«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның 11 жылдығына орай құттықтау

Бүгін Халықаралық бағдарламалар орталығының құрылғанына 11 жыл толды.

2005 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы құрылуы туралы» № 301 қаулысы қабылданды.

Осы жылдар аралығында біз қызықты да мазмұнды жолды өткердік, көптеген жаңа достар таптық, мүддесі, ниеті бір тамаша ұжым құрдық.

Біздің ұжым атынан Сіздерді осы күнмен құттықтаймыз!

11 лет ЦМП

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті

Жиынды ашқан Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында ел экономикасын әртараптандыру және индустрияландыру үшін дағдарысқа қарсы шаралар мен құрылымдық өзгерістерді іске асыру аясындағы мемлекеттік міндеттерді орындауға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау жүйесін барынша дамытуды тапсырғанын атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы «Болашақ» стипендиясының Ұлт жоспарында айқындалған міндеттер бойынша халықаралық санаттағы отандық кәсіпқойлар шоғырын қалыптастыру үдерісінде жетекші рөл алатынын айтты.

Бұл ретте конкурстық іріктеу сапасын жетілдіру бағытындағы іс-шаралар өткізілді. 2016 жылдан бастап стипендия алуға үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілді. Шет тілін білу деңгейіне, дипломының орташа балына, жұмыс өтіліне қатысты өзгерістер енгізілді. 163 позициядан тұратын басымдығы бар мамандықтар тізбесі жаңартылды, оның 41%-ы инженерлік-техникалық мамандарды даярлауға бағытталған. Университеттік рейтингтерде 100-інші және пәндік рейтингтерде 10-шы орын алатын шетелдік жоғары оқу орындардың жаңа тізімі жасақталды.

Комиссия отырысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жобалары үшін мақсатты тапсырыстар бойынша мамандар даярлауға бағытталған тағылымдама бағдарламасы арқылы Президенттің «Болашақ» халықаралық стипендиясы конкурсына қатысатын қызметкерлер санаты анықталды.

Отырысты қорытындылаған Мемлекеттік хатшы «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру тетігінің тиімділігін одан әрі жетілдіру және арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

www.akorda.kz

«Болашақ» бағдарламасының шеңберінде Дубайдағы серіктестермен АХҚО кадрмен қамсыздандыру басымдықтары қарастырылған

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Гани Ныгыметовтың Дубай Халықаралық қаржы орталығының (DIFC Courts) Сот басқармасының құқықтық мирасқорлық мәселелері және өсиетті актілердегі жазбалар жөніндегі бас менеджері Михаэла-Корнелия Молодовиани ханыммен кездесу ұйымдастырылып өткізілді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберіндегі бірқатар екі жақты ынтымақтастық мәселелері, атап айтқанда, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқару органдарының кадрмен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

DIFC Courts өкілдерінің Қазақстанға сапары 2015 жылғы 30 тамызда Астана қ. қабылданып, қол қойылған Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Дубай Халықаралық қаржы орталығының Сот басқармасы арасындағы Кеңес беру қызметтерін көрсету туралы келісімді жүзеге асыру барысында ұйымдастырылды.

20160330 094049

2016 жылғы құжат қабылдау туралы ақпараттық-түсіндіру науқаны шеңберінде өткізілетін көшпелі брифингтер кестесі

(2016 жылғы 28 наурыздан 8 сәуірге дейін)

Қала

Өткізілетін жері

Күні

Уақыты

Мекен-жайы

1.

Ақтөбе қ.

«СНПС — Ақтөбемұнайгаз» АҚ

28.03.2016

16.00

Ақтөбе қ.,

312 атқыштар дивизиясы даңғ., 3

«СагизПетролиум» ЖШС

29.03.2016

9.00

Ақтөбе қ.,

Санкибай Батыр даңғ., 167В

Ақтөбе облысының әкімдігі

29.03.2016

11.00

Ақтөбе қ.,

Әбілқайыр хан даңғ., 40, каб.301

«Каир Трэйд» ЖШС

29.03.2016

14.00

Ақтөбе қ.,

41 разъезд

2.

Ақтау қ.

Маңғыстау облысының әкімдігі

31.03.2016

11.00

Ақтау қ.,

31 ш.а.,

Ш. Есенов атындағы КМТИУ

Маңғыстау облысының өңірлік Кәсіпкерлер палатасы

31.03.2016

14.30

Ақтау қ., 22 ш.а.,

«Ойл сервис компани» ЖШС

3.

Атырау қ.

Атырау облысының әкімдігі

01.04.2016

11.00

Атырау қ.,

Айтеке би к., 77А

Атырау облысының өңірлік Кәсіпкерлер палатасы

01.04.2016

15.00

Атырау қ.,

«Жигермунайсервис» ЖШС,

а/а «Геологский», Телемұнара ауданы, телім № 19

4.

Павлодар қ.

Павлодар облысының әкімдігі

30.03.2016

11.00

Павлодар қ.,

Академик К.Сәтбаев к., 49

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

30.03.2016

15.00

Павлодар қ.,

Ломов к., 64,

бас ғимарат, аудитория А-3

Павлодар облысының өңірлік Кәсіпкерлер палатасы

31.03.2016

11.00

Павлодар қ.,

Ломова к., 21, конференц-зал

Павлодар мұнай-химия зауыты

31.03.2016

15.00

Павлодар қ.,

Химкомбинатовская к., 1

Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ

31.03.2016

16.30

Павлодар қ.,

Ломова к. 38,

бас ғимарат, аудитория А-3

5.

Қарағанды қ.

Қарағанды облысының әкімдігі

04.04.2016

16.00

Қарағанды қ.,

Алиханов к., 13

6.

Талдықорған қ.

Алматы облысының өңірлік Кәсіпкерлер палатасы

05.04.2016

10.00

Талдықорган қ.,

Абай к., 254А

7.

Алматы қ.

Алматы қаласының әкімдігі

06.04.2016

11.00

Алматы қ., Республика даңғ., 4

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы

06.04.2016

15.00

Алматы қ, Гоголь к., 111

8.

Қызылорда қ.

Қызылорда облысының әкімдігі

07.04.2016

11.00

Қызылорда қ., Жахаев к. 65,

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің Студенттер сарайы

Қызылорда облысының өңірлік Кәсіпкерлер палатасы

07.04.2016

14.30

Қызылорда қ., Айтеке би к., 28

«ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» АҚ

07.04.2016

16.00

Қызылорда қ., Қазыбек би к., 13

9.

Өскемен қ.

Шығыс-Қазақстан облысының әкімдігі

08.04.2016

11.00

Өскемен қ., М. Горький к., 40,

кабинет № 108

Шығыс-Қазақстан облысының өңірлік Кәсіпкерлер палатасы

08.04.2016

15.00

Өскемен қ., Абай даңғ., 14,

Қызмет көрсету саласы колледжі, кітапхана, оқырман залы № 1

*ескерту: көрсетілген кестеге өзгертулер еңгізілуі мүмкін.

Іріктеудің жаңа қағидалары және 2016 жылы «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттар қабылдаудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Гани Ныгыметов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар орталығында іріктеудің жаңа қағидалары, оқуға түсу шарттары мен санаттарға қойылатын талаптар туралы баяндады.

Гани Ныгыметов айтып өткеніндей, 2016 жылғы 11 сәуірде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға құжаттар қабылдау басталады. Олар мынадай үш кезеңде жүргізіледі: бірінші – 11 сәуірден бастап 13 мамырды қоса алғандағы кезең; екінші – 13 маусымнан бастап 29 шілдені қоса алғандағы кезең; үшінші – 15 тамыздан бастап 30 қыркүйекті қоса алғандағы кезең.

Үміткерлер «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға құжаттарды электронды үкімет веб-порталы, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы (бұрынғы ХҚО), сондай-ақ өз қолымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға тапсыруға болады.

Өткен жылғы конкурстық іріктеу тәжірибесі бойынша 2016 жылдан бастап халықтың құжаттар дайындау шығыстарын оңтайландыру мақсатында құжаттар пакетін тапсыру нысанына талаптар жеңілдетілді.

Стипендияны жаңартудың негізгі бағыттары анықталған Стипендияны дамытудың 2016–2020 жылдарға арналған жоспарына сәйкес стипендия «Магистратура», «Докторантура», «Резидентура» және «Тағылымдамалар» бағдарламалары бойынша тағайындалып, оларға санатына қарай жекелеген талаптар қойылады.

Сонымен қатар ағымдағы жылдан бастап МВА бағдарламасының жұмысы жаңартылды. Осы бағдарлама шеңберінде 2016 жылға Ұсынылған ЖОО-лар тізімінде берілген 10 бизнес-мектепте оқу үшін 10 стипендия бөлінген.

Конкурстық іріктеуді кеңінен анонстау және тұрғындарды барынша мол тарту мақсатында бағдарламаның ресми әкімшісі ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүзеге асыруда. Олардың шеңберінде өңірлерде өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбек ұжымдары арасында кездесулер мен брифингтер өткізілуде.

фото на сайт

Жастар корпусын дамыту жобасын жүзеге асыру бойынша конкурс жарияланған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар корпусын дамыту жобасын жүзеге асыру үшін Үйлестіру агенттігін тартуға конкурс жариялады.

Жобаның әкімшісі – Дүниежүзілік банк. Жобаны жүзеге асыруға арналған қаржы Швейцариялық Траст қорымен бөлінген.

Грант сомасы – 21,7 млн. АҚШ доллары.

Үйлестіру агенттігі гранттарды, Жобаның қатысушыларына стипендия беруді, жобаны басқаруды және мониторингтеуді оқытуды іске асырады.

Шамамен 2 мыңға жуық гранттарды беру және оған 8,5 мың жастардың қатысуы жоспарлануда.

Үйлестіру агенттігі ретінде, жергілікті және шетелдік ұйым, сондай-ақ аталған ұйымның консорциумы болуы мүмкін.

Толық ақпаратты ҚР БҒМ: www.edu.gov.kz («Конкурстар» бөлімі) ресми сайтынан алуға болады.

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары Ұлыбританияда өткізілген көктемгі балға қатысты

Өткен демалыс күндері ағылшындық қала Ковентриде Ұлыбританиядағы қазақстандықтардың жыл сайынғы көктемгі балы болып өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған мерекелік іс-шараның қатысушылары шақырылған шетелдік  қонақтар мен қазақстандық, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда оқып жатқан студенттер.

Ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшісінің кеңесшісі Гани Бекеновтің және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Ұлыбританиядағы өкілі Альтаир Ахметовтың құттықтау сөздерімен басталды.

Осыдан кейін көктемгі балл қонақтары дебютанттардың би билеулерімен қазақ вальсінің орындалуындағы мерекелік концертпен жалғасты. Сонымен қатар, Қазақстан тарихын, еліміздің тәуелсіздік алуына өздерінің үлестерін қосқан танымал адамдардың биографиясын білу викторинасы өткізілді.

Сонымен қатар қазақстандық студенттер «Келіндер» конкурсына да қатысып, болашақ келін ретінде өз ұлтының салт-дәстүрлерін, мәдениеттерін паш етті. Ал жігіттер «Көтермек» конкурсында өз күштерін сынасты. Іс-шара соңы барлық қатысушылардың «Қара Жорға» биін бірлесе билеуімен аяқталды.

2015 жылы қазақстандықтардың Ұлыбританиядағы көктемгі балы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып, Біріккен Корольдіктен 130-дан аса қонақтың басын қосқан болатын.

1

3

2

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design