грантқа қабылдау туралы ақырғы шешімді Корей институты қабылдайды

Тұрғын-үй:

Университетте ағылшын студенттер үшін жатақхана бар:

Бөлім

Бірорынды

Екіорынды

Үшорынды

Төрторынды

Айына бағасы ($)

223

77

77

0

Жатақхана кеңдігі

500

*Ағылшын тіліндегі оқуға тұсу нұсқаулығын сілтеме бойынша жүктеп ала аласыздар

Барлық сұрақтар бойынша мына телефон бойынша хабарласыңыздар: +7 (7172) 76 90 44, 76 91 04, 76 90 92, 24 93 96

 

«Болашақ» бағдарламасының түлегі шетелде оқу ерекшеліктері туралы айтып берді

МК3

2018 жылдың 18 сәуір айында В. П. Кузьмин атындағы Дамса орта мектебінде 9–11 сынып оқушыларына «Болашақ» халықаралық стипендиясының 25 жылдығына орай «Шетелде оқу» тақырыбы бойынша мастер-класс өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушы «Болашақ» степендиясының түлегі Құттыбаева Гүлжан. Ол өз кезегінде оқушыларға өзінің АҚШ-тың Миннесота штатында орналасқан Миннесота университетіндегі оқу жолы жайында қызықты әңгімелеп берді. Американың білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен таныстырып және олардың мәдениеті мен тілі жайлы сөз қозғады. Оқуда қалай жоғары GPA алып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысу жайлы оқушыларға ақыл-кеңестер берді. Сондай-ақ, қазақстандық студенттердің басынан жиі өтетін таңсық жағдайлар мен мәдени есеңгіреу туралы да айтып өтті. Iс-шарада білім алудың маңыздылығы, талапкерлерге берілетін жеңілдіктер мен гранттар, сонымен қатар қалай емтиханға дайындалып, керекті құжаттар жинау бойынша ақпарат берілді.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдері Испанияға жұмыс сапарымен барды

Испания рабочий визит

2018 жылдың 8–11 сәуір күндері ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (әрі қарай — Орталық) Президенті Жанболат Мелдешов бастаған делегация Испанияның үздік университеттерімен екіжақты ынтымақтастық орнату мақсатында Мадрид, Кадис және Валенсия қалаларына жұмыс сапарымен барды.

Тұтастай алғанда 12 кездесу ұйымдастырылды. Испания тарапынан Испания Корольдігі Білім министрлігінің білім беруді интернационалдандыру бойынша испан кеңсесі мен 17 Испанияның үздік мемлекеттік және жеке университеттерінің өкілдері қатысты.

Келіссөздер барысында испан білім беру жүйесі, студенттік мобильділік, қос дипломды алу бағдарламалары және Қазақстандағы испан университеттерінің өкілдіктерінің ашылуы туралы пікір алмастырылды.

Мадридте өткен кездесу барысында Білім беруді интернационалдандыру бойынша испан кеңсесімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды және жоғарыда аталған университеттердің өкілдері Орталықпен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға дайын екендігін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша, Қазақстан азаматтары үшін CEU San Pablo университеті 2 грант (100%) және Кадис университеті 10 грант (100%) ұсынды және кездесудің барлық қатысушылары Қазақстанның төрт қаласында жоспарланған жыл сайынғы халықаралық білім жәрмеңкесіне «International Education Fair» қатысуға ынтасын білдірді.

 

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдері Италияға жұмыс сапарымен барды

Италия рабочий визит

2018 жылдың 11–14 сәуір күндері ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Жанболат Мелдешов бастаған делегация Италияның үздік университеттерімен екіжақты ынтымақтастық орнату мақсатында, Рим, Флоренция және Пиза қалаларына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Италиядағы ең көне және беделді жоғарғы оқу орындар қатарындағы Римдік Сапиенца (Sapienza University of Rome) және Тор Вергата (University of Rome — Tor Vergata) университеттерінің басшылығы қазақстандық делегацияны қабылдап, италияндық білім беру жүйесі, студенттік мобильділік және қос диплом алу бағдарламалары бойынша қарым-қатынас жасау мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ, тараптар аталған университеттердің Қазақстанда шетелдік кампустарын ашу мүмкіндіктерін сөз етті. 

Сонымен қатар, қазақстандық делегация Флоренция (University of Florence) және Пиза университеттерінің (University of Pisa) басшылығымен кездесуінде қазақстандық азаматтарға қол жетімді білім алу, озық оқыту әдістерін дамыту және жоғарғы оқу орындары арасындағы профессорлық-оқытушылар құрамымен тәжірибе алмасу бойынша алдағы келісімдердің жобалары туралы келіссөздер жүргізді.

Кездесулердің қорытындысы бойынша, тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға және 2018 жылы Қазақстанның төрт қаласында жоспарланған жыл сайын өтетін «International Education Fair» халықаралық білім беру көрмесіне қатысуға ниет білдірді.

 

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен білім саласындағы серіктестік сұрақтары талқыланды

Встреча Китай

2018 жылдың 12 сәуірінде, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшылығы Шанхай компанияларының өкілдерімен кездесті: Уильям Чжа, Мырза Тұран Кайсер, Джастин Джиа, Жайна Зауатбек, Ернұр Жұмағали.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен білім саласындағы серіктестік сұрақтары талқыланды.

 

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design