«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Оңтүстік Қазақстанның үш қаласында «Ресейде білім алу – 2018» көрмесі өтеді

vystavka university kaz

РЕСЕЙДІҢ 20-дан АСТАМ ҮЗДІК ЖОО өкілдерімен жеке әңгімелесу арқылы СТИПЕНДИЯЛАР, ТЕГІН ОҚУ туралы білу, білім саласынан басқа да пайдалы ақпарат алу және болашақ мамандық пен оқу орнын айқындаудың бірегей мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Жоғары білімді ТЕГІН алуға болады!

Көрмелер Оңтүстік Қазақстанның үш қаласында өтеді:

2017 жылғы 20–21 қарашада Қызылорда қ. (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Жахаев к-сі, 75)

2017 жылғы 23-25 қарашада Шымкент қ. (Оқушылар сарайы, Қонаев д-лы, 2/3)

2017 жылғы 26 қарашада Тараз қ. (М. Х. Дулати атындағы ТМУ, Сатпаевк-сі, 28)

Мүмкіндігіңді жіберіп алма!

Нью Дели қаласында «Kazakhstan Education Fair» «Қазақстандық білім күндері» көрмесінің ашылу салтанаты өтті

education fair india

2017 жылғы 24 қазанда Нью Дели қаласында  «Kazakhstan Education Fair» «Қазақстандық білім күндері» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрме 24–25 қазан күндері ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұйымдастыруымен өтті.

Шараның салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасының Үндістандағы елшісі Б.Сәрсенбаев, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті М. Алпысбай және қазақстандық жоғарғы оқу орындары өкілдері қатысты. Көрменің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Үндістандағы елшісі Болат Сәрсенбаев бұл шараның екі елдің білім саласындағы қарым-қатынасын нығайта түсуге бағытталғанын айтты.

Көрменің басты мақсаты – үндістандық түлектерді еліміздің жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндіктері жайлы хабардар ету. Осы мақсатта көрмеге еліміздің бірнеше жоғары оқу орындары қатысып, көрмеге қатысушыларға бакалавриат, магистратура, аспирантура сияқты білім бағдарламалары жайында толық мәлімет беріп, салалық мамандықтар туралы хабардар етті. Айта кетерлігі, көрмеге келушілер медицина, ІТ және ауыл шаруашылығы мамандықтарына аса қатты қызығушылық танытты. 

   

education fair india 1

Қазір Қазақстан Республикасында 12 880 шет елдік студент білім алады. ҚР Білім және ғылым министрілігіне 2020 жылға қарай бұл көрсеткішті 50 мыңға жеткізу тапсырылған. Соынмен қатар шет елдік оқытушыларға  виза алу мәселесін жеңілдету бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аталған іс-шаралар еліміздегі білім хабын құру идеясының қарқынды іске асуына әсер етуі мүмкін.  

 

Санкт-Петербург мемлекеттік университеті оқушылар арасында Олимпиада өткізеді

olimpiada sredi sholnikov

Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (СПбМУ) (презентация) 2017/2018 оқу жылы оқушылар арасында 17 жалпы білім беру пәні және/немесе пәндер кешендері: математика, физика, информатика, химия, география, медицина, биология, тарих, филология, шетел тілдері, құқық, журналистика, экономика, қазіргі заман менеджері, әлеуметтану, қоғамтану, инженерлік жүйелер бойынша Олимпиада өткізеді.

Олимпиадаға қатысу тегін!

Олимпиада екі кезеңде өтеді.

1. Іріктеу кезеңі Олимпиада порталында  тіркелу арқылы қашықтықтан өткізіледі.

2017 жылғы 23 қазаннан 2018 жылғы 21 қаңтарға дейін тіркелу нысанына қол жеткізуге және Олимпиаданың іріктеу кезеңіне қашықтықтан қатысуға болады. Шетел тілі және филология пәндері кешені бойынша олимпиадалар 2018 жылғы 15 — 21 қаңтар аралығында өтеді. Қатысушылар тиісті пән үшін сәтті тіркелгеннен кейін Олимпиада тапсырмаларына қол жеткізе алады. Іріктеу кезеңі нәтижелері Олимпиаданың ресми сайтында 2018 жылғы 2 ақпанға дейін жарияланады.

2.Қорытынд ы кезең көзбе-көз нысанда жүргізіледі.

Олимпиаданың қорытынды кезеңінің СПбМУ бакалавриаты немесе специалитеті бағдарламаларына түсетін жеңімпаздары мен жүлдегерлері (олимпиадаға қатысу кезеңінде 10 немесе 11-сынып оқушылары үшін) олимпиада бейініне сәйкес келетін жалпы білім пәніне және олимпиада деңгейіне байланысты Қабылдау комиссияның шешімі бойынша келесі ерекше құқықтарды пайдалана алады:

  1. олимпиада бейініне сәйкес келетін дайындық (мамандық) бағыты бойынша оқуға түсер алдындағы сынақтан өтпей-ақ қабылдау;
  2. олимпиада бейініне сәйкес келетін пән жөнінде Бірыңғай мемлекеттік емтихан нәтижелері бойынша барынша көп ұпай жинаған тұлғаларға теңестіру.

Олимпиадаға қатысу үшін қалай дайындалуға болады:

Дайындықта сәттілік тілейміз және сіздерді СПбМУ Оқушылар олимпиадасында күтеміз!

 

Астанада өткен Bolashak Job Fair 2017 бос орындар жәрмеңкесінде жұмыс берушілер 550-ден астам бос орын ұсынды

bolashak job fair 2017

2017 жылғы21 қазанда«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектеріне жұмысқа орналасуға қолдау көрсету аясында Bolashak Job Fair 2017 Astana екінші бос орындар жәрмеңкесін өткізді.

Ағымдағы жылда Жәрмеңке жұмысына 55 жұмыс беруші қатысты, 550-ден астамбос орын ұсынылды. Дәстүр бойынша іс-шара шеңберінде ізденушілерге жұмысқа орналасу саласындағысарапшылар тарапынан пайдалы ұсыныстар берілді, сондай-ақ: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, BI Group, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ, KPMG, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, EPAM Kazakhstan, «Электрондық коммерция орталығы» АҚ, ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Haileybury Astana, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, «Alageum Electric» АҚ, «Қазақстан» РТРК, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, «Транстелеком» АҚ, БҰҰ ДБ, «Fircroft» ЖШС, KAZPACO және Schlumberger сияқты ұйымдар 20-дан астам таныстыру рәсімін өткізді.

Іс-шараның ашылуы рәсімінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚпрезидентінің м.а. Талғат Асқаров, КАЗГЮУ университеті проректорыРахымбек Жолаев сөз сөйледі. Спикерлер мақсатты дұрыс тұжырымдау және жұмыс іздеу бойынша тәжірибелі кеңес берді.

Іс-шараның негізгі ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ. Бірлесіп ұйымдастырушы – КАЗГЮУ Университеті. Іс-шараға қатысқандардың барлығы – 600-ден астам ізденуші, олардың арасында 198 адам «Болашақ» бағдарламасының түлегі болып табылады.

bolashak job fair 2017 1

 Анықтама:

Bolashak Job Fair – «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне жұмысқа орналасуға қолдау көрсету мақсатында жыл сайын өткізілетін іс-шара. Бос орындар жәрмеңкесі түлектерге қолдау көрсетуде ең әсерлі әдіс болып табылады, өйткені жұмыс берушілерге бір уақытта барлық бос орындарды ұсынуға мүмкіндік беріледі, ал түлектер, өз кезегінде, Қазақстанның еңбек нарығымен таныса алады.

2016 жылы жәрмеңкеге 63 ұйым және 500-ден астам адам қатысты, олардың ішінде 69 «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі жұмысқа орналасты.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ стипендия түлектеріне жұмысқа орналасуға қолдау көрсету бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізетінін атап өту керек. Қолдау көрсету жыл сайынғы бос орындар жәрмеңкелерін жүргізу, түлектердің жұмыс берушілермен кездесулерін ұйымдастыру, түлек өтініші бойынша жұмыс берушілерге қолдау хаттарын нүктелі жолдау, жұмыс берушілер сұрауы бойынша түйіндемелерді жолдау, сондай-ақ түйіндемелер сайты (www.resume.bolashak.gov.kz) арқылы түлектер мен жұмыс берушілер арасындағы тікелей өзара әрекет ету жолдарымен жүзеге асырылады.  

Bolashak Job Fair 2017

Қымбатты достар!

2017 жылғы 21 қазанда Астана қаласында 

Bolashak Job Fair 2017өтеді,

онда Сіздер жұмыс берушілермен танысып, олардың қызметтері мен бос жұмыс орындары туралы біле аласыздар.

ҚР Білім және ғылым министрлігі қолдауымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ КАЗГЮУ Университетімен бірлесіп Сіздерді Bolashak Job Fair 2017 жыл сайынғы бос орындар жәрмеңкесіне қатысуға шақырады:

Өткізілу орны

Астана қ., КАЗГЮУ УниверситетіҚорғалжын тасжолы, 8

Өткізілу күні 2017 ж. 21 қазан

Тіркелу уақыты: сағ. 10.30

Өткізілу уақыты: сағ. 11:00–15:00

Жұмыс іздеуші ретінде қатысуды растау және жұмыс берушілер тізімін алу үшін келесі сілтеме бойынша онлайн тіркелуіңізді сұраймыз https://goo.gl/forms/fxC9UCR3yg1qFc8S2.

Жұмыс берушілер бос орындар жәрмеңкесі барысында Сіздер үшін компания қызметі және бос орындар жөнінде таныстыру рәсімін арнайы бөлінген залда өткізеді.

Қосымша: осы іс-шараға жұмыс беруші ретінде қатысқыңыз келсе, Ажар Шаймағамбетоваға  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  электроды мекенжайы немесе 8 7172 769094 телефон нөмірі бойынша хабарлауыңызды сұраймыз. 

Барлық сұрақтар бойынша  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  электронды мекенжайы бойынша хабарласуыңызға болады.

 

job fair 2017

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдері «Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін құжаттарды қабылдау қағидалары туралы айтып берді

brifing almaty

2017 жылғы 12 қазанда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» қауымдастығы мен «Promoweb» компаниясымен бірлесіп «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалуына әлеуетті үміткерлер үшін брифинг өткізді.

Брифингте бас спикер Орталықтың Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру департаментінің директоры Айман Кайрлқызы Әубакірова сөз сөйледі.

Брифинг барысында «Болашақ» стипендиалдық бағдарламасы жөнінде таныстыру рәсімі өтті, қатысушыларға үкіметаралық келісімдер шеңберінде әріптес елдер бөлетін гранттар туралы ақпарат берілді.

Кездесуге жергілікті жоғары оқу орындары студенттері мен ұйымдар қызметкерлері арасынан 100-ден астам адам қатысты.

Негізгі панельдік сессиядан кейін сұрақ-жауап форматында қатысушылармен әңгімелесу өтті. Қатысушылар барлық сұрақтарына орай қажетті ақпарат алды.

Брифинг аяқталған соң қатысушыларға жеке кеңес алу мүмкіндігі берілді.

 

«Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу шарттарын және үміткерлерді іріктеу қағидаларын түсіндіру бойынша семинар өткізілді

seminar

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның 2017 жылғы 23 тамыздағы хаттамалық тапсырмасының «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша үміткерлерді тарту мәселесін пысықтау қажеттілігі жөніндегі 4-тармағын орындау мақсатында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» АҚ-мен бірлесіп С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті оқытушылары мен магистранттары және агроөнеркәсіп кешенінің ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері үшін Үміткерлерді іріктеу қағидаларын және конкурсқа қатысу шарттарын түсіндіру бойынша семинар өткізді.

Семинарға 41 адам қатысты. Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру департаментінің менеджері Дина Омарова таныстыру рәсімін өткізіп, әлеуетті үміткерлердің барлық сұрақтарына жауап берді. 

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design