«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Венгрия Үкіметінің 2017–2018 оқу жылына Қазақстан азаматтарына ұсынылған шәкіртақылары жөніндегі ақпарат

Венгриялық 2017–2018 оқу жылға арналған шәкіртақы бағдарламасы

2013 жылдың 19 қарашадағы  Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі және Венгрия Республикасы адам қоры министрлігі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім шеңберінде Венгрия Үкіметі Қазақстан азаматтарына 2017–2018 оқу жылына «Stipendium Hungaricum» шәкіртақы бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұсынып отыр.

vengriya

Венгриялық тарап Қазақстан азаматтарына 45-грантты келесі  бағдарламалармен  ұсынып отыр:

  • 20 грант бакалавриат бағдарламасы, оның ішінде 15 грант келесі салада, өнер және гуманитарлық ғылымдар, инженерлік, ауыл шаруашылық, ақпараттық технологиялар, туризм және музыка және 5 грант  Славяндық ғылымдар;
  • 20 грант магистратура бағдарламасы, ғылым, инженерлік, ауыл шаруашылық, ақпараттық технология,  туризм және музыка;
  • 5 грант докторантура бағдарламасы.

Аталмыш гранттар жөніндегі ақпарат www.stipendiumhungaricum.hu сілтемесінде көрсетілген.

  • Skype: stipendiumhungaricum
  • E-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
  • Байланыс телефон нөмері: +36-1-236-5040

2017 жылдың 3 наурызға дейін құжат қабылдау мерзімі.

2017 жылдың қаңтар айының екінші жартысында онлайн тіркелу қол жетімді болады.

Алдымен венгриялық шәкіртақы бағдарламасына үміткерлер міндетті түрде онлайн тіркелуді осы сілтеме бойынша өтеді:  http://www.tka.hu/international-programmes/2966/stipendium-hungaricum/

Үміткерлер онлайн анкетаны толтыру барысында қажетті құжаттардың сканерленген нұсқасын осы сілтеме бойынша бекітуді есепке алуыңызды сұраймыз:

Үміткерлер келесі құжаттарды жинақтауы қажет:

  1. шетелде оқу үшін ерікті түрде жазылған негіздеме-өтініш (орыс және қазақ тілінде);
  2. осы күнгі шәкіртақы бағдарламасының аппликациялық формасы (толық толтырылған, шығарылған және өтініш беріушімен қол қойылған);
  3. жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі) (сәйкестендіру үшін түпнұсқалары болмаған жағдайда нотариалды куәландырылған нұсқаларын ұсыну қажет);
  4. паспорттың көшірмесі (тиісті беттер паспорт нөмерімен, аты, суреті және аяқталу мерзімі анық көрінуі қажет) (сәйкестендіру үшін түпнұсқалары болмаған жағдайда нотариалды куәландырылған нұсқаларын ұсыну қажет);
  5. Europass format (link is external) форматындағы түйіндеме;
  6. Ағылшын немесе венгер тіліндегі уәждемелік хаты;
  7. Шетелге оқуға шығатын Қазақстан Республикасы азаматының қосымшадағы форма бойынша толтырылған сауалнамасы;
  8. Шетел тілін білу деңгейін (TOEFL IBT балл 90/ PBT балл 550 немесе IELTS 5.0.) растайтын сертификат, бар болған жағдайда (Венгрия университеттері талаптары бойынша толық ақпаратты қосымшада табуыңызға болады);
  9. Қосымшадағы үлгі бойынша 082/у формадағы медициналық анықтама;
  10. Мадақтама қағаздарының, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері, бар болған жағдайда;

  11. Ұсыныс хаттар, бар болған жағдайда; 
  12. Мемлекеттік үлгідегі білім алу жөніндегі құжаттардың көшірмелері (сәйкестендіру үшін түпнұсқалары болмаған жағдайда нотариалды куәландырылған нұсқаларын ұсыну қажет).

Білімі жөніндегі құжаттар:

  1. Транскрипт (бакалавриат немесе магистратура бағдарламасына өз бетімен түскендер немесе шетелде жоғары оқу орындарында оқып жатқандар).
  2. Орта мектепті бітіргендігін растайтын куәліктің көшірмесі (түпнұсқасы және ағылшын тілінде нотариалды куәландырылған көшірмесі). Орта мектепті тәмамдағаны жөніндегі құжаттың болмағаны жағдайда 9-сыныпты бітіргендігі жөніндегі құжаттардың және сонымен қатар 10 және 11 сыныптарының табельдерінің нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсыну қажет. 
  3. Ресми транскриптер, бітірген кез келген жоғары оқу орындарының дипломдары (түпнұсқалары және ағылшын тілінде нотариалдық куәландырылған көшірмелері). 
  4. Бакалавр дипломының көшірмесі (магистратура бағдарламаларына үміткерлер) — түпнұсқасы және ағылшын тілінде нотариалды куәландырылған көшірмесі. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі жөніндегі құжаттары болмаған жағдайда нотариалды куәландырылған соңғы курстың транскриптін ұсынуы қажет; 
  5. Білімі жөніндегі құжаттың орташа балы:
    Бакалавр бағдарламасына үміткерлер- орта білім жөніндегі аттестат балының сәйкестігі 4,5-тен кем емес (5,0 балдан); магистратура, философия докторы (PhD), профиль бойынша докторантура және резидентура бағдарламаларына үміткерлер – бакалавр дипломының орташа балының сәйкестігі 3,0-ден кем емес (4,33-тен 4,0); ағымдағы үлгерімдерінің анықтамаларын ұсынып жатқан үміткерлер – ағымдағы үлгерімнің орташа балы жоғарыда көрсетілген балдарға сәйкес болуы қажет.

Өнер және музыка саласындағы үміткерлер жоғарыда көрсетілген құжаттарға қосымша келесі құжаттарды жинақтауы тиіс:

  • Суретшілер, графистер және мүсіншілер: үш (3) шығармаларының/эскиздерінің фотосуреттері;
  • Музыкантшылар (дирижерлар, композиторлар): жоғары сападағы әртүрлі музыка стиліндегі жазбалар (дирижерлар DVD нұсқасын ұсына алады, композиторлар 3 түпнұсқа жазбаларын ұсынуы тиіс).

PhD бағдарламасының үміткерлері жоғарыда көрсетілген құжаттарға қосымша келесі құжаттарды жинақтауы тиіс:

  • егжей-тегжейлі зерттеу жоспары (кемінде 2 бет);
  • магистратура бағдарламасын бітіргендігін растайтын дипломның көшірмесі (түпнұсқа және ағылшын тіліндегі нотариалды куәландырылған көшірмесі);
  • ғылыми жарияланымдарының немесе оқу-әдістемелік/ғылыми зерттемелерінің тізімі, бар болған жағдайда;
  • таңдаған зерттеу тақырыбы бойынша эссе (мемлекеттік немесе ағылшын тілінде);
  • академиялық беделі бар тұлғалардың ағылшын немесе венгер тілінде 2 ұсыныс хаты.

Құжаттар құжат тігілетін мұқабаға тігілуі тиіс. Мұқаба бетінде міндетті түрде аты-жөні, мекен-жайы, телефон нөмерлері, оқу елі, мамандығы көрсетілуі тиіс.

Құжаттар файлдық мұқабада 2 данадан (1 түпнұсқа, 1 көшірме) және 1 СD-диск 1 данада болуы керек және олар толық жинақталған жағдайда ғана келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қаласы, сол жағалау, Мәңгілік Елі проспекті 4, «Алтын Орда» бизнес орталығы, 5 қабат, 504 кабинет.

Байланыс телефон нөмерлері: +7(7172) 24 93 73; 24 93 87; 24 93 88.

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design