«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Кореялық ғылым және технологиялар институтының ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасы (KIST)

04.корея

Кореялық ғылыми және технологиялар институты (KIST) шетел азаматтарына арналған 6 айлық мерзіміне дейінгі тағылымдамадан өтуді, сондай-ақ ағылшын тілі курстары мен (студенттерге магистратура мен докторантураға түсу үшін ағылшын тілінде ресми нәтиже алуға көмектесу), корей тілінің курстары және ғылыми зерттеулер саласында оқытуды ұсынады.

Талаптар:

·         Кандидатта бакалавр немесе магистр дәрежесі болуы керек, немесе оны 2019 жылдың тамызына дейін алу күтілуде болу керек.

·         Тағылымдаманың соңында үміткер Кореялық ғылыми және технологиялар институтында магистр немесе доктор бағдарламасы бойынща оқуын әрі қарай жалғастыру мүмкіндігіне ие (университетте гранттар бар).

Тағалымдамаданөтумамандқтары:

·         Division of Biomedical science and technology

·         Division of Energy and Environmental technology

·         Division of Nano and Information Technology

Өтінішберукезеңі:

·         Өтініштерді қабылдау мерзімі 2019 жылдың 09 қыркүйектен бастап 04 қазанға дейін.

·         Тағылымдаманың басталу мерзімі 2020 ж. 06 қаңтардан бастап 26 маусымға дейін.

Тағалымдама келесіні қамтиды:

·         Оқу ақысы мен тіркеу алымын.

·         Бакалавриат студенттерінің ай сайынғы стипендиясы 900 доллар және магистрант студенттерінікі 1000 долларды құрайды.

·         Ағылшын және корей тілдері курстары (TOEIC 4 сағаттан аптасына 5 күн, корей курстары: аптасына 2 сағаттан аптасына 5 күн)

Студенттерге арналған бонустар:

$1·         Студенттер үшін әр түрлі академиялық / мәдени іс-шаралар бар.

·         Оқу уақытынан тыс, түнге дейін жұмыс істейтін зерттеушілер үшін тегін кешкі ас.

·         Кореядағы көптеген ірі туристік бағыттардағы жататын орындарға жеңілдіктер.

·         Айына 120 доллар тұратын бірінші деңгейлік жатақхана.

Өтініш беру рәсімі:

1) Кандидаттар өтініштерін және барлық құжаттар пакетін электронды түрде сілтеме бойынша онлайн беруі қажет http://kist_school.kist.re.kr/eAplct/write.

2)Конкурстан өткеннен кейін үміткерлер тағалымдаманың бірінші күнінде институттың әкімшілігіне баспа түрінде түпнұсқалық құжаттарын өткізуі қажет.

3)Кандидаттар Институт профессорларының тізімін келесі сілтеме бойынша көре аладыhttp://kist_school.kist.re.kr/professors/list.

Қажетті құжаттар тізімі

Барлық үміткерлер үшін:

-Өтініш формасы

-Эссе

акалавр дипломы немесе оқуды тәмамдау туралы болжалды сертификат

-Ағылшын тіліндегі бакалаврдың транскрипті (егер студент басқа университетке ауысса, ол аударылғанға дейін және кейін алынған барлық жоғары оқу орнының транскрипциясын тапсыруы керек).

-Ағылшын тіліндегі ресми ұпайлар (болған жағдайда)

-Төлқұжат көшірмесі

-Мансап / жұмысқа орналасу туралы сертификат (болған жағдайда)

* Магистр дәрежесі бар, немесе магистратурада оқитын студенттер келесі қосымша құжаттарды ұсынуы тиіс.

-Магистратура дипломы немесеоқуды тәмамдау туралы болжалды сертификат

-Ағылшын тіліндегі магистрлік транскрипт (егер студент басқа университетке ауысса, ол аударылғанға дейін және кейін алынған барлық жоғары оқу орнының транскрипциясын тапсыруы керек).

-Магистрлік диссертация (Тек қана мақаланың тақырыптары мен абстракт ұсынылуы тиіс. Егер университеттің ережелеріне, немесе басқа заңдарға сәйкес дипломға диссертация жазу қажет болмаса, сіз қажетті құжаттарды жіберуіңіз керек).

-Ғылыми жетістіктер (болған жағдайда)

(жарияланымдар, соның ішінде ғылыми конференцияларда жарияланған мақалалар және патенттер).

*Өтініш формасы, эссе институттың сайтында онлайн түрде толтырылады.

*Барлық үміткерлерден сауалнаманы мұқият толтыруды, және барлық ақпаратты, поштаның мекен-жайын көрсетулерін сұраймыз. Қате толтырылған сауалнамалар іріктеуге қатыспайды.

*Барлық құжаттар ағылшын тіліне аударылып, нотариалды түрде расталуы керек

Ескерту:

·         Тағалымдаманы бітіргеннен кейін студенттер институтта оқуды жалғастыру үшін тиісті деңгейде ағылшын тілін меңгеруі тиіс (TOEFL (iBT – 79, CBT – 213, PBT-550), TOEIK (730), TEPS (630), IELTS (6).),

·         Өтініш беріп болғаннан кейін академиялық мәртебеге өзгерістер енгізілген жағдайда, университеттен шығып қалған жағдайда, тағылымдама бағдарламасына қатысудан бас тартқан жағдайда, студент өз мәртебесінің өзгеруі туралы KIST мектебінің хатшылығына хабар бермеген болса, институт тағылымдама жоюға немесе тоқтатуға құқылы.

·         Бұл тағылымдамадан өту бағдарламасы үздік студенттердің оқу бағдарламасын оқуға кіріспес бұрын алдын-ала белгілі бір зерттеу және зертханаларда тәжірибе жинауға көмектеседі. Тәжірибе кезінде тағылымгер тиісті жетекші таба алмаса, немесе 2020 жылдың күзгі семестріне қол жеткізе алмаса, тағылымдама автоматты түрде тоқтатылады.

·         KIST мектебі ағылшын тілі сабақтарын ұсынады және студенттерге магистратура мен докторантураға түсуге ағылшын тіліндегі ресми нәтижеге қол жеткізуге көмектесу үшін студенттердің 3 рет емтихан тапсыруын төлеп береді, алайда егер тағылымгер академиялық семестрдің басталуына дейін ағылшын тілінің ең төменгі талаптарына сай болмаса KIST, тағылымдама автоматты түрде тоқтатылады.

Тағалымдама туралы қосымша ақпаратты 8 (7172) 76 90 69 телефонына хабарласып біле аласыз.

 

Кореялық алдыңғы қатарлы технологиялар институтында (KAIST), бакалавриатқа арналған толық гранттарға құжаттар қабылдау мерзімі, Оңтүстік Корея.

28. каист

Алдыңғы қатарлы технологиялардың Корей институты (KAIST) – бұл Тэджон қаласында орналасқан Оңтүстік Корей жетекші оқу және зерттеу университеті. Университет 1971 жылы құрылған және жаратылыстану ғылымы, инженерия және бизнес салаларындағы мамандарды дайындайды.

«Болашақ» стипендиясының иегерлері атанды

28.РК

Шетелде мамандар даярлау бойынша Республикалық  Комиссия отырысының шешімі бойынша 188 үміткерлер  «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Стипендия иегері атанғандар шетелдік жоғарғы оқу орындарында магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім алады. Сондай –ақ,  әлемдік ғылыми және өндірістік орталықтарға тағылымдама бойынша да жіберілетін болады. 
Құрметті «Болашақ» стипендиясының иегерлері,
Сіздерді білімдегі жеңістеріңізбен құттықтаймыз!

Кореялық алдыңғы қатарлы технологиялар институтында (KAIST), магистратура мен докторантураға арналған толық гранттар

20. КАИСТ

Алдыңғы қатарлы технологиялардың Корей институты (KAIST) – бұл Тэджон қаласында орналасқан

Жапония үкіметінің (MEХT) шәкіртақысы бойынша Жапонияда жас мемлекеттік қызмет мамандарын оқытуға арнлаған Young Leaders' Program бағдарламасына құжаттарды қабылдау басталды

16.Япония1

Young Leaders' Program (YLP) — ағылшын тіліндегі бір жылдық магистратура бағдарламасы.

Ульсан ұлттық университетінде магистратура мен докторантураға арналған оқу гранттары

15.Обучение в корее

UNIST 2007 жылы әлемге әйгілі автомобиль (Hyundai Motor), кеме жасау (Hyundai Heavy Industries), мұнай-химия (SK Energy) концерндерінің

University of Science and Technology-да (UST) магистратура мен докторантура бағдарламаларына арналған гранттар (UST), Оңтүстік Корея

15. Южная Корея

UST ғылыми-зерттеу институты ретінде 2003 жылы құрылған және Оңтүстік Корея үкіметімен қаржыландырады.Университетте 1400-ден астам профессорлар жұмыс атқарады және 32 ғылыми-зерттеу институттары бар.
 
Университет қазақстандық студенттерге техникалық мамандықтар бойынша магистрлік және докторлық бағдарламаларға гранттар ұсынады. 
 
Мамандықтар: 
 
Жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық технологиялар, биотехнология, нано-технологиялар, қоршаған ортаны қорғау технологиясы, ғарыштық технологиялар. Мамандықтардың толық тізімін келесі сілтемеден таба аласыз: https://admission.ust.ac.kr/prog/UstMajor/admission_eng/sub01_01_01/list.do?studies_div=10
 
Нұсқаулық пен шарттарды білу үшін келесі сілтемені басыңыз: https://admission.ust.ac.kr/cop/bbs/BBSMSTR_000000000633/selectBoardArticle.do?nttId=52386&kind=&mno=sitemap_12&pageIndex=1&searchCnd=&searchWrd=
 
Онлайн өтініш беру үшін келесі сілтеме арқылы өтіңіз: https://apply.ust.ac.kr/usr/selectLang.do
 
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 
 
Онлайн-система арқылы: 19–20 қыркүйек 2019 ж.
Почта арқылы құжаттар тапсыру: 11–16 қазан 2019 ж.
Бірінші тур нәтижелерін хабарлау: 6 қараша 2019 ж.
Сұхбат өткізу: 13–20 қараша 2019 ж.
Соңғы нәтижелер туралы хабарлама: 11 желтоқсан 2019ж.
 
Үміткерге қойылатын талаптар: 
 
- IELTS 6.0 және жоғары, TOEFL iBT 79/ PBT 550, TOEIC 730, TEPS 630/ NEW TEPS 342
- Жоғары академиялық үлгерім
- Жетістіктер, сертификаттардың, жарияланымдардың болуы басымдыққа ие болады
- Бір семестрге оқу ақысы 2100 АҚШ доллары (сома ай сайынғы шәкіртақы түрінде қайтарылады)
 
Грант келесіні қамтиды:
 
- Ай сайынғы шәкіртақы 1200$ США
- Тұратын орын
- Медициналық сақтандыру
 
Қажетті құжаттар:
 
- Зерттеу жоспары (форма онлайн жүйесінен жүктеледі)
- Диплом (бакалавр/магистратура), немесе университетті бітіретіні туралы сертификат
- Транскрипт (бакалавр/магистратура)
- Магистерлік диссертация (тек тақырып пен абстракт жіберу қажет (форма 1 қараңыз))
- Ағылшын тілінің деңгейі жайлы ресми сертификат (IELTS, TOEFL, TOEIC)
- Жұмыс орнынан анықтама (болған жағдайда)
- Басқа жетістіктер (мысалы, зерттеу жұмыстары, патенттер, білім бағытында тәжірибесі және жоғарыда аталған құжаттарда көрсетілмеген марапаттар және тілді білу деңгейі)
- 1–3 ұсыныс хаттар (форма онлайн жүйесінен жүктеледі)
- Тіркеу алымы 20 USD
- Барлық құжаттар бір файлда PDF форматында болуы керек.
 
* Ескерту: Ұсыныс хаттар екі жолмен берілуі мүмкін: біріншісі — үміткер онлайн-жүйеде тіркелу кезінде ұсынушылардың барлық деректерін, олардың электрондық пошталарын көрсетеді. Содан кейін UST ұсынушыға ұсыныс хатын беру туралы өтінішпен жүгінеді. Ұсынушы белгіленген мерзімге дейін хат жіберуі керек (белгіленген мерзімнен кейін жіберілген хаттар жарамсыз болады).
Екінші әдіс – ұсынушы ұсыныс хатты әуе поштасы немесе электронды адрес арқылы жібере алады. Толық ақпаратты университеттің веб-сайтынан қараңыз.
 
Толық ақпаратты келесі номер арқылы біле аласыз: 8(7172) 76 90 69
 
FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design