«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«Жол жүру гранттары» жобасы – сіздің сәттілікке жол ашар билетіңіз

Болашак чарити2

«Болашақ» корпоративтік қоры 2020 жылы «Жол жүру гранттары» жобасына өтініштер қабылдау туралы хабарлайды. Бірегей әлеуметтік жоба 2014 жылдан бастап жылда өткізілетін Қысқы қайырымдылық балында жиналған қаражатқа жүзеге асырылады. Өтініштер ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін қабылданады.

Жоба 6 жыл жүзеге асырылып келеді. Осы жылдар барысында қормен 80 грант тағайындалған. 2014 жылдан бастап 100-ден астам өтінім түсті.

«Болашақ» қорының жол жүру гранттарының иегерлері әлемнің 20 елінде өткізілген 30-ға жуық байқаулар мен жарыстардан бір гран-при, екі алтын, төрт күміс және он қола медаль жеңіп алды.

Жобаның мақсаты – дарынды жастарды, оның ішінде Қазақстанда және шетелде өткізілетін шығармашылық конкурстарға, зияткерлік және спорттық жарыстарға қатысуға жеткілікті қаражаты жоқ жастарды анықтау және ілгерілету.

Жол жүру гранты қатысушының іс-шараны өткізу орнына және кері қайтар жолдың көлік шығындарын өтейді. Кез келген адам, соның ішінде мектеп оқушылары, балалар үйі мен интернат мекемелерінің түлектері, студенттер, жас мамандар және т.б. грант алуға үміткер бола алады.

Біздің грант иеленушілеріміз – өз арманын қуған күш-жігері мықты, қайратты, батыл, сонымен бірге олар алдына биік мақсат, үлкен талап қоятын және міндетті түрде оларға қол жеткізетін адамдар екеніне өте қуаныштымыз!

Ермек Қалымбетов, Ресейде өткізілген коляскадағы биден Әлем Кубогы – Континенттер Кубогында қола медаль иегері:

- Мен «Болашақ» КҚ сапарға демеушілік көрсеткендері үшін, қаржылық қолдау көрсеткендері үшін, армандарды жүзеге асыруға және біздің елімізді әлемдік аренада лайықты танытуға мүмкіндік бергендері үшін алғысымды білдіремін!

Лаура Табажанова, Англияда өткізілген донорлық органдарды трансплантациялаудан өткен адамдар мен диализдегі пациенттер арасындағы Дүниежүзілік ойындарда қола медаль иегері:

- Мен барлық банктерді жүгіріп өттім — маған несие берген жоқ. Анам несиеге 500 мың теңге алды. Мен достарымнан тағы 300 мың алдым. Билеттерді броньдап жатқан уақытта, «Болашақ» корпоративтік қорынан жауап келеді… Қор маған жол жүру грантын тағайындап, билетақысын төледі! 300 мыңды достарыма бірден қайтардым.

Жоба ережелерімен қордың веб-сайтында www.bolashakcharity.kz Жобалар айдарында танысуға болады.Өтінімдер This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды пошта арқылы немесе Нұр-Сұлтан қ., Қонаев к. 12/1, 411-офис мекен-жайы бойынша қабылданады. Байланыс телефоны: 8 7172 500 618.

Анықтама: 

Жол жүру грантының иегерлері қатысқан жарыстар: есту қабілеті нашар спортшылар арасындағы үстел теннисі және мини-футбол бойынша әлем чемпионаттары (Түркия (күміс) және Қырғызстан (қола), соқыр және көздері нашар көретін ҚР азаматтарының қатысуымен Астанадан Парижге Blind race 2018 веломарафоны, коляскадағы биден «Парачир» чемпионаты (АҚШ (Гран-при), джиу-джитсу бойынша әлем чемпионаты (БАӘ (күміс және қола медальдар), «Украина дауысы 2016» тележобасы және т.б.

Украина ЖОО-да оқуға 18 үміткер ұсынылды

photo 2020-02-11 16-52-56

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Украинаның Білім және ғылым министрлігінің арасындағы 2010 жылғы 10 қыркүйектегі Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде 2020–2021 оқу жылынаУкраина үкіметі Қазақстан азаматтары үшін 40 білім грантын бөлді.

Білім беру мекемелері және мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын Конкурстық комиссия отырысының  нәтижесі бойынша 18 адам оқуға түсуге ұсынылды. Оқу грантын тағайындау туралы соңғы шешімді Украина тарабы қабылдайды.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Украинаның мемлекеттік бюджеті қаражатының есебінен оқуға ұсынылған үміткерлер 2020 жылғы 25 тамыз және 1 қыркүйек аралығында Украинаның жоғары оқу орындарына келіп, келесі құжаттарды тиісті бөлімге/қабылдау комиссиясына қағаз түрінде тапсырады:  

а)  оқуға түсуге негіз болатын, бұрын алған білімі (білімі және біліктілігі) туралы құжат (түпнұсқасы мен оның көшірмесі);

б)  оқуға түсуге негіз болатын, бұрын алған білімі (білімі және біліктілігі) туралы құжатқа қосымша (түпнұсқасы мен оның көшірмесі);

в)паспорттың көшірмесі;

г)  медициналық сақтандыру полисі;

д)  3×4 см өлшемінде 4 фотосурет.

а), б), в) тармақтарында аталған құжаттар украин тіліне аударылып, нотариалды куәландырылуы тиіс.

а), б) тармақтарында аталған құжаттар оларды берген мемлекеттің заңнамасына сәйкес ресми куәландырылып,  Қазақстан Республикасындағы Украина Елшілігімен заңдастырылуы тиіс.

Сонымен қатар, үміткерлер амбулаторлықжәне стационарлық медициналық қызмет көрсетуді көздейтін медициналық сақтандыруды алуы қажет.

Ұсынылған үміткерлер тізімін мына жерден көре аласыз.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Несколько проектов по запуску 3D симуляторов в обучении разработал выпускник программы «Болашақ» Сапаргали Карауылбаев

сапаргали

Завкафедрой прикладной информатики и программирования Таразского государственного университета имени М. Х. Дулати (ТарГУ) в 2011 году получил степень доктора философии PhD по педагогическим наукам в Российском университете дружбы народов, где обучался по стипендии «Болашақ».

После защиты диссертации Сапаргали Карауылбаев продолжил научно-педагогическую работу в ТарГУ и разработал несколько проектов по направлению 3D симуляторов в обучении: «Компьютерные учебно-деловые игры в образовании и учебные компьютерные симуляторы производственных процессов» и «Разработка и экспериментальное использование компьютерной психодиагностики и 3D симуляторов психокоррекции».

«Я думаю, что обучение молодежи в передовых университетах мира является драйвером экономики и образования нашей страны. И я, как выпускник Президентской стипендии «Болашақ», стремлюсь передать знания своим студентам, прививаю в них стремление к инновационному мышлению, к познанию новых технологий. Я горжусь, что все стипендиаты «Болашақ», как и я, завершив обучение, трудятся на благо нашей Родины»,— рассказывает обладатель стипендии.

Он выпустил учебное пособие на казахском языке «Программирование в Python», регулярно делится опытом исследований с коллегами, публикует научные статьи в журналах, выступает на конференциях и вебинарах.

По материалам журнала «Bolashaq»: https://ru.calameo.com/read/006104428d72119cb7d64

Болашақ түлегі жаңа лауазымдық қызметте

Жанат Жахметова

«Болашақ»  бағдарламасының түлегі Жанат Жахметова Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі болып тағайындалды.

Құттықтаймыз! Жаңа қызметіне сәттілік тілейміз!

Ізгі тілекпен,
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Латвия мемлекеттік стипендиялары

Латвия мемл стип

Латвия мемлекеттік стипендияларын алуға Азия, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінің 40-қа жуық азаматтары өтініш бере алады:

– оқу (10–11 ай) – бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша;

– зерттеу жүргізу (5 айға дейін) – ЖОО немесе ғылыми-зерттеу мекемелерінің ғылыми және ғылыми-зерттеу қызметкерлері;

– жазғы мектептерге қатысу – шетелдік ЖОО студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы.

Оқыту тілдері: латыш, ағылшын

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 1 ақпан – 1 сәуір 2020 жыл

Толық ақпарат: www.viaa.gov.lv/scholarships

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Өз ісінің маманы — Әсел Ушатова

Асел Ушатова

Әсел Ушатова – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру департаменті, Құжаттарды қабылдау басқармасының менеджері.

Біз «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерден құжаттар қабылдау мен конкурстық іріктеу өткізуді жүзеге асырамыз. Олар құжаттарын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ немесе «Электронды үкімет» порталы (egov.kz) арқылы тапсырады.

Сонымен қатар, біздің елмен жасалынған халықаралық келісімдер негізінде мемлекеттік қызметтерді де көрсетеміз. Департаментіміздің жұмысы асқан жауапкершілік пен тыңғылықты еңбекті талап етеді. Орталығымыздың мақсаты – бізге келген әрбір жанға көмектесу.

Әсел Ушатова Орталықтағы қызметіне дейін «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті» АҚ HR консалтинг департаментінде жұмыс жасаған. Ол Қазақ – түрік шет тілдер және іскерлік карьера университетінің (Алматы қ.) «Экономика» мамандығы бойынша түлегі.

«Мен университетте грантта оқыдым. Студенттермен алмасу бағдарламасы бойынша Түркияға магистратура оқуға кетпекші болғанмын. Алайда, отбасылық жағдайыма байланысты бара алмадым. Болашақта «Human resources»(HR) мамандығы бойынша магистратурада білім алуды жоспарлаудамын. Сондай-ақ, білімімді психология саласымен де толықтырғым келеді. Жұмыста адамдармен қарым-қатынас жасай отыра, оларға барынша пайдам тигенін қалаймын».

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ ИСЛАМ ҚАРЖЫ САЛАСЫНДА БІЛІМ МЕН БІЛІКТІЛІКТІ КҮШЕЙТІП ОРАЛЫП ЖАТҚАНДАР АЗ ЕМЕС

Куралай Елдесбай сайт

Құралай Елдесбай 2018 жылы «Болашақ»бағдарламасы арқылы Халықаралық қаржы орталықтары бағыты бойынша Ұлыбританияның TheCityUK ұйымында тағылымдамадан өткен.

Исламдық қаржы нарығына деген ел арасындағы қызығушылықтың анық бар екені талассыз, оны арнайы ұйымдастырлып жүрген конференция, семинарларға келушілердің легінен, ислам қаржы өнімдеріне деген сұраныстан көруге болады. Исламдық банк не қаржы ұйымдарының өнімдеріне деген сұраныс та аз емес.  Одан бөлек, осы сала бойынша білім алып, біліктілігін көтеруге ниеттілер қатары күн арта көбейіп келеді. Шариғи қаржы нарығына қызығушылықты АХҚО-ның маңындағы үздіксіз біліктілікті дамыту Бюросы аясында жүргізіліп жүрген ислам қаржы курстарына қатысушылар санынан қарап та болжамдауға болады. Бар-жоғы бір жарым жылда 100 жуық тыңдармандар курсқа қатысып, біршамасы экзамен тапсырып жатыр.

Құралай сарапшылардың болжамына сүйене отырып, ислам қаржы нарығы болашақта бірқатар мемлекеттерде әлі де қарқынды дамымақ және жаңа ел-мекендерде де көрініс табатын болатындығын айтады. Ал Қазақстан осы дамуға өзіндік үлесін қосуға дайын, оған арналған заңнамалық жұмыстар да жүргізілген. Исламдық қаржы нарығына ауадай қажет, қаржы нарығымен қатар Шариғатта да білімі бар Исламдық қаржы кеңесінің мүшелерін дайындау қажеттілігі де бар. Исламдық қаржысын жақсы білетін аудит, бухгалтерия, риск менеджер секілді мамандарды да табу қиындығын айта келе, аты аталған мәселелерді шешу жолында «Болашақ» бағдарламасының жасары көп деп білетіндігін жеткізеді.

«Болашақ» бағдарламасының түлектеріне жаңа белестер мен жетістіктер тілейміз.

«Bolashaq» журналының материалдары бойынша дайындалды: https://ru.calameo.com/read/006104428d72119cb7d64

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design