«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлер үшін хабарлама

«Болашақ» бағдарламасының әкімшісі халықаралық стипендия тағайындау үміткерлеріне Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өтетін күннің 2016 жылғы 20 маусымға ауыстырылғаны туралы хабарлайды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі Қоғамның ресми сайтындағы «Үміткер» бөлімінде жарияланатын болады.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесу органы болып табылады және Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының мәселелері бойынша іс-шараларды іске асыру мақсатында құрылған.

 2

Халықаралық бағдарламалар орталығы Ақтөбеде орын алған лаңкестік әрекеттерден қаза болғандарға қайғырады

13 маусымнан бастап «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдаудың екінші кезеңі басталады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 141 бұйрығына сәйкес 2016 жылғы 13 маусымнан бастап 29 шілдені қоса алғандағы кезеңде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдаудың екінші кезеңі өткізіледі.

Стипендия «Магистратура», «Докторантура», «Резидентура» және «Тағылымдама» бағдарламалары бойынша тағайындалады.

ҚұжаттардыАстана қ., Орынбор көш., 4-үй, «Алтын орда» бизнес орталығы мекенжайына, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары және «электронды үкімет» порталы арқылы тапсыруға болады.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдауүш кезеңде жүргізілетіндігін еске саламыз, атап айтқанда: бірінші – 11 сәуірден 13 мамырды қоса алған кезең; екінші – 13 маусымнан 29 шілдені қоса алғандағы кезең; үшінші – 15 тамыздан 30 қыркүйекті қоса алғандағы кезең.

Bolashak

«Болашақ» Қауымдастығы «Bolashak Life» республикалық акциясын өткізеді

Емдеу мекемелері қанның құрамдас бөліктері мен өнімдеріне күн сайын көп мөлшерде  мұқтаж. Донорлық мәселесіне қоғамның назарын аудару мақсатында «BolashakLife» қан тапсыру аптасы ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және «Болашақ» Қауымдастығының 15-жылдығына арналған «25 Қайрымдылық іс» жобасының шегінде өткізілетін бұл қадам Дүниежүзілік Донор Күнімен тұспа-тұс келіп отыр.

Шара туралы толық ақпаратқа, дәрігерлердің ұсынымдарына және басқа да қызықты фактілерге іс-шараның Facebook-тегі « Неделя донорства «Bolashak Life» атты ресми парағынан қанық боласыз.

BL1 1

BL1 2

Балаларды қорғау күніне орай мамандандырылған балалар үйінде болу

Дүниежүзілік балаларды қорғау күнін мерекелеуге байланысты «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Гани Ныгыметов Астана қаласындағы мамандандырылған балалар үйіне барып қайтты.

Сапар барысында Гани Ныгыметов балаларды мерекелерімен құттықтап, естелік сыйлықтар мен тәттілер сыйлады. Күтпеген бұл сыйлыққа балалардың өздері де және олардың тәрбиелеушілері де таң-тамаша болып қалды.

«Еңбектері зор, үлкен жұмыс атқарып жатқан балалар үйінің барлық ұжымына алғысымды білдіргім келеді. Бүлдіршіндер, сендерді бүгінгі мерекелеріңмен құттықтаймын. Әр сәби өз отбасын тауып, еліміздің бетке ұстар азаматы болуына тілектеспін», – деді өз сөзінде Гани Ныгыметов.

Балалар үйінің басшысынан бастап барлық ұжымы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға көрсеткен құрметтері мен қамқорлықтары, сондай-ақ балаларға жасаған сыйлықтары үшін алғыстарын білдірді.

Балалар үйі әкімшісінің ақпараты бойынша аталған мекемеде қазіргі уақытта 85 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Den Zashity detei 2016

«Болашақ-2017» стипендиаттары ағылшын тілін Қазақстанда үйренетін болады

Бұл тілдік даярлауды ҚР-да тұрақты өткізуге және «Болашақ» бағдарламасы шығыстарын азайтуға мүмкіндік береді.

2017 жылғы квота алған стипендиаттар ағылшын тілін Қазақстанда «Болашақ» тіл мектебі базасында ғана үйренетін болады. Халықаралық бағдарламалар орталығы басшысының пікірінше, «Болашақ» бағдарламасының ағылшын тілін оқудың жаңа моделі стипендиаттардың дайындалу деңгейінің жоғары екендіктерін көрсетіп, ендігі уақытта шетелдік тағылымдаманы қажет етпейді, деп жазады Орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып,  Kazpravda.kz.

Жаңа енгізулерге қатысты өз пікірлерімен «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамаға тікелей қатысушылар да бөлісті.

Жасулан Жаниязов қазіргі уақытта АҚШ-та тілдік курстардан өтуде. Бұл жерге ол Қазақстандағы тілдік даярлаудан кейін жіберілген және оның екі жағдайда да даярлық деңгейлерін объективті салыстыруға мүмкіндігі бар.

«Курс басында менің ағылшын тілін білу деңгейім әлсіз болған, бірақ Қазақстандағы қиын бірнеше айлардан кейін АҚШ-та оқып бастаған тілдік курстарын мүлдем жеңіл сияқты көрінді. Мен Қазақстанда өткен ағылшын тілін үйрену курсы үшін өз алғысымды білдіремін. Қазақстанда курстардан өткен барлық студент бүгінгі күні тілді кәсіби деңгейде біледі десем артық айтпағаным болар», – дейді Жаниязов.

Жаниязовтың ойы Штаттарда ағылшын тілінен білімін жетілдіріп жатқан «Болашақ» бағдарламасының басқа стипендиатарының ойымен сәйкес келеді.

«Алматыда өткен тіл білу курсы өте күрделі болды, алайда әсері бірден көрінді. Бір екі сөздің басын ғана қоса алатын адамнан мен өз ойымды толық жеткізе алатын спикерге айналдым десем де болады. Атап айтқанда, мені ол жердегі ұстаздардың жұмыс істеудегі түрлі әдістері таң қалдырды. Бізге қызықты болуы үшін олар түрлі әдістер мен бірегей тапсырмаларды пайдаланды. Америкада өткен курстарға қарағанда Алматыда өткен тілдік курсқа мен өз басым ризашылығымды білдіремін», – деп өз пікірін білдірді Найзабаева.

Қазіргі уақытта Ұлыбританияда тағылымдамадан өтіп жатқан Данияр Бигайдаров та Халықаралық бағдарламалар орталығының жаңа қаржылық саясатына өз алғысының шексіз екендігін жеткізеді.

Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде тіл мектебін ашу қаржы қаражатын үнемдеуде де, стипендиаттарды шетелдегі өмірге даярлауда да дұрыс шешім қабылдаған», – деді ол.

 3

«Болашақ» бағдарламасының 6+6 тілдік моделі өзінің тиімділігін көрсетті

«Болашақ» бағдарламасы Қазақстанда ағылшын тілін үйренудің 6+6 жаңа моделін іске қосты. Бұл тілдік даярлықты Қазақстанда кезең-кезеңмен тұрақтандырудың және стипендиаттарды даярлауға бөлінетін қаржы қаражатын қысқартудың бірінші қадамдарының бірі, деп хабарлайды  BNews.kz тілшісі.

Алты ай стипендиаттарды тілге Қазақстанда, және кейінгі алты айда шетелде даярлайтын болады. Бүгінгі күні «Болашақ» бағдарламасының тіл мектептерінде 76 адам оқуын аяқтап, 97-сі оқуда.

«Астана қ. «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде қарқынды тілдік курстардың қорытындылары бойынша, бұл курстар Қазақстанда бірінші рет іске қосылғанына қарамастан ұйымдастыру жұмыстары мен оқу процесі тиісті деңгейде өткізілгенін атап өткім келеді. Атап айтқанда, біздің тобымызбен үш оқытушы айналысты, бұл бізге ағылшын тілін түрлі тәсілдермен оқуға мүмкіндік берді. Сол ұстаздардың еңбектері мен кәсіпқойлықтары арқасында бір ай ішінде біз Қазақстанда жүріп білім деңгейімізді 0,5–1 балға өсірдік. Ал ағылшын тілді елдерде мұндай нәтижелерге 3–6 айда ғана қол жеткізуге болады», – деп өз ойымен бөлісті Ұлыбританияда магистратурада оқып жатқан «Болашақ» стипендиаты Лаура Жолдасова.

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде ашылғын тілдік курстарға жалпы оң бағамды беремін. Мысалы, егер сабақ барысында тобымыздағы стипендиаттардың деңгейлері әртүрлі болса, курс соңында стипендиаттардың басым бөлігі ағылшын тілінде жоғары деңгейде сөйледі. Курс басталғаннан топта достық байланыс орнап, оқытушылармен жылы қарым-қатынас орнады», – деп атап өтті «Экология» мамандығы бойынша Columbia University оқу орнында тағылымдамадан өтуші Еркин Елеусизов.

 4

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design