«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

«Болашақ» бағдарламасының түлегі Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттеріне дәріс өткізді

2 аптада қалай мобильді қосымша жасауға болады – «Біздің біліміміз – біздің елімізге» білім акциясы аясында Арман Сүлейменовтен лайфхак.

 Өзекті IT-өнімді жасауға идеялар қайдан алынады, бастаушы бағдарламашылар қандай қателіктер жібереді және мобильді қосымшаларды жасау және іске қосу процесі қалай жүзеге асады – осы және өзге де туралы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттеріне «Zero to One Labs» мобильді қосымшалар студиясының негізін салушы және бас директоры, «Болашақ» бағдарламасының түлегі (Princeton University, АҚШ, 2012 ж.) Арман Сүлейменов айтып берді.

 

IMG 6385

Арман «Болашақ» бағдарламасы бойынша Принстондағы беделді американдық университетті бітіріп, Кремний алқабына стартаппен жұмыс істеу үшін шақырылған Астана қаласының қарапайым жігіті. Қазақстанға оралғаннан кейін Назарбаев Университеті мен Халықаралық IT университетінің базаларында өзінің жеке курстарын енгізіп, портфолиосында әлем бойынша 500 000 астам адамдар пайдаланатын 100-ден астам өнімі бар ZeroToOneLabs.com мобильді қосымшалар студиясының негізін салды.

 

IMG 6367

Бүгін Арман –«Біздің біліміміз – біздің елімізге» білім акциясының қатысушы болып, соның шегінде Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 1, 2 және 3 курс студенттеріне шеберлік сабақтарын өткізіп, IT-өнімді жасау сырларымен бөлісті.

e6646412

Сонымен қатар, Арман студенттерді оның командасымен ұйымдастырылатын қатысушыларына N17R.com бағдарламасының аясында Кремний алқабында бағдарламалаудың 12 аптасын өткізу мүмкіндігі ұсынылатын nFactoral Incubator мобильді қосымшалар чемпионатына қатысуға шақырды.

Еске сала кетейік, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» Қауымдастығы және «Қазақстан-2050» Жалпы ұлттық қозғалысымен бірлесе, мақсаты Қазақстанның қалалары мен ауыл мектептерінде, жоғары оқу орындарында ашық сабақтар мен дәрістер өткізу арқылы жас ұрпаққа білім мен тәжірибені табыстау болып табылатын «Біздің біліміміз – біздің елімізге» білім акциясын өткізуде.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design