«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Көшербаев «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұжым қызметкерлерімен кездесті

542A8308

2019 жылғы 29 қазанда ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев жұмыс барысымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жаңа ғимаратында болып, ұжым қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында «Болашақ» бағдарламасының алға қойған жоспарлары талқыланды. Мемлекеттік хатшы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылған Орталықтың қазіргі таңда модернизациялаудан өтіп жатқанын тілге тиек етіп, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіре түсу қажеттілігіне тоқталды.
Сонымен қатар жыл сайынғы нарықтық талапқа сай бәсекеге қабілетті білікті кадрларды дайындау және бағдарламаны модернизациялау мақсатында конкурстық іріктеуге жаңа өзгертулер мен толықтырулар енгізілетінін атап өтті.
Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы Орталықтың алдына бірқатар тапсырмалар жүктеп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкерлері "Bolashaq” қауымдастығы ұйымдастырған II Спартакиадаға қатысты

спактакиада 2019  12

2019 жылғы 27 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкерлері "Bolashaq” қауымдастығы ұйымдастырған II Спартакиадаға қатысты.
Орталықтың волейбол командасы жүлделі бірінші орынға ие болды.

Жеңіс құтты болсын!

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жаңа мекен-жайы

BolashaQ logo ЛАТИНИЦА оригинал

Құрметті достар,

“Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ кеңсесі 2019 жылғы 29 қазаннан бастап жаңа ғимаратта орналасатынын хабарлаймыз.

Біздің жаңа мекен-жайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 55/13, «EXPO» бизнес орталығы, С2–1 блогы, 2-қабат.

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары елшілік қызметкерлерімен кездесті

photo5860395967185004965

18 қазанда Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінде “Халықаралық бағдарламалар орталығы”АҚ ресми өкілі Асхат Әбдімұрзаевтың ұйымдастыруымен Мәскеуде оқып жатқан “Болашақ” бағдарламасының стипендиаттары елшілік қызметкерлерімен кездесті.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да «Bolashaq kitaphanasy» ашылуда

Kitaphana 4

Құрметті «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары мен түлектері,

Адамның тұлға ретінде қалыптасып, ғұлама Абайдың сөзімен айтқанда, «толық адам» болып кемелденуінде кітаптың алатын орны ерекше.

Орталығымыздың бір бұрышынан құнды қазынаға орын бөлмек ниетпен «Bolashaq кітапханасын» ашу бастамасын қолға алып отырмын.

Осыған орай, барлық стипендиаттар мен түлектерді кітапхана қорын ұдайы ізденіске ынталандырған сүйікті кітаптары және «Болашақ» бағдарламасының шеңберінде әлемнің үздік оқу орындарында жазған ғылыми жұмыстарымен толықтыруға шақырамын.

«Bolashaq кітапханасы» орталықтың www.bolashak.gov.kz ресми веб-сайтында арнайы бөлім ретінде шығатын болады.

Ғылыми жұмыстарыңызды This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды мекен-жайына жіберулеріңізді сұраймын.

Құрметпен,

Айнұр Кәрібозова

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті

«Bolashaq» Қауымдастығы Қауымдастық мүшелері мен «Болашақ» бағдарламасының түлектері арасында II -ші Спартакиада өткізеді

спартакиада

Құрметті «Bolashaq» Қауымдастығының мүшелері!
27 қазанда «Bolashaq» (жексенбі) Қауымдастығы Қауымдастық мүшелері мен «Болашақ» бағдарламасының түлектері арасында II -ші Спартакиада өткізеді!
Сіздерді қатысуға және өз командаңызды қолдауға шақырамыз!
Старттар 6 спорт түрінен өтеді:
1. Мини-футбол;
2. Волейбол;
3. Үстел теннисі;
4. Қол күресі;
5. Шахмат;
6. Асық.
Сонымен қатар сіздің балаларыңыз үшін «Көңілді старттар» ұйымдастырылады.
Өтетін орны: Алау мұз сарайы (Қабанбай батыр даңғылы, 47)
Уақыты: 11:00
Тіркелу: https://docs.google.com/forms/d/1K6dio6fu4AiAOADRnE_HhX9pqcRITlh8_bdDrKR1IEM/edit
Толығырақ: ‪+7 7172 500 617‬

АҚШ-та білім алып жатқан “Болашақ” бағдарламасының стипендиаттары алғыс грамоталарымен марапатталды

Грамота стип все

2019 жылғы 11 қазанда Қазақстанның Вашингтон қаласындағы елшілігінде Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі Қазыxанов Ержан Хозеұлы «Болашақ» бағдарламасының  стипендиаттарымен кездесті.

Кездесу барысында ерекше белсенділік танытқан студенттерге, оның ішінде, George Washington University студенттері Төлемісова Жайнагүлге (MA in Media and Strategic Communication), Құдайберген Жанарға (Msc in Biological Sciences) және Жанар Кулекбаеваға (Master of Strategic Public Relations) салтанатты түрде алғыс грамоталары тапсырылды.

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design