«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«Болашақ» бағдарламасы – тәуелсіздік дәуіріндегі қазақстандықтардың жаңа буынын қалыптастырудың тұрақты моделі

Орталық коммуникациялар қызметінде Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың негізгі кезеңдеріне арналған баспасөз-конференция болып өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Бибигуль Асылова, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Жанболат Мелдешов, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасының түлегі Айтмухамед Калмахановқатысты.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Бибигуль Асылова атап өткеніндей, «Болашақ» бағдарламасы – бұл адами капиталды дамыту саласындағы бәсекеге қабілетті білім беру жобасы және Қазақстанды әлемге танытушы жоба.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстанға кадрлар даярлаудың әлемдік жүйесіне табысты ықпалдасуға және қазақстандық экономикалық және әлеуметтік кеңістікке әлемдік технологиялар трансфертін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Осы 23 жылда стипендия дарынды қазақстандықтарды оқыту үшін барынша жағдай жасай отырып, тәуелсіз қазақстанның гүлденуіне база жасап келеді.

Бүгінгі күні Бағдарлама алдында «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру бойынша жаңа міндеттер тұр. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысында 70-қадамға сәйкес АҚШ пен Ұлыбританияға тағылымдамаға «Астана» халықаралық қаржы орталығының бір топ қызметкерлері жіберіліп, жақын уақытта 24-қадамға сәйкес Ұлыбританияға AIFC халықаралық төрелік орталығын құруға тартылған сот қызметкерлері мен судьялар жіберілетін болады»,— деді Бибигуль Асылова.

Бағдарлама түлектерінің 98%-ы жұмысқа орналастырылған, олардың ішінде: 56% мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге, 29% — жеке секторға, 12% — халықаралық ұйымдарға және тек 1%-ы ғана – ұлттық компанияға орналасқан. Жұмысқа орналастырылмаған 2%-ы оқуын аяқтап, шетелдік дипломының түпнұсқасын күтіп отырған түлектер.

«23 жыл бұрын Ұлт көшбасшысының бастамасымен құрылған «Болашақ» халықаралық стипендиясы білім саласындағы ең алғашқы жобалардың бірі бола отырып, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және нығайту ісінің қолданыстағы тетігіне айналды. Еліміздің халықаралық бет-бейнесінің қалыптасуына олардың да қосқан үлестері зор»,— деп, Бибигуль Асылова өз сөзін қорытындылады.

«2016 жылғы 5 қарашада 23 жыл толған «Болашақ» бағдарламасы – бұл тәуелсіз Қазақстанның маңызды инновациялық жобаларының бірі» — деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Жанболат Мелдешов.

23 жыл ішінде «Болашақ» стипендиясы шеңберінде ұлттық экономиканың түрлі салалары үшін 9 339 маман даярланды, олардың арасында 2 000-нан аса инженер, 2 000-ға жуық мектеп және жоғары оқу орындарының өкілдері, ел өңірлеріне арналған 600 дәрігер, 400 мемлекеттік қызметші, 200 шығармашылық саласының қызметкері және 2 000-нан аса ұлттық және жеке компания мамандары бар. Түлектердің 98%-ы жұмысқа орналастырылған.

2016 жылы шетелде жоғары білікті кадрлар даярлау бағдарламасы шеңберінде Республикалық комиссияның шешімімен 544 стипендия тағайындалды.

«Мемлекет басшысы қазақстандық ұлттың жоғары біліктілігінің мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы екендігін бірнеше рет атап өткен болатын. «Болашақ» бағдарламасы жиырма жылдан аса уақыттан бері заманауи жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім флагманы бола отырып, жоғары білімді ұлттың қалыптасуына өзінің айтарлықтай үлесін қосып келеді»,— деді ОРҚ баспасөз-конференциясында Жанболат Мелдешов.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Жұртшылықпен байланыс қызметі: +7 (7172) 24 93 99, 24 93 97 (www.bolashak.gov.kz)

 Foto k Novosti

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design