«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Берлинде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне мерзімінен бұрын сайлау өткізуге дайындық барысы талқыланды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттарды сайлауға дайындық мәселесі Берлинде өткізілген Неміс-қазақстандық қоғамдастық стипендиаттарымен кездесудің күн тәртібінің басты тақырыбы болды.

Осы мәселе бойынша ақпаратпен Германия Федералдық Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшісі Е. Смаков сөз сөйлеп, қатысушыларға  Берлин және Франкфурт-на-Майне қалаларында екі сайлау учаскесінің жұмысын ұйымдастыру бойынша шаралар туралы айтып берді.

Бұған қоса, Неміс-қазақстандық қоғамдастығының басшысы Г. Нуртазинова Қазақстан мен Германия арасындағы инвестиция тарту және шетелде Қазақстанның бет-бейнесін нығайтуға бағытталған ынтымақтастық шеңберінде өткізілген іс-шараларға тоқталды.

Өз кезегінде стипендиаттар шетелдегі қазақстандықтарға хабарлау мақсатында әлеуметтік желілердегі өз парақтарында қолжетімді нысанда мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы ақпараттық материалдар орналастыру бойынша ұсыныс енгізді.

FRG 2016

Калифорнияда «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары Қазақстанда өтетін парламент сайлауын талқылады

Лос-Анджелестегі Оңтүстік Калифорния университетінде 20 стипендиатпен кездесу өткізіліп, онда Қазақстандағы парламент сайлауы талқыланды. Іс-шараның бастамашысы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның АҚШ-тағы өкілдігі болып отыр.

Талқылау барысында Қазақстанда кезектен тыс парламент сайлауын өткізудің негізгі себептері, постсайлау кезеңінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саласында қайта құруға және осындай шешім қабылдауға мүмкіндік берген басты факторлар қаралды.

Барлық стипендиат Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттары мен барлық деңгейдегі маслихат депутаттарын мерзімінен бұрын сайлау маңызды әрі уақытылы қадам екендігі туралы ойларын білдірді.

Кездесу соңында қатысушылар 2016 жылғы 20 наурызға белгіленген сайлауға белсенді қатысатындықтарын жеткізді.

Вашингтондағы стипендиаттар 20 наурызға белгіленген кезектен тыс сайлау өткізу мәселесін талқылады

Стипендиаттардың кездесуі АҚШ-тағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде болып өтіп, онда олар диолог форматында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге қатысты өз ойларын бөлісті.

Руслан Жексебайулы, Дж.Вашингтон атындағы университеттің магистранты:

– Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын мерзімінен бұрын сайлау туралы шешімі ағымдағы жылғы оперативтік реакция болып табылады. Бесінші шақырыламдағы Мәжіліс құрамы заманауи талаптарға сәйкес мемлекеттің дамуы үшін заңнамалық негіз даярлау үшін бар күш-жігерін салды. Дамудың негізгі салалары «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» ұлт жоспарында берілген.

Саяси ғылымдарды оқып жатқан Шалкар Нурсеитов те осы ұстанымда.

Шалкар Нурсеитов, Дж.Вашингтон атындағы университеттің магистранты:

– Қазіргі уақыттағы жағдайда мерзімінен бұрын сайлау өткізу жалғыз дұрыс қадам деп есептеймін. Менің ойымша, мерзімінен бұрын сайлау өткізу сайлау циклін ұзақ мерзімге созбауға мүмкіндік береді, және бұл сайлауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұлттық бюджетке жүктемені барынша қысқартады, бұл ағымдағы жағдайда Қазақстанның одан әрі тұрақты дамуы үшін маңызды болып табылады.

Осылайша, стипендиаттар кезектен тыс сайлау өткізуді оң қабылдап, әрбіреуі Қазақстанды дамыту бағдарламасына қатысу үшін жаңа білімдері мен дағдыларын қолдану үшін тез үйлеріне қайтуды асыға күтуде.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 20 қаңтарда «Бесінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойған.

Құжатқа сәйкес партиялық тізім бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы – 2016 жылғы 20 наурызда, Қазақстан халықтары ассамблеясынан депутаттарды сайлау 2016 жылғы 21 наурызда өтеді.

Шанхайдағы стипендиаттар Қазақстандағы саяси реформаларды қолдауда

Шанхай шет тілдері университеті жанындағы «Қазақстан орталығында» «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары, оның ішінде Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығының белсенділері «Қазақстан Республикасындағы саяси реформалар» тақырыбында дөңгелек стол өткізді.

Іс-шара қатысушылары Қазақстандағы бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадамды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын мерзімінен бұрын сайлауды өткізу туралы шешімді талқылады.

«Мәжілісті мерзімінен бұрын тарату және жергілікті мәслихаттармен бірлесіп мерзімінен бұрын сайлау өткізу мемлекеттік бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеп қана қоймай, «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру процесін жылдамдатуға ықпал етеді. Мен заңгер ретінде осы уақытылы шешімді қолдаймын»,— деді өз баяндамасында Шанхай көлік университеті құқық факультетінің магистранты, «Болашақ» стипендиаты Назгуль Максуткан.

Шығыс Қытай педагогикалық университетінің студенті Вячеслав Теннің айтуынша, қиын қыстау жағдайында барлық қазақстандықтарға бірігіп, қиындықтарды бірлесіп жеңу қажет. «Президент ұсынған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жанындағы біріккен болашақ ұлтын құру бойынша реформа біздің ортақ, көпұлтты отбасымыздың этно-әлеуметтік топтары өкілдерінің мүддесіне сәйкес келеді», – деді ол.

Фудань университетінің «IT-технологиясы» мамандығының магистранты, «Болашақ» стипендиаты Алымжан Толеу «100 нақты қадамды» іске асыру ақпараттық технологиялар мен жүйелер саласында көптеген жобаларды болжайды. «Бұл Қазақстанды қайта құру және дамытуға үлес қосуға қатысуға ниетті ІТ саласындағы жас мамандарға жақсы мүмкіндік», – деді ол.

Шанхай Теңіз істері университетінің экономика факультетінің магистранты Барлыбаева Алтынай «дағдарыс» сөзі қытай тілінде «тәуекел» және «үміт» екі иероглифімен жазылады. Осыған байланысты әлемдік дағдарыс кезеңінде «100 нақты қадам» Қазақстанға ел экономикасын индустриализациялау және отандық өндірісті дамыту бойынша үлкен мүмкіндік ашады.

Жас кәсіпкер, «Shanghai Silkroad» компаниясының негізін салушы Аскар Оразбеков студенттерге жастардың орта және шағын бизнесті дамытуға белсенді қатысу мүмкіндігі туралы айтып берді. А. Оразбековтың айтуынша, «100 нақты қадам» ұлт жоспарында болашақта Қазақстанның экономикасы дамуының негізгі қозғалтқышына айналуы тиіс орта және шағын бизнесті дамыту үшін жағдай жасалған.

«Дөңгелек стол» нәтижесінде Шанхай қаласындағы қазақстандық студенттер Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне мерзімінен бұрын сайлау жүргізуге қолдау жасап, Шанхайдағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы жанындағы № 244 сайлау учаскесінде өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне мерзімінен бұрын сайлауды ұйымдастыруға ықпал жасау бойынша бастамашылар тобын құру туралы шешім қабылдады.

Шанхай шет тілдері университеті жанындағы «Қазақстан орталығы» 2015 жылғы қарашада Шанхай қаласында Қазақстан Республикасы Бас Консулдығы мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бірлескен бастамасы бойынша құрылған. Шанхай шет тілдері университеті жанындағы «Қазақстан орталығының» міндеттерінің бірі Шанхай қаласында білім алып жатқан қазақстандық жастарды патриоттық тәрбиелеу және оларды біріктіру болып табылады.

2

3

4

Жаңа стипендиаттар үшін бағдарлық брифинг өткізілді

2016 жылғы 27 қаңтарда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да 2016 жылы оқуға кірісетін 2015 жылы стипендия тағайындалған «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары үшін бағдарлық брифинг болып өтті.

Іс-шараға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Гани Ныгыметов, вице-президент Галия Досмухамбетова, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ  жаңадан тіркелген стипендиаттар болды.

Кездесу барысында «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары алдағы оқу шарттарымен, атап айтқанда оқу процесін ұйымдастыру, тілдік курстардан өту, шетелде болу, қаржыландыру және оқуын аяқтағаннан кейін бес жыл міндетті жұмыс істеу мәселелері бойынша шарттармен таныстырылды.

Бұған қоса, стипендиаттардың өздерін қызықтырған барлық сұрақтарына нақты түсініктер беру арқылы тиісті жауап алуға мүмкіндіктері болды.

DSC 7323

DSC 7331

Германияда оқып жатқан стипендиаттар Қазақстанда іске асырылып жатқан реформаларды талқылады

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның ГФР және құрылықтық Еуропа елдеріндегі өкілдігінің бастамасы бойынша ағымдағы жылғы 25 қаңтарда Лейпциг университетінің базасында «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының қатысуымен «дөңгелек стол» отырысы өтіп, онда Мемлекет басшысының «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» ұлт жоспарының негізгі ережелері қаралды.

Кездесу еркін пікір алмасу форматында өткізілді. Атап айтқанда қатысушылар осы стратегиялық құжат бойынша өз көзқарастары мен ұстанымдарын көрсететін баяндамаларын оқыды. Жас болғандарына және практикалық тәжірибелерінің аз болғанына қарамастан, стипендиаттар Мемлекет басшысының бастамаларын толықтай қолдап, Қазақстанның болашағы үшін жауапкершілікте екендіктерін ұғынады.

Осылайша, халықаралық құқықты игеруші магистрант Еділ Назаров бұл мәселеге кәсіби жағынан қарап, студенттерге мемлекеттік қызмет, Қазақстанда заңдылық жүйесін нығайту саласындағы жоспарланып отырған қадамдар туралы түсінік берді. Стипендиат әрқашан салыстырмалы талдау жасап, жоғары оқу орнындағы мамандармен пікірлерін бөлісуде. Қазіргі күннің өзінде Еділ оқуын аяқтағаннан кейін Отанына алып келуге болатын ықтимал жобалар мен идеялар жайында ойлауда.

Университетте медицина саласын меңгеріп жүрген Айгүл Узгельдиеваның ойынша шетелде оқып жатқан жас мамандарға Қазақстандағы реформаларды жылжытуда белсенді қатысу қажет. Мысалға, қазіргі уақытта ол неміс дәрігерлерімен бірлесе отырып, Қазақстанға жақсүйек-бет медицинасы саласындағы жобаны тарту мәселесімен айналысуда.

Стипендиат Сейдигали, Шолпан Омарова және Лейла Аскарова алған білімдерін, дағдылары мен тәжірибелерін Қазақстанда қолдану үшін оқуларын тез аяқтағылары келетіндіктерін жеткізді.

Отырыс қорытындысын шығара келе, стипендиаттар өздеріне жүктелген сенімді толықтай ақтап, еліміз үшін маңызды реформаны жүзеге асыруға әрдайым дайын екендіктерін білдірді.

Анықтама үшін: Лейпциг университеті 2015 жылы негізі қаланғанына 600 жыл толуын атап өтті. Бұл жоғары оқу орны Германия аумағындағы екінші көне оқу орны болып табылады. Бұл университетті тәмамдаған зиялы адамдар арасында ГФР Канцлері Ангела Меркель бар. Оның сонымен қатар «Құрметті доктор» атағы бар. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаттары бұл жерде медицинаны, заңтану және жаратылыстану ғылымдарын игеруде.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1154 қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Атап айтқанда, аталған қаулымен «ЖОО түлегі» санаты алынып тасталып, магистр дәрежесін алу үшін жаңа «Инженерлік-техникалық қыметкер» санаты енгізілді.

Академиялық бағдарламаға үміткерлердің барлық санаттары үшін (магистратура, докторантура, резидентура) бакалавр немесе маман дипломының қосымшасы бойынша орташа балға өзгерістер енгізілді — GPA 3,0 балл (4,0/4,33 GPA-дан), сондай-ақ жалпы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл деп белгіленді.

Тағылымдамадан өтуге үміткерлер үшін жалпы жұмыс өтілі таңдап алған саладағы соңғы 12 айды қоса алғанда кемінде 3 жыл.

Бұған қоса, үміткерлердің конкурсқа қатысу үшін еңбек қызметінің талап етілетін кезеңіне міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы жазбаны міндетті ұсынуы туралы норма енгізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы қаулысы 2016 жылғы 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design