«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы

Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры (бұдан әрі — Қор) және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ  жастарды қолдауға бағытталған Ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық туралы  келісімге қол қойды.

IMG 6788

Келісімге атқарушы директор Қанат Жұмабаев және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Жанболат Мелдешов қол қойды.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары білім және ғылым саласындағы бірлескен жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру, оның ішінде жастар форумдарын, дөңгелек үстелдерді, конференцияларды және семинарларды өткізу болып табылады. Шаралар Қор мен Орталық алаңдарында, сонымен бірге аймақтарда өткізілетін болады. Жастардың шығармашылық және зияткерлік мүмкіндіктерін ашуға және жүзеге асыруға, сонымен қатар ғылыми-техникалық, ғылыми және білім салаларындағы жастар жобаларына қолдау білдіруге бағытталған Қор мен Орталықтың әртүрлі жобаларына қатысу үшін жастарды тарту бойынша ауқымды ақпараттық жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

Қордың Атқарушы директоры Қанат Жұмабаев өзінің сөзінде атап өткендей: «Қор қызметінің негізгі бағыттарының бірі, ғылыми және шығармашылық жастарды Қордың гранттары мен стипендияларын ұсыну арқылы қолдау болып табылады. Тек өткен жылы ғана 73 шара жүзеге асырылды, оның ішінде 42 жоба жастарды қолдау мақсатында жүзеге асырылды, ал 31 әлеуметтік бағыттарға ие».

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өз тарапынан Қор негізінде құрылған Ғылыми жастар кеңесі және Шығармашылық жастар кеңесі желісі бойынша ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Жанболат Мелдешов жас және талантты жастарды «Болашақ» ҚР Президенті Стипендиясына үміткерлерді іріктеуге сарапшылар ретінде қатысуға шақырды.

«Қазіргі таңда 10 000-нан астам болашақ стипендиясы түлектері, алынған білімдерін жүзеге асыра отырып ел игілігіне жұмыс істеуде. Біздің Қормен ынтымақтастығымыз Елбасының жастар саясаты саласындағы идеяларын жүзеге асыруда жемісті болатынына сенімдімін» — деп атап өтті «Болашақ» бағдарламасының Президенті Жанболат Мелдешов.

Анықтама үшін:

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры 2000 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры – жұмысы талантты жастарды қолдауға, әлеуметтік жобаларды және азаматтық бастамаларды дамытуға, бәсекеге қабілетті сараптамалық-аналитикалық орталықты жетілдіруге бағытталған, еліміздегі ірі коммерциялық емес қор. Қор қазақстандық жастардың зерттеулерін және жобаларын қолдап, сонымен қатар ғылыми және шығармашылық шараларды өткізе отырып қазақстандық жастардың зияткерлік және шығармашылық әлеуеттерін ашуға және жүзеге асыруға көмектеседі. Бүгінде Қор адами капиталдың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға және қазақстандық жаңа ұрпақтың қалыптасуына бағытталған жобаларды жүзеге асыруда.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design