«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Серпінмен нұрлы болашаққа!» республикалық семинарын өткізуде

2016 жылғы 25–26 қазанда Бурабай курорттық аймағындағы «Discovery-Бурабай» лагері базасында өткеізіліп жатқан «Серпінмен нұрлы болашаққа!» республикалық семинары «Мәңгілік ел жастары — индустрияға!» — «Серпін-2050» (әрі қарай – «Серпін-2050») республикалық әлеуметтік жобасының қатысушыларының – мемлекеттік білім беру гранттарының 200 иегерлерінің басын қосып отыр.

Іс-шара ұйымдастырушысы 2016 жылғы қыркүйек айынан «Серпін-2050» жобасыныңресми операторы атанған «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ болып табылады. «Жастар ортасында кәсіпкерлікті және жаңа жобаларды дамыту», «Жастар ортасындағы көшбасшылық: тиімді коммуникациялық қарым-қатынастар», «Әлеуметтік бастамаларға арналған жаңа медиа жолдары», «Күнделікті өмірде IT-технологияларды қолдану» және басқа да бағыттар бойынша тренинг пен пікірталас форматындағы оқудан 77 білім беру мекемелерінің өкілдері өтуде.

 «Жобаның басты мақсаты – еліміздің еңбегі тапшы батыс және солтүстік аймақтарына халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтардан жастардың оқу миграциясы. Оқу барысында грант иегерлері жатақхана және стипендиямен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, жоба бойынша барлық жас мамандарға жұмыс орны және тұрғын үйлер бөлінеді. Осылайша, солтүстік өндірістік аймақтарды ең талап етілетін жұмыс мамандықтары бойынша кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері шешіледі» — деп «Мәңгілік ел жастары — индустрияға!» — «Серпін-2050» жобасының жетекшісі Күлзия Тобатаева атап өтті.

Қазіргі таңда «Серпін-2050» жобасы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы 22 жоғары оқу орны мен 54 колледж базасында 12 мыңнан астам студент оқуда. Мамандарды даярлаудың басты бағыттары – білім беру, техникалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, ветеринария және медицина. «Серпін-2050» жобасы шеңберінде білім алушылардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан (57%), Қызылорда (24%), Жамбыл (8%), Алматы (6%) және Маңғыстау (5%) облыстарының жастары.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 2005 жылғы сәуір айында құрылды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады. Орталық қызметінің басты бағыттары – шетелде кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілікті жоғарылату халықаралық бағдарламалары, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын әкімшіліктендіру бойынша іс-шаралар кешенің ұйымдастыру.

Serpin novost

«Серпін-2050» әлеуметтік жобасының тәлімгерлері Павлодар облысының жоғары оқу орындары мен колледждеріне барып қайтты

2016 жылғы 18–19 қазанда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президентінің кеңесшісі Талғат Асқаров пен «Серпін-2050» республикалық әлеуметтік жобасының басшысы Күлзия Тобатаева сапар барысында «Серпін −2050» (әрі қарай – Жоба) әлеуметтік жобасының қатысушылары – мемлекеттік білім беру грантының иегерлері оқып жатқан, Павлодар облысы жоғары оқу орындары мен колледждерінің жұмысымен танысты. Сонымен қатар, студенттердің тұрмыс жағдайлары мен бос уақытын ұйымдастыру мақсатында Жоба тәлімгерлері студенттік жатақханаларды аралап шықты.

Облыстың Білім беру және жастар саясаты басқармасы өкілдерінің жетекшілігімен Асқаров Т. және Тобатаева К. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі, Павлодар бизнес колледжі, Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі, Павлодар химия-механикалық колледжі, Красноармейқа аргарлық-техникалық колледжі және Павлодар технология және дизайн колледждеріне барды. Сапар барысында оқу мекемелерінің өкілдері дуалды оқу формасы бойынша облыс колледждері мен әлеуметтік кәсіпорын-серіктестерінің арасында шарттар жасалынғандығын айтып өтті.

Барлығы «Серпін-2050» жобасы бойынша облыс жоғары оқу орындарында 879 студент оқуда, солардың ішінде 277 адамы 2016 жылы оқуға қабылданды. Соған қоса, «Серпін-2050» жобасы бойынша Павлодар облысының алты колледждерінде 394 студент, олардың 185-сі ағымдағы жылы оқуға қабылданды.

Университеттер мен колледждерді аралау барысында делегация оқу орындарының материалдық-техникалық базасы, кабинеттер, лабораториялар және шеберханалардың жабдықталуымен танысып шықты.

Берілген жоба бойынша студенттермен кездесу дөңгелек үстел мен диалог форматында өтті. Студенттер концерттік бағдарлама мен флешмоб ұйымдастырды.

Алдағы уақытта Павлодар облысында «Серпін-2050» жобасының білім мекемелерімен республикалық ауқымдағы іс-шараны ұйымдастыру жоспарланғандығын жоба басшысы Күлзия Тобатаева айтып өтті.

Встреча 18.10

IMG-20161022-WA0012

«Болашақ» бағдарламасының Bolashak Alumni Reunion Conference аnd Education Fair-2016 (BARCEF-2016) ІІІ халықаралық конференциясы болып өтті

Ағымдағы жылғы 7 қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлының қатысуымен Орталық Азиядағы ең ірі Bolashak Alumni Reunion Conference аnd Education Fair-2016 (BARCEF-2016) ІІІ халықаралық конференциясы болып өтті.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, білім беру саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар, 60-тан астам шетелдік және қазақстандық университет өкілдері, «Болашак» бағдарламасының түлектері, сонымен қатар «Жаһандық білім» (Сколково), «Алғарыш» (Татарстан) стипендиалдық бағдарламаларының өкілдері және «Болашак» бағдарламасының  серіктестері: — British Council, Campus France, DAAD шақырылды.

BARCEF-2016 бағдарламасының аясында білім беруді дамытудың өзекті сұрақтары бойынша конференция-форум; шетелдік және қазақстандық жоғары оқу орындарының 30-ға жуық таныстырулары; 4000 мыңнан астам қазақстандық мектеп оқушылары мен студенттері қатысқан білім беру көрмесі өткізілді.

Конференция қорытындыЛАРЫ бойынша болашақта ортақ білім беру жобаларын және ғылыми зерттеулерді дамытуға мүмкіндік беретін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Милан техникалық университеті (Италия), Вильдау қолданбалы ғылымдар университеті (Германия), Литва университеті, Денсаулық сақтау ғылымдары үшін Литвалық университеттің медициналық академиясы арасында, сонымен қатар шетелдік және қазақстандық жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімі ұйымдастырылды.

Bolashak Alumni Reunion Conference аnd Education Fair халықаралық конференциясының негізгі мақсаты – шетелдік және отандық білім беру ұйымдары арасында екіжақты байланыстарды нығайту бойынша кәсіби алаң құру, білімді интернационалдандыру және кадрларды даярлау саласында халықаралық серіктестікті кеңейту сұрақтары бойынша сарапшылық көзқарастармен алмасу, ортақ ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру және академиялық ұтқырлықты дамыту.

0V8A8855

0V8A9107

0V8A9260

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 1 қазандағы № 564 қаулысы

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 1 қазандағы қаулысына сәйкес «Болашақ» бағдарламасы бойынша түсетін үміткерлер үшін екі жыл жұмыс өтілінің болуы туралы талап алынып тасталды.

Бұл қаулы 2016 жылғы 4 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланып, алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Осылайша, екі жыл жұмыс өтілі жоқ, «өз бетінше түскендер» санаты бойынша үміткерлер «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар тапсыруға құқылы.

Бұған қоса, осы қаулыда үміткерлердің барлық санаттары бойынша «Болашақ» стипендиясы шеңберінде шетелде академиялық оқу немесе тағылымдамадан өту қорытындысы бойынша одан әрі үзіліссіз үш немесе бес жыл:

өз бетімен түскендер үшін – Қазақстан Республикасының ұйымдарында не жарғылық капиталдағы қатысу үлесі Қазақстан Республикасына не ұлттық компанияларға тиесілі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан ұйымдарда;

ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, тағылымдамаға үміткерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері үшін – саланың басқа ұйымдарында не жіберетін ұйымның негізгі қызметіне ұқсас қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда;

мемлекеттік қызметшілер үшін – Республикалық комиссияның шешімі бойынша, бос жұмыс орындары болған жағдайда – Қазақстан Республикасының ұйымдарында, сондай-ақ акциялары немесе жарғылық капиталдағы қатысу үлесі Қазақстан Республикасына не ұлттық компанияларға тиесілі Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі ұйымдарда жұмыс істеу мүмкіндігі кеңейтілді.

 

pravitelstvo-rk

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 141 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қыркүйектегі № 564 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 қыркүйекте № 14243 болып тіркелді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 141 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13437 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 18 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) құжаттарды қабылдау – 2016 жылғы 11 сәуірден бастап 13 мамырды қоса алғанда, 2016 жылғы 13 маусымнан бастап 29 шілдені қоса алғанда, 2016 жылғы 15 тамыздан бастап 14 қазанды қоса алғанда;».

2. Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастык департаменті (Н.Ә. Байжанов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;

3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б. А. Асыловаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының 
Білім және ғылым министрі                                                                                                         Е. Сағадиев

 
photo
 
 
 
 
 
 
 
 

«Болашақ» бағдарламасының ресми әкімшісі «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» конкурсының нәтижесін шығарды

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2011–2020 жылдарға арналған Тілдерді қолдану және дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ҚР Тілдер күніне арналған мемлекеттік тілді білу және кеңінен қолдану бойынша «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты конкурсын жариялады.

Конкурстың басты мақсаты – іс қағаздарды жүргізуде мемлекеттік тілді қолдануды одан әрі қамтамасыз етіп, беделін арттыру, мемлекеттік тіл саясатын «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты мен түлектері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары арасында насихатау.

Конкурс қатысушыларының жұмысын бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты және Мәжілісінің қазақ тілі мамандары, сондай-ақ қоғам басшылығы қатарынан әділқазылар мүшесі құрылды. Олардың шешімдеріне сәйкес келесі жеңімпаздар анықталды:

1. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкерлері арасында өткен «Мемлекеттік тілде іс қағаздарды еркін жүргізуші үздік қызметкер» конкурсында – Нұрлан Жахин;

2. «Үздік өзіндік эссе» конкурсында:

– Қоғам қызметкерлері арасында – Әлнұр Досмақ;

– «Болашақ» бағдарламасының түлектері арасында Ғалымжан Елікбаев жеңіске жетті.

3. Шетелдік шығарманың қазақ тіліне үздік аудармасы «Қане, қазақша сөйлетіп көр!» шығармашылық конкурсында келесі номинация жеңімпаздары анықталды:

«Үздік проза аудармасы» – Атырау қаласы Қазақ-түрік лицейінің оқушысы Қадырханов Дамир;

«Үздік поэзия аудармасы» – Атырау қаласы Қазақ-түрік лицейінің оқушысы Аманғалиев Әмір;

«Үздік бейнеролик авторы»Дамира Манақбай.

Сонымен қатар, әділқазылар мүшесі шетел тілінен қазақ тіліне көркем аудармашы ретінде болашақ ұрпаққа дәріс бере жүріп, аударма саласын дамытуға зор үлесін қосып келе жатқан Мария Арынованың жұмысын ерекше атап өтті.

Конкурсанттардың білімі мен шеберліктерін бағалау кезінде мемлекеттік тілді білу деңгейлері, жұмыс ерекшелігі мен мазмұны; мемлекеттік тілдің орфоэпиялық және орфографиялық нормаларының сақталуы; жұмыстың өзіндігі мен шығармашылық тәсілі есепке алынды.

«Болашақ» бағдарламасының ресми әкімшісі барлық конкурс қатысушыларының белсенді қызығушылық танытқандары үшін алғыс білдіреді!

Konkurs 2016

Астана «Болашақ» бағдарламасының ІІІ халықаралық конференциясы өтеді

2016 жылғы 7 қазанда Астана қаласында жыл сайынғы NAFSA халықаралық конференция-көрмесі үлгісінде «Болашақ» бағдарламасының Bolashak Alumni Reunion Conference аnd Education Fair – 2016 (BARCEF-2016) ІІІ халықаралық конференциясы өтеді.

Іс-шараның мақсаты – академиялық ұтқырлық, білім беру жобалары және алмасу бағдарламалары бойынша қазақстандық және шетелдік университеттер арасында халықаралық әріптестікті күшейту, мамандар даярлауда мүмкіндіктерді кеңейту және тиімді рекрутингті процесті жүргізу үшін кәсіби алаң құру.

BARCEF-2016 бағдарламасымен білім беру саласының өзекті мәселелері бойынша конференция-форумды, шетелдік жоғары оқу орындарының таныстыруларын, қазақстандық оқушылар мен студенттер арасында білім беру көрмесін өткізу, сонымен қатар, қазақстандық және шетелдік оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдерге қол қою рәсімі қарастырылған.

Конференция-форум жұмысына білім беру саласындағы халықаралық сарапшылар, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, «Болашақ» бағдарламасының серіктестері (British Council, Campus France, Alliance française, DAAD және т.б.), «Жаһандық білім беру» (Сколково) және «Алғарыш» (Татарстан) стипендиялық бағдарламаларының өкілдері, 60-тан астам қазақстандық және шетелдік университеттер және де «Болашақ» бағдарламасының түлектері қатысады.

BARCEF-2016 бірлесіп ұйымдастырушы – Study Inn халықаралық білім беру орталығы. BARCEF-2016 «Radisson» қонақ үйінің базасында өтетін болады.

Сайт http://barcef2016.bolashak.gov.kz

Анықтама үшін: NAFSA конференция-көрмесі әртүрлі елдерде жыл сайын өткізіліп, бүкіл әлемнен 10 мыңға жуық білім беру саласының сарапшыларын жинайды. Жоғары білім берудің өзекті моделдерін таныстыру және білімдік серіктестікті дамыту мақсатындағы ірі халықаралық алаңдардың бірі болып табылады.

Barcef-2016

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design