«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Болашақтықтар мектеп оқушыларына болашақ мамандықты таңдаумен көмектеседі

«Болашақ» бағдарламасының түлектері жоғарғы сынып мектеп оқушылары мен қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттеріне «Біздің біліміміз – біздің елімізге» білім акциясы шегінде дәрістер топтамасын өткізіп, шет елде оқу барысында жинақталған білім және тәжірибелері, шетелдік білімнің мүмкіндіктерімен бөлісіп, болашақ мамандықты таңдауда ақыл-кеңестерімен көмектесті.

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары алғашқы кәсіптік бағдар ашық сабағын Астана қаласының № 66 мектеп-лицейінде 10–11 сынып оқушыларына өткізді.

фотоколлаж2

Болашақ мамандықты таңдауда қиындық туған кезде нені негізге алу қажет – жан қызулығымен немесе нарықтағы сұранысқа ие мамандықтар тізбесімен бе? Шетелдік жоғары оқу орнына түсу қиын ба, шетелдік және отандық білім жүйесінің артықшылықтары, шетелде тегін білім алу – қиял ма, әлде шындық па?

Осы және өзге де мектеп оқушыларының сұрақтарына «Болашақ» бағдарламасының түлектері жауап берді:

Дәмел Мектепбаева – ғалым-биотехнолог, National Laboratory Astana Nazarbayev University жасушалы технологиялар лабораториясының қызметкері (мамандығы – «Биотехнология»).

Бахтияр Қасымов – дәрігер, Ақмола облыстық ауруханасы урология бөлімінің меңгерушісі (мамандығы – «Урологиядағы эндовидеохирургия»).

Анел Абдрашова – «Bolashak Engineering» ЖШС жоба-менеджері, STEM білім ойыншықтарын жасаумен айналысады (мамандығы – «Өндірістік инжиниринг»).

Жанар Бағашарова – MBA түлегі (мамандығы – «Ақпараттық жүйелер және технологиялар»)

Дархан Айтмағанбетов – заңгер, ҚР Бас прокуратурасы 5-ші департаментінің бөлім бастығы (мамандығы – «Құқық»)

Анар Жумаева - «Arabtec Consolidated Contractors Limited» компаниясының инженер-құрылысшысы (мамандығы – «Азаматтық құрылыс»).

Кездесу достық сұхбат түрінде өтіп, «болашақтықтардың» әрқайсысы болашақ мамандықты қалай таңдағандығы, мамандық өмірлік борышына айналды ма және «маман» болу нені білідретіндігі туралы айтып берді.

Сұхбат академиялық сабақ шегінен асып, үш сағаттан артық уақытқа созылды. Оқушылардың бірі болашақта «Шифрлау және кодтау» мамандығы бойынша жоғары білім алуды армандайды, бірақ ата-анасы оның табысты экономист болғандығын қалайды. Осы сұхбат барысында ол өзінің қалаған бейіні бойынша еңбек қызметінің түрлі мүмкіндіктері туралы кеңес алды.

Кездесуден кейін мектеп жетекшілігінен түлектерге оқытушылар құрамына қосылып, өздерінің бейіні бойынша ашық сабақтар өткізу ұсынылды.

Осылай, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «25 қайырымды іс» жобасының аясында «Қазақстан-2050» Жалпы ұлттық Қозғалысымен бірлесе отырып «Болашақ» Ассоциациясынан бастама алған «Біздің біліміміз – біздің елімізге» білім акциясын қолдады. Аталға жоба мақсаты болып Қазақстанның жоғары оқу орындары мен қалалық және ауылдық мектептерінде ашық сабақтар мен дәрістер өткізу арқылы жас ұрпаққа білім мен тәжірибені табыстау.

Егер Сіз Жобаға қатысып, Қазақстан бойынша жас жеткіншектерге болашақ таңдауында көмек беріп, білім және жинақталған тәжірибеңізбен бөліскіңіз келсе, онда Сізді шақырылған дәріскер ретінде көруге қуанышты боламыз. Қатысу үшін сілтеме бойынша өтінімді толтыруыңыз қажет.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design