«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Беделді Еуропалық бизнес мектебінен МВА грантын ұтып алу мүмкіндігін қабыл ал

Болашақ» Қауымдастығы «Geneva Business School» акционерлік қоғамымен бірлесіп Республикалық «Жас сарапшы-2016» жас мамандар байқауының басталғаны туралы хабарлайды.

Қатысу үшін өтінімдер ағымдағы жылдың 4–25 шілде аралығында (қоса алғанда) қабылданады.

Байқауға жасы 35-тен аспаған, дәрежесі бакалавр әрі  ағылшын тілін жақсы білетін жас мамандар қатыса алады.

Қатысу үшін  Ережемен танысқаннан кейін, толтырылған күйде Өтініш үлгісін және «Тәжірибеңізге сүйене отырып, кәсіби жоспарларыңызды баяндаңыз. MBA дәрежесін алған болсаңыз, осы жоспарларыңыз қаншалықты өзгереді?» деген тақырыпта жазған эссеңізді 25 шілдеге дейін  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық мекен-жайына жолдау қажет.

Байқау үш кезеңнен тұрады.

І – Қатысышлардың өтініштері мен эсселерін қабылдау;

II – Қатысушылар «Bolashak business cases» Тұңғыш Қазақстан Бизнес Кейстері Жинағынан алынған бизнес кейстерін шешеді;

III – байқау финалына қол жеткізгендер қазылар алқасы алдында кәсіби сұхбаттан өтеді.

Geneva Business School-дың Астанадағы Өкілдігі  конкурс жеңімпазына  МВА бағдарламасы бойынша білім алу грантын береді. 2-ші және 3-ші орын алғандарға оқу мүмкіндігі 75% жеңілдікпен беріледі.

Қазылар алқасы мүшелерінің құрамына танымал ғалым-экономистер және Қазақстанның табысты кәсіпкерлері кіретін болады.

Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және «Болашақ» Қауымдастығының 15-жылдығына арналған «25 Қайырымды Іс» жобасы аясында «Capital Bank Kazakhstan» АҚ қолдауымен өткізіледі.

Байқаудың мақсаты: жас мамандардың ғылыми және сараптамалық қызметін ынталандыру, экономика,  қаржы және бизнес саласындағы білім мен құзырет деңгейін арттыру.

 МВА-2016

«Болашақ» бағдарламасының тарихы туралы деректі фильмнің алдын ала көрсетілімі болып өтті

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да 2016 жылғы 4 шілдеде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде стипендияның реми әкімшісінің тапсырмасы бойынша түсірілген «Болашақ: Қазақстан тарихының алтын парағы» деректі фильмінің алдын ала көрсетілімі болып өтті.

Көрсетілімге бағдарлама бастау алған кезеңдердегі белгілі тұлғалар, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, Білім және ғылым министрлігінің, сондай-ақ БАҚ өкілдері шақырылды.

Сеанс алдында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Гани Ныгыметов фильм үшін эксклюзивті сұхбат берген барлық спикерлерге алғысын білдіріп, шығармашылық топтың атқарған үлкен жұмысын ерекше атап өтті.

Көрсетілім қорытындысы бойынша қатысушылар түсініктемелер беріп, ой бөлісті. Атап айтқанда 1998–2005 жылдары АҚШ пен Канадада «Болашақ» бағдарламасын әкімшілендірумен айналысқан Хадиша Даированың берген бағасы ерекше болды.

20160704 194828

20160704 193054

«Болашақ» Қостанай облысынан инженерлік-техникалық кадрлар қатарынан үміткерлер санын арттыруға ниетті

Қостанай қаласында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті базасында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Гани Ныгыметовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын таныстыру болып өтті.

Кездесуді аша отырып, Гани Ныгыметов мемлекеттің ауқымды индустриализациялануы және «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспары  шеңберіндегі реформаларды жүзеге асыру аясында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан экономикасын диверсификациялап, индустриализациялау үшін мемлекеттік дағдарысқа қарсы және құрылымды өзгерістерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді атқара алатын әлемдік деңгейдегі техникалық кадрларды даярлау жүйесін барынша арттыруды тапсырғандығын атап өтті.

Белгіленген міндеттерді іске асыру барысында техникалық мамандықтар мәртебесін арттыру шеңберінде 2016 жылдан бастап «Магистр дәрежесін алуға инженерлік-техникалық қызметкерлер» жаңа санаты енгізілді, бұл санат бойынша өндірістік секторда кем дегенде екі жылдық қызмет тәжірибесі бар мамандар оқытылады.

Сонымен қатар құжаттар қабылдау бойынша ақпараттық-түсіндіру кампаниясы шеңберінде, сондай-ақ персоналды тарту мақсатында Гани Ныгыметов «Агромаш Холдинг» АҚ басшылық құрамымен кездесті, оның мақсаты осы кәсіпорында қызметін жүзеге асырушы инженерлік-техникалық мамандар есебінен үміткерлер қатарын арттыру мәселесін талқылау болып табылады.

2

1

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті

Комиссия отырысын ашқан Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының Бес институционалдық реформасын іске асыру аясында жаңа кадрлар даярлаудың маңыздылығын атап өтті.

Үстіміздегі жылдың басынан бері «Болашақ» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының 2016–2020 жылдарға арналған жаңа даму жоспары бойынша жүзеге асырылуда, жоспарда оны жаңартудың негізгі бағыттары белгіленген.

Жаңартылған Ереже шеңберінде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеуде «жоғары оқу орнының түлегі» санаты алынып тасталып, «магистратураға инженерлік-техникалық қызметкер» деп аталатын жаңа санат енгізілді.

Стипендиаттарды тілдік оқыту «6+6» моделі бойынша Астана және Алматы қалаларындағы «Болашақ» бағдарламасының тілдік мектептерінде табысты іске асырылуда. Ағылшын тілін білу талаптары күшейтілді.

Split PhD жобасы шеңберінде докторанттарды даярлау жалғасуда, сондай-ақ іскерлік әкімшілендіру магистрлерін (МВА) даярлау бағдарламасы бойынша оқу қайта жаңартылды.

2016 жылғы 11 сәуірден 13 мамырға дейін құжаттар қабылдаудың бірінші (көктемгі) кезеңі өткізілді. Конкурсқа еліміздің барлық өңірінен 216 үміткер қатысты.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиисияның шешімімен 137 үміткерге, оның ішінде 100 адамға – магистратура бағдарламасы, 8 адамға – докторантура бағдарламасы бойынша оқуға және 29 адамға тағылымдамадан өтуге стипендия тағайындалды.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы «Болашақ» бағдарламасын одан әрі іске асыруға қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына шетелде кадрлар даярлаудың магистратура, PhD докторантура, тағылымдама деңгейлері арасында ережелерді саралау, сондай-ақ магистратураға және докторантураға «өз бетінше түскендер» санаты бойынша үміткерлер үшін 2 жылдық өтілдің болуы жөніндегі талапты алып тастау тәрізді өзгерістер енгізілетін болады.

www.akorda.kz

Халықаралық «Болашақ» бағдарламасына 2016 жылдың 20 маусым күні ие болғандардың тізімімен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар: иегерлер тізімі

 1

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлер үшін хабарлама

«Болашақ» бағдарламасының әкімшісі халықаралық стипендия тағайындау үміткерлеріне Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өтетін күннің 2016 жылғы 20 маусымға ауыстырылғаны туралы хабарлайды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі Қоғамның ресми сайтындағы «Үміткер» бөлімінде жарияланатын болады.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесу органы болып табылады және Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының мәселелері бойынша іс-шараларды іске асыру мақсатында құрылған.

 2

Халықаралық бағдарламалар орталығы Ақтөбеде орын алған лаңкестік әрекеттерден қаза болғандарға қайғырады

13 маусымнан бастап «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдаудың екінші кезеңі басталады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 141 бұйрығына сәйкес 2016 жылғы 13 маусымнан бастап 29 шілдені қоса алғандағы кезеңде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдаудың екінші кезеңі өткізіледі.

Стипендия «Магистратура», «Докторантура», «Резидентура» және «Тағылымдама» бағдарламалары бойынша тағайындалады.

ҚұжаттардыАстана қ., Орынбор көш., 4-үй, «Алтын орда» бизнес орталығы мекенжайына, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары және «электронды үкімет» порталы арқылы тапсыруға болады.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдауүш кезеңде жүргізілетіндігін еске саламыз, атап айтқанда: бірінші – 11 сәуірден 13 мамырды қоса алған кезең; екінші – 13 маусымнан 29 шілдені қоса алғандағы кезең; үшінші – 15 тамыздан 30 қыркүйекті қоса алғандағы кезең.

Bolashak

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design