«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Халықаралық бағдарламалар орталығы және Тель-Авив университеті өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты

Астанада «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (ХБО АҚ) және Тель-Авив университеті (ТАУ) арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа ХБО АҚ президенті Гани Ныгыметов пен ТАУ президенті Иосиф Клафтер қол қойды.

Меморандум мақсаты білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде өзара қызығушылық танытатын мәселелер бойынша ХБО АҚ және ТАУ арасында қызметті орнату және ықпал ету болып табылады. Атап айтқанда, серіктестік шеңберінде Израильге Қазақстаннан  ғылыми, педагог және медицина қызметкерлерінің тағылымдамадан өтуі бойынша қысқа мерзімді оқу бағдарламалары ұйымдастырылады, сондай-ақ курстар, семинарлар, тренингтер мен білім саласындағы Израиль тәжірибесін зерделеу бойынша мастер-кластар өткізіледі деп күтілуде.

Меморандумға қол қою таныстыруы Астанада Қазақстан мен Израиль іскерлер мен ғалымдар ортасы өкілдерінің қатысуымен өткізілген Қазақстан Республикасындағы ТАУ достары қауымдастығымен ұйымдастырылған.

Қол қою рәсімінің қатысушылары меморандум шеңберінде өзара іс-қимылдың үлкен перспективаларын атап өтті. Бүгінгі күні ТАУ әлемдік деңгейдегі инновациялық кәсіпкерлік жоғары оқу орны болып табылады.  ТАУ-дың Инновациялар және кәсіпкерлік орталығы Израиль үкіметімен тығыз байланыста, әлемнің басқа да институттарымен және зерттеу орталықтарымен, өнеркәсіптік компанияларымен ынтымақтастықта.  ТАУ-да сонымен қатар  Ramot  коммерциализация кеңсесі мен StarTAU кәсіпкерлік орталығы әрекет етеді.

GB4A6661

Берлинде Германиядағы Қазақстан студенттерінің VI форумы болып өтті

Берлинде Германия Федеративтік Республикасындағы  Қазақстан  Республикасының Елшілігі және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстандық студенттердің VI форумы болып өтті.

Іс-шараға Германиядағы Қазақстан Республикасының Елшісі Болат Нүсіпов, Бундестаг депутаты Штренц ханым, неміс Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия бөлімі бастығының орынбасары, фон Брандт мырза, оқу орындарының неміс өкілдері, Қазақстан және Германия студенттері, сондай-ақ «Болашақ» стипендиясының иегерлері қатысты.

Германиядағы Қазақстанның елшісі Болат Нүсіпов форумда құттықтау сөз сөйлеу барысында тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы Мемлекет басшысының маңызды рөлін атай отырып, халықаралық қоғамдастық қабылдаған және қазіргі уақытта жүзеге асырылатын Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саяси бастамаларына басты назар аударды.

Кездесуде сондай-ақ «халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-дан Германия және құрылықтық Еуропа елдерінде оқып жатқан стипендиаттардың тәлімгері Эльвира Мырзалиева баяндама жасап, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының жай-күйі мен даму перспективалары туралы таныстыру өткізді.

Соңында форумға қатысушылар білім беру саласындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, Қазақстан-Германия ынтымақтастығы мен перспективаларының ағымдағы жай-күйі туралы пікір алмасты.

1 2

1 1

Ұлыбритания жоғары оқу орындарында ҚР Президентінің «Бейбітшілік. ХХІ ғасыр» манифестінің негізгі ережелері талқыланды

Ұлыбританияның Уорик Университетінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Бейбітшілік. ХХІ ғасыр» манифестіне арналған «ХХІ ғасырдағы бейбітшілік. Қазақстан ұстанымы» тақырыбында семинар болып өтті.

Семинарды Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігінің, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдігінің қолдауымен «Қазальянс» студенттік ұйым, Уорик университетінде оқитын қазақстандық студенттер ұйымдастырып, ол ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Бейбітшілік. ХХІ ғасыр» манифестінің негізгі ережелерін, сондай-ақ Қазақстанның ядролық қауіпсіздігі басты режимін қолдау бойынша Қазақстанның басқа да бастамаларын талқылауға арналған.

Семинар жұмысына Ұлыбританиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Д.Құсайынов, Уорик университеті Саясат және халықаралық зерттеулер факультетінің профессоры П. Фердинанд, сол факультеттің профессоры Р. Олдрич, Бирмингем университетінің халықаралық даму департаментінің аға оқытушысы, доктор Э. Кэмпбелл, британдық жоғары оқу орындарында оқып жатқан қазақстандық студенттер мен шетел студенттері қатысты.

Ұлыбританиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Д.Құсайынов іс-шараға қатысушылар алдында сөз сөйлей отырып, өзінің тәуелсіздік алған бірінші күнінен бастап Қазақстан өзін әлемдік қоғамның  сенімді әрі жауапты серіктесі ретінде көрсетіп, басты бейбіт пен қауіпсіздікті қолдауға нақты қадамдар жасады. Еліміз Семей ядролық сынақ полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартқан алғашқы елдердің бірі болғандығын атап өтті.

Қазақстанның таратпау режимін қолдау ісінде маңызды жетістіктерінің бірі, Д. Кусаиновтың айтуынша, еліміздің Орталық Азияда ядролық қарудан бос аймақ құруға және МАГАТЭ ұранымен аз өндірілген уран банкін құруға белсенді қатысуы болды. Бұған қоса, Қазақстан ирандық ядролық бағдарламаны реттеу бойынша келіссөздерде маңызды рөл атқарды.

Қазақстан әлемдік қоғамға халықаралық бейбіт және қауіпсіздікті қолдау бойынша ұсынған бастамалар арасында басты рөл ағымдағы жылғы сәуірде Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік саммиті барысында қабылданған ҚР Президенті Н. Назарбаевтің «Бейбітшілік. ХХІ ғасыр» манифестіне берілген. Құжат Бас ассамблея мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алған.

Ұлыбританиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Д.Құсайынов атап өткеніндей, Қазақстан Президентінің Манифесті ядролық қарусыз бейбіт өмір құруға бағытталған әрекет ету бағдарламасын білдіреді. Атап айтқанда, Манифест ең соңында халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететуі тиіс ядролық қаруды қысқарту және жою бойынша нақты қадамдарды ұсынады.

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Бейбітшілік. ХХІ ғасыр» манифестіне қатысты өз көзқарастарымен Уоррик және Бирмингем университеттерінің профессорлары П. Фердинанд, Р. Олдрич және Э. Кэмпбелл бөлісті. Қазақстан өзінің ядролық арсеналынан бас тартып, әлемде қарусыздандыру және қауіпсіздікті нығайтудың басты процесіне баға жетпес үлес қосты, ал Қазақстан көшбасшысының Манифесті Қазақстанның халықаралық аренадағы зор беделін жасауға ықпал етеді.

Семинар жұмысына британдық жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер белсенді қатысты. Атап айтқанда, Оксфорд университетінің магистранты А.Жүнісбековтің және Бирмингем университетінің магистранты Г. Оспанқұловтың «Қазақстанның таратпау режиміндегі үлесі» және «Ядросыз соғыс жағдайындағы жаңа соғыстар» тақырыптарындағы баяндамалары мен таныстырулары тыңдалды.

Сонымен қатар семинар шеңберінде Лондон Корольдік колледж магистранты Г. Каппасованың Қазақстандағы білім саласындағы саясаттың бастамалары мен шектеулері туралы және Уоррик университетінің магистранты А. Кожабектің Астана қ. ЭКСПО-2017-ге даярлық шеңберінде көліктік инфрақұрылымды дамыту проблемасына қатысты таныстырулары көрсетілді.

2 1

2 2

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде «Жас ұрпақ» фотоконкурсы жарияланды

Астана күні қарсаңында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ дәстүрлі «Жас ұрпақ» фотоконкурсын өткізеді. «Жас ұрпақ» фотоконкурсы (бұдан әрі – Фотоконкурс) – жас әуесқой фотоға түсірушілердің шығармашылық конкурсы.


Фотоконкурстың мақсаты – «болашақтықтар» өмірін фотосуреттер арқылы баяндау, көпұлтты студенттер ортасын көрсету, оқу процесінің жан-жақтылығын сипаттау, болашақтықтар өміріндегі маңызды оқиғалар туралы жеткізу, «Болашақ» стипендиясының ұлттық операторы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және оның шетелдегі өкілдері өткізген «нон-стоп» режимінде түсірілген іс-шараларды көрсету.


Фотоконкурс 2016 жылғы 1 маусымнан бастап 1 шілдені қоса алғандағы кезеңде өтеді.

Фотоконкурсқа қатысу үшін Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінің пайдаланушысы болу, сондай-ақ:

1. Facebook-та «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның ресми тобында тіркелу (JSC «Center for International Programs» (aka Bolashak scholarship admin);

2. Instagram-да @ bolashakcip аккаунтына жазылу;

3. #bolashakcontestхэштегімен белгілей отырып,  Facebook және Instagram-да фотосуретті жариялау қажет.

Бұл ретте пайдаланушылар аккаунты көпшілік қарау үшін қолжетімді болуы тиіс.

Сонымен қатар #bolashakcontestхештегімен белгіленген барлық фотосуреттер барынша ыңғайлы қарау үшін Қоғамның ресми сайтында «Фотоконкурс» жеке қосымша парағында орналастырылатын болады.


Үздік конкурстық жұмыстар номинацияларда әділқазылар шешімі бойынша, сондай-ақ Facebook және Instagram-дағы бағалар мен репостар санын есепке алып, анықталатын болады. Фотоконкурс жеңімпаздарына естелік сыйлықтар беріледі.

Бұған қоса жеңімпаздардың фото жұмыстары Қоғамның ресми сайтында және «Болашақ» ақпараттық-сараптама журналында жарияланады.


Фотоконкурсноминациялары:

• «Университет өмірі» тақырыбындағы үздік фотосурет;
• «Селфи стиліндегі кітапхана» тақырыбындағы үздік фотосурет;
• «Хобби кадрда» тақырыбындағы үздік фотосурет;
• «Мисс/мистер магистр» тақырыбындағы үздік фотосурет;
• «Қазақстан туы – мақтанышым менің!» тақырыбындағы үздік фотосурет.

fotokonkurs 2016

«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдаудың бірінші кезеңі аяқталды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 141 бұйрығына сәйкес 2016 жылғы 11 сәуір мен 13 мамыр аралығында «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдаудың бірінші кезеңі өткізілді.

Көрсетілген кезеңде қабылданған құжаттардың жалпы саны — 276, олардың ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қабылдағаны – 168, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 47, «электронды үкімет» порталы арқылы– 61. Бұл ретте академиялық оқуға 215 үміткер, тағылымдамаға – 61 үміткер тіркелген.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау үш кезеңде өткізілетіндігін еске саламыз: бірінші кезең – 11 сәуір – 13 мамыр; екіншікезең – 13 маусым — 29 шілде; үшіншікезең – 15 тамыз — 30 қыркүйек.

 5

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкерлері қоғамның 11 жылдығын корпоративтік тимбилдингпен атап өтті

Корпоративтік мәдениетті нығайту шеңберінде қоғам қызметкерлеріне арналып шығу тимбилдингі ұйымдастырылды.

Күн бағдарламасы бойынша ұжымда табысты өзара іс-әрекет дағдыларын қалыптастыруға, нәтижеге жеке жауапкершілік деңгейін арттыруға, мақсатты тұжырымдау дағдыларын, көпшілік сөз сөйлеулер мен келіссөздерді дамытуға бағытталған іс-шаралар мен тренингтер жоспарланған.

Сонымен қатар, іс-шара ұйымдастырушылары мен қатысушыларының пікірлері бойынша тренинг дарын иелерін біріктірудің және ұжымда оң эмоционалдық ахуалды нығайтудың бірегей алаңы болды.

1

2

3

«Болашақ» бағдарламасы бойынша қазақ тілінің әдіскерлерін Израильде даярлайтын болады

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Гани Ныгыметовтің Израиль мемлекетіне сапары барысында осындай уағдаластыққа қол жеткізілді.

Іссапарда болу шеңберінде Гани Ныгыметов пен MOFET Әдістеме институтының басшысының кездесуі өтіп, филологияны және лингвистиканы дамыту саласындағы израильдік тәжірибе базасында қазақ тілінің әдіскерлерін даярлау мәселесі талқыланды.

Бұған қоса, сапар барысында Гани Ныгыметов бірқатар мемлекеттік денсаулық сақтау объектілерінде, сондай-ақ Израильдің жетекші жеке клиникаларының бірі болып табылатын «Ассута» клиникасында болып,  олардың басшыларымен «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның медицина қызметкерлерін даярлау перспективаларын талқылады.

Израильдің оқу орталықтары стипендияның жетекші серіктестері болып табылады. «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде Израильде 83 стипендиат оқыған.

Izrail 2016

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design