«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

Үкіметаралық келісімдер шегінде шет елде білім алу

Жыл сайын халықаралық келісімдер шегінде шетелдік мемлекеттер (мысалы, Венгрия, Китай, Польша, Латвия және басқалары) Қазақстан азаматтарына «бакалавриат», «магистратура» және «докторантура» бағдарламалары бойынша оқу үшін білім гранттарын ұсынады.

educt

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына сәйкес Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу ережесі бекітілген:

Үміткерлерді іріктеудің негізгі өлшемдері:

1) қабылдаушы тараптың жоғары оқу орындарына түсу үшін қажетті шет тілі білім деңгейі;

2) білім туралы құжаттың орташа баллы: бакалавр дәрежесін алуға үмуткерлер үшін – 4,5 кем емес (5,0-ден); магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға және резидентурада оқуға үміткерлер үшін – 3,0 кем емес (4,0 немесе 4,33-тен).

Үміткерлерді іріктеуде басымдылыққа келесілер ие:

1)  жетім балалар және ата-ана қамқорысыз қалған балалар;

2)  бала жастан мүгедектер және медициналық қорытындыға сәйкес тиісті шетелдік білім ұйымдарында оқуға қарсы көрсетімі жоқ № 082 үлгісі (шетелге шығушылар үшін) бойынша медициналық анықтаманы ұсынған мүгедек балалар;

3) көпбалалы отбасыдан шыққан балалар.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)  шет елде оқуға өтініш-негіздемесі (еркін нысанда);

2)  шет елде оқуға шығушы Қазақстан Республикасы азаматының толтырылған сауалнамасы;

3)  жеке куәлік және/немесе ұлттық паспорт көшірмесі (түпнұсқасы салыстыруға ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған);

4)  мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттар көшірмесі (түпнұсқасы салыстыруға ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған);

5)  шет тілі білімін растаушы сертификаттар (IELTS, TOEFL, HSK), бар болған жағдайда;

6)  № 082 үлгісі бойынша медициналық анықтама;

7)  сертификат, диплом, алғыс хат, мақтау қағаздарының көшірмелері, бар болған жағдайда;

8)  ұсыныс хаттар, бар болған жағдайда;

9)  транскрипт (бакалавриат немесе магистратура бағдарламалары бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында өздігінен оқушы немесе түсуші тұлғалар үшін);

10)таңдалған  зерттеу тақырыбы бойынша эссе (докторантура PhD бағдарламасы бойынша оқу үшін);

11) ғылыми жарияланымдар немесе оқу-әдістемелік/ғылыми зерттемелер тізімі, бар болған жағдайда (докторантура PhD бағдарламасы бойынша оқу үшін).

2017/2018 оқу жылына ұсынылатын гранттар туралы ақпарат https://bolashak.gov.kz/ru сайтында орналастырылады.

Барлық қызықтырушы сұрақтар бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:

Тел.: +7 (7172) 24 93 73; 24 93 87.

 

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design