«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы болып өтті

Отырысты аша отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әдіқалықова Елбасы Н. Назарбаев өзінің сөйлеген сөзінде ғылымды қажет ететін экономиканы құру үшін ауыл шаруашылығындағы, медицинадағы, аэроғарыштық индустриядағы көлік саласындағы жаңа технологиялар перспективалы болып табылатындығын атап өткендігіне тоқталды.

Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы бүгінгі күні әлем бойынша технологиялар қарқынды дамып келе жатқандығын, экономиканың жаңа салалары пайда болып, білімді кадрларға үлкен бәсекелестік жүргізіліп жатқандығын сөз етті. Еліміздің алдында «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыру контексінде бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру бойынша міндеттер тұр. Осыған байланысты, Г.Н.Әбдіқалықова «Болашақ» президенттік бағдарламасының басты рөлін атап өтті.

Комиссия жұмысы шеңберінде шетелде кадрлар даярлау деңгейлері арасында (магистратура, докторантура, тағылымдама) ережелерді жіктеу мәселесі және «Болашақ» халықаралық стипендиясын алуға үміткерлерге жас шектеуін енгізу мәселелері және т.б. қаралды.

Комиссияның шешімімен стипендия магистратурада және докторантурада оқитын, әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберілетін 176 үміткерге тағайындалды.

Отырыс қорытындысын шығара келе, Г.Әдіқалықова «Болашақ» халықаралық стипендиясын жетілдіру және іске асыру тетіктерінің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

www.akorda.kz

2016 жылғы 15 тамыздан «Болашақ» халықаралық стипендиясына ие болғандардың тізімімен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар: иегерлер тізімі

Prisuzhdenie

Астанада «Болашақ» бағдарламасының түлектері арасында бадминтон ойыны бойынша І әуесқой жарысы өтті

«Болашақ» бағдарламасының ресми әкімшісі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектері және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкерлері арасында Астана қаласында бадминтон ойыны бойынша «Bolashak Badminton Tournament BBT» І турнирін өткізді.

Турнирдің басты идеясы – белсенді спорт түрі ретінде бадминтон ойының дәріптеу және Астананың зияткер жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, «Болашақ» бағдарламасының түлектері арасында командалық рухты қолдап, достық байланыс пен қарым-қатынасты күшейту.

Әуесқойлық жарыс әртүрлі жастағы ерлер және әйелдер арасында жекелеген категорияда олимпиядалық жүйе бойынша өткен болатын. Онда барлығы 32 адам қатысты.

Бірінші орынды «Болашақ» бағдарламасының түлегі Шынар Алдажуманова, екінші орынды ресми әкімшісінің өкілі Берік Найманов, үшінші орынды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкері Қайыржан Ғайнуллиев және «Болашақ» бағдарламасының түлегі Ерлан Ікрам иеленді.

Турнирді ұйымдастыруда қолдау көрсеткендер: Қазақстандағы бадминтон федерациясы, Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің «Алау» мұзайдыны сарайы».

1 1

1 2

1 3

1 4

1 5

1 6

1 7

1 8

15 тамыздан бастап «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдаудың үшінші кезеңі басталады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 141 бұйрығына сәйкес 2016 жылғы 15 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың үшінші кезеңі өткізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың екінші (жазғы) кезеңі 2016 жылғы 13 маусым мен 29 шілде аралығында өткізілді. Көрсетілген кезеңде қабылданған істердің жалпы саны – 411, оның ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да – 220, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 85, «электрондық үкімет» порталы арқылы – 106 іс. Сонымен қатар, академиялық оқуға 225, тағылымдамаға 186 үміткер тіркелген.

Стипендия «Магистратура», «Докторантура», «Резидентура» және «Тағылымдама» бағдарламалары бойынша тағайындалады. Құжаттарды Астана қ., Орынбор көш., 4-үй, «Алтын орда» бизнес орталығы мекенжайы бойынша, сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және «электронды үкімет» порталы арқылы тапсыруға болатындығын ескертеміз.

Foto etap

Астанада «Болашақ» бағдарламасының түлектері арасында бадминтон бойынша алғашқы әуесқойлық жарысы өтеді

«Болашақ» бағдарламасының ресми әкімшісі Қазақстандағы бадминтон федерациясының қолдауымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектері және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкерлері арасында Астана қаласында бадминтон ойыны бойынша «Bolashak Badminton Tournament BBT»бірінші турнирін өткізуді жоспарлауда.

Турнирдің басты идеясы – белсенді спорт түрі ретінде бадминтон ойының дәріптеу және Астананың зияткер жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, «Болашақ» бағдарламасының түлектері арасында командалық рухты қолдап, достық байланыс пен қарым-қатынасты күшейту.

Әуесқойлық жарыс әртүрлі жастағы ерлер және әйелдер арасында жекелеген категорияда 2016 жылғы 13 тамызда сағат 09:30-нан 13:00-ге дейін Астана қаласы, Қабанбай батыр 47 мекенжайы бойынша орналасқан «Алау» мұз айдынында өткізілетін болады.

Барлық жарыс қатысушылары 1500 теңге көлемінде тіркеу жарнасын төлейді: «Алау» мұз айдынына кіру билеті – 1000 теңге, жабдықтарды жалға алу – 500 теңге.

Жарысқа қатысуға алдын ала сұраным 2016 жылғы 8 тамыздан кеш емес тіркелу үлгісі бойынша жіберіледі. Жарыстың өткізілуі туралы толық ақпарат біздің www.bolashak.gov.kz корпоративтік сайтымызда орналастырылған.

Онлайн-тіркелу келесі сілтеме бойынша қолжетімді:

https://goo.gl/forms/ZOMLiqaz0tHqPLgP2

Ұйымдастырушы комитет – үйлестіруші Айдана Отарбай

  тел. 249397, сот. +77011201073 (WhatsApp) 

Астанада бадминтон ойыны бойынша «Bolashak Badminton Tournament BBT» Бірінші турнирін өткізу ережесімен осы жерден танысуға болады.

17

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының ресми әнұранын әзірлеуге байқау жарияланды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу шеңберінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы»АҚ барлық музыка әуесқойлары үшін «Болашақ» бағдарламасының ресми әнұранын әзірлеуге шығаршашылық байқау жариялайды!

Байқаудың басты идеясы – Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының құрылу сәтінен бастап, оның негізгі қалыптасу кезеңдерін бейнелеу, интернационалдық студенттік өмір мен оқу процесінің әртүрлілігін сипаттап, «Болашақ» түлектерінің жетістіктері мен табыстарын сазды-поэтикалық туынды тілімен баяндау.

«Болашақ» бағдарламасының ресми әнұранына байқау ашық түрде және үш кезеңде өткізілетін болады:

1. 2016 жылғы 1 тамыз бен 1 қазан аралығында: байқау қатысушыларының сұранымдарын қабылдау, ұсынылған шығармаларды қарастыру және қазылар алқасымен әнұранның бес үздік нұсқаларының таңдалуы.

2. 2016 жылғы 1 және 15 қазан аралығында: аспапты қолдау және кәсіби аранжировкамен кәсіби соло немесе хор орындауын ұйымдастыру. Тыңдалым нәтижелері бойынша қазылар алқасымен байқаудың үш финалистерінің анықталуы.

3. 2016 жылғы 16 қазан мен 1 қараша аралығында: Facebook әлеуметтік желісінде ашық дауыс беру арқылы финалистер арасынан байқау жеңімпазының таңдалуы.

Байқау қатысушылары конкурсқа ұсынып отырған шығармаларында  жанрлік бағыттарға шектелмейді. Байқау талаптары бойынша әнұран ұзақтылығы 3 минуттан аспайтын екі шумақ және екі қайырмадан құрылуы қажет. Басты талаптардың бірі – ұсынылған шығармалар бұрын орындалмаған және жарияланбаған болуы қажет.

Байқауға барлық жас санатындағы Қазақстан тұрғындарының, оның ішінде, кәсіби және кәсіби емес ақындар, композиторлар, сазды шығармашылық топтар, студиялар және басқа да ұйымдардың шығармалары қабыладанады.

Байқау финалистері – үш үздік музыкалық шығармалардың авторлары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады. Байқаудың гран-при жеңімпазы арнайы сыйлық иегері болып, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы ресми әнұранының авторы ретінде БАҚ-та кеңінен жарияланатын болады.

Жеңімпаз есімі 2016 жылғы 5 қарашада белгілі болады.

Байқау қатысушыларының сұранымдары және байқауға ұсынылатын шығармалар This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық почтасына қабылданады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірге хабарласуыңызды сұраймыз:+7 7172 249397(Айдана Отарбай).

GIMN

«Startup «Bolashak» бизнес жобалары конкурсы екінші маусымының жүлде қоры 30 миллион теңгеден асады

«Болашақ» Қауымдастығы «Даму» қорымен бірлесіп ісін бастап келе жатқан кәсіпкерлерге арналған республикалық бизнес жобалар байқауының ашылғанын жариялады. Оның мақсаты жас қазақстандықтардың кәсіпкерлік бастамаларын жан-жақты қолдау болып табылады.

Байқауға Қазақстанның әр түкпірінің жасы 18-ден 29-ға дейінгі  кәсіпкерлері қатыса алады. Байқау I орын үшін – 7 млн теңге, II орын үшін – 6 млн теңге және ІІІ орын үшін 5 млн теңге көлемінде берілетін «Болашақ» Қауымдастығының 3 грантын көздейді.

Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Даму Бағдарламасы Еуропалық одақтың қаржылай қолдауымен «жасыл экономика» саласындағы стартаптарды іске асыру үшін 15 млн теңге көлемінде гранттар береді.

Ең қызық идеялардың авторлары инвесторлардан инвестиция ала алады және оларға «Даму» қоры қолдау көрсететін болады.

Байқауға қатысуға арналған өтінімдер 23 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) қабылданады. «Даму» Қорының барлық өңірлерде ашылған кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары құжаттарды қабылдайды. Жеңімпаздардың аттары қарашаның 26 күні өтетін Бизнес-жоспарлар марафонында белгілі болады.

«Startup «Bolashak» байқауының өтуін Республикалық телеарналардың бірінде реалити-шоу форматында көруге болады.

«Болашақ» Қауымдастығының стартап жобаларының байқауы жастардың бизнес саласындағы бастамаларын қолдау құралдарының бірі ретінде Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» атты Ұлттық Жоспарды іске асыруға бағытталған.

Байқау өтіуі және өтінім беру туралы толығырақ ақпаратты www.bolashak.kz және www.damu.kz сайттарынан біле аласыздар.

Байқаудың ұйымдастырушылары мен әріптестері: «Болашақ» Қауымдастығы, «Даму» Қоры, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Даму Бағдарламасы.

Демеушілер: «KazInvestBank» АҚ және «Qazaq Banki» АҚ.

Анықтама:

«Startup «Bolashak» байқауы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Болашақ» Қауымдастығының  «25 Қайрымды Іс» жобасының аясында бизнес ортасын дамыту бағытында өткізіледі.

Жоба 8 бағытты қамтиды: бизнес ортасын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, қайрымдылық, дене шынықтыру мен спортты дамыту, мәдени және патриоттық іс-шаралар.

Жастар кәсіпкерлігін дамыту «Болашақ» Қауымдастығы 2015 жылы қабылдаған Даму Стратегиясының маңызды бағыттарының бірі. Бұл қатарда сондай-ақ білім трансфері, қайрымдылық және саламатты өмір салтын насихаттау көрсетілген.

banner Bolashak startup 2016

«Жас ұрпақ» фотобайқауының жеңімпаздары анықталды

2016 жылғы 23 шілдеде Coworking Multispace, «Astana Mall» ОСО-да  жас фототүсірілім әуесқойларының «Жас ұрпақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті.

2016 жылғы 1 маусым мен 1 шілде аралығында «Болашақ» бағдарламасының ресми әкімшісімен Елорда күні қарсаңында өткізілген фотобайқауға 34 стипендиат қатысты. Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде барлығы 50 фотосурет жарияланды.

Фотобайқаудың мақсаты – интернационалдық студенттік өмірді бейнелеу, оқу процесінің әртүрлілігін сипаттау, болашақтықтар өміріндегі маңызды оқиғаларды фотосурет тілімен баяндап, «нон-стоп» режимінде түсірілген іс-шараларды көрсету.

Номинациялар бойынша байқау жеңімпаздары:

University Life

«Университет өмірі» номинациясы – жеңімпаз,  Жапониядағы Токай университетінде оқып жатқан стипендиат Жанар Нұртөлеу.

Hobbi v kadre

«Хобби кадрда» номинациясы – жеңімпаз, Ресейдегі Мәскеу мемлекеттік қатынас жолдары университетінде оқып жатқан стипендиат Әділ Смағұлов.

Flag KZ

«Қазақстан туы – мақтанышым менің!» номинациясы – жеңімпаз, АҚШ-тағы Айова университетінде оқып жатқан стипендиат Мадина Турсумбаева.

Miss magistr

«Мисс магистр» номинациясы – жеңімпаз, АҚШ-тағы Миннесота университетінде оқып жатқан стипендиат Гүлжан Құттыбаева.

«Селфи стиліндегі кітапхана» номинациясында фотосуреттердің байқау талаптарына сай болмауы себебінен жеңімпаз анықталмады.

Байқау жеңімпаздары «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-дан имидждік өнім түрінде бірегей сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар, фотожұмыстар «Болашақ» тоқсан сайынғы ақпараттық-талдау журналында жарияланатын болады.

 

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design