«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ИСПАНИЯДА ТЕГІН FOUNDATION (испан тілінің курстары) (Валенсия қаласы)

00s

Foundation оқы да, бакалавриат не магистратураға Испан университеттерінің біріне тегін немесе қолжетімді бағада оқуға түс!

·         ТЕГІН ОҚУ – Испания университеттері Қазақстан азаматтарына гранттар ұсынады! (UCLM, JAEN, CEU, PUMжәне басқалар)

·         ҚОЛЖЕТІМДІ ОҚУ – Испанияның мемлекеттік универсиеттерінің көбінде оқу ақысы жылына 700–1500 евро (300 000 тенгеден бастап).

Тегін немесе қолжетімді оқу үшін сіз испан тілін үйренуіңіз керек! Неліктен?

1) испан тілінде университеттерде мамандықтар тізімі шексіз

2) испан университтеріне түсетін ағылшын тілінде оқитын студенттер алдында артықшылық

3) испан тілі — екінші дүниежүзілік тіл және т.б.

Испанияның ең әдемі және күн шуақты қаласы – Валенсияда тек Қазақстан азаматтары үшін университетке түсуге арналған тегін 9 айлық FOUNDATION!

Бұл 9 айлық испан курсы, оның мақсаты — студенттерге бакалавриат және магистратура бойынша университетке түсуге дайындау.

9 айлық курс — тегін

Тұру және тамақтану айына 250–300 еуро

Қажетті құжаттар:

1)      Паспорт көшірмесі

2)      Бакалавр бағдарламасына АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ соңғы 3 тоқсан транскрипті (табель)

Магистратура бағдарламасына соңғы екі семестр транскрипті

3)      АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ Мотивациялық хат (1 бет 12 шрифт)

Тақырыбы: Неліктен испан тілін үйреніп, Испанияда білім алғыңыз келеді? (МІНДЕТТІ ТҮРДЕ таңдаған университетті және мамандығыңызды көрсетіңіз)

4)      INTERMEDIATE деңгейінде ағылшын тілін білу сертификаты

Бар болған жағдайда испан тілін білу сертификаты 

!!!! Барлық құжаттардың көшірмесін Аты жөніңіз жазылған атаумен 1 PDF құжатында келесі поштаға жіберіңіз: europe_dep@cip.bolashak.gov.kz

Хат тақырыбы «FOUNDATIONVALENCIA» 

ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ: 10 маусым сағат Қазақстан уақытымен 23:59 дейін

Нәтиже: 20 маусым 2019

Оқу басталуы: 5 тамыз 2019

Ақылы курстар бағасы айына 320 евродан басталады.

Барлық ақпарат мына тел 87172769056 немесе 87472692263 (whatsapp)

Рига техникалық университетінде тегін білім алу гранттары

16-riga

Рига техникалық университеті (РТУ) – Балтық елдеріндегі жетекші техникалық университет, 1862 жылы құрылған және Латвияның астанасы – Риганың қақ ортасында орналасқан.

РТУ-да 15000 студент, оның ішінде 75 елден келген 2000 шетелдік студенттер білім алады.

РТУ бакалавр, магистр, докторантура бойынша экономика, бизнес, механика, информатика, телекоммуникация, энергетика, көлік (авиация, теміржол), құрылыс, химия, медицина, қолданбалы лингвистика және т.б. сияқты барлық бағыттарда инженерлік және бизнес бағдарламаларын ұсынады.

РТУ күндізгі оқу бағдарламаларымен (бакалавриат, магистратура және PhD докторантура) қатар, біліктілікті арттыру бағдарламалары, қысқа курстар, оқыту, тәжірибе алмасу бағдарламалары және жазғы мектептерді ұсынады.

ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕРІНЕ 20 ГРАНТ

РТУ төмендегі бағыттар бойынша (оқу бағдарламалары) 20 (жиырма) магистрантқа бірінші оқу жылында ТЕГІН ОҚУДЫ ⃰ ⃰ ⃰ ұсынады:

  • Теміржол көлігі — Railway Transport
  • Компьютерлік жүйелер — Computer Systems
  • Телекоммуникация — Telecommunications
  • Авиациялық көлік — Aviation Transport
  • Инженерлік технологиялар, механика және машина жасау — Engineering Technologies, Mechanics and Mechanical Engineering

 ⃰ ⃰ ⃰ Екінші оқу жылын студент өзі төлейді, БІРАҚ студент басқа студенттермен бірге екінші оқу жылында да тегін оқуға Латвия стипендиясына немесе Эрасмус + (басқа Еуропа елдерінде тегін оқуға) стипендиясына үміткер бола алады.

Құжаттарды тапсыру тәртібі:

Құжаттар тізімі:

  • Мотивациялық (уәждемелік) хат
  • түйіндеме
  • бағалары көрсетілген бакалавр дипломы
  • ағылшын тілін білетіндігін растайтын құжат (IELTS 6+, TOEFL IBT 79+, TOEFL PBT 550+).

Құжаттарды тапсыру мерзімі — 1 тамыз.

Қош келдіңіз!

Латвия басқа діндер мен мәдениеттерге қатысты қауіпсіз ел болып табылады. РТУ әлемнің әр жерінен студенттерді құшақ жая қарсы алады. Біз Сізге әрдайым қолдау көрсетіп, көмекке келеміз!

Kipsalas vizualiz

RTU 4

Kyungpook National University қазақстандық студенттерге гранттарды береді

20. Подписание соглашения на сайт

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшылығы және KyungpookNationalUniversity (Оңтүстік Корея) жоғары білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Осы келісім бойынша университет жыл сайын бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша гранттарды беруге дайын. Грант тегін оқуды, жатақхана және тамақтануды қамтиды. Биылғы жылдың соңына қарай қазақстандық студенттер 2020 оқу жылына өтініш бере алады.

Оңтүстік медициналық университеттің стипендиясы

29. крутой кампусАталған грант туралы ақпарат сілтеме бойынша орналастырылған.

Мамандықтардың тізімін сілтеме арқылы  көруге болады.

Стипендияның көлемі:
Докторантура — 30 000 юань,

Магистратура — 20 000 юань,

Бакалавриат — 10 000 юань

*Барлық шәкіртақылар жылына бір рет беріледі.

Оңтүстік медицина университеті стипендиясының үміткерлеріне қойылған талаптары:

Үміткерлер Қазақстан Республикасының азаматтары болулары тиіс;

Білім деңгейі және жас мөлшеріне қойылатын шектеулер:


1) Бакалавриатқа үміткерлердің орта білімі туралы аттестаты және жас мөлшері 30 жасқа дейін болуы тиіс;
2) Магистратураға үміткерлердің бакалавр дәрежесі және жас мөлшері 35 жасқа дейін болуы тиіс;
3) Докторантураға үміткерлердің магистр дәрежесі және жас мөлшері 40 жасқа дейін болуы тиіс;
4) Үміткерлер Қытай үкіметінің басқа стипендия иегерлері бола алмайды;

5) Магистратура мен докторантураға үміткерлердің дипломның орташа балы 3.0-ден жоғары болуы тиіс. Бакалавр дәрежесіне үміткерлердің орташа балл саны 75 балл болу қажет.

Өтінім берудің соңғы мерзімі:

1.   Құжаттардың сканды көшірмелерін келесі электрондық поштаға жіберулеріңіз тиіс: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

2.   Толық құжаттардың пакетін келесі мекен-жайға пошта арқылы 2019 жылдың 15-ші шілдесіне 15.07.2019 жылға дейін жіберу қажет:

Student Affairs Office of School of International Education

Address: No. 1023 Shatainan Road, Guangzhou, Guangdong, China      

Postcode: 510515

*Барлық құжаттарды 2 данада жіберу қажет.

Қажетті құжаттар:

1.     Өтініш (үлгі бойынша);

2.     Паспорттың бірінші бетімен, ҚХР визаның скан көшірмесі;

3.     Білім туралы құжат қосымшасымен (транскрипт): мектептің немесе университеттің соңғы жылында оқып жатқан үміткер оқу орнынан анықтама алуы қажет. Қытай немесе ағылшын тілдерінен басқа тілдердегі құжаттар қытай немесе ағылшын тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармалары болуы керек;

4.     Қытай тілі бойынша:

Бакалавриат HSK сертификаты кем дегенде 4-ші деңгейде,

Магистратура мен докторантура HSK сертификаты кем дегенде 5-ші деңгейде, болуы керек,

Ағылшын тілі бойынша IELTS сертификаты 6.0 немесе TOEFL 68 болу қажет;

5.     Ұсыным хаттары. Магистратура немесе докторантураға тапсыратын үміткерлер профессорлардан немесе доценттерден қытай немесе ағылшын тілінде екі ұсыным хатын тапсыру тиіс. Бакалаврға тапсыратын үміткерлерге мектеп директорынан және мұғалімінен қытай немесе ағылшын тілінде екі ұсыным хатын тапсыру тиіс;

6.     Сертификаттардың және мақтау қағаздырының скан көшірмесі;

7.     Фотосурет (3.5×4.5);

8.     Медициналық анықтама үлгі бойынша (көшірме);

9.     Кандидаттың өтініші (кандидат бұл грантты алмаған жағдайда өз есебінен оқуы туралы жазу керек).

Оңтүстік медициналық университеттің Гуандун провинцияның стипендиясы

Аталған грант туралы ақпарат сілтеме бойынша орналастырылған.

Мамандықтардың тізімін сілтеме арқылы  көруге болады.

Стипендияның көлемі:
Докторантура — 30 000 юань,

Магистратура — 20 000 юань,

Бакалавриат — 10 000 юань

*Барлық шәкіртақылар жылына бір рет беріледі.

Гуандун провинцияныңстипендиясының үміткерлерге қойған  талаптары:

Үміткерлер Қазақстан Республикасының азаматтары болулары тиіс;

Білім деңгейі және жас мөлшеріне қойылатын шектеулер:                


1) Бакалавриатқа үміткерлердің орта білімі туралы аттестаты және жас мөлшері 30 жасқа дейін болуы тиіс;
2) Магистратураға үміткерлердің бакалавр дәрежесі және жас мөлшері 30 жасқа дейін болуы тиіс;
3) Докторантураға үміткерлердің магистр дәрежесі және жас мөлшері 40 жасқа дейін болуы тиіс;
4) Үміткерлер Қытай үкіметінің басқа стипендия иегерлері бола алмайды;

5)Магистратура мен докторантураға үміткерлердің дипломның орташа балы 3.0-ден жоғары болуы тиіс. Бакалавр дәрежесіне үміткерлердің орташа балл саны 80 балл болу қажет.

Өтінім берудің соңғы мерзімімен тапсыру жолы:

1.   Құжаттардың сканды көшірмелерін келесі элеткрондық поштаға жіберулеріңіз тиіс: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

2.   Толық құжаттардың пакетін келесі мекен-жайға пошта арқылы 2019 жылдың 30-ші сәуіріне дейін жіберу қажет:

Student Affairs Office of School of International Education

Address: No. 1023 Shatainan Road, Guangzhou, Guangdong, China      

Postcode: 510515

*Барлық құжаттарды  2 данада жіберу қажет.

Қажетті құжаттар:

1.     Өтініш (үлгі бойынша);

2.     Паспорттың бірінші бетімен, ҚХР визаның скан көшірмесі;

3.     Білім туралы құжат қосымшасымен (транскрипт): мектептің немесе университеттің соңғы жылында оқып жатқан үміткер оқу орнынан анықтама алуы қажет. Қытай немесе ағылшын тілдерінен басқа тілдердегі құжаттар қытай немесе ағылшын тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармалары болуы керек;

4.     Қытай тілі бойынша:

Бакалавриат HSK сертификаты кем дегенде 4-ші деңгейде,

Магистратура мен докторантура HSK сертификаты кем дегенде 5-ші деңгейде,  болуы керек,

Ағылшын тілі бойынша IELTS сертификаты 6.0 немесе TOEFL 68 болу қажет;

5.     Ұсыным хаттары. Магистратура немесе докторантураға тапсыратын үміткерлер профессорлардан немесе доценттерден қытай немесе ағылшын тілінде екі ұсыным хатын тапсыру тиіс. Бакалаврға тапсыратын үміткерлерге мектеп директорынан және мұғалімінен қытай немесе ағылшын тілінде екі ұсыным хатын тапсыру тиіс;

6.     Сертификаттардың және мақтау қағаздырының скан көшірмесі;

7.     Фотосурет (3.5×4.5);

8.     Медициналық анықтама үлгі бойынша (көшірме);

Кандидаттың өтініші (кандидат бұл грантты алмаған жағдайда өз есебінен оқуы туралы жазу керек).

Байланыс телефондары:

8(7172) 76 90 88

8(7172) 76 90 71

8(776) 176 43 58

8(747) 269 22 61

Өзбекстанда қазақстандық жоғары оқу орындарының білім көрмесі өтіп жатыр

Узбеки

Шамамен 50 қазақстандық жоғары оқу орны Өзбекстанда болып жатқан білім көрмесіне қатысуда. Университет өкілдері әлеуетті студенттермен және олардың ата-аналарымен кездесуде.

УЗ2

Қазіргі таңда Қазақстанда Өзбекстанның 10 мыңға жуық азаматы жоғары білім алып жатыр. Білім көрмелері Ташкент қаласында өтіп кетті. Сондай-ақ олар Самарқанд, Қаршы, Бұқара және Нүкіс қалаларында өтетін болады. Көрмеге шамамен 25 мың адам қатысады.

Узбекистан

Германияда оқу үшін «COPERNICUS» семестрлік шәкіртақы бағдарламасы

berlin-not-germany-4

COPERNICUSстипендиясы студенттерге Германияда ұмытылмас уақыт өткізуге мүмкіндік береді! Бағдарлама тек тіл мен мәдениетті ғана емес, өзінің жеке қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

COPERNICUSШығыс және Орталық Еуропа, Орталық Азия елдерінің студенттеріне Берлин және Гамбург қалаларында семестрлік оқудан өту үшін 6–10 стипендияны ұсынады. Қаржыландыру кезеңі шамамен алты айды құрайды,оның нақты басталуы мен аяқталуы жоғары оқу орындарының дәрістік кезеңдеріне байланысты.

Соңғы екі-үш ай ішінде стипендиаттар тағылымдаманы өтеді.Тағылымдаманы өтушілер, әдетте, халықаралық компанияларда, заң фирмаларында, мемлекеттік органдарда немесе ұйымдарда жұмыс істейді.

COPERNICUS гранты тұру, тамақтану, медициналық сақтандыру, оқыту және қоғамдық көлік шығындарын қамтиды. Бұдан басқа визалық мен көлік шығындары бағдарламен төлінеді.

Талаптар:

КІМ ӨТІНІМ БЕРЕ АЛАДЫ?

1. Келесі мамандықтар студенттері:

- Құқықтану;

- Саясаттану / Халықаралық қатынастар;

- Экономикалық ғылымдар;

- Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар;

- Жаратылыстану ғылымдары;

Берлин Гумбольдт университеті мен Гамбург университеті беттерінде оқу пәндерінің нақты тізімі бар.

2. Қазақстанда кем дегенде 1 семестр оқыған студенттер (бакалавриат және магистратура бағдарламалары);

3. Аспиранттар / PhD докторанттары өтінім бере алмайды;

4. B2 — C1 деңгейінде неміс тілін меңгерген студенттер;

5. Волонтерлік жұмыспен айналысатын студенттер;

6. Студенттен күту:

- Германияда оқуға негізделген қызығушылық.

- қонақ отбасында өмірді қабылдау мүмкіндігі ретінде.

- оқуды аяқтағаннан кейін COPERNICUS бағдарламасымен ынтымақтасуға дайын болу.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 1 қыркүйек (жазғы семестрде оқуды бастау үшін) және 1 наурыз (қысқы семестрде оқуды бастау үшін).

Қажетті құжаттар:

- Толтырылған формуляр - DATENBLATT ZUM AUSFÜLLEN (жүктеу мұнда);

- Мотивациялық;

- Резюме;

- Елдің әлеуметтік және саяси өміріндегі еріктілік және т. б.;

- Бірге тұратын отбасына хат;

- Аттестаттың көшірмесі;

- Оқу өтетін ЖОО — дан бағалардың транскрипті;

– В2-С1 деңгейіндегі неміс тілінің сертификаты;

- Фото.

Құжаттарды Email арқылы жіберуге болады stip-bewerbung@copernicus-stipendium.de немесе пошта арқылы:

Copernicus Hamburg e.V.

Mittelweg 11-12

20148 Hamburg.

Қосымшаақпараттыhttps://www.copernicus-stipendium.de/ сайтынаналуғаболады.

Жапония Білім министрлігінің (МЕХТ) стипендиялық бағдарламалары

jp 1

Келесі бағдарламаларға құжат қабылдау жүргізілуде:

1.    Студент (бакалавриат)

2.    Техникалық колледждің студенті (техникалық колледж)

3.    Зерттеуші-тағылымгер (одан әрі магистратуранемесе докторантураға түсуге арналған)

Стипендия келесі шығындарды қамтиды:

-          Оқу ақысы

-          Айлық стипендия

-          Әуе-билеттер

Бағдарламалар мен оның талаптары туралы толық ақпарат:

1.    «Студент (Гакубусэй)» бағдарламасы

  Бағдарлама туралы толық ақпарат
(жапон тілінде −1)(ағылшын тілінде −2)
  
«Гакубусей» бағдарламасына арналған өтініш формасы - https://www.studyjapan.go.jp/jp/smap_stopj-applications_undergraduate.html
  
Емтихан өту орны-3 * басқа құжаттармен бірге тапсыру қажет

2.    «Техникалық колледждің студенті (Косэнсэй)» бағдарламасы

  Бағдарлама туралы толық ақпарат (жапон тілінде — 4)(ағылшын тілінде −5)
  
«Косэнсэй» бағдарламасына арналған өтініш формасы - https://www.studyjapan.go.jp/jp/smap_stopj-applications_undergraduate.html
    
Емтихан өту орны-3 * басқа құжаттармен бірге тапсыру қажет

3.    «Зерттеуші-тағылымгер (Кэнкюсэй)» бағдарламасы

  Бағдарлама туралы толық ақпарат (жапон тілніде-6)(ағылшын тілінде-7)
  
«Кэнкюсэй» бағдарламасына арналған өтініш формасы - https://www.studyjapan.go.jp/jp/smap_stopj-applications_research.html
  
Емтихан өту орны-3 * басқа құжаттармен бірге тапсыру қажет

Құжаттарды тапсыру нұсқаулықтары:

Қабылдаудың соңғы мерзімі – 2019ж. 19 маусымы, 17:00.

Құжаттар пошта арқылы немесе қолма-қол тапсыру арқылы қабылданады. Қабылдау мекен-жайы: ҚР-дағы Жапония Елшілігі, Нұр-Сұлтан қ., Космонавтов көш. 62, 5-қабат.

Пошта арқылы тапсырған жағдайда конверттің сыртына бағдарламаның атын жазыңыз.

Жапония Елшілігінің байланыс нөмірі: +7 (7172) 97-78-40 (ішкі 38); This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design