«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

«Серпін» жобасының іске асырылу барысы ҚР Білім және ғылым министрлігінің алқасында талқыланды

2016 жылғы 20 желтоқсанда ҚР Білім және ғылым министрлігінде тақырыбының бірі «Мәңгілік ел жастары — индустрияға!» — «Серпін» (әрі қарай – «Жоба») әлеуметтік жобасының іске асырылу барысы» туралы болған селекторлық режимде өткен алқа отырысы өтті.

.

лого серпин

Селекторлық мәжіліс қатысушылары — білім саласына жетекшілік ететін облыс әкімдерінің орынбасарлары, Астана және Алматы қалалары облыстық және аудандық білім басқармаларының басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары мен колледж директорлары.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ алқасында «Серпін» жобасының іс-әрекет кешендері туралы баяндалды.

Жобаның негізгі мақсаты — еңбек күші мол өңірлерден (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан) еңбек күші тапшы өңірлерге (Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе облыстарына) білім және еңбек ресурстарын біркелкі тарату.

Қазақстанда білім алатын жастарды әлеуметтік қолдау және оқыту мәселесі жөніндегі көші-қонды ұйымдастыру мақсатында Білім және ғылым министрлігі және облыстық әкімшіліктердің қолдауымен, Жобаның атқарған іс-шаралар кешені жайлы баяндама жасалды.

2014–2016 жылдар аралығында «Серпін» жобасы бойынша республикалық бюджет есебінен 12 462 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы, оның ішінде 9 212 орын жоғары оқу орындарына және 3 250 орын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына бөлінді. 2016 жылы 125 колледж түлектерінің 69 (55,2%) жұмыспен қамтасыз етілді. 2017 жылы 893 колледж студенттері оқуын аяқтаулары күтілуде.

Сонымен қатар, 2016 жылғы қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында жұмыс сапары шегінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкерлері «Серпін» жобасының студенттері білім алып жатқан Ақмола, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы оқу орындарының материалдық-техникалық базасымен және жатақханалардағы әлеуметтік-тұрмыс жағдайларымен танысып өткендері баяндалды.

Іс-сапар нәтижелері бойынша бірнеше мәселелер айқындалып, алқа мүшелері мен қатысушыларына оларды шешу жолдары ұсынылды.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design