Чжэцзян сауда-кәсіптік университеті магистратура және докторантура бағдарламасына оқу гранттарын ұсынады
Чжэцзян сауда-өнеркәсіп университеті (Zhejiang GongShang University) — Чжэцзян провинциясының Ханчжоу қаласында орналасқан мемлекеттік университет. Чжэцзян сауда-өнеркәсіп университеті бизнес саладағы алғашқы оқу орындарының бірі және басты салалары: әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдары, менеджмент, экономика, машина жасау, әдебиет, құқық, тарих, ғылым, және философия.
Талаптары:
1. Үміткерлердің жақсы үлгерімі және магистратураға үміткерлердің жас мөлшері 35 жасқа дейін, докторантураға үміткерлердің жас мөлшері 40 жасқа дейін болуы тиіс;
2. Қытай тіліндегі оқу үшін ең кемінде HSK 4, ағылшын тіліндегі оқу үшін ең кемінде IELTS 6.5 немесе TOEFL 90 болуы тиіс;
Грант келесі шығындарды қамтиды:
• тегін оқыту
• тұратын орын
• ай сайынғы стипендия (магистранттар үшін 1700 юань, докторанттар үшін 2000 юань)
• медициналық сақтандыру
Үміткерлер 2019 жылдың 10 маусым айына дейін
hzic.at0086.cn/student сайтында онлайн тіркелуден өтуі қажет.
Онлайн тіркелу барысында құжаттардың сканерленген түрін жүктеу қажет екендігін еске саламыз.
Жүктеуге қажетті құжаттар:
1.Соңғы білімі туралы құжат (оқып жатырған үміткерлер оқу орнынан анықтама және транскрипт немесе табель тапсыруы қажет), нотариалды куәландырылған ағылшын немесе қытай тілінегі аудармасымен;
2.Өзі жайындағы эссе, үміткерлер ағылшын немесе қытай тілінде өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі және зерттеу жоспары жайында ақпараттарды жазуы тиіс;
3.Профессор немесе деканның ұсыныс хаты (ұсынушының қолы қойылған және дәрежесі, телефон нөмері және электронды поштасы жазылған болуы қажет);
4. HSK, IELTS сертификаты.
5. Паспорттың көшірмесі (өтініш берушінің деректері бар бірінші бет);
6.Ғылыми публкация немесе зерттеу жұмыстарының нәтижесі.
Университет сайтанда Онлайн тіркелімді жасағаннан кейін үміткерлер МІНДЕТТІ түрде келесі сілтемедеге өтіп анкетаны толтыруы қажет.
Ескерту!!!
Үміткерлерді таңдауды Қытай тарапы жүргізеді және оқуға алу бойынша соңғы шешімді Чжэцзян сауда-кәсіптік университеті қабылайды
Грантқа ие болған студенттер 400 юань көлемінде регистрациялық ақысын төлеуі қажет болады.
Университет жайында толығырақ ақпаратты университеттің ресми сайтынан таба аласыз (мамандықтар тізімі «admission» бөлімінде).
Сұрақтар бойынша келесі телефонға хабарласыңыз:
+7 (7172) 769-071
+7 776 176 4358
Қазақстанның ЖОО-да білім алуға арналған стипендиялық бағдарлама
Құрметті үміткерлер,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша біздің елдің ЖОО-да білім алу үшін шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын шақырады.
Грант саны:
1 Бакалавриат – 25
2 Магистратура – 125
3 PhD докторантура – 10
Стипендиялық бағдарламаның операторы – ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы.
Үміткерлер құжаттарды 2019 жылдың 15 мамырынан 19 шілдесіне дейін тапсыра алады.
Құжаттарды тапсыру Оператордың порталында келесі сілтеме бойынша жүзеге асырылады: https://enic-kazakhstan.kz/fellowship_programme/universities
Үміткерлер өтініш нысанын толтырған кезде құжаттардың сканерленген нұсқаларын жүктеу керек екенін ескеруін сұраймыз.
Барлық сұрақтар бойынша Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығына төмендегі байланыстар арқылы хабарласуға болады.
Тел.: +7 (7172) 28 75 26
E-mail:
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Чунг-Нам Мемлекеттік университеті, Оңтүстік Корея

SP Jain School of Global Management Қазақстан азаматтарына 100% жеңілдік ұсынады
SP Jain School of Global Management бакалавриат немесе магистратура бағдарламаларының бірінде экономика, қаржы, маркетинг, іскерлік қарым-қатынас, бизнесті басқару және менеджмент мамандықтары бойынша Қазақстан азаматтарына100 % жеңілдік ұсынады.
1. Bachelor of Business Administration
2. Bachelor of Economics
3. Bachelor of Business communication
4. Master of Global Business
5. Global MBA
100% жеңілдік тек қана білім алу төлем ақысын қамтиды.Қосымша тұрғын үй, көлік, тамақтану, сақтандыру және виза төлем ақылары ұсынылып отырылған жеңілдік есебіне енбейді.Аталған шығындарды талапкер өзі төлеуі тиіс.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- Ағылшын тілін меңгеру куәлігі (IELTS 6.5);
- Кәмелеттік жасқа толған азаматтар;
- Орта білім дипломы (аттестат);
- «Магистр» дәрежесіне түсетіен үміткерлер«бакалавр» дәрежесінің дипломын ұсынуы қажет;
- SAT емтихан көрсеткіші кем дегенде 125 ұпайды құрауы тиіс;
- Орта білімі бойынша аталған 9/10/11/12 сыныптарының табельдік көрсеткіштері;
Онлайн өтінімді толтыру үшін, https://www.spjain.org/apply-nowсілтемесі арқылы өтіңіз (суретте онлайн-өтініш беру нұсқаулары көрсетілген)
Соңғы 3 жыл ішіндегі мақтау қағаздар, сертификаттар жәнежетістіктер туралы ақпаратты қысқаша түйіндемеде (CV) нұсқау керек.
Бизнес-мектепке түсу туралы өтінімді толтырған кезде, студенттер Diversity Scholarship деп аталын жеңілдіктерін алуға өтініш білдіргенін көрсетуі керек.Сонымен қатар эсседе неге қаржылық көмек қажет екенін түсіндіруіңізді сұраймыз.
Оқу жылы күзгі немесе көктемгі семестрден басталады.
2019 жылдың қыркүек айындабасталатын оқу жылына түсу үшін өтінім берудің соңғы мерзімі: 2019 жылғы 15 маусым айына дейін.
Байланыс телефоны:+7 (7172) 769088
«Жетімдердің маңдайынан сипадық»
Алдымызда келе жатқан «Балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында «Халықаралық бағдарламалар олрталығы» қызметкерлері «Балаларға қуаныш сыйла»қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
«Нұр –Сұлтан қаласы әкімшілігінің балалар үйі» МКК қарасты 48 тәрбиеленушілеріне арнайы «Алладин» фильмін тамашалатты. Ал, кино аяқталған соң балалар үшін шағын дастархан жайылып, бүлдіршіндер таңдаған балмұздақтарын алып мәре-сәре болды.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» ұйымдастырып отырған «Балаларға қуаныш сыйла» атты акция үшін алғысымды білдіргім келеді. Балалардың жүзіне күлкі ұялап, көңілдері марқайып, бір қуанып қалды. Осындай шаралар барысында бүлдіршіндердің қабілеттері жан-жақты ашыла түседі. Олар өздерінің жүздеріндегі күлкіні мейірім етіп айналасына шашады. Бұл әрине, біз үшін өте маңызды. Міне, осындай Орталықтан басқалар да үлгі алып, балалар үшін қуаныш әкелетін акциялар ұйымдастырса ғой,— дегім келеді». «Нұр –Сұлтан қаласы әкімшілігінің балалар үйі» МКК директоры Маржан Нұрханова
Ыстамбұл қаласындағы Гулишим Университетінде тегін оқу!
Университет тілдік дайындық курстарымен бірге түрік және ағылшын тілдерінде тегін
оқу ұсынады.
İstanbul Gelişim University — 2011 жылы академиялық қызметті бастаған
Ыстамбулдағы жеке коммерциялық емес университет.
Қазіргі таңда Университетте 23 000 студент барлық бағдарламалар бойынша
оқуын жалғастыруда. Оқу бағдарламалары ағылшын және түрік тілдерінде
оқытылады. Шет тілін жеткілікті білмеген үміткерлерге тілдік дайындық курстары
ұсынылады.
Ұсынылатын факультеттер жайлы келесі сілтеме арқылы толық ақпаратты ала аласыз.
Университет туралы толық ақпаратты сілтемеден көре аласыз. https://gelisim.edu.tr/
https://gelisim.edu.tr/icerik/tanitim-filmi
Қажетті құжаттар:
1) Паспорт
2) Аттестат/Диплом ағылшын тіліне аударылған (немесе мектептен анықтама
алуы қажет)
3) Транскрипт ағылшын тіліне аударылған (10–11 сыныптың табельдері)
4) Сертификаттар (бар болған жағдайда)
Құжаттарды тапсыру үшін келесі сілтеме арқылы онлайн өтінімді толтыруыңыз қажет.
Құжат тапсыру 2019 жылдың 10 тамыз айына дейін жалғасады.
Сұрақтарыңыз бойынша келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласыңыз
+7 7172 24 93 71
+7 776 176 43 09
Yeni Yuzyil университетінде тегін оқу!
Университет Ыстамбұл қаласында ағылшын және түрік тілдерінде оқу
бағдарламаларын ұсынады. Yeni Yüzyıl университеті 2009 жылдың 19 ақпанында -
Vatan Eve (VASEV) денсаулық және білім беру қорымен құрылған жеке университет.
Университет бакалавриат бағдарламасы бойынша тегін оқу орнын ұсынады, түрік тілін
білмейтін үміткерлерге тілдік дайындық курстарымен қамтамасыз етіледі.
Толық университет туралы ақпаратты келесі сілтеме арқылы көре аласыз
Университет келесі мамандықтарды ұсынады:
● Түрік тілінде:
1. Молекулалық биология және генетика
2. Биомедициналық инженерия
3. Интерьер дизайны және қоршаған ортаны жобалау
4. Денсаулық және қауіпсіздік
5. Графикалық дизайн
6. Көрнекі байланыс дизайны
7. Электротехника және электроника
● Ағылшын тілінде:
1. Ағылшын тілі және әдебиеті
2. Ауызша және жазбаша аударма (ағылшан тілі)
3. Тамақтану және диетология
Қажетті құжаттар:
● Паспорт
● Аттестат/Диплом нотариалды куәландырылған түрік тіліне аудармасы
● Транскрипт нотариалды куәландырылған түрік тіліне аудармасы
● Шет тілін білетінін куәландыратын сертификат (ағылшын/түрік тілін кем дегенде
B2 деңгейін білетіні жайлы)
● Басқа да сертификаттар бар болған жағдайда (YOS, ACT, SAT және т.б.)
Құжаттарды тапсыру үшін келесі сілтемедегі онлайн өтінімді толтыруы қажет.
Сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі байланыс номері арқылы
хабарласыңыз:
+77172 24 93 71
+7776 176 43 09