«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«Аламан» жыл сайынғы фестивалі бастау алды

2016 жылғы 26–29 қарашада. Астана және Щучинск қалаларында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» -  «Серпін – 2050» әлеуметтік жобасы (бұдан әрі – Жоба) бойынша оқитын республиканың 14 өңірінен 400-ден аса студент қатысатын жыл сайынғы «Аламан» фестивалі өтеді.

Бұл іс-шара 2016 жыл бойын «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» -  «Серпін – 2050» әлеуметтік жобасына қатысқан барлық колледждер мен жоғары оқу орындарында өткен студенттік жастардың республикалық фестивалінің соңғы кезеңі болмақ. Жобаның әрбір қатысушысы «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік ғылыми жоба», «Үздік эссе конкурсы»,  «Дебаттық турнир», «Шығармашылық конкурс», «КТК (КВН) конкурсы», «Спорттық жарыстар» және т.б. сияқты түрлі 10 номинацияда өз мүмкіндігін көрсете білді.

26 қарашада Астана қ. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (бұдан әрі – Л. Гумилев атындағы ЕҰУ) республикалық конкурстың соңғы кезеңі мен жеңімпаздарды марапаттау шарасы өтеді.

Фестивальді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев құттықтау сөзімен ашады деп болжануда.

Іс-шараны мерекелеу шеңберінде үздік студенттік ұжымдардың гала-концерті ұйымдастырылады. Бағдарламада — КВН, музыкалық және театрландырылған нөмірлер, әдеби оқулар, спорттық сайыстар өтеді. Фестиваль қорытындысы бойынша фестиваль жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен марапатталады.

Іс-шараның басталуы: сағ. 15–00.

Өтетін орны: Астана қ., Мұңайтпасов көш., 11, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ Акт залы (оқу-зертханалық корпус).

Сонымен қатар, 27–28 қарашада Щучинск қаласындағы «Дискавери-Бурабай» сауықтыру орталығының базасында оқу орыдарының өкілдері, «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы шеңберінде оқитын студенттер, білім және жастар саясаты басқармаларының өкілдері үшін Республикалық семинар ұйымдастырылады.

«Серпін – 2050» бағдарламасы қатысушыларының семинар-тренингі барысында кәсіпкерлік, бизнес жоспарлау негіздері оқытылып, оқу өңірлерінде жоба қатысушыларын бейімдеу және әлеуметтендіру әдістемелік семинарлары өткізіледі.

Тренинг миға шабуыл форматында өтіп, қатысушылар коучпен бірлесе жұмыс барысында проблемалық жағдайларды модельдеп, инновациялық жобалар кейстерін пысықтайды, стартаптар құру үшін ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін зерделейді.

Іс-шараның басталуы – сағ. 10–00  – 28.11.2016 ж.

Қатысушыларды марапаттау – сағ. 16-00– 29.11.2016 ж.

Өткізілетін орны: Щучинск қ., «Дискавери-Бурабай» сауықтыру орталығы.

Анықтама үшін: «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы, 2014 жылдан бастап жастарды еліміздің жұмыс күші көп өңірлерінен (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан) жұмыс күші аз өңірлерге (Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан,Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарына) оқуға көшіру мақсатында іске асырылады.

Жобаның басты міндеті – жастарды жұмыспен қамту және республикада білім және еңбек ресурстарын тең бөлу. Қазіргі уақытта «Серпін-2050» жобасы шеңберінде 22 ЖОО және 54 колледж базасында 12,5 мың студент оқуда.

Serpin3

«Болашақ» бағдарламасын таныстыру Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да болып өтті

18 қарашада International Programs Day шеңберінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мамандары ЕҰУ студенттері мен оқытушыларына «Болашақ» бағдарламасының жаңалықтары туралы айтып берді.

ENU 21 11 2016

18 қарашада Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде InternationalProgramsDayөтіп, оған жоғары оқу орнының 100-ден аса студенті мен оқытушысы қатысты.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-дан басқа International Programs Day шарасына АҚШ, Жапония елшіліктерінің, Конфуция институтының, Campus France бюросының, DAAD қызметінің, сондай-ақ  American Corner-менбірлесе отырып, Education USA өкілдері қатысып, өздерінің ұлттық стипендиалдық бағдарламалары мен гранттары туралы, сондай-ақ ҚР азаматтарына қолжетімді курстар туралы айтып берді.

Кездесу халықаралық бағдарлама операторымен шетелде оқу, тағылымдамадан өту және ғылыми зерттеулер мүмкіндіктері туралы еркін сөйлесуге жағдай жасаған «сұрақ-жауап» форматында өтті. Жоғары оқу орнының жүзден аса студенті мен оқытушысы ақпараттық күнде болып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды.

Атап айтқанда, ҚР Президентінің «Болашақ» стипендиясына үміткерлерді бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар пакеті, конкурстық кезеңдер мен «магистратура» және «кәсіптік тағылымдамалар» бағыты бойынша өтініштер беру сияқты мәселелер қызықтырды.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (ҚР Президентінің «Болашақ» стипендиясының операторы) өкілі атап өткеніндей, 2016 жылдан бастап өз бетінше түскендер үшін магистратураға үміткерлерге дипломдарының орташа балына талаптарды GPA 4.00-ден 3.00-ге дейін арттыру көзделген; бұл ретте жалпы жұмыс өтілі кемінде 2 жылды құрауы тиіс. Тағылымдамаға үміткерлердің 3 жыл кәсіби өтілі, оның ішінде соңғы 12 айы таңдап алған мамандық саласынан болуы керек. Бұған қоса, ЕҰУ оқытушыларына докторантураның Split PhD жаңа бағдарламасы ұсынылып, оған сәйкес зерттеу жобасы отандық университет пен серіктес шетелдік жоғары оқу орнының базасында даярланады.

Солтүстік Қазақстан облысында «Мәңгілік ел жастары — индустрияға» — «Серпін-2050» әлеуметтік жобасының күндері өтуде

2016 жылғы 16–18 қараша кезеңінде «Серпін – 2050» әлеуметтік жобасының кураторлары Солтүстік Қазақстан облысының 8 оқу орнында болып қайтады.  

 Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында «Серпін – 2050» жобасы (бұдан әрі — Жоба) бойынша 1 109 студент оқуда, оның ішінде жоғары оқу орындарында – 621 студент, колледждерде – 488 студент. Жоба 2014 жылдан бастап жастарды еңбек күші жетіспейтін өңірлерге оқуға көшіру мақсатында іске асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты – жастарды жұмыспен қамтуға ықпал ету, республика бойынша білім және еңбек ресурстарын тең бөлу мақсатында жастарды еңбек күші көп өңірлерден (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) еңбек күші жетіспейтін өңірлерге оқуға көшіруді қамтамасыз ету.

«Серпін-2050» жобасы жастарды еңбек күші мол өңірлерден жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге көшіру процесіне тартудың тиімді құралы болып, жастар арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Солтүстік Қазақстан облысына сапары барысында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президентінің кеңесшісі Талғат Асқаров және «Серпін-2050» республикалық әлеуметтік жобасының басшысы Кульзия Тобатаева 8 оқу орнында болып қайтады (1 жоғары оқу орны және 7 колледж).

Оқу орындарында болған уақытта Жоба басшылары облыстағы Білім және жастар саясаты басқармасының өкілдерімен бірлесе отырып, оқу жағдайларымен және бағдарламасымен, кабинеттердің, зертханалар мен оқу орындарының шеберханаларының жабдықталуымен, студенттердің жатақханада тұру және бос уақыттарын өткізу жағдайларымен танысатын болады.

Анықтама үшін: Қазіргі уақытта «Серпін-2050» жобасына Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы 22 ЖОО және 54 колледж базасында оқып жатқан республиканың оңтүстік өңірлерінің 12 мың студенті қатысуда.  2016–2017 оқу жылында 22 жоғары оқу орнында 54 қажетті мамандық бойынша 4212 білім гранты (білім – 1000 грант; техника ғылымдары – 1717 грант; ауыл шаруашылығы ғылымдары – 345 грант; медицина – 100 грант) және 28 қажетті мамандық бойынша 30 ТжКБ ұйымдарында 1050 орынға мемлекеттік тапсырыс бөлінген. 2016 жылғы қыркүйектен бастап жобаның операторы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ болып табылады.

Serpin-3

2016 жылдың 1 желтоқсанында Астана қаласында «Болашақ» Қауымдастығының Жалпы жиналысының өткізілуі жоспарлануда

Жиналыста Кеңес құрамына сайлау өткізіледі.

Жауапкершілік алғысы келетін және ұйымымыздың дамуына өз үлесін қосқысы келетін әрбір Қауымдастық мүшесі сайлауға өз үміткерлігін танытса болады.

Ол үшін төмендегі құжаттардан тұратын өтінішті толтыру қажет:

1.  Өз қолымен қол қойған тіркеуге өтініш

2.  Қауымдастық мүшесінің сауалнамалары

3.  Сайлауалды бағдарламалар

4.  Кем дегенде 10 Қауымдастық мүшесінің ресми өтініштері

Сайлауда тек «Болашақ» Қауымдастығының мүшелері ғана қатыса алады!

Өтініштер ағымдағы жылдың 20 қарашасына, сағат 18.00-ге дейін Астана қаласы, Қонаев көшесі 12/1, 411/2 офисы мекенжайы бойынша қабылданады.

20 қарашаға дейін түпнұсқаларын әкелу шартымен Өтініштің сканерленген көшірмесін   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.   поштасына жіберуге болады.

Өтініш үлгісі

Қауымдастық мүшесінің саулнама үлгісі

Ресми өтініш үлгісі (үміткерлік парағы)

Сайлауалды бағдарламасының құрылымы

Жалпы жиналыстың өтетін орны және уақыты туралы қосымша хабарланады.

Жалпы жиналысқа онлайн тіркелу осы сілтеме бойынша жүзеге асады. Тіркелу міндетті болып табылады.

Мына телефон бойынша кеңес ала аласыз: 8 (7172) 707–669.

Жиі қойылатын сұрақтар:

1.  «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесіне сайлауға қатысуға кім өтініш білдіре алады?

Қауымдастық Кеңесіне сайлауға қатысуға өтінішті кез келген қазіргі мүшесі білдіре алады.

2.  Жекелеген үміткерлердің берілген артықшылықтар бар ма?

Жоқ, барлық Сайлауға үміткерлердің мүмкіндіктері бірдей, өтініштері тең жағдайда қарастырылады.

3.  Үміткерлерге қойылған шектеулер бар ма?

Арнайы шектеулер жоқ, өтініштер  Қауымдастықтың барлық қазіргі мүшелерінен қабылданады

4.  Өтінішті қалай білдіре аламын?

Толтырылған өтінішті сауалнама, үміткерлік парағы мен үміткерлердің бағдарламасымен бірге үміткер қағаз түрінде 20 қарашаның 18.00-ден кешіктірмей Қонаев көшесі 12/1, 411/2 офисы мекенжайында орналасқан «Болашақ» Қауымдастығының  офисына әкелуі керек.

5. Орынды себептермен (алыстық, кетіп қалу) өтініштің және барлық қажетті құжаттардың электронды нұсқаларын жіберсем бола ма?

Сіз және ұсынушы тұлғалар қол қойған «сканерленген» Өтінішті түпнұсқасын 20 қарашаға дейін көрсету немесе поштаға жіберу шартымен  білдіре аласыз.

6. Құжаттарды қабылдау мерзімінен соң (2016 жылдың 20 қарашасы) жіберуге бола ма?

Егер сіздің өтінішіңіз белгіленген мерзімнен соң жіберілсе, ол тіркеледі, сайтта «ақпарат үшін» белгісімен белгіленеді, бірақ, белгілі себептермен сайлауға қатыстырылмайды.

7. Қауымдастық мүшелері болып табылмайтын «болашақтақтардың» қолдауын алсам бола ма?

Жоқ, себебі сайлау заңды тұлға болып табылатын, белгіленген мүшелігі, қоғамдық ұйым ретіндегі ұйымдық-құқықтық формасы бар Қауымдастық Кеңеске өткізіледі. Ұйым өз мүшелерімен «Қазақстан Республикасындағы коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 4 бабына сәйкес құрылды және оның қызметі Уставтық жоспарларды орындауға, сонымен қатар қоғамдық береке мен өз мүшелерінің берекесін қамтамасыз етуге бағытталған. «Қазақстан Республикасындағы коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Қоғамдық ұйымдар еріктілік, мүшелерінің теңдігі, өзін-өзі басқару, заңдылық, қызметінің есептілігі және жариялылығы негізінде құрылады.

8. Оқуын аяқтамаған, оқудағы стипендиант өтініш білдірсе бола ма?

Қауымдастықтың әр мүшесі өтініш білдіре алады, бірақ, Уставқа сәкес Кеңес Қауымдастықтың орындаушы, яғни, жұмысшы органы болып табылатындықтан, Кеңесте қызметті іске асыру, Кеңес шешімдерін құруға және қабылдауға қатысу алдағы ауқытта қиындық туғызатын болады. Бұл сұрақ Жалпы жиналыста дауыс беруге шығарылады.

9. Үміткер Жалпы жиналысқа жеке қатыспай Қауымдастық Кеңесінің мүшелерін сайлауға қатыса ала ма?

Үміткер бағдарламасын Жалпы жиналыста көрсететіндіктен, Қауымдастық мүшелерінің бағдарлама бойынша сұрақтары туындай алуы мүмкін. Сонымен бірге, бұл сұрақ шешім шығару үшін Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысында қарастырылады.

Bolashak

«Болашақ» бағдарламасының тілдік мектебіне 50-ден аса жаңа стипендиат қабылданды

Оқытылған 6 ай ішінде IELTS деңгейі 1–1,5 балға көтерілгені байқалады, бұл халықаралық тілдік мектептердегі көрсеткіштерден сәл жоғары.

Ағылшын тілін қарқынды түрде оқуға 52 адам кірісті, оның30-ы – Астанада, 22-сі – Алматыда. Олар шет тілін «3+6» және «6+6» жаңа тілдік даярлық моделі бойынша оқитын болады.

2016 жылдан бастап шет тілін 3 ай Қазақстанда, 6 ай шетелде оқуды көздейтін «3+6» курсы IELTS 5.5 деңгейі бар стипендиаттарға арналған. Бағдарламаның шет тілін одан төмен меңгерген қатысушыларына шет тілін 6 ай Қазақстанда және 6 ай шетелде оқу ұсынылатын «6+6» курсы көзделген. Оған IELTS 5.0 деңгейінде тілді игерген стипендиаттар үміттене алады. IELTS 6.0–7.5 деңгейін игерген конкурсанттар білімін одан әрі жетілдіру үшін шетелге жіберіледі.

Білім грантына үміткерлерге бұл талаптар ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамытудың 2016–2020 жж. арналған жоспарында көрсетілген.

Бұған дейін стипендиаттардың квоталық санаттары тілдік курстарды шетелде ұзақтығы 18 айға дейінгі уақытта өткен.

«Болашақ» стипендиясына үміткерлерді іріктеу қағидаларын өзгерту шетелде одан әрі тиімді оқыту мақсатында бағдарлама қатысушыларын базалық даярлау деңгейін арттыруға тырысудан туындаған. Осыған байланысты, жыл сайын ағылшын тілін білу талаптары арттырылып отырады. Үстіміздегі жылы IELTS тапсыру балы өз бетімен түскендер үшін 5.0 балға дейін арттырылған. Бұдан әрі балл 6,5-ке дейін, яғни топ жоғары оқу орындарының қажетті өлшемдеріне дейін жеткізіледі»,— деп көрсетілді Халықаралық бағдарламалар орталығында («Болашақ» бағдарламасының әкімшісі).

Бүгінгі күні Астана және Алматы қалаларында (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында) 2 тілдік мектеп бар. Жоба серіктесі Қазақстандағы Британдық Кеңес болып табылады; оқытуды ағылшын тілінде сөйлейтін оқытушылар жүргізеді. Қазақстандағы тілдік курстардың барлық 11 оқытушысының CELTA және TESOL немесе оларға балама сертификаттары бар.

Оқуда жалпыға танылған шетелдік басылымдардың балама материалдары пайдаланылады. «Оқыту тілдік ортаға толығымен ену негізінде заманауи коммуникативтік әдіс бойынша өткізіледі, барлық сөйлеу аспектілерін (грамматика, лексика, фонетика, функционалдық конструкциялар және т.б.) зерделеу нақты уақыт форматында жүргізіледі, бұл алынған білімнің жылдам игерілуіне ықпал етеді», — деді астаналық тіл мектебінің мамандары. Оқу аптасына 5 күн 7 академиялық сағаттан дүйсенбіден жұмаға дейін сағ. 10.00-ден 18.00-ге дейін өтеді.

Педагогтар атап өткендей, Қазақстанда даярланатын 3 айда IELTS деңгейі орта есеппен 0,5 балға; 6 айда 1–1,5 балға арттырылғаны байқалады, бұл халықаралық тіл мектептерінің көрсеткішінен сәл жоғары.

Одан әрі алынған оң тәжірибені Қазақстанда тілдік даярлаудың толық курсына кезең кезеңмен көшумен өңірлерге тарату жоспарланып отыр.

Қазақстанда бірінші тілдік мектеп ашылған күннен бастап 127 стипендиат даярлықтан өтіп, шетелге оқуға жіберілген. Қазіргі уақытта 69 адам оқуда, олардың басым бөлігі «мемлекеттік қызметші», «инженерлік-техникалық қызметкерлер», «ғылыми немесе педагог қызметкерлер», «БАҚ қызметкерлері» және «мәдениет қызметкері, шығармашылық қызметкерлер» санаттары бойынша оқуға түскен.

2015–2016 жылдары тілдік даярлықтың жаңа моделін енгізу республикалық бюджет шығыстарын 1,6 есеге немесе 2 млрд. теңгеге қысқартуға мүмкіндік берді.

 FOTO yazykovye kursy

2016 жылғы 16, 17, 18 қарашадағы ТСК мүшелерімен әңгімелесуге қатысатын үміткерлердің тізімі

ҚҰРМЕТТІ ҮМІТКЕРЛЕР!

Тәуелсіз сараптама комиссиясының отырысы 2016 жылғы

16, 17, 18 қарашада өтеді

(кестеге сәйкес)

МЕКЕНЖАЙЫ:

АСТАНА қ., ОРЫНБОР көшесі, 4

«Алтын Орда» Бизнес Орталығы, 5 қабат

ӨЗІҢІЗБЕН БІРГЕ ЖЕКЕ КУӘЛІГІҢІЗ НЕМЕСЕ ТӨЛҚҰЖАТЫҢЫЗ БОЛУЫ КЕРЕК

ДЕРБЕС ӘҢГІМЕЛЕСУ КЕЗІНДЕ КИІМІҢІЗДІҢ РЕСМИ СТИЛЬДЕ БОЛУЫН СҰРАЙМЫЗ!

2016 жылғы 16 қарашадағы ТСК мүшелерімен әңгімелесуге қатысатын үміткерлердің тізімі

2016 жылғы 17 қарашадағы ТСК мүшелерімен әңгімелесуге қатысатын үміткерлердің тізімі

2016 жылғы 18 қарашадағы ТСК мүшелерімен әңгімелесуге қатысатын үміткерлердің тізімі

Қостанай облысында «Серпін-2050» әлеуметтік жобасының күндері өтуде

2016 жылғы 10–14 қараша аралығындағы кезеңде «Серпін-2050» әлеуметтік жобасының кураторлары Қостанай облысының 13 білім беру мекемелерінде болып қайтады. 

Бүгінгі күні Қостанай облысында «Серпін-2050» жобасы (бұдан әрі – Жоба) бойынша 1 763 студент оқуда, оның ішінде ЖОО-ларда – 1 506 студент, колледждерде – 257 студент. Жоба 2014 жылдан еңбегі тапшы аймақтарға жастардың оқу миграциясы мақсатында іске асырылуда. Оқу процесінде білім гранттарының иегерлеріне жатақхана беріліп, стипендия төленеді. Жоба шеңберінде түлектерге сонымен қатар одан әрі жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіледі.

Қостанай облысына сапары барысында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президентінің кеңесшісі Талғат Асқаров және «Серпін-2050» республикалық әлеуметтік жобасының басшысы Күлзия Тобатаева «Серпін-2050» мемлекеттік білім жобасының стипендиаттары оқып жатқан Қостанай, Арқалық, Жетіқара және Рудный қалаларындағы 13 оқу орындарында  (4 ЖОО және 9 колледж) болады.

ЖОО-лар мен колледждерде болу уақытында Жоба кураторлары облыстық Білім және жастар саясаты басқармасының өкілдерімен бірге оқу жағдайларымен және бағдарламаларымен, кабинеттердің, зертханалардың, оқу орындарының шеберханаларының жабдықталуымен, студенттердің жатақханаларда тұру жағдайлары мен бос уақыттарының ұйымдастырылуымен танысады.

«Облыстағы колледждер мен әлеуметтік серіктес кәсіпорындар арасында дуалды оқыту нысаны бойынша шарттар жасалған. Өңірлер үшін кадрлар қажеттілігін және қажетті кәсіптер тізбесін облыс әкімдігі жергілікті кәсіпорындардан тапсырыстар жинау арқылы анықтайды. Осылайша сол немесе өзге жұмыс мамандықтары бойынша мамандар жетіспеушілігі анықталады және гранттар санына тапсырыс құрылады. 2016 жылы «Серпін-2050» жобасы шеңберінде Қостанай облысы үшін шамамен 400 грант бөлінді»,— деді Қостанай облысы Білім беру басқармасының бастығы Батима Даумова.

«Серпін-2050» жобасының кураторлары мен студенттерінің кездесулері 2016 жылғы 10–14 қараша аралығында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде, Қостанай мемлекеттік педагогика институтында, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогика институтында, Арқалық политехника колледжінде, Жетіқара политехника колледжінде, Рудный тау-кен технологиялар колледжінде, Қарабалық агротехникалық колледжінде, Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінде, Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде, Қостанай құрылыс колледжінде, Қостанай техникалық-экономика колледжінде, Торғай агротехникалық колледжінде дөңгелек стол форматында өтеді.

Анықтама үшін: Қазіргі уақытта «Серпін-2050» жобасына Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы 22 ЖОО және 54 колледж базасында оқып жатқан республиканың оңтүстік өңірлерінен 12 мың студенті қатысуда. Мамандар даярлаудағы негізгі бағыттар – білім, техникалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, ветеринария және медицина. «Серпін-2050» жобасы шеңберінде оқып жатқандардың көпшілігі – Оңтүстік Қазақстан (57%), Қызылорда (24%), Жамбыл (8%), Алматы (6%) және Маңғыстау (5%) облыстарының жастары. 2016 жылғы қыркүйектен бастап жобаның операторы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ болып табылады. 

Serpin-2

Serpin-1

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design