«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«Жас ұрпақ» фотобайқауының жеңімпаздары анықталды

2016 жылғы 23 шілдеде Coworking Multispace, «Astana Mall» ОСО-да  жас фототүсірілім әуесқойларының «Жас ұрпақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті.

2016 жылғы 1 маусым мен 1 шілде аралығында «Болашақ» бағдарламасының ресми әкімшісімен Елорда күні қарсаңында өткізілген фотобайқауға 34 стипендиат қатысты. Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде барлығы 50 фотосурет жарияланды.

Фотобайқаудың мақсаты – интернационалдық студенттік өмірді бейнелеу, оқу процесінің әртүрлілігін сипаттау, болашақтықтар өміріндегі маңызды оқиғаларды фотосурет тілімен баяндап, «нон-стоп» режимінде түсірілген іс-шараларды көрсету.

Номинациялар бойынша байқау жеңімпаздары:

University Life

«Университет өмірі» номинациясы – жеңімпаз,  Жапониядағы Токай университетінде оқып жатқан стипендиат Жанар Нұртөлеу.

Hobbi v kadre

«Хобби кадрда» номинациясы – жеңімпаз, Ресейдегі Мәскеу мемлекеттік қатынас жолдары университетінде оқып жатқан стипендиат Әділ Смағұлов.

Flag KZ

«Қазақстан туы – мақтанышым менің!» номинациясы – жеңімпаз, АҚШ-тағы Айова университетінде оқып жатқан стипендиат Мадина Турсумбаева.

Miss magistr

«Мисс магистр» номинациясы – жеңімпаз, АҚШ-тағы Миннесота университетінде оқып жатқан стипендиат Гүлжан Құттыбаева.

«Селфи стиліндегі кітапхана» номинациясында фотосуреттердің байқау талаптарына сай болмауы себебінен жеңімпаз анықталмады.

Байқау жеңімпаздары «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-дан имидждік өнім түрінде бірегей сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар, фотожұмыстар «Болашақ» тоқсан сайынғы ақпараттық-талдау журналында жарияланатын болады.

 

Астанада 23 шілдеде Bolashak Job Fair 2016 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Ағымдағы жылғы 23 шілдеде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Түлектермен жұмыс департаментімен Bolashak Alumni Relations Office (BARO) Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектерін жұмысқа орналастыруда ықпал ету үшін Coworking Multispace «Astana Mall» ойын-сауық орталығында Bolashak Job Fair 2016 Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.

Bolashak Job Fair – бұл BARO командасының жыл сайынғы іс-шарасы, «Болашақ» президенттік стипендиясының шеңберінде беделді батыстық білім алған жоғары білікті мамандар және әртүрлі компаниялар мен ұйымдар үшін бірегей рекрутингтік алаңы.

Бұл жылы Жәрмеңке жұмысында 500-ден астам бос жұмыс орынын ұсынған 60 жұмыс беруші қатысты. Дәстүрлі түрде іс-шара шеңберінде жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналастыру саласының сарапшыларынан тиімді кеңестер беріліп, сонымен қатар мынадай ұйымдардың таныстыру рәсімдері өткізілді: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазхром» ТҰК АҚ, McKinsey & Company, Ink Architects және т.б.

Бұған қоса, іс-шара барысында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Г. Ныгыметов «Жас ұрпақ» шығармашылық фотобайқауының қорытындысын шығарды. Осылай, «Университет өмірі» номинациясында Жапониядан (Токай университеті) стипендиат Жанар Нұртөлеу, «Хобби кадрда» номинациясында Ресейден (Мәскеу мемлекеттік қатынас жолдары университеті) стипендиат Әділ Смағұлов, «Қазақстан туы – мақтанышым менің!» номинациясында АҚШ-нан (Айова университеті) стипендиат Мадина Тұрсұмбаева және «Мисс магистр» номинациясында АҚШ-нан (Миннесота унивесритеті) стипендиат Гүлжан Құттыбаева жеңімпаздар болып аталды.

Іс-шара ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ болып табылады. Аталған іс-шараға 500-ге жуық жұмыс іздеушілер қатысты.

JF 2

JF 3

JF 4

JF 5

JF 6

JF 1

«Болашақ» тоқсан сайынғы ақпараттық-сараптамалық журналының екінші нөмірі шықты

Сіздердің алдарыңызға түлектердің өмірі, олардың жетістіктері мен кәсіби таңдаулары туралы ең қызықты және сан алуан материалдарды қамтитын «Болашақ» тоқсан сайынғы ақпараттық-сараптамалық журналының екінші нөмірі ұсынылып отыр. Бұл нөмір Мемлекеттік қызметкерлер күнін тойлаумен ұштастырылып, еліміздің дамуына өз үлесін қосуды ұйғарған болашақтықтарға арналған.

Байқағандарыңыздай, біздің «Bolashak Start up», «Bolashak Life» және «Тәуелсіздік құрдастары» айдарларымыз әр нөмір сайын еліктіретін оқиғалармен толықтырылуда – мұның барлығы редакцияға өз мақалалары мен сұхбаттарын жолдайтын Сіздердің, яғни «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің арқасында. Өзге де айдарлар мазмұнды болуда, себебі біздің журналымыз дамып, күш жинауда. Сіздердің де оған деген қызығушылықтарыңыз әр нөмір сайын арта түсетініне сенеміз.

«Болашақ» тоқсан сайынғы ақпараттық-сараптамалық журналының үшінші шығарылымы ғылыми-педагог қызметкерлерге арналатын болады. Сондықтан, қазірден бастап өз мақалаларыңызды, сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды біздің редакциямыздың почтасына This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. жіберулеріңізге болады.

Сіздердің журналымыз ұнайтындығы туралы жазған хаттарыңызға біз өте қуаныштымыз! Сонымен қатар, Сіздерге біздің журналымыздың беттерінен не туралы оқу қызықты болатынын, батыс жоғары оқу орындарын бітірген және қазіргі таңда еліміздің экономикасының түрлі салаларында жұмыс істеп жатқан отандастарымызды тануда журналымыздың қалай көмектесе алатындығы туралы білгіміз келеді.

Берілген ақпаратпен өздеріңіздің достарыңыз, әріптестеріңіз және курстастарыңызбен бөлісе отырып, біздің ортақ ісіміздің гүлденуіне өз жеке үлесіңізді қоса аласыз!

Шын ниетпен Сіздің,

Халықаралық бағдарламалар орталығы

 

Logo Zhurnal Bolashak 2016

«Сколково» «Болашақ» бағдарламасын жүзеге асырудың тәжірибесін зерттеуде

Ағымдағы жылғы 8 шілдеде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да Ресей Федерациясында «Жаһандық білім» бағдарламасын жүзеге асырудың ақпараттық-аналитикалық және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етілуін іске асыратын «Сколково» білім беру әзірлемелері орталығының делегациясымен кездесу болып өтті.

Ресейден делегацияны «Сколково» білім беру әзірлемелері орталығының директоры, академиялық деканның орынбасары, Денис Конанчук басқарды. Делегация құрамына бағыт басшылары Анна Гетманская, Марина Зоткина және Ксения Иваненко кірген.

Делегация сапарының басты мақсаты ресейлік «Жаһандық білім» балама бағдарламасына түзетулер енгізу үшін Қазақстан Республикасында «Болашақ» халықаралық стипендиясын жүзеге асыру тәжірибесімен танысу болып табылады. Сонымен қатар, кездесу барысында қонақтарды бағдарлама тарихы, әсіресе бағдарламаның құрылу сәтінен бастап енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қызықтырды.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ атынан ресейлік делегацияны Оқуды ұйымдастыру және мониторинг департаментінің директоры Жұпанхан Айбек қарсы алып, ресми әкімшінің негізгі міндеттері, «Болашақ» бағдарламасының жетістіктері және орташа мерзімді кезеңге даму келешегі туралы ақпарат берді.

235252743

Беделді Еуропалық бизнес мектебінен МВА грантын ұтып алу мүмкіндігін қабыл ал

Болашақ» Қауымдастығы «Geneva Business School» акционерлік қоғамымен бірлесіп Республикалық «Жас сарапшы-2016» жас мамандар байқауының басталғаны туралы хабарлайды.

Қатысу үшін өтінімдер ағымдағы жылдың 4–25 шілде аралығында (қоса алғанда) қабылданады.

Байқауға жасы 35-тен аспаған, дәрежесі бакалавр әрі  ағылшын тілін жақсы білетін жас мамандар қатыса алады.

Қатысу үшін  Ережемен танысқаннан кейін, толтырылған күйде Өтініш үлгісін және «Тәжірибеңізге сүйене отырып, кәсіби жоспарларыңызды баяндаңыз. MBA дәрежесін алған болсаңыз, осы жоспарларыңыз қаншалықты өзгереді?» деген тақырыпта жазған эссеңізді 25 шілдеге дейін  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық мекен-жайына жолдау қажет.

Байқау үш кезеңнен тұрады.

І – Қатысышлардың өтініштері мен эсселерін қабылдау;

II – Қатысушылар «Bolashak business cases» Тұңғыш Қазақстан Бизнес Кейстері Жинағынан алынған бизнес кейстерін шешеді;

III – байқау финалына қол жеткізгендер қазылар алқасы алдында кәсіби сұхбаттан өтеді.

Geneva Business School-дың Астанадағы Өкілдігі  конкурс жеңімпазына  МВА бағдарламасы бойынша білім алу грантын береді. 2-ші және 3-ші орын алғандарға оқу мүмкіндігі 75% жеңілдікпен беріледі.

Қазылар алқасы мүшелерінің құрамына танымал ғалым-экономистер және Қазақстанның табысты кәсіпкерлері кіретін болады.

Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және «Болашақ» Қауымдастығының 15-жылдығына арналған «25 Қайырымды Іс» жобасы аясында «Capital Bank Kazakhstan» АҚ қолдауымен өткізіледі.

Байқаудың мақсаты: жас мамандардың ғылыми және сараптамалық қызметін ынталандыру, экономика,  қаржы және бизнес саласындағы білім мен құзырет деңгейін арттыру.

 МВА-2016

«Болашақ» бағдарламасының тарихы туралы деректі фильмнің алдын ала көрсетілімі болып өтті

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да 2016 жылғы 4 шілдеде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде стипендияның реми әкімшісінің тапсырмасы бойынша түсірілген «Болашақ: Қазақстан тарихының алтын парағы» деректі фильмінің алдын ала көрсетілімі болып өтті.

Көрсетілімге бағдарлама бастау алған кезеңдердегі белгілі тұлғалар, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, Білім және ғылым министрлігінің, сондай-ақ БАҚ өкілдері шақырылды.

Сеанс алдында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Гани Ныгыметов фильм үшін эксклюзивті сұхбат берген барлық спикерлерге алғысын білдіріп, шығармашылық топтың атқарған үлкен жұмысын ерекше атап өтті.

Көрсетілім қорытындысы бойынша қатысушылар түсініктемелер беріп, ой бөлісті. Атап айтқанда 1998–2005 жылдары АҚШ пен Канадада «Болашақ» бағдарламасын әкімшілендірумен айналысқан Хадиша Даированың берген бағасы ерекше болды.

20160704 194828

20160704 193054

«Болашақ» Қостанай облысынан инженерлік-техникалық кадрлар қатарынан үміткерлер санын арттыруға ниетті

Қостанай қаласында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті базасында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Гани Ныгыметовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын таныстыру болып өтті.

Кездесуді аша отырып, Гани Ныгыметов мемлекеттің ауқымды индустриализациялануы және «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспары  шеңберіндегі реформаларды жүзеге асыру аясында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан экономикасын диверсификациялап, индустриализациялау үшін мемлекеттік дағдарысқа қарсы және құрылымды өзгерістерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді атқара алатын әлемдік деңгейдегі техникалық кадрларды даярлау жүйесін барынша арттыруды тапсырғандығын атап өтті.

Белгіленген міндеттерді іске асыру барысында техникалық мамандықтар мәртебесін арттыру шеңберінде 2016 жылдан бастап «Магистр дәрежесін алуға инженерлік-техникалық қызметкерлер» жаңа санаты енгізілді, бұл санат бойынша өндірістік секторда кем дегенде екі жылдық қызмет тәжірибесі бар мамандар оқытылады.

Сонымен қатар құжаттар қабылдау бойынша ақпараттық-түсіндіру кампаниясы шеңберінде, сондай-ақ персоналды тарту мақсатында Гани Ныгыметов «Агромаш Холдинг» АҚ басшылық құрамымен кездесті, оның мақсаты осы кәсіпорында қызметін жүзеге асырушы инженерлік-техникалық мамандар есебінен үміткерлер қатарын арттыру мәселесін талқылау болып табылады.

2

1

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design