«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«Болашақ» бағдарламасының тілдік мектебіне 50-ден аса жаңа стипендиат қабылданды

Оқытылған 6 ай ішінде IELTS деңгейі 1–1,5 балға көтерілгені байқалады, бұл халықаралық тілдік мектептердегі көрсеткіштерден сәл жоғары.

Ағылшын тілін қарқынды түрде оқуға 52 адам кірісті, оның30-ы – Астанада, 22-сі – Алматыда. Олар шет тілін «3+6» және «6+6» жаңа тілдік даярлық моделі бойынша оқитын болады.

2016 жылдан бастап шет тілін 3 ай Қазақстанда, 6 ай шетелде оқуды көздейтін «3+6» курсы IELTS 5.5 деңгейі бар стипендиаттарға арналған. Бағдарламаның шет тілін одан төмен меңгерген қатысушыларына шет тілін 6 ай Қазақстанда және 6 ай шетелде оқу ұсынылатын «6+6» курсы көзделген. Оған IELTS 5.0 деңгейінде тілді игерген стипендиаттар үміттене алады. IELTS 6.0–7.5 деңгейін игерген конкурсанттар білімін одан әрі жетілдіру үшін шетелге жіберіледі.

Білім грантына үміткерлерге бұл талаптар ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамытудың 2016–2020 жж. арналған жоспарында көрсетілген.

Бұған дейін стипендиаттардың квоталық санаттары тілдік курстарды шетелде ұзақтығы 18 айға дейінгі уақытта өткен.

«Болашақ» стипендиясына үміткерлерді іріктеу қағидаларын өзгерту шетелде одан әрі тиімді оқыту мақсатында бағдарлама қатысушыларын базалық даярлау деңгейін арттыруға тырысудан туындаған. Осыған байланысты, жыл сайын ағылшын тілін білу талаптары арттырылып отырады. Үстіміздегі жылы IELTS тапсыру балы өз бетімен түскендер үшін 5.0 балға дейін арттырылған. Бұдан әрі балл 6,5-ке дейін, яғни топ жоғары оқу орындарының қажетті өлшемдеріне дейін жеткізіледі»,— деп көрсетілді Халықаралық бағдарламалар орталығында («Болашақ» бағдарламасының әкімшісі).

Бүгінгі күні Астана және Алматы қалаларында (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында) 2 тілдік мектеп бар. Жоба серіктесі Қазақстандағы Британдық Кеңес болып табылады; оқытуды ағылшын тілінде сөйлейтін оқытушылар жүргізеді. Қазақстандағы тілдік курстардың барлық 11 оқытушысының CELTA және TESOL немесе оларға балама сертификаттары бар.

Оқуда жалпыға танылған шетелдік басылымдардың балама материалдары пайдаланылады. «Оқыту тілдік ортаға толығымен ену негізінде заманауи коммуникативтік әдіс бойынша өткізіледі, барлық сөйлеу аспектілерін (грамматика, лексика, фонетика, функционалдық конструкциялар және т.б.) зерделеу нақты уақыт форматында жүргізіледі, бұл алынған білімнің жылдам игерілуіне ықпал етеді», — деді астаналық тіл мектебінің мамандары. Оқу аптасына 5 күн 7 академиялық сағаттан дүйсенбіден жұмаға дейін сағ. 10.00-ден 18.00-ге дейін өтеді.

Педагогтар атап өткендей, Қазақстанда даярланатын 3 айда IELTS деңгейі орта есеппен 0,5 балға; 6 айда 1–1,5 балға арттырылғаны байқалады, бұл халықаралық тіл мектептерінің көрсеткішінен сәл жоғары.

Одан әрі алынған оң тәжірибені Қазақстанда тілдік даярлаудың толық курсына кезең кезеңмен көшумен өңірлерге тарату жоспарланып отыр.

Қазақстанда бірінші тілдік мектеп ашылған күннен бастап 127 стипендиат даярлықтан өтіп, шетелге оқуға жіберілген. Қазіргі уақытта 69 адам оқуда, олардың басым бөлігі «мемлекеттік қызметші», «инженерлік-техникалық қызметкерлер», «ғылыми немесе педагог қызметкерлер», «БАҚ қызметкерлері» және «мәдениет қызметкері, шығармашылық қызметкерлер» санаттары бойынша оқуға түскен.

2015–2016 жылдары тілдік даярлықтың жаңа моделін енгізу республикалық бюджет шығыстарын 1,6 есеге немесе 2 млрд. теңгеге қысқартуға мүмкіндік берді.

 FOTO yazykovye kursy

2016 жылғы 16, 17, 18 қарашадағы ТСК мүшелерімен әңгімелесуге қатысатын үміткерлердің тізімі

ҚҰРМЕТТІ ҮМІТКЕРЛЕР!

Тәуелсіз сараптама комиссиясының отырысы 2016 жылғы

16, 17, 18 қарашада өтеді

(кестеге сәйкес)

МЕКЕНЖАЙЫ:

АСТАНА қ., ОРЫНБОР көшесі, 4

«Алтын Орда» Бизнес Орталығы, 5 қабат

ӨЗІҢІЗБЕН БІРГЕ ЖЕКЕ КУӘЛІГІҢІЗ НЕМЕСЕ ТӨЛҚҰЖАТЫҢЫЗ БОЛУЫ КЕРЕК

ДЕРБЕС ӘҢГІМЕЛЕСУ КЕЗІНДЕ КИІМІҢІЗДІҢ РЕСМИ СТИЛЬДЕ БОЛУЫН СҰРАЙМЫЗ!

2016 жылғы 16 қарашадағы ТСК мүшелерімен әңгімелесуге қатысатын үміткерлердің тізімі

2016 жылғы 17 қарашадағы ТСК мүшелерімен әңгімелесуге қатысатын үміткерлердің тізімі

2016 жылғы 18 қарашадағы ТСК мүшелерімен әңгімелесуге қатысатын үміткерлердің тізімі

Қостанай облысында «Серпін-2050» әлеуметтік жобасының күндері өтуде

2016 жылғы 10–14 қараша аралығындағы кезеңде «Серпін-2050» әлеуметтік жобасының кураторлары Қостанай облысының 13 білім беру мекемелерінде болып қайтады. 

Бүгінгі күні Қостанай облысында «Серпін-2050» жобасы (бұдан әрі – Жоба) бойынша 1 763 студент оқуда, оның ішінде ЖОО-ларда – 1 506 студент, колледждерде – 257 студент. Жоба 2014 жылдан еңбегі тапшы аймақтарға жастардың оқу миграциясы мақсатында іске асырылуда. Оқу процесінде білім гранттарының иегерлеріне жатақхана беріліп, стипендия төленеді. Жоба шеңберінде түлектерге сонымен қатар одан әрі жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіледі.

Қостанай облысына сапары барысында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президентінің кеңесшісі Талғат Асқаров және «Серпін-2050» республикалық әлеуметтік жобасының басшысы Күлзия Тобатаева «Серпін-2050» мемлекеттік білім жобасының стипендиаттары оқып жатқан Қостанай, Арқалық, Жетіқара және Рудный қалаларындағы 13 оқу орындарында  (4 ЖОО және 9 колледж) болады.

ЖОО-лар мен колледждерде болу уақытында Жоба кураторлары облыстық Білім және жастар саясаты басқармасының өкілдерімен бірге оқу жағдайларымен және бағдарламаларымен, кабинеттердің, зертханалардың, оқу орындарының шеберханаларының жабдықталуымен, студенттердің жатақханаларда тұру жағдайлары мен бос уақыттарының ұйымдастырылуымен танысады.

«Облыстағы колледждер мен әлеуметтік серіктес кәсіпорындар арасында дуалды оқыту нысаны бойынша шарттар жасалған. Өңірлер үшін кадрлар қажеттілігін және қажетті кәсіптер тізбесін облыс әкімдігі жергілікті кәсіпорындардан тапсырыстар жинау арқылы анықтайды. Осылайша сол немесе өзге жұмыс мамандықтары бойынша мамандар жетіспеушілігі анықталады және гранттар санына тапсырыс құрылады. 2016 жылы «Серпін-2050» жобасы шеңберінде Қостанай облысы үшін шамамен 400 грант бөлінді»,— деді Қостанай облысы Білім беру басқармасының бастығы Батима Даумова.

«Серпін-2050» жобасының кураторлары мен студенттерінің кездесулері 2016 жылғы 10–14 қараша аралығында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде, Қостанай мемлекеттік педагогика институтында, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогика институтында, Арқалық политехника колледжінде, Жетіқара политехника колледжінде, Рудный тау-кен технологиялар колледжінде, Қарабалық агротехникалық колледжінде, Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінде, Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде, Қостанай құрылыс колледжінде, Қостанай техникалық-экономика колледжінде, Торғай агротехникалық колледжінде дөңгелек стол форматында өтеді.

Анықтама үшін: Қазіргі уақытта «Серпін-2050» жобасына Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы 22 ЖОО және 54 колледж базасында оқып жатқан республиканың оңтүстік өңірлерінен 12 мың студенті қатысуда. Мамандар даярлаудағы негізгі бағыттар – білім, техникалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, ветеринария және медицина. «Серпін-2050» жобасы шеңберінде оқып жатқандардың көпшілігі – Оңтүстік Қазақстан (57%), Қызылорда (24%), Жамбыл (8%), Алматы (6%) және Маңғыстау (5%) облыстарының жастары. 2016 жылғы қыркүйектен бастап жобаның операторы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ болып табылады. 

Serpin-2

Serpin-1

Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Жапониядағы «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарымен кездесті

Қазіргі уақытта Токай университетінде «Болашақ» стипендиясы бойынша төрт магистр және бір докторант оқуда.

Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияға ресми іссапары барысында «Токай» университетінде болып, «Болашақ» бағдарламасы бойынша университетте оқитын қазақстандық студенттермен әңгімелесті.

News Tokai University

ЖОО ұжымы алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті «Токай» университеті мен Назарбаев Университеті арасында орын алған серіктестік қатынастарға көңіл бөлді.

«Тұрақты негізде студенттермен, ғалымдармен, оқытушылармен алмасу жүріп жатқандығы мені қуантады. Бүгінгі күні Қазақстанда индустриалды инновациялық саясатты жүргізіп жатқан біздің ел үшін оның маңызы зор»,— деді Президент.

Қазіргі уақытта Токай университетінде «Болашақ» стипендиясы бойынша төрт магистрант және бір докторант оқуда. 2010 жылдан бастап бұл ЖОО-да негізінен техникалық және инженерлік мамандықтар бойынша 16 қазақстандық студент білім алуда.

Сонымен қатар ол жапондық жастар да Астанада алмасу тәртібімен оқитындығын, ал Жапонияда оқитын қазақстандықтар қатары көбейетіндігін де атап өттіп.

«Бүгінгі күні Астана Еуразиядағы ірі ғылыми-білім орталықтардың бірі болып отыр. Біздер өздеріміз университеттерімізде оқу үшін жастарды тартудамыз, жапондық жастар да бізде білім алады деген сенімдеміз»,— деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы республикамызда ғылымды қажет ететін экономиканы құру үшін екі интеллектуалды-инновациялық кластер – Назарбаев Университетінің «Астана бизнес кампус» хайтек-паркі мен Алматыдағы «Алатау» технопаркінің құрылғаны туралы хабарлады. «Токай» университетін осы ғылыми-инновациялық орталықтарға белсенді серіктесе енуге шақырамын»,— деді өз сөзінде Қазақстан Президенті.

Бұған қоса, Мемлекет басшысына «Токай» университеті инженерлік ғылымдарының Құрметті докторы дәрежесі берілді. «Токай университетінің ректоры Ямада Киеси атап өткендей, диплом мен Құрметті доктор медалі Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның тәуелсіздік алған кезеңдегі жаңартуларға қосқан үлесі, халықаралық стандарттарға сәйкес ғылыми-білім саласын дамытқаны үшін табыс етілген.

Токай Университеті Авиациялық ғылымдар колледжі базасында ашылған. Қазіргі уақытта Жапонияның көп функционалды ірі жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.

ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына 23 жыл толды

Әкімшісі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ болып табылатын «Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың бастамасы бойынша 1993 жылы құрылған. Ақорда баспасөз қызметі 2016 жылғы 5 қарашада Facebookте Мемлекет басшысы 1993 жылғы 5 қарашада қол қойған «Шетелде кадрлар даярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын құру туралы» қаулысын жариялаған. Осы қаулымен Н. Назарбаев алғашқы 250 «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындаған.

1

«ҚР экономикасының нарықтық қатынастарға көшуі, халықаралық байланысты кеңейту жағдайында тиісті білімі бар кадрларға қажеттілік туындады, осыған байланысты шет елдердің жетекші оқу орындарында оқуға барынша даярланған жастарды жіберу ерекше өзекті болып отыр» делінген тариха құжатта.

2

3

9 мыңға жуық қазақстандық негізі қаланған сәттен бастап «Болашақ» стипендиясының түлегі атанды

«Болашақ» стипендиясы құрылған сәттен бастап 1993–2016 жылдар аралығында 8,8 мыңнан астам жоғары сыныпты маман бағдарлама түлегі атанды.

35 2

Шамамен 2 500 түлек – инновациялық жобалар және технологиялар салаларда, мұнайгаз секторында, металлургия, энергетика салаларында жұмыс істейтін мамандар.

2 000-нан аса кәсіби кадрлар білім саласы үшін даярланған. Елдің ғылыми әлеуетін елдің жоғары оқу орындары мен ірі ҒЗИ базасында ғылыми және зерттеу жобаларында қызмет ететін 98 PhD докторы толықтырды.

35 1

600-ге жуық жоғары білікті дәрігер ел өңірлеріне орналастырылған, сондай-ақ астаналық кластердегі алдыңғы қатарлы медициналық орталықтарда жұмыс істеуде.

200-ден астам адам шығармашыл мамандықтар бойынша оқуын аяқтап, мәдениет және өнер мекемелерінде өз шеберліктерін көрсетуде.

Жалпы алғанда «Болашақ» бағдарламасының түлектері бүгінгі күні барлық басты салаларда және экономиканың  химиялық және мұнайхимия өнеркәсібі, ақпараттық технологиялар, мемлекеттік сектор, мұнайгаз салаларында, білім және ғылым, педагогика, медицина, юриспруденция, экономика және қаржы, құрылыс, өнер, әлеуметтік салаларда, ауыл шаруашылығы және т.б. салаларда қызмет етуде.

Бүгінгі күні 1,5 мыңнан астам стипендиат оқуда, олардың ішінде 39% техникалық, 19% — гуманитарлық, 36% — әлеуметтік-экономикалық, 4% — медициналық, 2% — шығармашыл мамандықтар.

35 3

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Серпінмен нұрлы болашаққа!» республикалық семинарын өткізуде

2016 жылғы 25–26 қазанда Бурабай курорттық аймағындағы «Discovery-Бурабай» лагері базасында өткеізіліп жатқан «Серпінмен нұрлы болашаққа!» республикалық семинары «Мәңгілік ел жастары — индустрияға!» — «Серпін-2050» (әрі қарай – «Серпін-2050») республикалық әлеуметтік жобасының қатысушыларының – мемлекеттік білім беру гранттарының 200 иегерлерінің басын қосып отыр.

Іс-шара ұйымдастырушысы 2016 жылғы қыркүйек айынан «Серпін-2050» жобасыныңресми операторы атанған «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ болып табылады. «Жастар ортасында кәсіпкерлікті және жаңа жобаларды дамыту», «Жастар ортасындағы көшбасшылық: тиімді коммуникациялық қарым-қатынастар», «Әлеуметтік бастамаларға арналған жаңа медиа жолдары», «Күнделікті өмірде IT-технологияларды қолдану» және басқа да бағыттар бойынша тренинг пен пікірталас форматындағы оқудан 77 білім беру мекемелерінің өкілдері өтуде.

 «Жобаның басты мақсаты – еліміздің еңбегі тапшы батыс және солтүстік аймақтарына халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтардан жастардың оқу миграциясы. Оқу барысында грант иегерлері жатақхана және стипендиямен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, жоба бойынша барлық жас мамандарға жұмыс орны және тұрғын үйлер бөлінеді. Осылайша, солтүстік өндірістік аймақтарды ең талап етілетін жұмыс мамандықтары бойынша кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері шешіледі» — деп «Мәңгілік ел жастары — индустрияға!» — «Серпін-2050» жобасының жетекшісі Күлзия Тобатаева атап өтті.

Қазіргі таңда «Серпін-2050» жобасы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы 22 жоғары оқу орны мен 54 колледж базасында 12 мыңнан астам студент оқуда. Мамандарды даярлаудың басты бағыттары – білім беру, техникалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, ветеринария және медицина. «Серпін-2050» жобасы шеңберінде білім алушылардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан (57%), Қызылорда (24%), Жамбыл (8%), Алматы (6%) және Маңғыстау (5%) облыстарының жастары.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 2005 жылғы сәуір айында құрылды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады. Орталық қызметінің басты бағыттары – шетелде кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілікті жоғарылату халықаралық бағдарламалары, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын әкімшіліктендіру бойынша іс-шаралар кешенің ұйымдастыру.

Serpin novost

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design