«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Жанболат Мелдешов «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті болып тағайындалды

Қазақстан Республикасының Жауапты хатшысы А. М. Рахимжанов 2016 жылғы 13 қыркүйекте «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұжымына жаңа басшы – Жанболат Мелдешовты таныстырды.

«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е. К. Сағадиевтің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 47-ЖК бұйрығымен Мелдешов  Жанболат Жарилкасинович «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті болып тағайындалды», – деді А. М. Рахимжанов.

Сонымен қатар Жауапты хатшы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметімен танысты. Атап айтқанда құрылымдық бөлімшенің басшылары оған оқуды ұйымдастыру және стипендиаттарды бақылау, түлектердің мониторингін жүргізу және стипендиаттардың жеке істерін сақтау бойынша жұмыстар туралы ақпарат берді.

1

2

3

4

«Болашақ» Шығыс Қазақстан облысында рекрутингтік кампаниясын жүргізуде

2016 жылғы қыркүйекте «Болашақ» бағдарламасына құжаттарды қабылдау бойынша ақпараттық-түсіндірме кампаниясының үшінші кезеңі шегінде Қазақстанның барлық аймақтарында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен өндірістік кәсіпорындардың еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдар және мекемелермен шығу кездесулері өткізіле басталды.

Ағымдағы жылғы 8 қыркүйекте Өскемен қаласында Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің базасында  Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» стипендиялық бағдарламасының таныстыруы өтті.

Бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Гани Ныгыметов мемлекеттік, ғылыми-педагогикалық және медициналық қызметкерлер мен бұқара ақпарат құралдарының өкілдерімен облыс орталығында өткен кездесу барысында іріктеу ережелері, оқуға түсу шарттары мен санаттарға қойылатын талаптар туралы айтып өтті.

Гани Ныгыметовтің айтуынша, қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасының 158 түлегі Шығыс Қазақстан облысында қызмет етуде. Олардың 49,5% мемлекеттік органдар мен мекемелерде, 30% жекеменшік компанияларда, 18% квазимемлекеттік секторда, 2,5% шетелдік компанияларда жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысының тумасы болып табылатын «Болашақ» бағдарламасының 50 стипендиаты шетелде оқуда. Олардың 40 магистратура бағдарламасы, 5 бакалавриат, 4 тағылымдама және бір адам докторантурада.

Бұған қоса, Өскемен қаласында болу шеңберінде Гани Ныгыметов «Топаз» ГБК» ЖШС басшылық құрамымен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты аталған геологиялық барлау бағытындағы кәсіпорында қызмет етуші инженерлік-техникалық мамандардың «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу сұрақтарын талқылау.

Анықтама үшін:«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау үш кезеңде өткізіледі: бірінші – 11 сәуірден бастап 13 мамырға дейін; екінші – 13 маусымнан бастап 29 шілдеге дейін; үшінші – 15 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 301 қаулысының негізінде құрылған «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы «Болашақ» стипендиясының ресми әкімшісі болып табылады.

1

3

4

«Болашақ» Батыс-Қазақстан облысынан үміткерлер санын арттыруға ниетті

Орал қаласында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті базасында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Гани Ныгыметовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын таныстыру болып өтті.

Кездесуді аша отырып, Гани Ныгыметов мемлекеттің ауқымды индустриализациялануы және «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспары  шеңберіндегі реформаларды жүзеге асыру аясында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан экономикасын диверсификациялап, индустриализациялау үшін мемлекеттік дағдарысқа қарсы және құрылымды өзгерістерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді атқара алатын әлемдік деңгейдегі кәсіби кадрларды даярлау жүйесін барынша арттыруды тапсырғандығын атап өтті.

Бүгінгі күні «Болашақ» бағдарламасының 135 түлегі Батыс-Қазақстан облысында қызмет етуде. Олардың 44% (59 адам) мемлекеттік органдар мен мекемелерде, 26% (35 адам) жекеменшік компанияларда, 22% (30 адам) шетелдік компанияларда, 8% (11 адам) мемлекеттік сыңайлы секторда және ұлттық компанияларда жұмыс істеуде. Батыс-Қазақстан облысындағы «Болашақ» бағдарламасының ең беделді түлектерінің қатарында аймақ басшысы Алтай Күлгінов, Орал қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев және «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ басшысы Ержан Балтаев.

Сонымен қатар, Орал қаласында болу шеңберінде Гани Ныгыметов, кездесулердің басты мақсаты Батыс-Қазақстан облысынан үміткерлер қатарын арттыру мәселесін талқылау болып табылатын, Батыс-Қазақстан облысы әкімдігінің басшылық құрамымен кездесті, соған қоса, физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Интеллектуалдық мектебінде болып, жергілікті БАҚ-на сұхбаттар берді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау үш кезеңде өткізіледі: бірінші – 11 сәуірден бастап 13 мамырға дейін; екінші – 13 маусымнан бастап 29 шілдеге дейін; үшінші – 15 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейін.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

2016 жылғы 30 қыркүйекте «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдаудың үшінші кезеңі аяқталады

2016 жылғы 30 қыркүйекте ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың үшінші қорытынды кезеңі аяқталады.

«Болашақ» бағдарламасының ресми әкімшісі – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2016 жылғы 30 қыркүйекке дейін стипендияға үміткер Қазақстан азаматтарынан құжаттарды қабылдауда.

Үміткерлер құжаттарды «электрондық үкімет» порталы, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға қолма-қол тапсыра алады. «Болашақ» стипендиясы «Магистратура», «Докторантура», «Резидентура» және «Тағылымдамалар» бағдарламалары бойынша тағайындалады.

2016 жылы «Болашақ» стипендиясына құжаттарды қабылдаудың екі кезеңі және олардың нәтижелері бойынша екі конкурстық іріктеу өткізілді. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия қорытындыларына сәйкес 313 стипендия тағайындалды. Олардың 199-ы магистратура, 18-і докторантура, 96-сы тағылымдама бағдарламалары бойынша.

Қазіргі таңда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ құжаттарды қабылдаудың үшінші кезеңі шеңберінде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді тарту мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

2016 жылғы қыркүйекте қоғам президенті Гани Ныгыметовтың әртүрлі аймақтардың өкілдері мен атаулы топтарымен шығу кездесулері басталды. Кездесулер мен сөз сөйлеулер барысында «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсудің негізгі талаптары, стипендиаттардың конкурстан өту рәсімі және оқу процесінің ерекшеліктері толық түсіндіріледі.

Өзінің сөз сөйлеулерінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшысы Гани Ныгыметов келесі атап өтті: «2016 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсу мүмкіндіктері кеңейтілді. Біріншіден, ағымдағы жылда 700 стипендия бөлінді, ол 2015 жылмен салыстырғанда 100 стипендияға артық. Екіншіден, конкурсқа құжаттарды қабылдау жеңілдетілді. Үшіншіден, инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша оқу үшін жаңа санат енгізіліп, конкурстық рәсімдер жетілдірілді. Сонымен қатар, барлық азаматтарға «Болашақ» стипендиясы туралы ақпараттар қол жетімді болуы үшін белсенді ақпараттық кампания жүргізілуде».

Жыл бойы «Болашақ» бағдарламасы туралы ақпарат жүйелі түрде ақпараттық агенттіктер, республикалық, облыстық, қалалық және аймақтық БАҚ таратылуда. Фейсбук және Инстаграм әлеуметтік желілерінде аккаунттар ашылып, арнайы электрондық ресурстар жұмыс жасауда. Олардың ішінде «Болашақ» бағдарламасының корпоративтік сайты, Бірыңғай ақпараттық білім ресурсы (БАБР) және BARO – түлектермен жұмыс жөніндегі кеңсе сайты.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі 

FOTO PRIEM 2016

 

«ҚАНЕ, ҚАЗАҚША СӨЙЛЕТІП КӨР!» шығармашылық конкурсы жарияланды

Қазақстан Республикасындағы Тілдер күніне арналған «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» іс-шарасы шеңберінде шетелдік шығарманың қазақ тіліне үздік аудармасына «ҚАНЕ, ҚАЗАҚША СӨЙЛЕТІП КӨР!» конкурсы жарияланды. Конкурсқа барлық тілек білдіруші Қазақстан азаматтары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу шарттары:

  1. Қазақ тіліне сүйікті шетелдік шығарма үзіндісін аудару.
  2. Аударылған үзіндіге ұзақтығы 1 минуттан аспайтын бейнеролик түсіру. Қатысушылардың шығармашылық тәсілдемесі және өзіндік идеялары бағаланады.
  3. Facebook немесе Instagram әлеуметтік желілеріндегі жеке парақшада жариялау.
  4. #қазақшасөйлетіпкөр хештегін қою.
  5. Facebook (JSC «Center for International Programs») немесе Instagram (@bolashakcip) әлеуметтік желілеріндегі Қоғамның ресми парақшасында осы сурет астындағы түсініктемеге «Жасалынды» деп жазу қажет.

Конкурстық бейнероликтер 2016 жылғы 19 қыркүйекке дейін жариялануы қажет.

«Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» конкурсын өткізу туралы ережесімен осы жерден танысуға болады.

Konkurs KZ

Бейнеграфика: 2013 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі аралықтағы «Болашақ» бағдарламасының даму нәтижелері

 infogr

Жоғары сападағы суретті мына жерден көруге болады

«Болашақ» бағдарламасының ұлттық операторы Қазақстан Республикасындағы Тілдер күніне арналған «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» конкурсын жариялайды!

Мемлекеттік тілді білуге «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» конкурсы басты мақсаттарының бірі мемлекеттік тілді кеңінен қолдану болып табылатын 2011–2020 жылдарға арналған Тілдерді қолдану және дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы Тілдер күніне арналған.

Конкурс «Болашақ» бағдарламасының түлектері арасында «Болашаққа» самғау: Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне менің қосқан үлесім» тақырыбында үздік өзіндік эссе бойынша өткізілетін болады.

Конкурсқа қатысуға материалдар мен тапсырыстар ұйымдастырушыға This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  электрондық мекенжайына 2016 жылғы 19 қыркүйекке дейінгі мерзімде ұсынылуы тиіс. Байланыс телефоны: 8 (7172) 249402 (Мұрат Хасенов).

«Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» конкурсын өткізу туралы ережесімен осы жерден танысуға болады. 

конкурс каз 2

.

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design