«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Қытай жоғары оқу орындары қазақстандық студенттер үшін 125 грант бөлді

Study in China

ҚР Білім және ғылым министрлігі Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚХР Білім министрлігі арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (72 орын), ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкіметтері арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (13 орын), сондай-ақ қытай-қазақстандық арнайы стипендиялар шеңберінде (40 орын) бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша оқуға және тағылымдамадан өтуге конкурс жариялайды.

Үміткерлерді іріктеудің негізгі өлшемшарттары:

  • шет тілін білу деңгейі, HSK сертификаты, болған жағдайда;
  • білім туралы құжаттың орташа балы;
  • жоғары білім дипломы мамандығының ҚХР-да оқуға жоспарланған мамандыққа сәйкестігі (магистратура, докторантура үшін).

Оқу тілі: қытай немесе ағылшын тілінде (таңдау бойынша)

Грант шеңберінде қытай тіліне үйрету бойынша бір жылдық курс ұсынылады.

Грант келесі шығындарды қамтиды: тегін оқу, жатақханада тұру, шамамен 2000–3000 юань көлемінде ай сайынғы стипендия

Үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) шетелде оқу үшін негіздеме-өтініш (еркін нысанда қазақ немесе орыс тілінде);

2) Қытай Үкіметінің стипендиясына өтінім (1-қосымшада көрсетілген нұсқаулыққа сәйкес қытай немесе ағылшын тілінде онлайн саулнаманы толтырып, өз «Agency Number is 3981» және «Program Category is Type A» нөмірін мұқият тексеру қажет, дұрыс толтырылмаған өтінімдер қытай жоғары оқу орындарымен қабылданбайды);

3) шетелге оқуға шығатын Қазақстан Республикасы азаматының 2-қосымшадағы нысан бойынша толтырылған сауалнамасы;

4) ұлттық төлқұжат көшірмесі (салыстыру үшін төлқұжаттар ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);

5) білім туралы соңғы құжат және оның қосымшасы көшірмелері ағылшын тіліндегі нотариалды расталған аудармасымен бірге.

  • мектеп түлектері үшін – 11 сыныптағы оқу үлгерімі туралы табель көшірмесі, түлек мәртебесі туралы анықтама, барлық аталған құжаттардың ағылшын тіліндегі нотарилды расталған аудармалары;
  • студенттер үшін – қосымшасы бар диплом немесе аттестат көшірмесі және олардың ағылшын тіліндегі нотариалды расталған аудармалары және оқу бөлімімен және нотариалды расталған сынақ кітапшасының (немесе транскрипттің), түлек мәртебесі туралы анықтаманың көшірмесі;

6) шет тілі білімін растайтын сертификат (HSK), бар болған жағдайда;

7) 3-қосымшадағы нысан бойынша шетелге шығушылар үшін 082/у нысанындағы медициналық анықтама және суреті мен мөрі бар денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың көшірмесі (міндетті түрде 4-қосымшаға сәйкес қытай тарапы ұсынған нысан бойынша). Толық емес немесе емдеуші дәрігердің қолы, аурухананың ресми мөрі қойылмаған немесе өтініш берушінің суреті жоқ жазбалар жарамсыз болып табылады. Шетелдіктің медициналық анықтамасының көшірмесі (Foreigner Physical Examination Form), түпнұсқа өтініш берушіде сақталуға тиіс. Бланкті келесі сайттан жүктеп алуға болады: www.campuschina.org

8) мақтау қағаздарының, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері, бар болған жағдайда;

9) докторантура мен тағылымдамаға үміткерлер қытай немесе ағылшын тілінде профессор немесе доценттен екі ұсыным хатын ұсынуы тиіс;

10) музыкалық білім алуға үміткерлер жеке шығармашылығын CD-дискінде ұсынуы тиіс. Сондай-ақ, бейнелеу өнері мамандығына үміткерлер 2 эскиз, 2 түрлі түсті сурет және 2 басқа жұмысын CD-дискінде ұсынуы тиіс;

11) таңдаған зерттеу тақырыбы бойынша эссе (PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін);

12) ғылыми жарияланымдарының немесе оқу-әдістемелік/ғылыми әзірлемелерінің тізбесі, бар болған жағдайда (PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін);

13) барлық үміткерлер оқу жоспарын ағылшын немесе қытай тілінде ұсынуы тиіс (бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуға үміткерлерден кем дегенде 200 сөз, тағылымдамаға кем дегенде 500 сөз, магистратура мен докторантураға кем дегенде 800 сөз) http://www.campuschina.org;

14) 18 жасқа толмаған үміткерлер ата-ана құқықтарын немесе қамқоршылар өкілеттігін растайтын құжаттарды және баланың Қытайға шығуына ата-ананың, қамқоршылардың келісім хатын ұсынуы тиіс;

15) Қытай университетінің шақыру хаты, бар болған жағдайда.

Толық ақпаратты, оның ішінде жоғары оқу орындары мен мамандықтардың тізімін http://www.csc.edu.cn/studyinchinaнемесе www.campuschina.orgсайттарынан алуға болады.

Құжаттар құжат тігілетін мұқабаға тігілуі тиіс. Мұқаба бетінде міндетті түрде аты-жөні, мекенжайы, телефоны, білім беру ұйымының атауы, мамандығы көрсетілуі тиіс.

Құжаттар файлдық мұқабада 3 данада (1 түпнұсқа, 2 көшірме) ұсынылуы керек және олар толық жинақталған жағдайда ғана келесі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ, Сол жағалау, Мәнгілік Ел даңғылы 8, «Алтын Орда» БО, 5-қабат, 504-каб.

Байланыс телефон нөмірлері: +7 (7172) 249386, 249385, 769082, 769083

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ; This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы – 2017 жылғы 7 наурызда.

Қосымша:

1-қосымша – «Қытайда оқу үшін онлайн тіркеу жүйелері» (Instruction of the CSC Online Application System for International Students) қолдану бойынша нұсқаулық – 1 парақта;

2-қосымша – Шетелге оқуға шығатын Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы – 3 парақта;

3-қосымша – 082/у нысанындағы медициналық анықтама үлгісі – 1 парақта;

4-қосымша – Медициналық анықтаманысаны 2парақта.

 

Мажарстан жоғары оқу орындары қазақстандық студенттер үшін 200 грант бөлді

vengriya

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі мен Мажарстан Республикасы Адам ресурстары министрлігі арасындағы 2013 жылғы 19 қарашадағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім шеңберінде Мажарстан Үкіметі Қазақстан азаматтарына 2018–2019 оқу жылына «Stipendium Hungaricum» стипендиалдық бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұсынып отыр.

Осы бағдарлама шеңберінде венгр тарапы Қазақстан азаматтарына келесі бағдарламалар бойынша 200 грант ұсынып отыр.

  • 90 грант бакалавриат бағдарламасы бойынша (өнер, гуманитарлық ғылымдар, машина жасау, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, туризм, музыка, славистика);
  • 90 грант магистратура бағдарламасы бойынша (гуманитарлық және техникалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, өнер);
  • 20 грант докторантура бағдарламасыбойынша (барлық мамандықтар).

Көрсетілген гранттар жөніндегі ақпарат http://studyinhungary.hu/study-in-hungary/menu/stipendium-hungaricum-scholarship-programme вебсайтында орналастырылған.

Мамандықтар тізімін сілтеме арқылы көре аласыз

Грант келесі шығындарды қамтиды:

  • тегін оқу;
  • бакалавриат пен магистратурада шамамен 130 Еуро, докторантурада шамамен 450 Еуро ай сайынғы стипендия;
  • жатақханада тұру (немесе жалға алынатын тұрғын үйге шамамен 130 Еуро);
  • медициналық сақтандыру.
  • Қалған шығындарды грант иесі өз бетінше төлейді.

«Хореография» (Dance Study) мамандығына түсетіндерден басқа, 2000 жылғы 31 тамыздан кейін туылған үміткерлерден өтінімдер қабылданбайды.

Венгр сайтында онлайн тіркелу мерзімі 2018 жылғы 16 ақпанға дейін және құжаттар топтамасын қабылдау 2018 жылғы 23 ақпанға дейін.

2018 жылғы 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында венгр тарапы іріктеу үдерісін өткізеді.

МАЖАРСТАН СТИПЕНДИАЛДЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҮМІТКЕРЛЕР АЛДЫМЕН МІНДЕТТІ ТҮРДЕ apply.stipendiumhungaricum.hu СІЛТЕМЕСІ БОЙЫНША ОНЛАЙН ТІРКЕЛУДЕН ӨТУІ КЕРЕК. 

Үміткерлер онлайн сауалнаманы толтырған кезде қажетті құжаттардың сканерленген нұсқаларын келесі сілтеме бойынша қоса тіркеуі керек: http://studyinhungary.hu/study-in-hungary/menu/stipendium-hungaricum-scholarship-programme/call-for-applications-2018–2019.html

Сонымен бірге, үміткер келесі құжаттар топтамасын жинап, Астана қаласы, Сол жағалау, Мәңгілік Ел д-лы, 8, «Алтын Орда» бизнес орталығы, 5-қабат, 507-кабинет мекен-жайы бойынша тапсыруы қажет:

  1. стипендиалдық бағдарламаның ағымдағы өтініш насаны (онлайн тіркелгенде толық толтырылған, басып шығарылған және өтініш беріуші қолы қойылған);
  2. Europass format(link is external)нысаны бойынша түйіндеме;
  3. ағылшын немесе венгр тіліндегі уәждемелік хат;
  4. шетелге оқуға шығатын Қазақстан Республикасы азаматының қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнамасы;
  5. шетелде оқу үшін мемлекеттік немесе орыс тілінде негіздеме-өтініш (ерікті түрде);
  6. жеке куәлік және төлқұжат түпнұсқалары мен көшірмелері (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады), түпнұсқалар болмаған жағдайда – тиісті органға жасау үшін тапсырылғанын растайтын құжат;
  7. білім алғаны туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда – білім алғаны туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәлік не білім алғаны туралы өзге құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
  8. шет тілін білетінін растайтын құжат (IELTS 5,0-ден жоғары, TOEFL iBT 35 балл / PBT 417 балл) (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады); Сондай-ақ, оқу тілі ретінде венгр тілін таңдауға болады, сонда жылдық тілдік курстан өту ұсынылады;
  9. қосымшадағы нысан бойынша (шетелге шығушылар үшін) құжаттарды тапсыру сәтіне ағымдағы жылда берілген медициналық анықтама;
  10. грамоталар, сертификаттар, дипломдар, алғыс хаттар көшірмелері (бар болған жағдайда);
  11. ұсыныс хат (бар болған жағдайда);
  12. салыстыру үшін түпнұсқа ұсынумен транскрипт көшірмесі (шетелдік жоғары оқу орнына бакалавриат немесе магистратура бағдарламалары бойынша өз бетінше түскен немесе оқып жүрген тұлғалар үшін). Транскрипт шет тілінде ұсынылған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармалары ұсынылады;
  13. таңдаған зерттеу тақырыбы бойынша эссе (PhD докторантурасы бағдарламасы бойынша оқу үшін);
  14. PhD докторантурасы бағдарламасы бойынша оқу үшін ғылыми жарияланымдар немесе оқу-әдістемелік (ғылыми) әзірлемелер тізбесі (бар болған жағдайда);
  15. үміткерден конкурстық іріктеуге қатысуға құжаттарды тапсыру үшін өкілге берілген нотариалды куәландырылған сенімхат;
  16. үміткер ата-анасының немесе өзге тұлғалардың (қамқоршылар, заңды өкілдер) шетелде оқуға жіберуге жазбаша келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);
  17. жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға тыйым салынбаған бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балалар (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады).

Білім алғаны туралы құжаттар:

«Бакалавриат» бағдарламасы бойынша оқу үшін – орта мектепті бітіргені туралы куәлік көшірмесі (түпнұсқа және ағылшын тіліндегі нотариалды куәландырылған көшірме). Орта мектепті бітіргені туралы құжат болмаған жағдайда, оқушының 11 не 12-сыныптағы (соңғы оқу жылындағы) ағымдағы үлгерімі туралы табельдің  нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылу қажет.

«Магистратура» және «докторантура» бағдарламалары бойынша оқу үшін – бакалавр дипломы және оның қосымшасы көшірмелері (түпнұсқа және ағылшын тіліндегі нотариалды куәландырылған көшірме). Жоғары білім алғаны туралы құжат болмаған жағдайда, барлық өткен курстардың нотариалды куәландырылған транскриптін және соңғы курс студенті мәртебесі туралы анықтаманы ұсыну қажет. Диплом ағылшын тілінде ұсынылған жағдайда, салыстыру үшін түпнұсқа талап етіледі.

Өнер және музыка саласындағы гранттарға үміткерлер жоғарыда көрсетілген талаптарға қосымша келесі құжаттарды қоса тіркеуге тиіс:

  • Суретшілер, графистер және мүсіншілер: үш (3) шығарма/эскиз фотосуреттері (жасау күнін көрсетумен);
  • Музыканттар (дирижерлар, композиторлар): музыканың үш (3) түрлі стилінің жоғары сапалы жазбалары (дирижерлер DVD нұсқасын ұсына алады), композиторлар үш (3) түпнұсқалы жазбаны CD-дискінде 1 данада ұсынуға тиіс.

PhD бағдарламасына үміткерлер жоғарыда көрсетілген талаптарға қосымша келесі құжаттарды қоса тіркеуге тиіс:

  • зерттеудің егжей-тегжейлі жоспары (кемінде 2 бет);
  • магистратураны бітіргені туралы диплом көшірмесі (түпнұсқа немесе ағылшын тіліндегі нотариалды куәландырылған көшірме). Диплом ағылшын тілінде ұсынылған жағдайда, салыстыру үшін түпнұсқа талап етіледі;
  • екі танылған академиялық тұлғадан ағылшын немесе венгр тіліндегі екі ұсыныс хат (бар болған жағдайда).

Құжаттар тезтікпеге тігіледі. Тезтікпе мұқабасында ТАӘ, мекен-жай, байланыс телефон нөмірі, оқу елі, таңдалған жоғары оқу орны және мамандық көрсетілуі тиіс.

Құжаттар 1 данада ұсынылады және толығымен жинақталғанда ғана қабылданады.

Байланыс телефон нөмірлері: +7 (7172) 249386, 249385, 769082,769083, 24 93 87; 24 93 73.

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ; This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Астана қаласында Орта Азиядағы ең ірі халықаралық білім көрмесі International Education Fair 2018 ашылуы өтті

2018-01-24-PHOTO-00000034

2018 жылғы 20 қаңтарда Астана қаласында «International education fair — 2018» халықаралық білім көрмесі өтті.

Көрменің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е. К. Сағадиев, Францияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Ф. Мартинэ, Венгрияның Қазақстан Республикасындағы елшісі А. Барани және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты С. Сапиев қатысты.

Көрменің ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚР Білім және ғылым министрі шет елдік және отандық жоғары оқу орындары арасында тығыз қарым-қатынас орнатып, академиялық мобильділікті арттыру, тәжірибемен алмасудың қажеттілігін айтты.

Францияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Филипп Мартинэ өз сөзінде биыл Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық әріптестікке он жыл толатынын айтып, екі ел арасындағы серіктестік ғылым-біліммен тығыз байланысты екенін атап өтті. Елші Франция үкіметінің шет елдік студенттердің оқуына біршама қаржы бөлетінін және талапты студенттерге зерттеулер жүргізулері мен тұрмысына стипендия бөлетінін айтты.

Сонымен қатар салтанатты шара барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Франция елшілігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, «Абай-Верн» жобасы іске қосылғаны туралы хабарланды.  «Абай — Верн» бағдарламасы Франция үкіметі мен ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе іске асатын  студенттік мобильділік бағдарламасы.

2018 жылдан бастап 100 қазақстандық студент «Абай-Верн» бағдарламасы бойынша стипендияға ие бола алады. Елші өз сөзін: «Ұлы Абай — қазақ халқының мақтанышы, бүкіл əлемге ашықтығының белгісі. Лермонтов, Гёте, Байрон жəне Пушкиндерді қазақша сөйлеткен ағартушы, қазақ елінің данышпаны. Жюль Верн «Ерекше сапарлар» туындысы арқылы жер -жаһанды оқырманына таныстырған жазушы. Дүние жүзінде ең көп аударылған авторлардың бірі» — деп аяқтады.

Көрме аясында «Шекарасыз білім беру: жоғары білім берудегі шет ел оқытушылары мен оқушылардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Сондай-ақ, Халықаралық бағдарламалар орталығы профессорлық-оқытушылық құрам үшін «Қос диплом бағдарламасы — еуропалық жоғары білім аймағын қалыптастыру құралы», «Жоғары оқу орнында білім берудің инновациялық тәсілдері» тақырыптарында тренингтер ұйымдастырды.

Сонымен қатар Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті мен Шанхай политехникалық университеті және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Көрмеге 100-ден астам шет елдік және отандық жоғарғы оқу орындары мен білім агенттіктері, тіл үйрету курстары қатысты. Қатысушылар қатарында Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Франция, Ресей, Қытай, Малайзия, Чехия, Венгрия университеттері бар. Германия мен Франция жоғары оқу орындары тегін білім беретінін айта кеткен жөн.

Көрме 22–23 қаңтар күндері Шымкент қаласында, 24–25 күндері Алматы қаласында жалғасады. 

2018-01-24-PHOTO-00000035

International Education Fair 2018 — Орталық Азиядағы ең ірі білім көрмесіне келіп, шет елде білім алу туралы ақпарат ал!

выставка1

Құрметті оқушылар, студенттер және атаөаналар!

Сіздер бұрыннан бері білім алу туралы ойланып, кімге жүгінерін білмей жүрдіңіз бе?

Жуырда Қазақстандағы ең ірі International Education Fair 2018 халықаралық білім көрмесі болатынын асыға хабарлаймыз!

Көрмеде сіздерді:

  • 100-ден астам шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері (АҚШ, Ұлыбритания, құрлықтық Еуропа елдері, Азия, ТМД);
  • Білім агенттіктері (шетелде білім алу жөнінде кеңес беру);
  • Халықаралық стипендиалдық ұйымдар өкілдері;
  • Білім саласындағы әлемдік сарапшылар;
  • Халықаралық бағдарламалар орталығының өкілдері (Венгрия, Қытай, Литва және т.б. елдерде үкіметаралық гранттарды жүзеге асыру жөнінде кеңес беру) күтеді. 

Сіздердің:

  • Білім саласындағы мәселелер бойынша кәсіби кеңестер алуға;
  • Өз ісінің майталмандарынан гранттар, стипендиялар туралы ақпарат алуға;
  • Көрмеде ғана қолжетімді арнайы ұсыныстарда қатысып, бағалы сыйлықтар ұтысында бағыңызды сынап көруге;
  • Әйгілі халықаралық емтихандарды табысты тапсырудың басты құпияларын біліп алуға мүмкіндіктеріңіз бар!

Сіздерді

Астанақ.,  Rixos President Astana Hotel (Д.Қонаев к-сі, 7)

  • 20 қаңтарда сағат 14.00–18.00
  • 21 қаңтарда сағат 11.00–16.00 

Шымкентқ.,  Rixos Khadisha Shymkent (Желтоқсан к-сі, 17)

  • 22 қаңтарда сағат 14.00–19.00
  • 23 қаңтарда сағат 10.00–17.00 

Алматы қ.,  Hotel Kazakhstan Almaty (Достық д-лы, 52/2)

  • 24 қаңтарда сағат 14.00–19.00
  • 25 қаңтарда сағат 14.00–18.00 

күтеміз!

Ең маңызды ақпаратты тура түпкі деректемеден алу үшін осындай бірегей мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!

Толығырақ http://educationfair.bolashak.gov.kz/kz/ сайтынан біле аласыздар

 

Республикалық комиссияның шешімі бойынша 560 «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

zasedanie rk

Астана, 2017 жылғы 7 желтоқсан. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырысты ашқан Г. Әбдіқалықова Мемлекет Басшысының білімнің рухани жаңғыру кезінде зияткерлік қоғам қалыптастырудағы маңызды рөлін белгілегенін атап өтті. Мемлекеттік хатшы «Болашақ» стипендиясы конкурсының іріктеу кезеңінде ел дамуының басымдылықтарына негізделе отырып, жобалар мен ғылыми зерттеулердің мазмұнын ескеру керек екенін тілге тиек етті. Іске асырылатын жобалардың, әсіресе, тағылымдамалар бағдарламаларының іргелі және қолданбалы мәніне ерекше назар аудару керек.

Комиссия шешімі бойынша магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 270 үміткерге, сондай-ақ «Тағылымдамалар» санаты бойынша 39 стипендиатқа тағайындалды. Олардың ішінде 22 адам «АХҚО қызметкерлері» санаты және 17 адам «Ғылыми қызметкерлер» санаты бойынша. 2017 жылы 600 стипендия бөлінді.

Жалпы 2017 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін конкурстық іріктеуге 947 үміткер қатысты.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның үш отырысы қорытындысында келесі санаттар бойынша 560 стипендия тағайындалды:

  • өз бетінше түскендер – 182 (магистратура – 154, докторантура – 28), 269 өтінім тіркелді;
  • инженерлік-техникалық қызметкерлер магистратураға – 53, тіркелгені –67;
  • мемлекеттік қызметшілер магистратураға– 82, тіркелгені – 151;
  • ғылыми-педагог қызметкерлер магистратураға– 39, тіркелгені – 66;
  • БАҚ редакциясы қызметкерлері магистратураға– 10, тіркелгені – 19;
  • жалпы конкурс магистратураға– 142, тіркелгені – 182;
  • мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер– 1, тіркелгені – 1;
  • «Ғылыми қызметкерлер» және «АХҚО қызметкерлері» тағылымдамаға – 51, тіркелгені – 192.

Сондай-ақ, «Мемлекеттік қызметшілер» санаты бойынша конкурсқа: бас прокурордың аға көмекшісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер орталығы сарапшысы, Премьер-Министр Кеңсесінің бас кеңесшісі, әкім кеңесшісі, қала әкімі орынбасары, ҚР БҒМ бірінші басшысының көмекшісі, ҚР ҰЭМ Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы басшысы, ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті  басқармасының  басшысы, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі басқармасының  басшысы, ҚР ҚМ Агроөнеркәсіптік кешен, табиғи ресурстар, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бюджеті департаменті директорының орынбасары, ҚР ӘМ Сот актілерін орындау департаментінің атқару өнідірісін қамтамасыз ету басқармасының басшысы қатысты

Стипендиаттардың толық тізімін сілтеме арқылы көре аласыздар

Сонымен қатар, отырыс барысында Комиссия шешімімен 2018–2025 жылдарға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамыту жоспары және 2018 жылғы Басым мамандықтар тізбесі қабылданды. 2018 жылғы стипендиялардың шекті саны 555 орынды құрайды.

Отырыс қортындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Анықтама:

2017 жылғы мамыр айынан конкурстық іріктеу алты турдан тұрады.

Бірінші тур Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен уәждемелік және ұсыныс хаттарын жасырын түрде бағалау жолымен өткізіледі.

Екінші турда үміткерлер British Council (UK), DAAD (Германия) және ACET (Америка) шетелдік ұйымдары өткізетін шет тілі бойынша тестілеуден өтеді.

Үшінші турда үміткердің мемлекеттік тілді білу деңгейі анықталады, оны Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді.

Төртінші турда кешенді тестілеу жүргізіледі, оның нәтижесінде сарапшылар үміткердің ақыл коэффициенті, оның жүйке-психологиялық тұрақтылығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы тарихы мен Конституциясы жөніндегі білімі бойынша қорытынды береді. Кешенді тестілеуді «Қасиет» психология орталығы жүргізеді.

Бесінші турда үміткерлер мамандық бағыты бойынша Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен жеке әңгімелесуден өтеді. ТСК сарапшылары үміткердің кәсіби дайындығы деңгейін, оның таңдалған оқу мамандығы жайлы негізгі білімін және мамандықты таңдауды түсіну деңгейін анықтайды.

Конкурстың барлық турлары қорытындысы бойынша Республикалық комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау немесе тағайындамау бойынша соңғы шешім қабылдайды. 

 

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиын өтті

torzhestvennoe sobranie

1 желтоқсан — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиын Қазақстан Республикасы Әнұранымен ашылды. 

Жиында сөз сөйлеген Орталық басшысы әріптестерді мерекемен құттықтап,  Елбасының мемлекет дамуы мен халықаралық аренадағы рөлі мен еңбектерінің маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара барысында Елбасының өмірі мен қызметі туралы фильм қатысушылар назарына ұсынылды.

Мереке қарсаңында Орталық жұмысына белсенді атсалысып, жемісті еңбек еткен қызметкерлерге «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ атынан алғыс хаттар табысталды.  

torzhestvennoe sobranie2

Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті күні 2011 жылдан бері мерекеленіп келеді. Сол жылдың 10 желтоқсанында ҚР Парламенті Сенаты «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР заңын қабылданған болатын. Заң 1 желтоқсанда аталып өтілетін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күнін белгіледі.

Мерекенің тарихи негізі 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақ ССР-і президенті лауазымына қайта сайлануынан бастау алады.

torzhestvennoe sobranie10

torzhestvennoe sobranie4

torzhestvennoe sobranie6

Қазақстан азаматтарының Шанхай қаласындағы «Дунхуа» университетінде тағылымдамадан өту мүмкіндіктері бар

china

Шанхай қаласындағы «Дунхуа» университетімен екі қазақстандық азаматты 2018 жылғы наурыз — сәуір аралығында тағылымдамадан өткізу үшін қабылдау жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Әуе билеттерін қоспағанда, қалған шығындарды (тұру, тамақтану, экскурсиялар) қабылдаушы тарап көтереді.

Байқауға қатысу үшін сауалнаманы толтыру қажет.

Тағылымдама шарттары туралы толық ақпаратты http://dhumandarin.ices.cn/textile?from=singlemessage&isappinstalled=0 сілтемесі бойынша алуға болады.

Негізі 1951 жылғы маусымда салынған университет сән, дизайн және тоқыма өнеркәсібі саласындағы жетекші жоғары оқу орындарының алдынғы қатарында орналасқан және Қытай Білім министірлігі тікелей басшылық ететін 75 университеттің бірі болып табылады.   

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі – 2017 жылғы 15 желтоқсан

Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда

+7 (7172) 24-93-71, 24-93-88

нөмірлері бойынша хабарласуыңызға болады.

Қабылдаушы тарап: Ms. Judy, телефон: 8-10-86-21-62378595–11,

email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design